Нарықтық экономикаға көшу

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2011 в 14:11, курсовая работа

Описание работы

Нарықтық экономикаға көшу – ұзақ, күрделі, және қайшылықты жол. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғанындай, ежелден қалыптасып қалған шаруашылық жүйесін түбірінен қайта құруға байланысты әлеуметтік-экономикалық шаралар соңы өндіріс дәрежесінің анағұрлым төмендеуімен, демек тұтынудың құлдырауымен қатар жүретіндігін өмір көрсетіп отыр. Бұл заңдылық экономиканы қайта құрудың стратегиясы мен тактикасын сенімді болжап, экономикалық саясаттың ықпалды да тиімді жолдарын таңдай білуді талап етеді. Саяси да экономикалық еркіндік алған Қазақстан алдында тәжірибе мен республикамызға тән ерекшелерді ескере отырып, экономикалық дербес дамудың жолдарын қарастыру міндеттері тұр.

Работа содержит 1 файл

Нарықтық экономикаға көшу реферат.doc

— 327.00 Кб (Скачать)

        2. Мұның өзінде кәсіпкерге деген жоқтаусыз еркіндік болмайтындығын есте сақтау керек. Нарықтық экономиканың қай-қайсысы болмасын өркениетті мемлекеттерде реттеліп отырады. Нарықты және қатынастарды мемлекет тарапынан реттеп отыру осындайдан туындайды. Мәселе тек мемлекет қандай амалдар қолдануда. Нарықтың мемлекеттік реттеушісі ретінде мемлекеттік бағдарламалар, салық салу, несие қаржы жүйесі, банк жұмысы, еңбек жайлы заңдар монополиялыққа қарсы шаралар, халықты әлеуметтік қорғау сияқтылар араласады.

      Нарық еркіндігі экономикалық  жауапкершілікпен, кәсіпкердің тәуекелімен  қатар жүреді. Теңдік құқығы енгізіліп, меншіктеудің қанша бір түрлеріне еркіндік туғызған нарық шағында кәсіпкерші шаруа иесі толығынан экономикалық жауапкершілікте болады.

         3. Тұтынушының үстемдігі, яғни  тұтынушының өндірушіге өктемдігі.  Жеткіліксіз дүниеде өндіруші  тұтынушыға өз шартын қояды. Өндіріс өнімі сол қалпында қалса да немесе тіпті өнім беру азайса да баға дегеніміз көтеріле береді, өндіруші ешнәрседен қаймықпай-ақ өнім сапасын төмендетіп, пайда табады.  

      Көлденең араласқа шығысымен  шаруа иелерінің экономикалық  еркіндігі кеңейе түседі, ал мұның өзі әрқайсысынан өз жолын тауып, іс-қимылын қайта қарау, бағаны еркін қою, кіріс пен пайданы бөлісу, бәсеке механизмінің көмегімен қаражат-несие жолдарын пайдаланып, өз білгенін істеу әрекетін туғызады.

     4. Экономиканың ашықтығы. Мұның мәні мекемелердің белгілі шарттарды сақтай отырып, экономикадан тыс байланыстарда еркін кәсіпкерлікті кеңейте түсу. Шетел фирмаларына жергілікті мекемелермен бірдей құқықта ішкі нарықта товар өндіруші ғана емес меншік иесі ретінде кірісуге берілген.

     5. Бәсеке бабы. Бәсеке дегеніміз  іскерлікті қоздырудың ықпалды  да тиімді құралы, ғылыми техникалық  пргресс жетістіктерін пайдаланып  өнім сапасын арттыру, тұтынушылардың  құбылып отыратын мүдделерін  қанағаттандыру. Әрине, бәсеке ең  алдымен ұқсас өнімдер шығаратын кәсіпкерлерарасында туындайды.

     6. Финанс және қаражат айналымына  әсері. Егер орталықтанған экономика  материалдық-заттық орындарды басқаруды  қорлар жасау, өндірер заттың  көлемін белгілеу арқылы жүргізсе, нарықтық экономика басқару жұмысын  баға механизмі. Ақша, несие, банк, салық жүйелері арқылы жүргізеді.

     7. Нарықтық баға қою жолдары.  Нарықта баға деген сатушы  мен алушы арасында саудаласу,  сұраныс пен ұсыныс арасындағы  қарым-қатынас нәтижесінде қалыптасып, ауызша келісім немесе шарт  жасасады.

       Нарықтық бағада еркін баға деген түсінік бар. Оның тіркеулі бағадан өзгешелігі – ол ұдайы өсе береді.Біріншіден, әсіресе өтпелі кезеңде, мемлекет өзін-өзі ақтаудың орташа көрсекішіне сәйкестендіріп бағаның жоғарғы шегін бақылайды. Екіншіден, тұрақтандырылған экономикада әлдебір товардың жоғары табыс бере қалса, бәсекелестер ол товарды жарыса өндіріп сатады да бағаны құлдыратып жібереді. Сөйтіп қалыпты нарықта баға заттың өзіндік құнынан төмен емес, бірақ өзіндік құнның сомасы мен табыс өндірісті кеңейте беруден аспайды.

      8. Шарт және контракт қатынастардың  талаптарын сақтау нәтижесінде  жоғарыдан басқару көлденеңнен  басқарумен ауысады, яғни тең  құқықты шаруа иелері өзара  келіседі. Нәтижесінде негізінен  серіктестік қарым-қатынас қалыптасады.  Жалпы заңдылықты, ережелерді сақтау үшін бағыныштылық қатынасқа онша мән берілмейді. Толық мағыналы нарықта товар өндіру мен сату ғана емес қызметкерлер алу, босату, еңбек төлеу, мекемелерге несие беру де контракталық жағдайға көшіріледі.

      Қазақстанда көп салалы экономика, оны нарық жолына салуға бағытталған қайта құру 1990 жылдардың басында басталды. Қазақстанды нарыққа көшірерде республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуында өзіне тән бірқатар ерекшеліктер бар еді.

      Олар ең алдымен Қазақстан  экономикасының құрылымындағы қайшылықтар да болды. Мұнда терілмеген мол мүмкіншіліктер бола тұра өнеркәсіптің дәрәжесі өте төмен болды. Реформаға кірісерде /1987 ж/ республиканың қоғамдық табысындағы өнеркәсіп өндірісіндегі үлесі бүкіл КСРО бойынша орта есеппен 61% болса, Қазақстанда 46% қана болды. Қор және капиталды көп жұмсайтын салалардың үлесі өте жоғары еді, КСРО да ОЭК, ТМК, химия және мұнай-химия өндірудің үлесіне орташа 9% келсе, Қазақстанда 15% /1987 ж/ еді. Ал машина жасау өнеркәсібінің үлесі КСРО бойынша 27% болса, Қазақстанда 17%-ке ғана жетті /1987 ж/.

      Республикада КСРО халқының 6 прценттей  тұрғанмен, Одақ бойынша өндірілетін  қоғамдық өнімнің 4,5 проценті  өндірілді. Республика экономикасында  шикізат өндіру және оның бағасы  төмен болғандықтың салдарынан адам басына шағатын өте төмен болды.

      Халық тұтынатын товарлар өндіретін  салардың үлесі Қазақстанда кем  еді. Ол өнімдердің 60 прцентке дейін республикаға сырттан әкелініп тұрды. Қазақстаннан жуылған жүннің 70%, жиналған астықтың жартысынан астамы, мақтаның, мал терісінің 50% өңделмеген күйінде сыртқа жіберіліп отырды. Шикізат және жартылай өңделген күйінде сыртқа жіберілген өнім құны 6-7 млрд. рубль болса, оны республикадан тыс жерлерде өңделгеннен кейін қайта әкелгенде әлгілердің құны 13,8 млрд. болып шықты. Республика бюджетіндегі кірісте салық айналымының үлесі небәрі 9% еді, ал Эстонияда осындай үлес - 45% болатын. Қазақстан одақтық қорға республикада дайындалған барлық еттің 33%-ін / басқа республикалар 17-19%/ жіберіп отырды. Осының нәтижесінде нарықтық қор есебінен бүкіл КСРО бойынша адам басына шаққанда келетін ет көлемі 42 кг. Болса, ол Қазақстанда 32 кг. Ғана болды. Республикадан өңделмеген астық пен жүннің салық айналымынан бюджетке түспеген ақша 1,1 млрд. рубльге кеміп отырды.

      Орталықтан басқару қатаң жүргізіліп тұрғанда Қазақстанның экономикасы иемдене басқарылып, өндіріс пен мекемелерді алыптандыру бағытында жүргізілді. Мысалы, Қазақстан өнеркәсібінің 93%-ін одақтық министрліктер мен түрлі иеліктер басқарды. Күрделі қаржының 70процентке дейіні "А" тобындағы өнеркәсіп саласын дамытуға жұмсалды. Мұның өзі экономиканы қайта құру барысында шаруашылықты мемлекет меншігінен алуды және жекешелендіруді /приватизациялауды/ қиындата түсті.

      Қазақстанның нарыққа көшуде  бастапқы капитал дәрежесі төмен болды. Экономиканы қайта құра бастағанда, мамандардың тұжырымы бойынша, тұрмыс дәрежесі төмен 5-6 млн. адам болды, ал мұның өзі Қазақстан халқының 1/3-ден асатамы.

      Республикадағы 214 селолық аудандардың  180-і жәрдем қаржымен /дотациямен/ күнелтті, 70 аудан экономикалық даму жағынан өте артта қалды, ал 30 аудан кедейліктің күйін кешті. Ауыл шаруашылығында пайдаланатын жердің 20 млн. гектардан астамы әскери - өнеркәсіп кешенінің /ӘӨК/ пайдалануында болды.

      Республикадан толып жатқан байлық көздері алынып, ал мұнда қоршаған ортаның экологиялық былғанышы ғана қалдырылды, экологиялық жүдеулік жер-жерде қоюлана түсті. Қазақстанның барлық өнеркәсіп орталықтарында да ауадағы зиянды заттар тиісті мөлшерден артып кетті. Арал теңізінің ернеуі 13 метр төмендеді, су бетінің деңгейінің 1/3 суалап қалды, су қорының 60% солды. Осылардың салдарынан теңіз суының тұздануы 2,5 есе өсті де ауаға тарайтын зиянды заттар 5,4 млн. тоннаға жетті.

      Ұзақ жылдар бойы товар-ақша  қатынасын елемелеу, экономиканың монополиялығы, бұйрық-әкімшілік басқару тәсілі қор және товарлардың жеткіліктігіне қарамастан тапшылыққа, товар-ақша тепе-теңінің бұзылуына, қайта-қайта бөле берудің тууына, мемлекетке арқа сүйеушілікке әкеп соқты.

      Нарыққа көшудің қиындығы да, күрделілігі де, ұзаққа созылатындығы да осы себептерден болып отыр. Сондықтан республика ерекшеліктерін ескере отырып, нарыққа кезеңдей кірісу қажет болды. Нарықты қалыптастырып орнықтыру соңғы жылдардағы тәжірибе көрсеткендей, күрделі де қайшылықты жағдайларға соқтырды.

      1990 ж. Желтоқсанның аяғында "Қазақ  КСР-ның экономикасын тұрақтандыру  және нарыққа көшу" бағдарламасы  қабылданды. Бұл бағдарламада нарықтық  құрылымдар құруды жеделдету,  экономиканы нарыққа сәйкес реттеу, республиканың әлеуметтік-экономикалық жағдайын тұрақтандыру, нарық тарапын қалыптастыру шаруашылық әрекеттерді белсендіру қаралған.

      "Дағдарыстарға қарсы және  әлеуметтік-экономикалық қайта құруды  тереңдете жүргізудің кезек күттірмейтін  шаралары туралы" екінші бағдарламада /экономиканы тұрақтандырып нарыққа өту кезеңіне/ 1992-1995 жж. алғашқы кезеңге мынадай міндеттер қойылды:

  • мемлекет меншігінен алып, меншікті жекешелендіруді белсене жүргізу;
  • тұтыну нарқын товарлармен қанықтыру;
  • республиканың әлем шаруашылығына енуі.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                  

      Мұнда күштің басым жағын ұлт  мүддесінің тәуелсіздігіне деген  экономикалық саясатты белсене  жүргізуге, инфляцияны мүмкін  болғанынша төмендету, өндірістің  құлдырай беруін тоқтату, оны  өркендете беруге жағдай жасау,  халықтың әлеуметтік нәзік жағына нарық кеселінің салдарын жеңілдету мәселелері топтастырылған.

      1996-2005 жж. барысындағы екінші кезеңде  көзделген міндеттер:

      - республиканың шикізат қана  өндіруге бағыт ұстауын жойып,  нарықтың толық механизмін құру, транспорт тараптарын тезірек дамыту және нарықтың барлық түрлерін де қалыптастыру;

      - экономиканы монополизацияға соқтырмай,  дұрыс бәсеке атаулыны кеңінен қолдау арқылы барлық товар өндірушілерге шын мәнінде еркіндік жасау;

      - жаңа технологияны игеріп, "Экология" жайында жан-жақты жасалған бағдарламаны іс жүзіне асыру арқылы табиғатты ұтымды пайдалануды қамтамасызету.

      - отандық және халықаралық бизнес  саласын кадрлармен толықтыру.

      5-7 жылға арналған үшінші кезеңде  ашық экономиканы дамыту негізінде Қазақстанның әлемдік саудада алатын орнын нығайту, бюджет тапшылығы мәселелерін шешу, ұлттық валютаға толық жол ашу, республиканың әлемдегі өнеркәсібі озық елдер қатарына қосылуы көзделген.

      Қазақстан экономикасының нарыққа  көшуі экономикалық және әлеуметтік салаларда дағдарысқа ұшырау жағдайында жүргізілуде, мұның өзі көптеген тысқы және ішкі себептерге байланысты болып отыр.

      Біріншіден, Қазақстанда бұрынғы  КСРО-ға кірген республикалармен  және оның аймақтарымен шаруашылық  байланыстардың бұзылуынан өндірістің құлдырауы. Ғалымдардың тұжырымы бойынша, өндірістің 60%-ке төмендеуі КСРО-да бірыңғай халық шаруашылығына енген алыптардың шаруашылық байланыстарының үзілуінен болып отыр.

      Қазақстан республикасында 1993 ж. 1992 жылмен салыстырғанда өндірілген ұлттық табыс – 14,8%, өндіріс құралдарын өндіру – 15,2%, тұтыну заттарын өндіру - 12% төмендеді.

      Екіншіден өнімдерді сату тығырыққа  тірелді, мемлекетте де, мекемелерде  де халықта да ақша болмай  қалды. Осының салдарынан мемлекеттік кәсіпорындары өндірісті қысқартты, өнімдерін ақы алмай үлестірді. Сөйте тұра көптеген қаржыны несиеге алды, бюджеттен қаржы сұрады. Мұның өзі қарыздарын өтей алмауға әкеліп соқты, ал қарыз болса өсе берді.

Информация о работе Нарықтық экономикаға көшу