Нарықтық экономикаға көшу

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2011 в 14:11, курсовая работа

Описание работы

Нарықтық экономикаға көшу – ұзақ, күрделі, және қайшылықты жол. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғанындай, ежелден қалыптасып қалған шаруашылық жүйесін түбірінен қайта құруға байланысты әлеуметтік-экономикалық шаралар соңы өндіріс дәрежесінің анағұрлым төмендеуімен, демек тұтынудың құлдырауымен қатар жүретіндігін өмір көрсетіп отыр. Бұл заңдылық экономиканы қайта құрудың стратегиясы мен тактикасын сенімді болжап, экономикалық саясаттың ықпалды да тиімді жолдарын таңдай білуді талап етеді. Саяси да экономикалық еркіндік алған Қазақстан алдында тәжірибе мен республикамызға тән ерекшелерді ескере отырып, экономикалық дербес дамудың жолдарын қарастыру міндеттері тұр.

Работа содержит 1 файл

Нарықтық экономикаға көшу реферат.doc

— 327.00 Кб (Скачать)

        - зейнетақы деңгейі жұмыс берушілердің және жұмысшының өзінің зейнетақы қоры және зейнетақымен қамтамасыз ететін қосымша қорларды дамыту арқылы ақша салымына тікелей байланысты болады;

        - міндетті мемлекеттік сақтандыру  бойынша берілетін зейнетақы  көлемі төленген жарнаның жалпы сомасына және сақтанудың ұзақтылығына, болашақта зейнетақы төлеу мезгіліне байланысты зейнеттікке шыққандағы адамжасына қарай белгіленеді.

      Қоғамның табиғи қартаю процесі  жүруде. 1990 ж. республикада жасы 60 асқан адамдар халық санының 10% тең болса, 1995 ж. - 12%, ал болжау бойынша 2000 ж. - 17%, 2050 ж. - 26% болмақ. Көпшілік мақұлдаған әлемдік үлгі бойынша халқының 90жастан асқан адамдардың үлесі 19% асса қоғам қартаюда деп саналады. 1990 ж. републикада бір зейнеткерге шаққанда үш жұмысшы келсе, ал 1995 ж. бұл көрсеткіш – 1,8-ге тең болды.

      Осыған байланысты жас шарты  еркектерге 63 ж. дейін, ал әйелдерге  – 58 жасқа шейін көтерілді.  Заң шығаруда зейнетақыны реформалаудың  жағымды түрлері қарастырылған.  Жас шегі 2001 ж. дейін жыл сайын жарты жылға көтеріліп отыратын болады.

                                                                                                                                                                                                                                                                                                        
 
 
 
 

Бөлім ІІ.    Қазақстанның әлем шаруашылығына енуі 

2.1. Қазақстанда сыртқы экономикалық байланыстың    қалыптасуы және дамуы.

 

      Әрбір мемлекетте оның табиғи, тарихи және экономикалық                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                              жағдайларына сәйкес бір бірімен байланысты және бірін бірі толықтыратын халық шаруашылық салаларының кешені құралады: өенркәсіп және ауыл шаруашылығы; қазып шығаратын және өңдеу салалары; өндіріс құралдарын және халық тұтынатын заттар шығаратын т.б. Бірақта бұл жеке бір ел шеңберінде тұйықталған экономика құруға шарт емес. Қазіргі жағдайда әлем шаруашылығынан тыс өзінің әлеуметтік-экономикалық құрылысы және даму деңгейіне қарамастан, бірде бір мемлекет ойдағыдай дамый алмайды. Осыған қарағанда халықаралық ынтамақтастықтың негізгі бір өрісі әр түрлі мемлекеттердің сыртқы экономикалық байланыстарын дамыту болып саналады.

      Дүние жүзілік тәжірибе бойынша  бір елдің ішінде экономикалық  реформалар, халық шаруашылығының  құрылымын қайта құру, оның ұлттық  жағдайлары, прблемалары мен міндеттеріне  мәжбүр. Сонымен бірге халықаралық  еңбек бөлісу негізінде әлемдік шаруашылық байланысқа сәтті және тиімді енбей ішкі қайта құру процесі қалаған нәтиже бермейді.

      Экономикалық егемендік және  нарыққа ену кезінде Қазақстанның  сыртқы экономикалық әрекетінің  негізгі міндеті халық шаруашылығының құрылымын жетілдіру, технологиялық артта қалғанды жою, және республиканың региондардың, кәсіпорындарының валюталық қорын қалыптастыру мақсатымен халықаралық еңбек бөлісуіне ынталана қатысу.

      Қазақстан  КСРО құрамында болған кезінде республика КСРО сыртқы экономикалық байланыс министрлігі және одақтық сыртқы экономикалық бірлестіктері делдалдығымен тек Одақтың экспорт және импорт операцияларына қатысып қана отырды. Ал осыдан түскен валюта осы мекемелерде қала берді.

      Бүкіл одақтық экспортта Қазақстанның  үлесі хромит кені бойынша -100%, қорғасын және фосфор - 90%, мырыш және феррохром - 70%, астық (қатты бидай) - 60%, ет консервісі – 25-30% болды. Республиканың Одақтық экспорт қорына өнімін өткізу төмен бағасы мен оны шетелдерге сату бағасы арасында зор қайшылық болды. Айта кетсек, баға қайшылығы хромит кені бойынша 23 есе, мыс – 16 есе, ферроқорытпа – 5 есе болды. Республика шетке негізінен шикізат тасымалдады, ал дайын өнімінің экспорттық көлемі мәз болмады. Мысалы, дайын өнімінің экспорттық мөлшері жалпы шетке шығарылған өнімнің - 10%, ал Қазақстанның халық шаруашылығының жалпы өнімінің тек 1,5% ғана тең болды.

      Баға қайшылығының нәтижесінде  ақшалай есептегенде шеттен әкелінген өнімдердің құны шетке шығарған өнімдердің құнынан көп есе асып отырды. Басқаша айтқанда републиканың сатқанынан сатып алуы көп болды.

      Қазақстан өнімдерін тұтынушылар  бойынша экспорттық құрылымыда  тиімсіз болды. Экспорттық өнімнің 30% валюталары еркін айырбасталымды елдерге шығарылды, ал 70% бұрынғы социалистік елдерге жеңілдік жағдайда төмен бағамен жіберіліп отырды. Экспорттық өнімнің айтарлықтай бөлігін шығаратын металлургия кешенінің кәсіпорындарын тек мемлекеттік тапсырманы орындаған жағдайда валюта түсімінің 30% - ақ қалдырып отырылды. Ал мұнай өндірісі бойынша республика қорына валюта жалпы бөлінбеді.

      Сыртқы экономикалық саясаттың  негізгі қағидаларын, оны мемлекеттік  реттеу тәртіптерін және республиканың нарықтық қатынасқа көшу жағдайында сыртқы экономикалық әрекетте ұйымдарының уәкілдік құқығын анықтау үшін "Сыртқы экономикалық әрекетінің негізгі қағидалары туралы" ҚР заңы қабылданды.

      Қазақстан Республикасының сыртқы  экономикалық әрекеті әлем елдерінің  бірлестіктерімен экономикалық  сауда, валюталық, ғылыми-техникалық, мәдени және басқа қатынастарды  қамтиды. Меншіктің түрлеріне тәуелсіз сыртқы экономикалық әрекет субъектілері бар. ҚР тіркелуге алынған сыртқы экономикалық әрекетке қатысатын Қазақстанның заңды ұйымдары және азаматтары, шетел заңды ұйымдары және азаматтары саналады.

      Нарықтық қатынастардың қалыптасуы жағдайында сыртқы экономикалық байланыстарды реформалу мынадай шараларды іске асыруды көздейді:

        - өндірісті және сырқы экономикалық  өріс әрекетін тікелей, тұрақты  және ұзақ мерзімге біріктіру,  Қазақстан Республикасының сыртқы  экономикалық кешенін өсінкілік, тепе-теңдес және орнықты жұмыс істецтін жүйеге өзгерту;

        - өндірістің әлемдік шаруашылық байланыстарға енуіне мүмкіндік туғызу үшін оны коммерцияландыру;

        - Қазақстанның экспорттық мүмкіншілігін  өсіре беру және ортақ кәсіпкерліктің әр түрлі формаларын дамыту;

      Мемлекет сыртқы экономикалық  байланыстарды дамыту негізінде  ҚР тепе-теңдес әлеуметтік экономикалық  дамуын қамтамасыз ету мақсатымен  мынадай әрекеттер жасайды: сырқы  экономикалық әрекет істеушілерді  тіркейді; мемлекеттік шегара арқылы өтетін товарлар және басқа мүліктер туралы мағлұмдама жасайды; экспорт және импорт реттерін белгілейді.

      Сыртқы экономикалық әрекет субъектілері  меншік түрлеріне тәуелсіз жұмыстарының  түрлерін, көлемін және бағыттарын  дербес анықтайды. Олардың ҚР және шетел банкілерінде есеп шот ашуға құқылары бар. Субъектілердің өздерінің әрекеттерінен түскен пайдасы қажетті салықтар төлегеннен кейін толық өз қарауларында қалады. Сонымен олар өндірістік әрекеттерін, ұқсас әрекетке қолданатын халықаралық нормалары және ережелерін сақтай жұмыс істеуге міндетті. Маңызды бір жағдай, сыртқы экономикалық әрекеттер табиғат сақтандыру туралы заңдарды қатаң сақтауы, жұмыс және іздеулер жүргізгенде қауіпсіздікке кепілдемелі болуы керек.

      Нарыққа өтпелі кезеңде республиканың төлем қабілетсіздігін жою, халықаралық еңбек бөлісу жүйесінде Қазақстанның жағдайын жақсарту және Қазақстан товарларын сату нарықтарын кеңейту қажет. ҚР экономикалық саясатының бір бағыты – ол сыртқы экономикалық әрекеттерін жандандыра түсу. Осыған байланысты отын, металлургия және химия өнеркәсіптерінің стратегиялық өнімдерінен басқа экспорттық өнімдерге мемлекеттік монополиялық қағидадан бас тартылды. Экспорттық товарлар шетелдердегі сауда үйлері және басты әлем сауда биржасы арқылы сатылатын болады.

      Республиканың сыртқы экономикалық  әрекетін жандандыру үшін сыртқы  сауда көлеміне шек қою жойылды,  мұның мәні шектелетін товарлардың  санын күрт қысқарту. Шектелмеген  товарлар ішкі нарықта бәсеке  негізінде және аукциондарда  сатылады.

      Сыртқа сатылатын өнімдерге рұқсат беру міндеті салааралық лицензия комитетіне берілді, ол экспорт және импорт өзара шарттарға сараптау жүргізеді, ең алдымен олардың әлем бағасына сәйкестігі және ұсынылған технологиялар мен товарлардың сапасының деңгейі бойынша анықталады.

      Сыртқы экономикалық байланысты  дамыту және шетел инвесторлары  мен несие берушілерді тарту  үшін инвестициялық жобалардың тізімін жедел жасап оларды тиісті техника-экономикалық дәлелдеу қажет.

      Негізгі сауда серіктестері мен  инвестицияны өзара қорғау үшін екі жақты келісімдерді дамыту және сонымен қатар осы салада іске асырылып жатқан халықаралық келісімдерге қосылу керек.

      Шетел инвесторларының іс-әрекеттері  тұрақты болғаны және енгізілген  өзгерістер қазіргі кездегі жұмыс істеп жатқан инвесторлардың жобалары ақталғанға шейін жағдайларын нашарлатпаған орынды.

      Қазақстан Республикасының нарыққа  өтуі және сыртқы экономикалық  әрекеттерді реформалау әлем  шаруашылығы бірлестігіне ену  үшін қажетті жағдай жасауға  шаралар жүргізуді талап етеді. Олар мынадай:

        - кәсіпкерлікті дамыту және инвестицияға  тарту үшін жағдай жасау;

        - инфрақұрылымды жедел дамыту  – көкік және байланыс, қаржы  нарығы, банк жүйесі, қазіргі заманға сай ақпарат жүйесі;

        - халықаралық құқық және маркетинг, қаржы, банк салаларын кадрлар және сыртқы экономикалық әрекеттерге басқа мамандар дайындау;

        - Сыртқы экономикалық байланыс  өрісіне заңдар жинағын жасап  ендіру және олардың орындалуын  бақылау т.т.

      Сырқы экономикалық байланыстврды реформалау кезеңдер бойынша жүргізіледі.

      Бірінші кезеңде сыртқы экономикалық  әрекеттерді ұштастыру және басқа  елдермен экономикалық байланыстарды  кеңіту негізінде сыртқы экономикалық  байланыстарының нарықтық реформаның  жүру және макроэкономикалық тұрақтануға ынталандыруға әсеріне ерекше көңіл бөлінеді. 1993 ж. дейін ішкі, республикааралық және сыртқы сауда мемлекеттік тапсырма арқылы жүрген. Экспорттық лицензия және шек қор товарлардың 200 дейінгі түрлеріне берілетін. Стратегиялық маңызы бар товарлар экспортқа тек монополиялық сыртқы экономикалық құрылымдар арқылы шығарылатын. Бұрынғы КСРО елдерімен сауда екіжақты үкіметаралық келісімдер бойынша және клиринг негізінде жүргізілді. 1993 ж. квота 34 товар атына шейін, ал лицензия 61-ге шейін қысқарды, 1994 ж. тізілген ретіне қарай 7 және 34 шейін қысқарды. 1995 ж. ұлттық және жеке адамдардың қауіпсіздігін сақтайтын товарлардан басқаларға барлық экспорттық квоталар және экспорт-импорт лицензиялар жойылды. Сыртқы саудаға монополия жойылды, бартерлік саудаға тыйым салынды, биржалық сауданы кеңітуге шаралар қолданылды. Республика ЕБ, Канада, АҚШ, Жапония, Скандинавия елдерінде ең қолайлы статус алды. Қазақстан Бүкіл әлемдік сауда ұйымына (ВТО) және сауда, тариф Баға жүйесінің (ГАТТ) құрамына енді. Осының барлығы Қазақстанға әлем нарықтарына шығуға мүмкіндік береді. Қазір республика әлемнің 145 елімен сауда жасасады.

      Екінші кезеңде Қазақстанның  сыртқа шығаратын өнімдерін әлем нарығына шығаруға ерекше көңіл бөлінеді, бұл болса ұлттық экономикалық бәсекелесу қабілетін көтеруді қажет етеді. Бұл кезең еліміз макроэкономикалық және қаржы тұрақтылығына жетіп, өндіріске қарқынды инвестиция процесі басталғанда туады.

      Орта мерзімді келешекте сыртқы  экономикалық саясат мына міндеттерді  қарастырады:

        - бұрынғы КСРО елдерімен өзара ұтымды шаруашылық байланыс негізінде жаңа саяси және экономикалық байланысқа көшу;

        -  инвестицияны дайындығы жоғары  деңгейде экспорттық өнім шығаратын  өндіріске жұмсап, Қазақстанның  сыртқа өнімшығаратындарын қолдау;

        - үкіметаралық жемісті келісімдер, импорттық кеден салығын төмендету  негізінде келісімді импорттық  саясат жүргізу;

        - товар өндірушілерге халықаралық  нарықтарға кіруге рұқсат беруді  қамтамасыз ету, оған Қазақстанның  тәуелсіз ВТО және ГАТТ себеп болады;

        - халықаралық сауда өресінде  қаржыландыру, ақпараттық және коммерциялық  қызметтерді дамыту.

      Қазақстанның негізгі сауда аймақтары  болған КСРО және СЭВ (экономикалық  өзара көмек кеңесі) ыдырауына  байланысты сыртқы сауданың құрылымы да өзгерді. Республикада маңыздары бірдей сыртқы экономикалық даму бағыттары анықталған – олар ТМД елдері, Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония және басқа Оңтүстік-Щығыс Азия елдері кіретін "Азия-Тынықмұхит", Түркия, Шығыс Араб елдері кіретін – Азия, Германия, Швейцария, Англия және басқалар кіретін "Европа", негізінен АҚШ кіретін "Америка" региондары. Сонымен, Қазақстан экономикасын шетелдер банкілеріне кіруін жеңлдету, неғұрлым икемді валюта тәртібін енгізу, айқын ұлттық жобаларды іске асыру үшін шетел капиталын "портфель инвестиция" түрінде көбірек тарту қажет. 

        

2.2. Қазақстан Республикасында  сыртқы сауданың  дамуы 

      Қазақстанның жеткілікті экспорт-импорттық мүмкіншілігі бар. Республика жерінде бұрынғы КСРО хром кені қорының 98%, вольфрамның - 53%, қорғасынның - 47%, мырыштың - 40%, фосфориттің - 65%-тейі, мыстың - 30% және т.ь. қорлар шоғырланған. АӨК-де әсіресе астық және мал шаруашылық өнімдері бойынша едәуір айтарлықтай экспорттық мүмкіншілігі бар. Қазақстанның жер қойнауында әлемде зерттелген пайдалы қазаыналардың 1/15 бөлігі орналасқан. Республика вольфрам қоры бойынша әлемде бірінші орында, хромит және фосфорит қорлары – екінші, марганец рудасы – үшінші, қорғасынжәне молибден қорлары бойынша – төртінші орын алады. Темір рудасы қорынын да әлемдік маңызы бар.

Информация о работе Нарықтық экономикаға көшу