Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2013 в 11:41, дипломная работа
Диплом жұмысының мақсаты қатаң бәсеке жағдайындағы қаржы ұйымдарының тиімділігін арттыру жолдарын теориялық және әдістемелік негізде ұсыну болып табылады.
Көздеген мақсатқа жету үшін бір-бірімен өзара байланысты келесідей міндеттер қойылады:
● қаржы ұйымының тиімді қызмет етуінің экономикалық мәні мен маңызын зерттеу;
● экономикалық категория ретінде оның теориялық аспектілерін талдау және негізгі параметрлерін анықтау;
● Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығының дамуын бағалау;
● сақтандыру компанияларының қызмет ету тиімділігіне салыстырмалы зерттеу жүргізу;
● келешекте экономикалық тиімділігін қамтамасыз ететін сақтандыру ұйымдарының тиімді дамуының балама нұсқаларын жасау.
КІРІСПЕ
1 САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ
1.1 Сақтандыру нарығының теориялық негіздері
1.2 Сақтандыру ұйымының экономикалық тиімділігін бағалау ерекшеліктері
1.3 Сақтандыру компаниясының экономикалық тиімділікті құраушы факторы ретінде бәсекеге қабілеттілігі
1.4 Сақтандырудың шетелдік тәжірибесін Қазақстанда пайдалану жолдары
2 «АЛЬЯНС ПОЛИС» САҚТАНДЫРУ КОМПАНИЯСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ
2.1 Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығының даму тенденциялары
2.2 «Альянс полис» сақтандыру компаниясы акционерлік қоғамына жалпы сипаттама
2.3 «Альянс полис» сақтандыру компаниясы АҚ қызмет тиімділігін талдау
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ
3.1 Қазақстан Республикасындағы сақтандыруды ұйымдастыру тиімділігін оңтайландыру
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР КӨЗДЕРІ
«Альянс Полис» Сақтандыру
1. Жеке сақтандыру:
1.1. Медициналық сақтандыру;
1.2. Туристерді сақтандыру;
2. Автосақтандыру:
2.1. Автомобиль көлігін сақтандыру;
3. Мүлікті сақтандыру:
3.1. Кәсіпорындар мүлігін
3.2. Бұрғылау жұмыстарын
3.3. Құрылыс-монтаж жұмыстарын
4. Жауапкершілікті сақтандыру:
4.1. Үшінші тұлғаларға зиян
4.2. Қоршаған ортаға зиян
Сақтандырудың міндетті түрлері:
"Альянс Полис" Сақтандыру Компаниясы - сақтандыру төлемдерін кепілдендіру Қорының қатысушысы, Қазақстанның Қаржыгерлер Қауымдастығына кіреді және Қазақстанның Салық төлеушілер Қауымдастығының мүшесі болып табылады. Компанияның сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға көрсететін қызметтерін дәлірек айта кетсек, оларға:
Жеке тұлғаларға:
- Көлік құралдары
иелерінің азаматтық-құқықтық
- «Авто Альянс» сақтандыру бағдарламасы;
- Мүлікті
ерікті сақтандыру
- Шетелдерге
шығушы тұлғалардың
- Ерікті
медициналық сақтандыру «
- Ерікті медициналық сақтандыру «Бөбек» бағдарламасы;
- Жазатайым оқиғадан ерікті сақтандыру;
Заңды тұлғаларға:
- Жұмыс берушінің
жауапкершілігін міндетті
- Автокөлік
иелерінің азаматтық-құқықтық
- Тасымалдашының
жолаушылар алдындағы
- Қызметтері
үшінші тұлғалар өміріне зиян
келтіру қаупімен байланысты
нысандар иелерінің азаматтық-
- Аудиторлық
ұйымдардың азаматтық-құқықтық
- Жекеменшік
нотариустардың азаматтық-
- Туроператор
мен турагенттіктің азаматтық-
- Экологиялық
тәуекелділікті міндетті
- Мүлікті залалдан ерікті сақтандыру;
- Ерікті титулды сақтандыру;
- Шетелдерге
шығушы тұлғалардың
- Қызметкерлерді
жазатайым оқиғалардан
- Қызметкерлерді
науқастықтан ерікті
- Әуе көлігін ерікті сақтандыру;
- Темір жол көлігін ерікті сақтандыру;
- Кепілдемелерді ерікті сақтандыру;
- Қарыздарды ерікті сақтандыру;
- Басқа қаржылық залалдардан ерікті сақтандыру;
- Жүктерді ерікті сақтандыру;
- Кеден органдары
алдындағы азаматтық-құқықтық
- Мұнай-газ
өнеркәсібіндегі
- Баға белгілеуші
ұйымдардың азаматтық-құқықтық
- Күзет ұйымдарының
азаматтық-құқықтық
- Құрылыс-монтаж жұмыстарын ерікті сақтандыру;
Кесте – 3. 2010 жылы сақтандыру секторында қызмет жасайтын ұйымдардың нарықтағы жалпы сияқылары. (мың.тг)
№ |
Компания атауы |
Сияқы көлемі |
Үлесі (%) |
1 |
Евразия |
19 857 567 |
13,00% |
2 |
Виктория |
18 244 486 |
12,00% |
3 |
Казахинстрах |
14 402 452 |
10,00% |
4 |
Казкоммерц-Полис |
13 553 746 |
9,00% |
5 |
Альянс Полис |
10 283 879 |
7,00% |
6 |
Amanat Insurance |
8 832 826 |
6,00% |
7 |
Мұнай сақтандыру компаниясы |
6 521 826 |
4,00% |
8 |
БТА Сақтандыру |
6 407 299 |
4,00% |
9 |
АМСГ |
5 888 086 |
4,00% |
10 |
ЭйАйДжи Казахстан |
5 340 829 |
4,00% |
Барлығы, осы ондық бойынша |
109 333 012 |
73,00% | |
Басқа сақтандыру компаниялары |
40 333 012 |
27,00% | |
Барлығы, жалпы нарық бойынша |
150 011 103 |
100,00% | |
* Мәліметтер қаржы қадағалау агенттігі сайтынан алынған. |
Компания қызметінің мақсаты, (өмірді сақтандырудан басқа) сақтандыру және қайтасақтандыру қызметін жүзеге асыру жолымен пайда табу болып табылады. Қазақстан Республикасы аумағында және одан тысқары жерде өмірді сақтандыруды қоспағанда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіппен оның мүдделеріне жауап беретін және сақтандыру қызметінің мәнінен тікелей туындайтын сақтандырудың алуан түрлерін жүзеге асыру Қоғам қызметінің мәні болып табылады. Компания сақтандыру қызметін реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган берген лицензияда көрсетілген сақтандыру сыныптары бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асырады.
Жалпы кестегегі мәліметтерге жүгінсек, 2010 жылдың ішінде Қазақстанның сақтандыру нарығында 41 сақтандыру компаниясы қызметтерін жүзеге асырды, оның ішінде 8-і өмірді сақтандыру жөніндегі компаниялар, 12 сақтандыру брокерлері және 56 актуарийлер. Нарықта 5 ірі компания үлесіне 51% пайыз тиесілі. Олар: «Евразия» сақтандыру компаниясы 13 % үлеспен нарықта 1-ші орын алып отыр, «Виктория» сақтандыру компаниясы 12 % үлеспен 2-ші орын, «Казахинстрах» сақтандыру компаниясы 10 % үлеспен 3-ші орын, «Казкоммерц-Полис» сақтандыру компаниясы 9 % үлеспен 4-ші орын және «Альянс Полис» сақтандыру компаниясы нарықтағы 7% үлесімен 5- орын иеленді. Сонымен қатар, сақтандыру нарығында болыпжатған өзгерістер сақтандырудың кейбір салаларында байқалды. Мысалы, міндетті сақтандыру нарығында көшбасшы болып «Халық Казахинстрах» АҚ 489 319 000 теңге сыйақы көлемімен тұр. Ал «Альянс Полис» СК АҚ сияқы көлемі 108 855 000 теңгемен 11-ші орынды иемденген.
Кесте – 4. «Альянс Полис» сақтандыру компаниясы АҚ-ның 2011-2012
жылғы қаржылық көрсеткіштері. (мың.тг)
Көрсеткіштер |
2011 ж |
2012 ж |
Үлес (%) |
Активтер |
10 683 390 |
10 912 330 |
2 |
Міндеттемелер |
1 443 218 |
2 340 187 |
36 |
Еңбегі сіңірілмеген сыйақылар резерві |
987 177 |
1 224 281 |
-24 |
Орын алған, бірақ мәлімденбеген шығындар резерві |
570 384 |
324 056 |
-43 |
Мәлімденген, бірақ реттелмеген шығындар резерві |
273 573 |
247 856 |
-10 |
Жалпы сақтандыру резерві |
1 106 788 |
1 796 193 |
39 |
Өз жекеменшік капиталы |
6 938 153 |
8 572 143 |
20 |
Жарғылық капитал |
2 500 000 |
3 050 000 |
18 |
Жалпы меншік капиталы мен міндеттемелер |
10 912 330 |
10 912 330 |
2 |
* Мәліметтер қаржы қадағалау |
Көлік құралдарын сақтандыру нарығында «Альянс Полис» СК АҚ 18 520 000 теңге сияқы жинап,сақтандыру нарығындағы алғашқы он сақтандыру ұйымдары қатарына кіріп, 6,4 %-дық үлеспен 9-ші орынға ие болды және өткен жылдағы есепті кезеңмен салыстырғанда сияқы көлемі 95,3 % өсті. Ал медициналық сақтандыру нарығында 77 922 000 теңге сияқы жинап сақтандыру нарығындағы алғашқы бес сақтандыру компаниялары қатарына кіріп, 2,7 %-дық үлеспен 4-ші орынға ие болды және өткен жылдағы есепті кезеңмен салыстырғанда сыйақы көлемі 290,7 %-ға өсті. Бұл дегеніміз, «Альянс Полис» сақтандыру компаниясының сақтандыру нарығындағы белсенді жұмысының дәлелі.
Кесте – 5. Компанияның 2011-2012 жылдар ішіндегі табыстар мен шығыстар туралы есебі (мың.тг)
Атауы |
2011 ж |
2012 ж |
Үлес (%) |
Сақтандыру қызметінен түскен табыс |
2 348 525 |
2 824 626 |
17 |
Сақтандыру сыйақылары, сақтандыру келісім-шарттары бойынша алынған |
2 957 565 |
3 148 284 |
6 |
Сақтандыру сыйақылары, қайтасақтандыру келісім-шарттары бойынша алынған |
58 567 |
62 715 |
7 |
Сақтандыру сыйақылары, қайтасақтандыруға берілген |
1 194 534 |
1 429 633 |
17 |
Инвестициялық қызметі бойынша түскен табыс |
548 514 |
294 438 |
-46 |
Сақтандыру келісім-шарттары бойынша жасалған сақтандыру төлемдері шығыны |
1 179 332 |
1 448 049 |
19 |
Қайтасақтандыруға алынған келісім-шарттардағы сақтандыру төлемдері бойынша шығындар |
87 021 |
46 434 |
-47 |
Сақтандыру төлемдерін жүргізуі бойынша таза шығындар |
49 090 |
-178 390 |
72 |
Сақтандыру қызметіндегі комиссиондық
сыйақыларын төлеу бойынша |
404 543 |
592 349 |
32 |
Салық төлегеннен кейіңгі таза табыс (шығын) |
747 670 |
1 118 794 |
34 |
* Мәліметтер қаржы қадағалау |
Жоғарыда келтірілген кестеге қарасақ «Альянс полис» сақтандыру компаниясының жалпы активтері 2012 жылы 2011 жылмен салыстарғанда 10 683 390 мың.теңгеден 10 912 330 мың.теңгеге жеткен, яғни 2 % жоғарлаған, бұл болса компанияның бір қалыпты және оңтайлы жұмысының көрінісі болып табылады. Жарғылық капитал 2012 жылы 2011 жылмен салыстырғанда 18 % артқан. Меншік капиталға келетін болсақ, ол 2010 жылы 6 938 153 мың.теңгені құраса, 2012 жылы бұл көрсеткіш 8 572 143 мың.теңгеге жеткенін айта кеткен жөн, басқаша айтсақ 20 % өскен. Компанияның жалпы сақтандыру резерві болса 2012 жылы 1 106 788 мың.тг. деңгейіне жетіп, 2011 жылмен салыстырғанда 39 % жоғарлаған. Жалпы алғанда аталған негізгі көрсеткіштердің оңтайлы өзгерісін көре отырып, «Альянс полис» сақтандыру компаниясының барлық жағынан дұрыс бағытта жұмыс істеп келе жатқанын шын мәнінде айтуға болады. Сонымен қатар, компания мақсатты түрде өзінің қаржылық тұрақтылығымызды сақтап қалу үшін көп еңбек етеді. Өйткені сақтандыру портфелінің тепе-теңдігі - сақтандыру компаниясы игілігінің негізі