1995 ж. Брюссель (Белгия) ЕО сыртқы
істер министрлері кеңесі кезінде ЕО және
Қазақстан арасындағы "Серіктесу және
қарым қатынас туралы келісімге" ресми
қол қойылды., бұл өзара қатынастарды дамытуда
ерекше кезең. Қазақстанда іс жүзінде
ТАСИС бағдарламасы 1992 ж. жүзеге асырыла
бастады. Бірінші кезеңде (1992-1993 жж. көктем)
тек ұйымдастыру – технологиялық мәселелер
шешілген.
Ғылыми – техникалық білімдердің
техникалық, технологиялық, өндірістік,
коммерциялық және басқа да
тәжірибенің, өндіріс технологиясы
құпияларының, патнтпен қорғалмаған
және толық немесе ішінара жарияланбаған
өнер табыстардың жиынтығы. 1991 ж. индикативті
(ұсынушылық) бағдарламасының қарастыруымен
жобаларды жүзеге асру үшін Алматыға бірінші
рет Европадан сараптаушылар келді. 1992
ж. күзінде ТАСИС Координациялық (үйлестіру)
бюросы құрылып, жұмыс істей бастады, ол
автономиялық тәуелсіз құрылым, әкімшілік
ұйымдардың құрамына енбейді. Үйлестіру
бюросы мынадай міндеттер атқарады: еліміздің
техникалық жәрдемге нақты қажеттілігін
анықтау; европалық тәжірибені және "ноу-хау"
тартуды неғұрлым қажет ететін маңызды
секторларды анықтау; жобаларды жасау
және оларды басқаруда көмек көрсету.
Үйлестіру бюросының іс-әрекеті толық
Қазақстанның мүддесіне бағынады. Бюро
ҚР Үкіметі мен Европалық комиссия арасында
байланыстырушы буын және ақпарат өзегі
қызметін атқарады.
Екінші кезеңде (1993 ж. көктемі
– 1994 ж. күзі) Қазақстанның техникалық
жәрдемге мүддесіне жедел және
тез талдау жүргізілді. Осымен
қатар негізгі мәселелерді анықтау,
іс-әрекеттердің неғұрлым тиімді
түрлерін, тәсілдерін іздеу және іс жүзінде
сынау бағыттары бойынша жұмыс жүргізілді.
Республиканың европалық құрылымдармен
тығыз байланыс жөнге салына бастады.
Европалық комиссия 1991 ж. экономиканың
үш секторында 6 жобаны 10,86 млн. экю көлемінде
қаржыландырды; олар ауыл шаруашылығы,
оқыту, энергетика.
1992 ж. ТАСИС 31 жобаны қаржыландыруға
20,6 млн. эею көлемінде қарады.
Осы қаржы ҚР Үкіметіне кеңес
беруге, ауыл шаруашылығына, энергетикаға
және транспорт кәсіпорындарын
қолдауға, мемлекеттік басқаруды
және жоғары білім жүйесін реформалауға
жұмсалды.
1993-1994 жж. жүзеге асырыла бастаған
жобалар бойынша шетелдерде Европаны
жетекші оқу орталықтарында халық
шаруашылығының әр түрлі салаларының,
кәсіпкерлердің, банк қызметкерлерінің
500 астам мамандары үйреніп және
тәжірибе алмасудан өтті. ТАСИС бағдарламасына
қатысушы министрліктердің және салалардың
50 астам қызметкерлері Европа елдерінде
шет тілдерін тез үйренудің курстарынан
өтті.
Қазақстанда кадрлар дайындау
үшін бірнеше оқу орындары
және орталықтар құрылып, жұмыс істеуде.
Олар:
- менеджерлер дайындайтын және
кәсіпкерлердің эксперименттік
оқу орны;
- банк қызметкерлерін дайындайтын
орталық;
- Қазақстандағы және Европа елдеріндегі
серіктестермен іскрлік байланыстарды
жөнге қою үщін бизнес – коммуникация
орталығы;
- энергиямен қамтамасыз ету жөнінде
ұсыныс дайындайтын орталық;
- отын-энергетикалық кешеніне менеджерлер
дайындайтын орталық;
- авиадиспетчерлердің мамандықтарын
жетілдіруге жәрдем беретін топтар;
- менеджмент бизнес оқу орны.
Жекешелендіру саласында ТАСИС
бағдарламасында Әскери-өнеркәсіп
кешенін (ӘӨК), ауыл шаруашылық
машина жасау, тоқыма өнеркәсібінің,
станок жасау салаларының 46 кәсіпорындарына
ерекше көңіл бөлінген. Инвестициялық
қорлар (60 жуық) құруға көмек көрсетілген,
100 астам қорларды басқарушылар ТАСИС
кеңес берушілерінде іс жүзінде дайындықтан
өтті.
ТАСИС сараптаушылары Қ.Р. Ұлттық
банкісінің міндеттерін қайта
ұйымдастыру жұмысына қатысты. ТАСИС
шеңберіндеге тнхникалық қарым-қатынас,
Арал проблемасын шешуді ізденуде маңызды
роль атқарады деген үміт бар. Каспий жобасы
да ТАСИС-тің экономикалық қолдау механизмдер
арқылы ұйымдастыруда.
Айта кету керек, ТАСИС бағдарламасының
тиімділігі лезде емес тек ұзақ мерзімді
келешекте білінеді, себебі көптеген жобалар
стратегиялық мақсаттарды көздейді. Алматыда
Европа комиссия-салық тұрақты офисы ашылды.
Европалық Одақтың және Қазақстан Республикасының
қарым-қатынасын нығайта түседі.
Әлемдік шаруашылық бірлестігіне
енуге ұмтылған елдердің жаңа
әлемдік қарым-қатынасқа қалыптасуы
екінші дүние жүзі соғысынан
кейін басталды. Бұл жаңа жүйенің
мақсаты – халықаралық қаржы
ұйымдарының жеңілдік негізінде
техникалық және қаржы көмектерді
жан-жақты қолдау.
Әлемдік экономикалық қарым-қатынастың
жаңа орамы экономикалық өзара
жәрдем Кеңесі (СЭВ) және КСРО-ның
ыдырауына, жаңа тәуелсіз мемлекеттер
(ЖТМ) пайда болуына байланысты
ХХ ғасырдың 90-шы жылдарында басталды.
Жаңа жүйенің басты институттары
Халықаралық қайта құру және даму банкісі
(ХҚҚДБ), Халықаралық валюта қоры (ХВҚ),
Бүкіл әлемдік сауда ұйымы (БСҰ), Европа
бірлестік комиссия (ЕБК), Европа қайта
құру және даму банкісі (ЕҚҚДБ), Азия Банкісі
(АДБ).
Қазақстанда ең үлкен көлемде
көмек сомасы 32,1 млн. АҚШ долл. тең ТАСИС
шеңберінде ЕБК бюджетінде қаралған.
Ең үлкен сома және оқытуды
дамытуға, ауыл шаруашылық жобаларын
іске асыруға және жекешелендіруге
жұмсалады.
Жан-жақты көмек көрсету бойынша
екінші орында ЕҚҚДБ – 3,36 млн.
АҚШ долл. Бұл қаражаттар ауыл шаруашылығы,
транспорт және байланыс, энергетика және
геологияны дамыту жобаларына жұмсалады.
Осымен қатар, банк өрісінің дамуына көмек
көрсетуге және шағын және орта бизнесті
қолдауға жұмсалмақ.
Жан-жақты қолдау көрсетуде үшінші
орында ХҚҚДБ – 1,95 млн. АҚШ долл. Бұл қаражаттар
банк жүйесін дамытуға және жекешелендіру
бағдарламаларын жасауға пайдалану болжалануда.
ХВҚ Қазақстанға қарыздың екі
желісі бойынша береді:
- 1998 ж. бастап
10 жылдың ішінде қарызды өтейтін жүйені
өзгерту үшін 123 млн. АҚШ долл. беру;
- осы сома
көлемінде резервті несие беру.
Айта кету керек қарыздың барлық
сомасын алу бағдарламалардың
ойдағыдай орындалуына тәуелді.
АДБ және Жапон ЭКСИМ банкісі
(ХВҚ бірге қаржылайды) желісі
бойынша Қазақстан жалпы сомасы 205 млн.
АҚШ долл. тең айып төлемейтін несие ала
алады. Бұл қаражаттар денсаулық сақтау,
білім саласына, импорт жүргізу үшін және
валюта түсуіне жұмсалады.
Халақаралық қаржы ұйымдарының
көмегін пайдаланудың үстіне
рецилиент-елдер (көмек алушылар) жеке
донор-елдермен (көмек берушілер) өзара
келісім жасай алады.
Екіжақты техникалық көмек аясында
Қазақстанның АҚШ, Жапония, Германия,Канада,
Оңтүстік Кореямен байланысы
бар. Осы елдермен 1992-1994 жж. көмек
ретінде сомасы 127,4 млн. АҚШ долл. тең
келісімдер жасалған, оның 37,5 млн. долл.
қабылданып және жүзеге асырылған. Ақш-тан
алынған 89,7 млн. долл. негізінен әлеуметтік
мүдделерге, халықтың денсаулығын сақтауға
және техникалық көмекке жұмсалды. Жобаның
маңызды бөлігі жеке секторлардың дамуына,
ақпарат орталықтарын құруға да жұмсалды.
Жапонияның техникалық көмегі 17,1 млн.
долл. көлемінде денсаулық сақтау, білім
салаларына және қоршаған ортаны қорғауға
жұмсалады. Германияның көмегі 12,6 млн.
долл. көлемінде негізінен АӨК дамытуға
пайдаланылады. Канададан түскен қаражаттар
6,4 млн. долл. көлемінде негізінен энергетика,
ауыл шаруашылық, өнеркәсіп және сауда
салаларын дамытуға жұмсалады. Оңтүстік
Кореядан түскен қаражат 0,3 млн. долл. сомасында
Президент аппаратын, СІМ және педиатрия
институтын қолдауға жұмсалды.
Көпжақты және екіжақты техникалық
және қаржы көмектерді жүзеге
асыру бірнеше мәселелер туғызуда.
Олар:
- сырттан келген көмектерді тиімді
үйлестіру;
Қазақстандв шетел капиталын
жұмсаудың негізгі түрі – республикада
199 ж. бастап құрыла бастаған бірлескен
кәсіпрындары (БК). Сыртқы экономимкалық
заң шығаруға байланысты БК және шетел
компанияларының іс-әрекеттері "Шетел
инвестициясы туралы" заңмен және
30-ға жуық басқа да құжаттармен реттелінеді.
Республикада шетел компанияларының қатысуы
салық жеңілдіктерімен реттелінеді; алғашқы
бес жылдың ішінде олар салық төлемейді,
ал келесі бес жылдың ішінде салықтың
жартысын (50%) ғана төлейді және жекешелендіруге
қатысуға мүмкіншіліктері бар.
БК Қазақстанның барлық облыстарында
жұмыс істейді. ҚР Статистика
және талдау мемлекеттік комитетінің
мәліметі бойынша 01.04.96. ж. республикада
шетел инвестициясын пайдаланатын 728 кәсіпорындар
жұмыс істеді. БК-ның ең көбі Алматы қаласында
орналасқан – 460, Қарағанды облысында
– 32, Оңтүстік Қазақстан облысында – 3,.
1996 жылдың бірінші тоқсанында БК экспортқа
120,7 млн. АҚШ долл. сомасына тең товар жіберіп
және қызмет көрсеткен, бұл 1995 жылдың
сол мерзіміне қарағанда 18% көп, ал импортталған
товарлардың және қызметтердің көлемі
59,9 млн. долл. жетіп, 1995 жылдың бірінші
тоқсанына қарағанда 33%-ке өскен. Республиканың
жалпы экспорт көлемінде БК – үлесі - 7%,
импорт көлемінде - 6%. Экспорттың көлемінің
негізгі үлесі Атырау облысының БК-на
келеді (республика БК жалпы экспортының
- 77%), ал импорттың көбі Алматы қаласының
БК-на келеді (жалпы импорттың - 73%)
Біріккен кәсіпкерліктің географиясы
әлемінің 60-қа жуық мемлекеттерін
қамтиды. БК ең көп саны Қытай,
Түркия, Германия, АҚШ фирмаларымен
құрылған. БК азғана санын қоспағанда,
қалыптасу сатысында тұр және
ұсақ БК жалпы санында шағын кәсіпорындарының
басым болуына олардың салалық құрылымында
ірі инвестицияны қажет етпейтін салалардың
сыбағалы үлесінің мол болуы себеп.
Ірі БК ішінде "Тенгизшевройл"
БК – серіктес еліміз –
АҚШ, мал және аң терісінен
бұйымдар жасап және сататын "Алпам"
БК – серіктес еліміз – Франция ("Рифель"
фирмасы) т.б.
БК құру кезінде ұйымдастырушылар
Жарғы қорын жасайды, оған өздерінің
ғимараттарын, технологияларын, "ноу-хау",
басқа құнды материалдық заттарын және
ақша салымдарын салады.
БК құру мақсатына мынадай
міндеттер ескеріледі:
- нарыққа
өту кезеңінде жаңа шаруашылықтар түрлерін
меңгеру, шетел пргресті техникасын, технологиясын
және басқару тәжірибелерін игеру;
- экологиялық жағдайды бірыңғайлай
отырып, шетел капиталын тарту негізінде
кенге бай, бірақ аз меңгерілген региондарды
игеру;
Бөлім
ІІІ. Қазақстан 2030
ұзақ мерзімді даму
стратегиясы және оның
бағыттары
3.1.
Қазақстан Республикасының
2030 жылға дейін
даму стратегиясының
экономикалық құбылысы
Еліміздің жетістігі түбінде
дұрыс құрылған стратегиялық жоспардың
барына және оның шартты түрде орындалуына
байланысты. Басшылар (чиновниктер) күнделікті
әрекеттерінде көптеген ұсақ және ірі,
белгілі және жаңа, күрделі емес және күрделі
проблемалармен шұғылдануда. Осы жағдайда
олар жеңіл және дағды жолдармен проблемаларды
шешуге ұмтылады. Нәтижесінде туған жағдайларды
реттеу үшін басшылар олардың тәуелді
болуға мәжбүр болады, аяғында дағдарысқа
ұшырайды. Халықаралық тәжірибе бойынша
ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарлау
қоғамды және мемлекетті әлеуметтік-экономикалық
саяси , ғылыми-техникалық проблемаларды
шешуге тұжырымдалады.
Сонымен ағымды әрекеттерді ұзақ
мерзімді стртегиялық жоспармен
ұштастыру келесі мүмкіндіктер
туғызды:
- стратегиялық мақсатқа сәйкестілігін
бақылау;
- жағдайдың жетегімен жүрмей, оны
реттеу;
- күнделікті әрекеттерді маңызды
мәселелерді шешуге бағыттау;
Қазақстанның даму стратегиясын
2030 жылға дейін анықтау келесі
жағдайлармен түсіндіріледі: біріншіден,
республикада бюджетке түсетін кірістің
үлкен бөлшегін мұнайдан түсетін табыстар.
Ал ғылыми-техникалық болжау бойынша,
2030 ж. дейін мұнай және газды жалпылай
басқа энергия көздерімен ауыстыру байқалмайды
және мұнайға баға тұрақты болады. Бұл
экономикалық саясатқа неғұрлым дәл құруға
мүмкіндік береді; екіншіден , 30жыо бір
ұрпақтың өмірінің әлеуметтік белсенді
кезеңі; үшіншіден, демографиялық құбылыстар,
жаңа капиталдың ұдайы дамуы, дамудың
индустриалды-техникалық кезеңдері де
ескерілген. Әлемдік тәжірибе бойынша
елдер атап айтқанда 30 жыл арасында елеулі
нәтижеге жетеді.