Нарықтық экономикаға көшу

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2011 в 14:11, курсовая работа

Описание работы

Нарықтық экономикаға көшу – ұзақ, күрделі, және қайшылықты жол. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғанындай, ежелден қалыптасып қалған шаруашылық жүйесін түбірінен қайта құруға байланысты әлеуметтік-экономикалық шаралар соңы өндіріс дәрежесінің анағұрлым төмендеуімен, демек тұтынудың құлдырауымен қатар жүретіндігін өмір көрсетіп отыр. Бұл заңдылық экономиканы қайта құрудың стратегиясы мен тактикасын сенімді болжап, экономикалық саясаттың ықпалды да тиімді жолдарын таңдай білуді талап етеді. Саяси да экономикалық еркіндік алған Қазақстан алдында тәжірибе мен республикамызға тән ерекшелерді ескере отырып, экономикалық дербес дамудың жолдарын қарастыру міндеттері тұр.

Работа содержит 1 файл

Нарықтық экономикаға көшу реферат.doc

— 327.00 Кб (Скачать)

                                                      Кіріспе

                               

       Нарықтық экономикаға көшу – ұзақ, күрделі, және қайшылықты жол. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғанындай, ежелден қалыптасып қалған шаруашылық жүйесін түбірінен қайта құруға байланысты әлеуметтік-экономикалық шаралар соңы өндіріс дәрежесінің анағұрлым төмендеуімен, демек тұтынудың құлдырауымен қатар жүретіндігін өмір көрсетіп отыр. Бұл заңдылық экономиканы қайта құрудың стратегиясы мен тактикасын сенімді болжап, экономикалық саясаттың ықпалды да тиімді жолдарын таңдай білуді талап етеді. Саяси да экономикалық еркіндік алған Қазақстан алдында тәжірибе мен республикамызға тән ерекшелерді ескере отырып, экономикалық дербес дамудың жолдарын қарастыру міндеттері тұр.

      Қазақстан Республикасының ұлан  ғайыр жері, оның ерекше бай  қазыналары, табиғи-экономиклық қолайлы  жағдайлары бар. Қазақстанның  осыншама байлыққа ие болуы  оның экономикасының дербестігінің  негізі болып табылады.

       Саналы нарыққа көшу жағдайларындағы ең маңызды міндет – республиканың өндірістік ахуалына экономикалық дұрыс баға беру, қолда барды ұтымды пайдаланудың нақтылы бағдарламасын жасап, "технологиясын" талдау.

      Республикада экономика мен бизнес  салаларында осы заманғы жоғары  маманданған кадрлар даярлау студенттер тарапынан Қазақстан экономикасының нақтылы жағдайын "өткені – қазіргісі - болашағы", "сала –регион – бүтіндей халық шаруашылығы " тарауларына бөле, нарықтық құрылым жүйесін дамыта қалыптастыру жолдарын неғұрлым тереңірек зерттеп білуді талап етеді. Экономиканы қайта құру бағдарламасындағы және оларды іс жүзіне асырудағы тиімсіздіктер білмеушіліктен ғана емес, адамдардың отан шаруашылығының шын мәнін, ерекшеліктерін, кездесетін қайшылықтарды болжай алмайтындықтарынан болып отыр.

      "Қазақстан экономикасы" курсы  - өзіне ғана тән қолданбалы  білім саласы. Оның мақсаты –  халықты республиканың әлеуметтік-экономикалық  дамуының нақтылы жолдарымен  қаруландыру. Қазақстан экономикасының  даму барысын басқыштай талдау  мынадай ретте құрылады: басында құрылымы мен міндеттері. Одан кейін Қазақстан экономикасының "кешегісі – бүгінгісі - болашағы" тізбектері арқылы жалпы тарихи-экономикалық шолу жасалады. Келесі Қазақстан экономикасы салалары бойынша және олардың ішкі байланыстары талданады; республика өңірлеріндегі экономика жағдайларына талдау жасалады.

     Осы заманғы Қазақстан Евразияның  төріне орналасқан бірегей мемлекет. Оның елбасы және орындаушы  өкімет билеушісі Президент болып  табылады. Республиканың заң шығаратын  жоғарғы органы – қос палаталы (сенат және мәжіліс) Парламент, әкімшілік басқаруды Министрлер Кабинеті жүзеге асырады, ол министрліктер мен мемлекеттік комитеттердің жұмысына басшылық етеді.

     Қазақстанның жер аумағы 2,7 млн. шаршы шақырымнан асады, мұның өзі жер бетінің 2%, Азия аумағының 6,1%, бұрынғы КСРО иемденген жердің 12,1%, батыстан шығысқа дейін 3000 шақырымнан, солтүстіктен оңтүстікке дейін 1700 шақырымнан астам жерді алып жатыр. Республикамыз солтүстік-батыста Еділ, Орал және Батыс Сібірмен, оңтүстігінде Қырғызстан, Өзбекстан және Түркмениямен, оңтүстік- шығыста Қытаймен шектеседі. Республика шекарасының жалпы ұзындығы 15 мың шақырымнан астам, оның 12 мыңы – құрғақ, 3 мыңнын астамы Каспий және Арал теңіздері бойынша су жолдары.

      Республиканың аймақтары әкімшілік жағынан 14 облысқа , 162 селолық және 30 қалалық аудандарға бөлінеді, мұнда 83 қалада 16,5 млн. адам тұрады, оның 7,8 миллионы қазақтар. Жақын және алыс шетелдерде 4 миллионнан астам қазақтар тұрады. Бұлар 1916 жылғы көтерілісті басқаннан кейін және ауыл шаруашылығын коллективтендіру жылдарында асыра сілтеудің салдарынан босып кеткендер.

      Қазақ халқының тарихы сонау  көне дәуірден басталады. Қазақстан  жерінде Х-ХІІ ғасырларда ортағасырлық  Отырар, Тараз, Сығанақ, Сұран  т.б. көптеген қалалар туындап,  мәдениет, ғылым, және өнер орталықтары болды. Сол ғасырлардағы өзіне тән сәулеткерлік ескерткіштер – Қожа Ахмет Яссауи, Бабаджи хатун, Айша Бибі, Алаша хан т.б. ғимараттар келесі ұрпақтар үшін – тарихи куәгерлер. Мұның өзі сол заманның экономикасы мен мәдениетінің едәуір дамығандығының белгісі.

      Алайда экономика мен мәдениетті дамытуға қол жеткен табыстарды ХІІІ ғасырдағы татар-монғол шапқыншылығы, одан кейіні замандарда бөтен елдердің тынымсыз жаугершілігінің салдарынан адам айтқысыз бүліншіліктерге тап болды. Еліміздің экономикасын мейлінше құлдыратқан жоңғар шапқыншылығы еді.

      Осы бір шатқал заманда ХҮІІІ  ғасырдың 30-жылдарында елімізді  Ресей отарлай бастады. Бұл  ХІХ ғасырдың 60-жылдарында Қазақстанның  Ресейге "өз еркімен" қосылуымен  аяқталды.Сөйтіп Қазақстанда патшаның әскери-феодалдық өкімі, отарлық езгі басталды.

      Патша үкіметі бүкіл Қазақстанды  ірі-ірі алты облысқа , оларды әр түрлі әкімшілік бағыныштылыққа бөледі. Орал, Торғай облыстары (сол кездегі шекаралары бойынша) Орынбор генерал-губернаторлығы болып, орталығы Орынбор қаласында, Ақмола, Семей облыстары Батыс-Сібір генерал-губернаторлығы, орталығы Омбы қаласы, Жетісу, Сырдария облыстары – Түркістан генерал-губернаторлығы, орталығы Ташкент қаласы болды. Қазақстан жерін осыншама бөлшектеу, қазақ мелекетінің экономикалық, ұлттық, мәдени дамуын тежеу патшаның еркінше саясат жүргізуіне қолайлы болды.

      Қазақстанның барлық жері мемлекет  меншігі деп жарияланды. Мұның  өзі неғұрлым құнарлы және  суармалы, қазба байлықтары мол  жерлерді бұрыннан иемденіп келген жергілікті тұрғындардан күшпен тартып алып, Ресейден ауып келген көшпенділер мен казак-орыс станциаларына тау-кен өнеркәсібімен айналысатын шонжарларға беру үшін патша үкіметіне қолайлы болды. Өлкемізді отарлаудың шапшаң қарқынмен жүргізілгендігін мыналар анық дәлелдейді: 1897-1916 жылдар аралығында Ресейден келген казак-орыстар саны 348 мыңнан 1548 мың адамға дейін көбейді, яғни 64,5% өсті, ал осы жылдарда қазақтардың табиғи өсімі не бәрі 16,2% болды. Осындайдан барып өлкеміздегі орыс халқының үлесі 1897 жылғы 15,7%-тен 1916 жылы 41,5%-ке жетті.

      Көшпенділер саны Столыпин реформасы  (09.02.1906 ж) басталысымен үдей түсті.  Мысалы, 1896 жылдан 1905 жылға дейін  4 облысқа (Ақмола, Семей, Торғай  және Орал) 291 мың көшпенді келсе, 1906 жылдан 1915 жылға дейін 1068 мың адам ауып келді. Бұл жылдары қазақ жерін тонау ерекше қарқынмен жүргізілді. Мысалы, 1917 жылы отаршылар қорына 45 млн. десятина (65 миллион гектардан астам) жер алынып, Қазақстан жерінің бестен бір бөлігіне жетті. Қазақ халқын отарлай езудің екінші бір құралы – шаңырақ басы салық салу, жер алымы сияқтылар болды.

      Қазақстан үшін ХІХ ғасырдың  екінші жартысы мен ХХ ғасырдың  басында отарлық езгіліктің мынадай  сипаттамалары анық көрінді:

      - Ресейден келген көшпенділерге,  казак-орыс станциаларына, тау-кен өнеркәсібімен айналысатындарға қазақтардың жерін тегін тартып әперу;

      - жұмыс күшінің және шикізаттың  арзандығы;                               

      - саяси және экономика тұрғысынан  Қазақстанның ресей алдында толық тәуелділігі;

      - Ресей өнеркәсібі үшін Қазақстан  шикізат қоры болып қалуы, т.т.

      Бұл кезеңдегі Қазақстан экономиасының  негізі көшпенді мал шаруашылығы  болып қала берді. Ол да Ресей  патшалығының отарлық саясатының  ықпалымен бірқатар өзгерістерге  ұшырады. Шаруашылықты үш сипатта жүргізу қалыптасты: біріншісі – көшпелі мал шаруашылығы, онда көбінесе қой, жылқы, түйе өсіріліп, мал жыл бойы жайылымда ұсталды; екіншісі жер өңдейтен жартылай көшпелі шаруалар; үшіншісі – малды жая бағатын отырықшы шаруалар.

      Егіншілік кәсіп Қазақ елінде  Ресейден ауып келген көшпенділер  мен казак-орыстардың қазақтардан  тартып алған жерлеріне егін  егуден басталды. Ресейдің сапасыз  да қымбат товрлары европалық  рыноктарда өтпеуге айналды. Сондықтан  Қазақстан Кавказ, Орта Азиямен қатар Ресей капиталын тарататын ауданға айнала бастады.

 

Бөлім І. Қазақстан экономикасында нарықтық қатынастардың қалыптасуы 

      1.1. Нарыққа өту кезеңіндегі Қазақстандағы экономикалық және

әлеуметтік  жағдай.

                                           

       Нарықтық экономика ұтымды жұмыс істейді, егер де мына жағдайлар айқын болжалып және анықталса:

      1. Товарды қанша көлемде өндіру  керек, қандай қызмет атқару  керек. Қолда бардың қаншасын немесе қандай бөлігін жұмсау керек немесе өндіріс барысында пайдалану керек.

      2. Не өндіру керек, яғни қоғамның материалдық тұтынымын толығырақ қамтамасыз ететін товрлар мен атқаратын қызметті анықтау.

      3. Қоғамға қажет товарлар қалай  өндіріліп, қандай қызмет атқарылуы  керек, яғни өндірістің тиімді түрлерін және өндірісті ұйымдастыруда қандай технологияны қолдануды анықтау.

   4. Өндірілген өнім кімге арналған, оны кім алу керек, яғни өндірілген өнім нақты тұтынушылар арасында қалайша бөлінбек.                  

      5. Өзгерістер бола қалса қатысушылардың соған бейімделе білуіне қол жеткізу, яғни тұтынушылар тарапынан сұраным өзгере  қалса экономика тез соған бейімделіп, қолдағы алым-берім мен өндіріс технологиясы жасалуы керек.

      Нарықтық қатынас дегеніміз –  аталған бес шарттың міндеттерін шешкен күнде нақты тұтынушы мен өндіруші арасындағы қарым-қатынас сатушы мен алушы арасындағы бітістік болып табылады.

      Нарықтық қатынас кемеліне келгенде иелік ететін екі жақ та маманданып, өндіріс технологиясы мен оның өнімін өткізу, зат өндіру мен қызмет көлемін және олардың бағасын алушы мен өндірушілердің өзара келісімімен нарық белгілейді. Бұған жоғарыдан қатты қысым жасалмайды.

      Нарықтық экономикада өнімнің  де бағасы бар. Егер тұтынушыға  әлде бір өнім көбірек керек  болса, өндіруші жоғары пайда табу үшін оның бағасын көтере түседі, біріақ ол баға белгілі бір дәрежеде шектеледі. Екінші жағынан өнім көбейген жағдайда өндіруші шығынын жабу үшін бағаны төмендетеді. Нәтижесінде сұраныс пен ұсыныс арасында теңестік туады. Нарық өндірістің жалпы әлеуметтік-экономикалық тиімділігіне де әсерін тигізеді. Егер өнім пайдалы болса, өндіруші ғылыми-техникалық прогоресс пен озат тәжірибеге сүйене отырып, оны көптеп шығаруға тырысады. Ал егер өнім пайда бермесе сұраным жоқ болса немесе азайса, өндіруші өнім шығаруды азайтады. Сөйтіп өндіріс құрылымы реттелінеді.

      Тұтынушылар мүддесін қанағаттандыруға  бағытталған және өндірушілердің  баға көтерушілік ниеттерін тежеу,  өнімді сатуға байланысты мәселелермен  маркетинг саласы айналысады.

      Нарық дегеніміз шаруашылық байланыстардың белгілі көрінісі болғандықтан бөліс, сұраным мен тұтынушы әректтерін жарасымды келістіріп отырады. Нәтижесінде нарыққа қатысушылардың бәрінің де сіңірген еңбегі қоғамға қажет, ал өндірген өнімдері қоғамға пайдалы болып шығады.

      Нарықтық қатынас сұраным мен  ұсынысқа негізделеді. Сұраныс  тұтынушылардың қаражатына қарай  нені алатындығын білдіреді. Сұраныстың  басты жетекшісі өнімнің бағасы - өнімнің бағасы өссе сұраным төмендейді, баға арзандаса сұраным арта береді. Алайда, нақтылы өмірде болып жатқанындай, өнімге деген сұраныстың көлемі сатып алушының орташа кірісі, нарықтық көлемі, басқа өнімдердің бағасы мен пайдалылығы, бұл өнім орнына басқадай өнім алу сияқты сатып алушының қалауына байланысты болады.

      Ұсыныс өндірушінің сатуға шығарған товарының санынан-ақ белгі бермек. Товар неғұрлым тиімді болып, оның бағасы өсіңкі болса, товар өндіру көбейтіле түседі немесе керісінше болады. өйткені бәсеке дегеніміз біреуге жаны ашығандықтан емес, өндірісті пайда табу үшін ұйымдастырады. Сондықтан ұсынысқа әсер ететін басты себеп – пайда. Алайда пайда қуалап бағаны өсіре беруге тежеу жоқ емес, оған сұраным, салық сияқтылар ықпал жасайды. Демек, өндіруші технологияны жетілдіре отырып өнімнің сапасын жақсартады немесе өндіріс шығындарын азайтады.

      Тұтынушының сатып алғысы келген  товарының саны өндірушінің сатамын  деген товарының санына дәл  келсе, сұраным мен ұсыныстың  тең болғаны.

      Нарық адамдар арасындағы сан-салалы  экономикалық қарым-қатынас жүйесі  болғандықтан өндіріс барысында, таратуда, айырбас пен тұтынуда мынадай қағидаларға тіреледі:

       1. Жеке адамнан бастап мекеме, бірлестіктерге дейін олардың  экономикалық, шаруашылық және кәсіпкерлік  іс-әрекеттеріндегі еркінділік заңдылықты  сақтаса ғана еркіне жіберілмек. Мұның өзінде еркіндіктің екі жағы бар. Біріншіден, әрбір адамға меншіктену мен кәсіпкерлік құқығы беріледі, яғни ол кәсіпке кіріседі, өз ойындағысын іске асырады. Сөйте жүріп шаруашылық іс-әрекеттерге байланысты қабылданған ержелер мен нормаларды сақтаса, экономикалық еркіндік алады. Екіншіден, мекемелер мен азаматтардың кәсіптерінің түрі, сипаты және көлеміне қатаң тежеушілік жасау жойылады.

Информация о работе Нарықтық экономикаға көшу