Нарықтық экономикаға көшу

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2011 в 14:11, курсовая работа

Описание работы

Нарықтық экономикаға көшу – ұзақ, күрделі, және қайшылықты жол. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғанындай, ежелден қалыптасып қалған шаруашылық жүйесін түбірінен қайта құруға байланысты әлеуметтік-экономикалық шаралар соңы өндіріс дәрежесінің анағұрлым төмендеуімен, демек тұтынудың құлдырауымен қатар жүретіндігін өмір көрсетіп отыр. Бұл заңдылық экономиканы қайта құрудың стратегиясы мен тактикасын сенімді болжап, экономикалық саясаттың ықпалды да тиімді жолдарын таңдай білуді талап етеді. Саяси да экономикалық еркіндік алған Қазақстан алдында тәжірибе мен республикамызға тән ерекшелерді ескере отырып, экономикалық дербес дамудың жолдарын қарастыру міндеттері тұр.

Работа содержит 1 файл

Нарықтық экономикаға көшу реферат.doc

— 327.00 Кб (Скачать)

      Сақтандыру шарты, қарыз алушының  несие қауіп-қатерінен өз еркімен сақтандыруы, яғни сақтандыру туралы мәмілені дәлелдейтін сақтану ұйымының полис (куәландырма) құжаты.

      Кепілдік шарт жеке адамға  ұзақ мерзімге несие беруде  жұмыс орнынан алынған және  нотариус куәландырған құжат.

      Залалды және пайдалылығы төмен кәсіпорындар жөнінде (дотация жойылуына байланысты) экономикасының қаражат –экономикалық сауықтыру үшін оларды сауықтыру және банкрот деп жариалау туралы ұсыныстар дайындалуда. Ұсыныстарды зерттеп дайындау ҚР Мемелекеттік мүлік комитетіне және оның жанындағы кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру агентствосына жүктелген.

      5. Инфляция, бағаның өсуі, өндірістің  құлдырауы және банкроттық жеткілікті  түрде қамтамасыз етілмеген бұқара  топтарының тұрмыс дәрежесінің  құлдырауына және жұмыссыздыққа  әкеп соқты. Сондықтан халықты әлеуметтік қорғауға тиімді жүйе құру қажет.

      Осы себептен жұмыспен қамту,  әлеуметтік сақтану жүйесін дамыту  және еңбекақы төлеу жүйесін  реформалау мәселелерін шешу  қажет.       

      Жұмысшылар, қызметкерлер мен жұмыс  берушілер арасында еңбекақы деңгейін реттеу ұжымдық шарт және тарифтік келісім арқылы жүргізіледі. Мемлекет азаматтарға минимум әлеуметтік норматив негізінде анықтаоған тұтыну деңгейіне кепілдік береді, осыған байланысты минималды еңбекақы шегі белгіленеді.

      Қолайсыз әлеуметтік төлеу жүйесін қарапайым және түсінікті жүйеге ауыстыру мақсатымен әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыруды орталықтандыруға шек қою көзделген. Мемлекет деңгейінде белгілі мемлекеттік қолдау минимумы тағайындалып, ал аймақтарда халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына көмек мәселесі жергілікті бюджет көлемінде шешіледі.

      Зейнетақыға жеңілдік беруді  ретке келтіру және міндетті  және ерікті зейнетақыға сақтық  жүйесін ендіру жұмыстары жүргізілуде.  Келешекте үш сатылы зейнетақы жүйесі қалыптасады. Бірінші сатысы – ол мемлекет кепілдік берген шектеулі зейнетақы, екіншісі – зейнетақы сақтық қорынан берілетін зейнетақы, үшіншісі – мемлекетке жатпайтын зейнетақы қоры ұйымының шот есебінен берілетін зейнетақы. Үкімет 1995 ж. Екі қаулы қабылдады: біріншісінде әлеуметтік-мәдени тұрмыс салаларын жекешелендіруге әкелуге ұйымдастыру әрекеттерді дайындау тәртіптері анықталған, екіншісінде - әлеуметтік мәдени тұрмыс салаларын кәсіпорын балансынан жергілікті әкімшілік балансына аудару тәртібі белгіленген.

      Осы қаулыларды орындау үшін  аймақтық комиссиялар құрылуда, олар аударатын салаларды дайындауды  қамтамасыз етіп, жергілікті әкімшілікке  беруге жататын объектілердің тізмін және сол объектілердің аудару мерзімдерінің кезектілігін анықтайды.

      Жыл сайын жергілікті әкімшілік басшылары ҚР Қаржы министрлігіне және тиісті салалық министрліктерге жоғарыда тізілген құжаттарды келесі жылға Мемелекет бюджетінің жобасын құру үшін белгіленген мерзімде ұсынып отырады.

      ҚР экономикалық Министрлігі  мүдделі министрліктер, отандық және шетел кеңесшілерінің қатысуымен жасалған "Әлеуметтік саларды кәсіпорындарынан бөліну Мемлекеттік стратегиясы" жобасын дайындап Үкіметке талқылауға ұсынды.

      Дәрілік сақтану жүйесін дамыту  үшін мемлекеттік бағдарлама  жасалып және оның үйлесімді заңды негізі құрылды.

      6. Республиканың сыртқы экономикалық  әрекетінде әлем нарығына енуде  толық еркін дербестік алуда. 

      Экономикалық реформаның бірінші  және екіші бағдарламалары республика  рубль аймағында болғанда жасалған.

      Қазаігі кезде көптеген өзгерістер  енді, олар реформаның қағида  жағдайларын түпкілікті өзгерту  қажетін туғызды. Оған себеп  болған жағдайлар:

        - КСРО-ның ыдырау және Қазақстанның  Әлем шаруашылық кеңістігіне  дербес мемлекет ретінде өздігінен  енуі;

        - ҚР жерінде 1993 ж. 15-қараша жұлдызында  айналымға ұлттық валюта –  теңге енуі, ол қағаздан және  металдан шекілген әр түрлі бағалы купюрадан тұрады;

        - экономикалық реформалардың халықаралық  тәжірибелері талданып және ескеруге  алынды. Сонымен қатар өзімізде кейбір тәжірибе пайда болды;

        - ресми мәлімет бойынша макроэкономика  жағдайы жақсаруда. Егер де 1993 ж. Алдыңғы жылмен салыстырғанда  баға 30 еседен астам өссе, 1995 ж.  Бұл көрсеткіш тек 1,6 есе өсті. Ішкі жалпы өнім (ІЖӨ) және өнеркәсіп өндірісінің құлдырауы саябырлады, тиісінше 9 және 8% түсті, ал бұрынғы кезеңде 25-27% еді;

        - салық салуда, бюджет өрісінде, кеден жүйесінде және т.б. әрекет  салаларда норматив-құқық негіздері  жетілуде.

      Бірақ, әлде де болса экономиканың негізгі салаларында дағдарыс құбылысы, өндіріс құлдырауы жойылған жоқ, республика халқының тұрмыс деңгейі төмен болуда, осы себептен экономикалық реформаның жаңа кезеңіне аяқ басуға алдын ала жағдай туғызу керек. Бұл жағдайда еліміздің Президенті Указымен бекітілген "ҚР Үкіметінің 1996-1998 жж. реформаны тереңдету әрекеті бағдарламасы" жасалды. Оны кейде ҚР Үкіметінің орта мерзімді бағдарламасы деп атайды.

      Бағдарламаның негізгі әлеуметтік-экономикалық  бағыттары мынадай:

        - мемлекеттік және кәсіпорындар қорларының есебінен, халықтық жинақ ақшасы, акционерлік және несие капиталдарды пайдалану негізінде өнеркәсіптің құрылымын қайта құруға белсенді кірісу;

        - ОЭК және шикізаттар салаларында  өндіріс құлдырауына тыйым салу,  ішкі және сыртқы нарықта өнімдердің бәсекелесу қабілеті және сұранымы бар өңдеу салаларында өндірісті жандандыру;     

        - тұрғын үйлер салу, өндірістік  және әлеуметтік инфрақұрылымдарды  дамыту ауқымдарын өрістету;

        - аграрлық салада жағдайды тұрақтандыру.

      Өндірістің материалдық өрісінде  негізгі көңіл құлдырауды саябырлату  шараларын қолдануға және тұрақтандыруға, сұранымы жоғары өнімдер шығаруға, Қазақстанның экономикалық салмағын  нақты қалыптастыратын келешегі мол өндірістік әрекеттер түрлерін жандандыру және дамыту жағдайларын туғызуға бөлінеді.

      Әлеуметтік саясат тек қана  сақтану міндетін атқарып қоймай, сонымен қатар экономикалық реформаның  іске асырылуына, онда бұқара  халық топтарының неғұрлым белсенді  қатысуға ынталандырады.

      Экономика және сауда Министрлігі региондарда 1996-1998 жж. реформа тереңдету бағдарламасының қалыптасуы үшін үлгілі методикалық ұсыныс жасады.

      Ұйымдастыру жағынан жергілікті  және орталық мемлекеттік басқару  ұйымдарының қарым-қатынастарын  байланыстыру және реттеу жұмысын Үкімет бастығы Кеңсесінің территорияны дамыту Бөлімшесі жүргізеді.

      ҚР Президенті тапсырмасы бойынша  Экономика және сауда министрлігі  экономиканың 5 және 15 жылдарға арналған  даму индикативтік жоспар жасалуда. 1996 ж. бастап барлық экономикалық  бағдарламалар республиканың әлеуметтік-экономикалық даму индикативтік жоспардың құрамында жасалынады. 

1.3. Қазақстан Республикасының құрылым және инвестиция саясаты

                                                                                      

      Құрылымды қайта құрудың мәні негізгі көңілді басымдығын жоғалтқан салалардан, әлеуметтік-экономикалық міндеттерді орындауға мүмкіншілік туғызатын салаларға бөлу.

      Құрылымды өзгертудің маңызды  аспабы ол инвестициялық саясат, өйткені мемлекет күрделі қаржыны салалар арасында бөлу арқылы халық шаруашылық салаларының құрылымын реттеп отырады.

      Мемлекеттің инвестициялық саясатының  стратегиялық мақсаты – құрылымдыққозғалыстар  арқылы ұлттық экономиканы тиімді  қалыптастыру, сапалы жаңа техника  және технология негізінде өндірісті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп, қазіргі тілекке сәйкес өзгерту. Мамандардың пікірі бойынша, Қазақстанның дағдарыстан шығуы үшін жыл сайын 3-4 млрд. АҚШ доллары мөлшерінде инвестиция қажет, оның 75% шикізаттар өндіретін салалардың дамуына кетеді. Бұлар мұнай, газ, металлургия, отын өнеркәсіптерінің қазып шығаратын салалары.

      Нарыққа көшу кезеңінде республиканың  инвестиция өрісінде екі жағдай  пайда болуда: бір жағынан –  инвестиция қорының тапшылығы  және шаруашылық субъектілерінің инвестициялық әрекетке ынталылығының түсуі; екіншіден – күрделі қаржыны тиімді жүзеге асыруға қажетті жағдайлардың жоқтығы.

      Бұған себеп болғандар: ұлттық  табыстың өсу қарқынының төмендеуі,  республика территориясының көптеген жерлерінің жеткіліксіз игерілуі, еңбек қорының шашыраңқы бөлінуі, жаңа өндіріс орналасқан жерлерде қажетті инфрақұрылымының жоқтығы. Осының бәрі инвестициялық процестің тиімділігін төмендетеді.

      Бұл жағдайда құрылымды өзгерту  бағытында мемлекеттік саясат  мынадай міндеттерді шешуді көздейді: ең алдымен халықтың мұқтаждығын  мүмкіншілік деңгейде қанағаттандыру  – олар азық-түлік, халық тұтынатын  заттар, тұрғын үй және т.б.; халықты  неғұрлым орынды, толық жұмыспен қамту; инвестициялық белсенділіктен кейінгі кезеңде кең дамуына алдын ала қажет жағдай туғызу.

      Инвестициялық қорларды шоғырландыру  және күрделі қаржылардың тиімділігін  арттыру мақсатында тез арада  әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешетін, шығындарды қысқа мерзімде қайтаратын озық салаларды дамытуды ынталандыру қажет.

      Қазақстанда озық салаларға мыналарды  жатқызуға болады:

      ОЭК, ол халық шаруашылығының  барлық салаларын және әлеуметтік  өріске энергия, отын көзі ретінде  өте маңызды роль атқарады. Әсіресе мұнай, газ өнеркәсібінің маңызы зор, бұл сала мемлекеттік валюта қорын айтарлық көлемде толтырады;              

      ТМК – бұл кешен қазіргі  кезде негізінен экспорттық өнімдер  шығарады;

      АӨК – мұнда еліміздің экономикалық салмағының 40%-іне дейіні топталған және халықты азық-түлікпен, өнеркәсіпті шикізаттармен қамтамасыз етеді.

      Халық тұтынатын товарлар шығаратын  өндіріс тұтыну нарығын толтыратын  негізгі көз.

      Жол құрылысы ҚР жоғары сапалы автомобиль жолдарын салу жұмысын түбінен шешіп республиканың региондарын, облыстарын байланыстарады. Алдымен жоғары дәрежелі жол, сонан соң тұрғын сілемдерін және өндіріс объектілерін салу қажет.

      Үй құрылысы, әсіресе ауылды жерлерде  үй құрылысын кеңінен дамыту  керек. Сонымен қатар шағын және орта көлемді қалардың проблемаларын шешу қажет. Ірі және өте ірі қалаларда халықтың шектен тыс шоғырлануынан құтылу. Республикада 57 шағын және орта көлемді қалалар бар, бұл Қазақстандағы қалардың 68% астамы, оларда 2 млн халық тұрады.

      Бұрынғыша инвестициялық процесті  қаржыландырудың негізгі көзі  кәсіпорындардың және мекемелердің  меншік қаражаттары болуда. 1996 ж.  бірінші тоқсанында олар бүкіл  күрделі қаржы көлемінің 96% астамын,  ал кейбір аймақта 100% құрды.  Инвестицияның абсолюттік көлемінің қысқаруы өндірістің құлдырауына байланысты.

      Иневестициялық әрекеттің жағдайын  зерттеу меншікті жекешелендіру  шараларын жүргізу және ұқсас  шаруашылық құрылымын қалыптастыру  әдірме инвестициялық қорларды  бөлуде барабар өзгерістермен  нығайтылмағанын (дағдарыс әсер етуде), сондықтан меншіктің жаңа түрлерінің ұдайы дамуына қозғалыс бермеуін байқатады.

      Қорлануға және соңынан инвестиция  ретінде пайдаланатын жинақ ақша  мәселесі кенет асқындады. Кәсіпорындарының  және халықтың қаржылары негізінен күнделікті мүддеге жұмсалуда.

      Республикада экономикалық құрылымын  қайта құруды жеделдету және  инвестициялық әрекетті жандандыру  үшін регионалды бөлімдері бар  қайта құру және даму Банкісі  ашылды. Онда кәсіпорындардың инвестицияға  арналған қаржылары жиналады. "ҚР экономикасын өзгерту туралы" ҚР Заңы қабылданды. Заң бойынша ол мемлекеттік қор болыпсаналады. Оны құрудың мақсаты тиімді, әлеуметтік бағытталған нарықтық экономика қалыптастыру және әлем нарығында оның бәсекелесу қабілетін өсіру үшін жүргізіліп жатқан экономикалық реформаны инвестициялық қолдану.

Информация о работе Нарықтық экономикаға көшу