Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2012 в 20:19, дипломная работа
Мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу үрдісінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын экономикалық қатынастарды білдіреді.
Құндық бөліністің айрықшалықты сферасы ретінде мемлекеттік бюджет мына өзгеше белгілермен сипатталады:
2006-2008 жылдары бюджет саясаты жедел әлеуметтік-экономикалық даму мақсаттары мен міндеттерін кешенді шешуге және ағымдағы міндеттемелерді бір мезгілде орындауға негізделетін болады [11, 38 б].
Тұтастай алғанда, орта мерзімді кезеңде жүргізіліп жатқан бюджет саясатының жалпы бағыты сақталады және мыналарға:
− денсаулық сақтауды реформалауға және дамытуға;
− білім беруді дамытуға;
− әлеуметтік реформаларды одан әрі тереңдетуге;
− индустриялық-инновациялық дамуға;
− аграрлық секторды дамытуға;
− жаңа тұрғын үй саясатын іске асыруға;
− қоршаған орта сапасын тұрақтандыруға;
− шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға;
− Астана қаласын дамытуға;
− көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға бағытталатын болады.
Орта мерзімді кезеңдегі мемлекеттік бюджет шығыстары 2006 жылы – ЖІӨ-ге 24,2%, 2007 жылы − 24,5%, 2008 жылы − 24,3% болып болжанады.
Инвестициялық саясатты қалыптастыру, оның ішінде республикалық бюджеттен инвестицияларды жоспарлау, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді кезеңге арналған орта мерзімді жоспары шеңберінде жүзеге асырылады.
Алдағы орта мерзімді кезеңде даму бағдарламалары шеңберіндегі шығыстар саясаты мемлекеттік инвестицияларды пайдалану тиімділігін, бюджет заңнамасының ережелерін қатаң сақтауды, мемлекеттік бюджеттен бөлінетін қаражаттың әлеуметтік-экономикалық маңыздылығы мен пайдалану тиімділігін арттыруға бағытталған.
2006 жылы ЖІӨ-нің нақты өсуі 9,2%-ды құрады, ал орташа жылдық инфляция 6,4% деңгейінде қалыптасты.
Өткен жылы болжамдалғандай, әлемдік экономика үрдістерінің негізінде мұнайдың жоғары бағасының және доллардың еркін айырбасталатын басқа валюталарға қатысты 20%-дан астам құнсыздануының әсерінен теңгенің АҚШ долларына қатысты күшеюіне қарамастан, теңгенің нақты мәні 2,5%-ға құнсызданды.
Елдегі макроэкономикалық тұрақтылық экономиканың дамуына ынталандырушы ықпал етуін жалғастырды, бұл тауарлар мен қызметтер көрсету өндірісін, тікелей шетелдік инвестициялардың едәуір ағыны мемлекеттік бюджетке кірістер түсімін ұлғайтудың және, сайып келгенде, ел халқының әл-ауқатын арттырудың басты факторына айналды [12, 21 б].
Бағалау бойынша 2006 жылғы бірінші жарты жылдықта өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда ЖІӨ өсуі 9,1%-ды құрады. 9,4%-ға өнеркәсіптегі, 5,2%-ға ауыл шаруашылығындағы көлемнің ұлғаюы өсуді қамтамасыз етті. Қызметтер көрсету секторында барлық көлік түрімен жүк тасымалдау көлемі 9,3%-ға, бөлшек тауар айналымының көлемі 7,1%-ға ұлғайды.
2006 жылғы бірінші жарты жылдықта 2005 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда ЖІӨ құрылымында айтарлықтай өзгеріс болған жоқ. Бағалау бойынша, тауарлар өндірісінің ЖІӨ-дегі үлесі 40,6%-ды құрады (2005 жылғы қаңтар-маусымда 39,1%), қызметтер көрсету өндірісі – 53,3% (55,5%).
Ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындылары бойынша инфляцияның орташа деңгейі 6,6%-ды құрады және өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда айтарлықтай өзгеріске ұшыраған жоқ (6,7%).
Әлемдік нарықтағы қазақстандық негізгі тауарлардың әлемдік бағаларының жоғары деңгейі экспорттық түсімдер көлемінің едәуір ұлғаюына ықпал етті. Ағымдағы жылдың бес айы ішінде сыртқы сауда айналымы 11,5 млрд. АҚШ долларын құрады және 2003 жылғы осындай кезеңнен 46%-ға артық болды. Экспорт 7 млрд. АҚШ долларын құрады, импорт − 4,5 млрд. АҚШ доллары, өсу тиісінше 42 және 52%.
Мұнай өндіру саласында шетелдік инвесторлардың қатысуымен ірі инвестициялық жобаларды, Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асыру, сондай-ақ бірқатар салалық бағдарламаларды жүзеге асыру экономикаға тартылатын инвестициялардың көлемін жоғары деңгейде сақтап қалуға мүмкіндік берді. Өткен жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда негізгі капиталға инвестициялар 12,1%-ға ұлғайды.
Мұнайдың сақталып отырған жоғары бағалары және елге валюта түсімінің ірі көлемінің ағыны теңге бағамы нығаюының негізгі себебіне айналды. Осылайша, 2005 жылғы бірінші жарты жылдықта теңгенің орта өлшенген айырбас бағамы 1 АҚШ доллар үшін 138,42 теңгені құрады. Жыл басынан бері АҚШ долларына номиналды көріністегі теңге 5,07%-ға нығайды.
Бағалау бойынша 2005 жылы инфляцияның орташа деңгейі 5,6-7%-ды құрады, бұл индикативтік жоспардың болжамына сай келеді.
Бағалар өсуіне қатысты қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің деңгейі әлсіз оң болып ұсталады (7%), бұл іскерлік белсенділікті кеңейтуді көтермелеуге мүмкіндік береді.
Елдің сауда теңгерімі нығайтылады. 2005 жылы оң сальдо 4,5 АҚШ доллары мөлшерінде бағаланып отыр.
Өнеркәсіптік өндіріс көлемінің өсуі 9,2%-ды құрайды, ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі өткен жылғы деңгейге қарағанда 2,8%-ға өседі. Негізгі капиталға инвестициялар 10%-ға артады.
Қызметтер көрсету саласындағы даму қарқындарының басып өсуі күтілуде.
2005 жылғы деңгейге қарағанда көрсетілетін байланыс қызметтері көлемінің өсу қарқыны 30%-ды, көліктікі 8,6%-ды, сауданікі 8,5%-ды құрайды.
Орта мерзімді фискалдық саясатты іске асырудың міндеттері мен негізгі бағыттарын айқындау кезінде ел экономикасын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған базалық сценарийі негіз ретінде алынды [13, 68 б].
Базалық сценарийде мұнайға әлемдік баға бір баррель үшін 28-33 АҚШ доллары аралығында болады деп болжанады. Сыртқы конъюнктура индексі 2003 жылмен салыстырғанда 2005 жылы тағы да 1,6%-ға одан әрі азая отырып, 5,4%-ға кемиді. 2006-2007 жылдары индекс неғұрлым аз, жылына 0,5%-ға өсетін болады. Мұнайдың экспорттық бағасы бір баррель үшін 21-25 АҚШ доллары деңгейінде тұрақталады. Сауда теңгерімінің оң сальдосы жылына орта есеппен 2,3 млрд. астам АҚШ долларын құрайды.
Осы сценарийге сәйкес ЖІӨ-нің орташа жылдық өсуі 2005-2007 жылдары 8,1%-ды құрайды.
Тауарлар өндірісімен салыстырғанда қызметтер көрсетудің басып өсу үрдісі сақталады. Болжанып отырған кезеңде тауар өндірісі орта есеппен жылына 7,8%-ға, ал қызметтер көрсету өндірісі 8,7%-ға өседі.
Кәсіпорындардың қаржы жағдайының жақсаруымен бірге халықтың нақты кірісінің ұлғаюы экономиканың нақты секторына инвестициялардың өсуі үшін қажетті жағдайлар жасайды.
Инвестициялық сұраныстың кеңеюі бірінші кезекте кәсіпорындардың дербес қаражаты есебінен алынатын инвестициялық қаржыландырудың ішкі көздерімен байланысты болады. Негізгі капиталға инвестициялар көлемінің өсу қарқыны жоспарланып отырған кезеңде 12-15%-ды құрайды.
Үкіметтің фискалдық саясатының іске асырылуына тәуелсіз макроэкономикалық факторлар өзгерген жағдайда оның негізгі параметрлері кейіннен мұндай өзгерістердің дәрежесіне қарай түзетілетінін не нақтыланатынын атап өту қажет. Мемлекеттік бюджет кірістері 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап ұсынылып отырған өзгерістерді есепке ала отырып, салық заңдары, республиканың маңызды макроэкономикалық көрсеткіштері, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2005-2007 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары негізінде айқындалған.
Өткен жылға қарағанда 2005 жылы салықтық түсімдердің өсуі 14,6%-ды, 2006 және 2007 жылдары тиісінше 11,9%-ды және 13,7%-ды құрайды.
Кірістер болжамының есептеулерінде жоспардан тыс салықтық және өзге де міндетті төлемдері Ұлттық қорға есепке алынатын шикізат секторы ұйымдарының тізбесі ескерілді. Бұл ұйымдар бойынша салық түсімдерін есептеу мұнайдың бір баррель үшін 19 АҚШ доллары болатын әлемдік тұрақты есептеу бағасы ескеріле отырып жүргізілді.
Бұдан басқа, Салық кодексінің ережелеріне енгізілген, тіркелген активтер бойынша амортизациялық аударымдарды есептеу тәртібін реттейтін, 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін өзгерістер 2005 жылы корпорациялық табыс салығын шамамен 26,0 млрд. теңгеге азайтуға алып келеді [14, 69 б].
Салықтық түсімдер «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды есепке ала отырып айқындалған әлеуметтік салық мөлшерлемелерінің өзгерісіне түзетілді.
Сонымен қатар, салықтық түсімдерде Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асырудан түсетін қосымша салық түсімдері ескерілді.
2006 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Үкіметі мен «Теңізшевройл» ЖШС арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандумға сәйкес 2006 жылы «Теңізшевройл» ЖШС 200 млн. АҚШ доллары мөлшерінде роялти төлеуді жүзеге асырмайды, ал 2007 жылдан бастап роялтиді − 200 млн. АҚШ долларын төлеу есебінен есепке алу жүзеге асырылады, бұл салықтық түсімдердің болжамын қалыптастыру кезінде де ескерілген.
2005 жылы салықтық емес түсімдер 2004 жылғы бағалауға қатысты 48,8%-ға азаюмен, 2005 жылғы болжамға қарағанда 2006 жылы 2,1%-ға азаюмен және 2007 жылы 1,8%-ға ұлғаюмен болжануда.
Бастапқы медициналық-санитарлық көмектің негізгі бағыттарының бірі кейіннен серпінді қадағалай отырып әрі сауықтыра отырып профилактикалық медициналық қарауларды жүзеге асыру болып табылады, бұл мемлекеттік бюджеттен 10,1 млрд. теңге бөлуді талап етеді.
Бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының қамтамасыз етілу деңгейі біртіндеп медициналық жабдықпен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен және санитарлық автокөлікпен жарақтандырудың ең төменгі нормативіне дейін жеткізіледі − мемлекеттік бюджет шығыстары шамамен 13,9 млрд. теңге, оның ішінде ауылдық жерлерде 10,1 млрд. теңге құрайды.
Ауыл халқына сапалы медициналық қызмет көрсету үшін 2007 жылы ауылдық денсаулық сақтауда ұтқыр және телемедицинаны енгізу ұйғарылып отыр − 2005-2006 жылдары республикалық бюджет шығыстары шамамен 3,3 млрд. теңгені құрайды.
Көрсетілген іс-шараларды іске асыру нәтижесінде халықтың негізгі аурулармен сырқаттануы азаяды, бұл амбулаторлық емдеуге деген ниет жүйесімен қатар ауруханаға жатқызуды 10-15 пайызға азайтуды көздейді.
2006 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі отандық экономиканың тұрақты өсуі мен дамуын қамтамасыз етуге, халықтың әл-ауқатының деңгейін арттыруға, экономикалық қауіпсіздікті нығайтуға, елдің әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған жұмысты жалғастырды.
2006 жылы өткен жылдардағы сияқты экономика өсуінің жеткілікті түрде жоғары қарқыны сақталды. Бұл ретте 2006 жылы экономика 2005 жылға қарағанда неғұрлым жедел қарқынмен дамыды.
2005 жылы экономика өсуінің қарқыны нақты мәнде 9,7%-ды құрады. 2006 жылы ЖІӨ-нің көлемі 9,7 трлн-нан астам теңгеге жетті, ал нақты өсім болжамды мәннен 2,1 пайыздық пунктке артып, 2005 жылдың деңгейіне қарағанда 110,6%-ды құрады. Халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ мөлшері 2006 жылдың қорытындылары бойынша 5046 АҚШ долларын құрады, бұл 2005 жылдың көрсеткішінен 1,3 есеге жоғары.
Нақты жағдай Қазақстанның 2010 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық жоспарында қойылған ЖІӨ-ді 2000 жылдың деңгейіне қарағанда екі еселеу жөніндегі міндет 2008 жылдан кешіктірмей орындалатын болады.
Өнеркәсіптік өндіріс көлемінің өсімі 2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 7%-ды, өңдеуші өнеркәсіпте − 7,3%-ды, тау-кен өнеркәсібінде − 7%-ды құрады. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі көлемінің өсімі 2006 жылы өткен жылмен салыстырғанда 7%-ды құрады. Көлік қызметтері 5%-ға, байланыс қызметтері 20,4%-ға, құрылыс жұмыстарының көлемі 20,1%-ға ұлғайды. Негізгі капиталға инвестициялардың көлемі 10,6%-ға ұлғайды.
Сыртқы сауда айналымы 2006 жылы 37%-ға, оның ішінде экспорттың көлемі 37,3%-ға, импорт 36,4%-ға өсті.
Еңбек нарығында халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін және жалақы деңгейін одан әрі арттыру байқалды. Жұмыссыздардың саны 2,4%-ға азайды. Жұмыссыздық деңгейі 2005 жылмен салыстырғанда 0,3 пайыздық пунктке азайды және 7,8%-ды құрады. Халықтың нақты ақшалай кірістері 10,7%-ға өсті. Орташа айлық жалақы экономикалық қызметтің барлық түрлері бойынша 2006 жылы 40775 теңгеге жетті және нақты мәнде 10,2%-ға ұлғайды [15, 12 б].
Қаржы нарығы экономиканың ең серпінді дамып келе жатқан секторларының бірі болып табылды. Ел экономикасына тартылған несиелердің көлемі 2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 82,7%-ға ұлғайды және 4,7 трлн. теңгені құрады. Резиденттердің екінші деңгейдегі банктердегі депозиттерінің жалпы көлемі 2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 88,4%-ға − 3,1 трлн. теңгеге дейін ұлғайды.
2006 жылы инфляциялық әлеуеттің ұлғаюын болдырмау және экономиканың «қызып кету» қаупін төмендету үшін ақша-несие саясатын қатаңдату жөнінде шаралар қабылданды. Есепті кезеңде қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесі екі рет: 2006 жылғы 1 сәуірден бастап − 8,0%-дан 8,5%-ға дейін, 1 шілдеден бастап 9,0%-ға дейін арттырылды. Екінші деңгейдегі банктерден тартылатын депозиттер бойынша мөлшерлемелер 3,5%-дан 4,5%-ға дейін кезең-кезеңімен ұлғайды. Қысқа мерзімді ноталар бойынша кірістілік 2005 жылдың аяғындағы 2,24%-дан 2006 жылдың аяғында 4,76%-ға дейін өсті.
Алайда, қабылданған шараларға қарамастан, 2006 жылы инфляция деңгейі 2005 жылдың орташа жылдық көрсеткішінен 1 пайыздық пунктке (7,6%) және 2006 жылға жоспарланған шаманың жоғары шегінен 6,9 − 8,5% дәлізінен 0,1 пайыздық пункт артып, айтарлықтай жоғары деңгейде − 8,6% болып қалыптасты.
Теңгенің АҚШ долларына орташа өлшемді биржалық айырбас бағамы бір жылда номиналды мәнде 5,06%-ға нығайып, 2006 жылы орта есеппен 1 АҚШ долларына 126 теңгені құрады.
Бағалы қағаздар нарығын дамыту, оны халықаралық капитал нарығымен кіріктіруді қамтамасыз ету, елдің экономикасына инвестициялар тарту мақсатында Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы, сондай-ақ оның қызметін реттейтін Агенттік құрылды.