Сактандыру нарыгынын дамуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2013 в 11:41, дипломная работа

Описание работы

Диплом жұмысының мақсаты қатаң бәсеке жағдайындағы қаржы ұйымдарының тиімділігін арттыру жолдарын теориялық және әдістемелік негізде ұсыну болып табылады.
Көздеген мақсатқа жету үшін бір-бірімен өзара байланысты келесідей міндеттер қойылады:
● қаржы ұйымының тиімді қызмет етуінің экономикалық мәні мен маңызын зерттеу;
● экономикалық категория ретінде оның теориялық аспектілерін талдау және негізгі параметрлерін анықтау;
● Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығының дамуын бағалау;
● сақтандыру компанияларының қызмет ету тиімділігіне салыстырмалы зерттеу жүргізу;
● келешекте экономикалық тиімділігін қамтамасыз ететін сақтандыру ұйымдарының тиімді дамуының балама нұсқаларын жасау.

Содержание

КІРІСПЕ
1 САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ
1.1 Сақтандыру нарығының теориялық негіздері
1.2 Сақтандыру ұйымының экономикалық тиімділігін бағалау ерекшеліктері
1.3 Сақтандыру компаниясының экономикалық тиімділікті құраушы факторы ретінде бәсекеге қабілеттілігі
1.4 Сақтандырудың шетелдік тәжірибесін Қазақстанда пайдалану жолдары
2 «АЛЬЯНС ПОЛИС» САҚТАНДЫРУ КОМПАНИЯСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ
2.1 Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығының даму тенденциялары
2.2 «Альянс полис» сақтандыру компаниясы акционерлік қоғамына жалпы сипаттама
2.3 «Альянс полис» сақтандыру компаниясы АҚ қызмет тиімділігін талдау
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ
3.1 Қазақстан Республикасындағы сақтандыруды ұйымдастыру тиімділігін оңтайландыру

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР КӨЗДЕРІ

Работа содержит 1 файл

Диплом.docx

— 566.42 Кб (Скачать)

ҚР Сақтандыру нарығының дамуы

МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе

3

   

1 САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ

5

1.1 Сақтандыру нарығының теориялық негіздері

5

1.2 Сақтандыру ұйымының экономикалық  тиімділігін бағалау ерекшеліктері

12

1.3 Сақтандыру компаниясының экономикалық  тиімділікті құраушы факторы  ретінде бәсекеге қабілеттілігі

18

1.4 Сақтандырудың шетелдік тәжірибесін Қазақстанда пайдалану жолдары

26

2 «Альянс полис» САҚТАНДЫРУ КОМПАНИЯСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІН талдау

36

2.1 Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығының даму тенденциялары

36

2.2 «Альянс полис» сақтандыру компаниясы акционерлік қоғамына жалпы сипаттама

45

2.3 «Альянс полис» сақтандыру компаниясы  АҚ қызмет тиімділігін талдау

52

   

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА САҚТАНДЫРУ  НАРЫҒЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ

79

3.1 Қазақстан Республикасындағы сақтандыруды ұйымдастыру тиімділігін оңтайландыру

79

   
   

Қорытынды

89

   

Пайдаланылған әдебиеттер көздері

92

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Тақырыптың  өзектілігі  - Қазақстан  Республикасының  сақтандыру нарығы, мемлекеттік сақтандырудың  монопольдік жүйесінің негізінде  пайда болды, бірақ 1990 жылдардың  басында түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Отандық нарық өзінің дамуы  кезінде, алдыға қадам басқан сайын  монополиядағы болған қарама- қайшылықтардан тазартылып, альтернативтік компанияларға  жол берілді. Қазіргі кезде біз  Республикамыздың сақтандыру кеңістігін шындық бәсекелестікке негізделген  бағыт туды деп күдіксіз айтуымызға болады. Бұрындары тек шетел мемлекеттерде  ғана жүзеге асқан сақтандыру түрлері  бізде де пайда болды. Сақтандыру тәжірибесіне жаңа сақтандыру түрлері  енді және сақтандырушылардың сақтанушылардың  алдында туындайтын жауапкершілік  сезімі жоғарылады.

Нарықтық  экономикаға негізделген мемлекеттердің сақтандыру жүйелері экономиканың стратегиялық секторы болып табылады. Адам өміріндегі барлық жағдайлар, яғни меншік иесінің  мүлкінің жоюлуының және табыстарының жоғалуының, сақтандыру қоғамның әлеуметтік экономикалық тұрақтылығының кепілі ретінде  болады. Сақтандыру компанияларының  резервтері – ірі мөлшерлердегі  инвестициялардың әртүрлі өндірістік және өндірістік емес салаларға құйылуының берік қайнар көзі болып табылады.

Қазіргі ағымдағы Қазақстандық сақтандыру ғылымының  алдында отандық сақтандыру нарығының  қалыптасуының және дамуының мәселелерін  меңгеру жөнінде сұрақтар туындап  тұр. Әсіресе өтпелі нарықтық экономикада, барлығы жеке меншік қатынастарына  негізделеді, сол себептен сақтандырудың  басты қозғаушы күші ретінде, сақтанушының өзінің жеке меншігінің қорғауы болады. Сонымен бірге адамдардың өмір деңгейінің жақсаруына байланысты, өзіне деген  қамқорлығын өсіре түседі, нәтижесінде  жеке сақтандыру саласы жоғары дәрежеде дамиды. Жалпы сақтандыру ерекше мәнге  ие болғандықтан, оның сақтандыру объектісі  сол сияқты субъектісі де әртүрлі  болады. Осы жағдайлардың барлығы  сақтандыру заңдылығының күрделенуіне өз әсерін тигізе отырып, сақтандыруды тек көлемді ғана қылып қоймай, сонымен бірге мазмұнын да әртүрлі  жасайды. Осындай шарттардың болуы, сақтандыруды шынымен де нарықтық экономиканың бөлінбес бір бөлігі ретінде танытады. Бұлай болудың өзі тек сақтандыру ұйымының өсу санына ғана байланыфсты  емес, сонымен қатар, сақтандыру заңдылығының ұлғаюына да байланысты.

Осыған орай, қаржы ұйымдарының қызметіндегі жағымсыз нәтижелердің алдын алу үшін экономикалық талдау мен болжам жасау қажет. Қазіргі кезде экономикалық жүйелерді зерттеудің кең тараған түрі баламалық даму үлгілерін таңдау болып табылады. Қаржы ұйымдарының тиімділік жағдайын уақтылы реттеу қажеттілігі туындайды. Теориялық және әдістемелік негіздегі туындаған мәселелерге орай қаржы ұйымдарының тиімділігімен байланысты шешілмеген сұрақтарға қатысты қажеттілікі осы саладағы тақырып таңдауға, оның мақсаты мен міндеттерін айқындауға септігін тигізді.

Диплом жұмысының  мақсаты қатаң бәсеке жағдайындағы қаржы ұйымдарының тиімділігін арттыру жолдарын теориялық және әдістемелік негізде ұсыну болып табылады.

Көздеген  мақсатқа жету үшін бір-бірімен өзара  байланысты келесідей міндеттер  қойылады:

● қаржы ұйымының тиімді қызмет етуінің экономикалық мәні мен маңызын зерттеу;

● экономикалық категория ретінде оның теориялық  аспектілерін талдау және негізгі параметрлерін анықтау;

● Қазақстан  Республикасындағы сақтандыру нарығының дамуын бағалау;

● сақтандыру компанияларының қызмет ету тиімділігіне салыстырмалы зерттеу жүргізу;

● келешекте экономикалық тиімділігін қамтамасыз ететін сақтандыру ұйымдарының тиімді дамуының балама нұсқаларын жасау.

Зерттеу объектісі  болып Қазақстан Республикасындағы  қаржы саласының, сақтандыру мен оның шаруашылық жүргізуші субъектісі болып табылады. Зерттеу пәні сақтандыру ұйымдарының тиімді қызмет етуімен байланысты ұйымдастырушылық-экономикалық сұрақтарының жиынтығы болып табылады.

Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы болып отандық сақтандыру саласы кәсіпорындарының қызмет ету тиімділігінің негізгі тетіктерін анықтау табылады.

Диплом жұмысының  тәжірибелік мәні зерттеудің негізгі  нәтижелерін «Альянс Полис» АҚ да, басқа да отандық қаржы ұйымдарының шаруашылық, қаржылық қызметінде қолдануға болады.

Зерттеудің  теориялық және әдістемелік негізіне қазіргі кездегі отандық және шетелдік ғалым-экономистерінің еңбектері  пайдаланылды. Зерттеуде келесідей  нормативтік құжаттар қолданылды: Қазақстан  Республикасы Президентінің Жарлығы, ҚР-сы Парламентімен бекітілген Заңдары, ҚР-сы Үкіметінің Қаулылары, өкімдері мен нормативтік құжаттар.

Диплом жұмысының эмпирикалық негізін Қазақстан Республикасы Агенттігінің статистикалық мәліметтері құрайды: сақтандыру компаниясының берілген жылдық есеп-беру.

Экономикалық  зерттеу үрдісі мен дипломдық  жұмысты жазуда келесідей экономикалық талдау әдістері қолданылды: монографиктік, экономикалық-статистикалық, нұсқалық.

Диплом жұмысы мазмұны мен қисынына сай кіріспеден, үш негізгі бөлімнен, қорытынды мен қолданылған әдебиеттерден, қосымшадан тұрады. Диплом жұмысының көлемі 93 беттерді құрайды және 20 кестеден, 12 суреттен, 31 отандық және шетелдік авторлар еңбек атауларынан тұрады.

 

 

 

 

1 САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ

 

1.1 Сақтандыру нарығының теориялық негіздері

 

 «Экономикалық тиімділік коэффициенті» термині алғаш рет 1920 жылы С. Г. Струмилинмен ұсынылды, бірақ 1958 жылға дейін ол аз қолданылды.

Т. С. Хачатуров оны қайта қалпына келтіріп, оған жаңа түсініктеме берді. 70-шы жылдардың аяғына қарай бұл көрсеткіштің мағынасы кеңейе түсті. Яғни экономикалық тиімділік тиімділік түсінігінің бір бөлігі болды. Экономикалық тиімділіктің салалық нормативтік коэффициенттер идеясы жоспарлық экономиканың салдары болып табылды. АҚШ және басқа да мемлекеттерде бұл әдіс қолданылмайды. Экономикалық тиімділікті бағалау қол жеткен деңгейден пайыз түрінде есептеу негізінде жүзеге асырылады. Ұқсас жағдайларда экономикалық иімділікті бағалау нұсқаларды таңдау үшін жүргізіледі. Ол таза табысты бағалауды қолданбайды, себебі соңғысы конъюнктураны, ал экономикалық тиімділік қол жеткізілген нәтижені білдіреді.

  Сосын экологиялық мәселелердің өсуіне байланысты «экологиялық тиімділік» түсінгі мен оның бірқатар көрсеткіштері пайда болды. Қаржыта 12 түрлі әлеуметтік тиімділік түсініктері пайда болды, соның ішінде «эстетикалық тиімділік» те болды. Қайта қаралатын ғимараттардың көбеюіне байланысты ол тиімділік түсінігін қайта қарауға мәжбүр етті.

 «Тиімділік» түсінігінің айқын эволюциясы кез келген объекті бойынша кез келген мәселелерінің тиімділік шаралары елеулі болатынын көрсетеді. Соған байланысты, мысалы қысқы мерзімдегі қаржытағы қауіпсіздік шараларының тиімділігі жайлы айтса болады, сонымен қатар меншік нысандарының тиімділігі, басқаруды ақпараттық қамтамасыз ету тиімділігі, құқықтық реттеу тиімділігі де қосылады. Тиімділіктің жалпы теориясы әлі жасалған жоқ, бірақ көп критерийлі оңтайлылық теориясынан алғашқы нәтижелер алынды. Алайда, бүкіл аспектілерінің мәселелерін шешімі табылған жоқ.

Макроэкономикалық ортада қаржының экономикалық тиімділігі ұлттық табыстың бірліген кеткен шығындар деңгейімен анықталады. Соған сәйкес, ұлттық табыстың бірлігін құруға қажетті шығындар деңгейін төмендету үрдісі қаржытың тиімділігін арттыру деп аталады. Ал микроэкономикалық деңгейде осы түсініктерді қолдану қиынға соғады, көп жағдайда бұл мүмкін емес.

Алдыңғы қатарлы  елдердің  экономикасында жалпы  капитал салымдарында амортизация  үлесінің әрдайым өсуі байқалады. 30 жыл ішінде 1970-2000 жылдар аралығында АҚШ-тың жалпы капитал салымдарында бұл үлес 36-дан 63 пайызға артқан, ал Ұлыбританияда 66 пайызға деін артқан. Қаржы қызметінің құлдырауы ереже бойынша өнеркәсіп қаржыынан бастау алады, ссол кезде экономика әлі де өсу кезеніңде болады. Тұрғын үй қаржыында керісінше дағдарыс құбылыстары да кешігіп келеді, соған сәйкес дағдарыстан шығу да қиынға соғады.

Сөзсіз Кеңес  Одағының халық шаруашылығы тезірек  дамыған, оның ішінде капитал салымдары  артқан, жаңа салалар құрылған, ғылыми-техникалық жетістіктерді енгізу басталған, сонда  да біз батыс мемлекеттерімен  салыстырғанда бәсекеде артта қалғанбыз. Жағымсыз құбылыстардың алдын алу  үшін шұғыл шараларды қолдану  қажет болды. Осы шаралардың бірі болып әр түрлі объектілер, жобалар, зерттеулер мен шешімдердің тиімділігін бағалау табылды. Қазіргі кезде барлық салалар бойынша әдістемелік нұсқалардың ондаған түрі бар және кең ауқымды әдебиеттер де бар. Алайда, бұл қызмет тиімділік мәселелерін шешуге септігін тигезібеді.

Сақтандыру  – қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категорияларыгың бірі. Сақтандыру сферасы адам өмірінің, өндірістік және әлеуметтік-экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды. Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп – бұл өндіріс пен адам өмірінің қауіп-қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс процестерін жалғастыру, азаматтардың жекелеген сипаттарының өмір тіршілігі мен әл-ауқатын қолдап отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, жеке өндірушілердің, олардың топтарының (салалық және аумақтық аспектілерде) натуралдық-заттай босалқы қорларын да немесе резервтерін де, сондай-ақ ақша ресурстарын да кіріктіретін қажетті қаражаттары болуы тиіс.

Мұндай ақша қаражаттары әдетте резерв және сақтық қорлары түрінде қалыптасады.

Қазақстан Республикасының  сақтандыру рыногын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру экономиканың сақтандыру секторы  дамуының белгіленген деңгейіне  қол жеткізуге жол ашты және осы  салада одан әрі қайта құрулар  үшін алғы шарттар жасады. Атап айтқанда, базалықө сақтандыру заңдары жалпы  алғанда реттеу мен қадағалаудың халықаралық стандарттарын ескере отырып құрылды, міндетті сақтандыру түрлерінің тізбесін оңтайландыру бойынша шаралар  қабылданды. Сақтандыру ұйымдарының  қызметіне қойылатын талаптар жаңа сапа деңгейіне көтерілді, оның ішінде олардың ашық болуы мен қаржы  тұрақтылығына, сақтандыру қызметі  тұтынушыларының заңды мүдделерін қорғау жүйесін құру, сақтандыру рыногының  қалыптасуы мен оның инфрақұрылымын дамыту бойынша бастапқы іс-шаралар  жүзеге асырылды. Сонымен қатар, ел экономикасы дамуының қазіргі заманғы  кезеңі, оның ішінде мемлекет ішінде, сол  сияқты әлемдік кеңістікте де осы  саладағы үрдістерді ескере отырып ұлттық сақтандыру индустриясының  алдына жаңа мақсаттар мен міндеттер  қойып отыр. Сондықтан да республиканың  орта мерзімді перспективаға сақтандыру рыногы дамуының басым бағыттарын және оларды іске асыру жолдарын уақтылы  әрі нақты белгілеу өте маңызды  болып табылады. Бұл көптеген факторлармен негізделген, оның ішінде тәуекелді  басқарудың тиімді рыноктік механизмдердің бірі ретінде сақтандыруды дамыту экономиканың басқа салаларының тұрақты дамуына  мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар, осы Бағдарламаны әзірлеудің қажеттілігі сақтандыру институтын қолдану саласы көптеген әртүрлілігімен ерекшеленетінімен негізделген және қоғамдық қатынастардың барлық сапасын қамтиды.

Бағдарламаның басты мақсаты мемлекеттің, азаматтардың және шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүдделерін қаржы, әлеуметтік және өхге тәуекелдерден қорғаудың тиімді механизмі мен ұзақ мерзімді ішкі иевестициялардың сенімді көзе ретінде  сақтандырудың роліе және орнын  нығайтуға бағытталған ұлттық сақтандыру индустриясын одан әрі реформалау. Осы Бағдарламаның мақсаттарына қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді  шешу болжанып отыр: ұзақ мерзімді және жинақтаушы жеке сақтандырудың түрлерін дамытуды ынталандыру арқылы азаматтардың әлеуметтік қорғалу деңгейін көтеру; өзара сақтандыру жүйесін дамыту; сақтандыру мақсаттарын, сақтандыру заңдарын, сақтандыру аясында жүргізіліп жатқан реформаларды насихаттау мен түсіндіру  бойынша жұмысты күшейту, сақтандыру қызметін тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған өзге шараларды жүзеге асыру және халықтың сақтандыру мәдениетінің деңгейін көтеру; сақтандыру ісін ақпараттандыру зжәне автоматтандыру саласында  жаңа технологияларды ендіруге жәрдем көрсету; міндетті сақтандыру саласында  мемлекеттік саясатты құру және міндетті сақтандыру жүйесінің тиімділігін  арттыру; сақтандыру рыногының толыққанды инфрақұрылымын қалыптастыру, оның қатысушылар  топтарын және олардың қызмет аясын  нақты айқындау; сақтандыру аясында  мамандарды даярлау және біліктілігін арттыру; сақтандыру рыногын бірыңғай қадағалауға көшуін ескере отырып сақтандыру қызметін қадағалау мен реттеу жүйесін  ұйымдастыру; қайта сақтандыру және ортақ сақтандыру рыноктарын дамыту.

Информация о работе Сактандыру нарыгынын дамуы