Мемлекеттік бюджет

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2012 в 20:19, дипломная работа

Описание работы

Мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу үрдісінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын экономикалық қатынастарды білдіреді.
Құндық бөліністің айрықшалықты сферасы ретінде мемлекеттік бюджет мына өзгеше белгілермен сипатталады:

Работа содержит 1 файл

ДИПЛОМ.doc

— 824.00 Кб (Скачать)

–             Жұмыстарды ұйымдастыру және қаржылық қамтамасыз ету департаменті;

–             Құжат айналымы және кадр жұмыстары департаменті;

–             Акциздерді реттеу департаменті;

–             Заң қызметі департаменті;

–             Ақпараттық технологиялар департаменті;

–             Мониторинг және трансферттік баға белгілеу департаменті;

–             Мемлекеттік органдарды қаржыландыру департаменті;

–             Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаменті;

–             Мемлекеттік қарыз алу департаменті;

–             Қазыналық саясат және жобалар департаменті;

–             Мемлекеттік борыш және несие беру департаменті;

–             Халықаралық қаржы қатынастары департаменті;

–             Халықаралық салық салу департаменті және т.б.

Департаменттер өз кезегінде нақтылы функциялық міндеттерді орындайтын басқармалардан, ал олар бөлімдерден тұрады.

Қазынашылық комитетінің ұйымдық құрылымы Қаржы министрлігі құрамындағы Қазынашылықтың орталық аппаратынан және оған бағыныштағы аймақтық бөлімшелерден тұрады.

Қазынашылық органдары мынадай міндеттер мен функцияларды орындайды:

–             республикалық бюджетті ұйымдастыру, оның кассалық атқарылуын жүзеге асыру, жергілікті бюджеттерге есеп-қисаптық кассалық қызмет көрсету және мемлекеттік бюджеттің орындалуын бақылау;

–             касса бірлігі қағидатын негіздей отырып, қазынашылықтың шоттарындағы ақша қаражаттарын басқару;

–             республикалық және жергілікті бюджеттер арасында өзара есеп айырысуды енгізу;

–             республикалық және жергілікті бюджеттер арасында салықтарды және басқа да міндетті төлемдерді бөлуді қамтамасыз ету және оларды түрлі деңгейлердің бюджеттеріне есептеу;

–             мемлекеттік мекемелердің валюталық операцияларын басқару және есепке алу, оларды жүргізген кезде заңнамалықтың сақталуы жөнінде тексерулер ұйымдастыру;

–             мемлекет қаржысының мән-жайы туралы ақпаратты жинау, өңдеу және талдау;

–             республикалық бюджеттің қолма-қол ақшасының ағынын болжау;

–             мемлекеттік сыртқы қарыздарды және мемлекеттің кепілдігі бар мемлекеттік емес ішкі қарыздарды өтеу және қызмет көрсету кезінде ақша аударуды жүзеге асыру;

–             бухгалтерлік есеп пен бюджет жүйесіндегі есептемені және қазынашылық органдары жүйесіндегі ішкі аудитті дамыту және жетілдіру;

–             қазынашылықтың құзырына жататын мәселер бойынша есептік операцияларды жүргізудің тәртібі туралы әдістемелік және нұсқаулық құжаттарды әзірлеу.

 

2.3 Фискалды саясаттың құралы ретіндегі бюджеттің орындалуын талдау (Астана қаласы мысалы негізінде)

             

2005 жылы Астана қаласының бюджетінің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы өсудің тұрақтылығымен және тұрақты беталысымен сипатталады.

              Астана қаласының 2005 жылға арналған бюджеті кірістер бойынша –27 441,0 млн. теңге сомасында, алынған арнайы трансферттер бойынша – 26 662,5 млн. теңге сомасында, шығыстар бойынша – 52 219,4 млн. теңге сомасында, бюджет профициті – 1 434,1 сомасында, жергілікті атқарушы органның қарызын өтеуге профицитті бағыттау – 1 434,1 млн. теңге сомасында бекітілді.

              Астана қаласының 2004-2006 жылдарға арналған бюджет көрсеткіштерінің серпіні 1-кестеде көрсетілген.

 

1-кесте – Астана қаласының 2004-2006 жылдарға арналған бюджет көрсеткіштерінің серпіні

млн. теңге

Атауы

2004 жыл

есеп беру

2005 жыл

есеп беру

 

2006 жыл

баға

 

Түсімдер

66036,8

77468,1

107647,3

Кірістер

35158,7

38313,2

53416,5

Салықтық түсімдер

33194,7

32854,4

44831,8

Салықтық емес түсімдер

375,9

1013,9

456,2

Капиталды операциялар түсімдері

1588,1

4444,9

8128,5

Алынған арнайы трансферттер

30839,7

39154,8

54230,8

Несиені қайтару

38,5

360,0

 

Шығындар

68765,6

82462,4

109625,8

Жалпы сипаттағы мемлекеттік

қызмет көрсетулер

515,9

833,8

1116,3

Қорғаныс

741,5

92,5

135,4

Білім беру

5736,2

9300,7

9968,2

Денсаулық сақтау

4809,6

7511,5

11847,5

Әлеуметтік көмек және

әлеуметтік қамтамасыз ету

1344,5

2923,4

2077,0

Тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық

26360,7

32291,5

36822,3

Мәдениет, спорт, туризм және

ақпараттық кеңістік

6139,7

5789,0

5503,9

Отын-энергия кешені және

жер қойнауын пайдалану

5732,3

6177,9

13303,4

Өндіріс, сәулет, қала құрылысы

және құрылыс қызметі

307,4

511,3

484,7

Көлік және коммуникация

8405,0

9735,1

17258,1

Басқалар

4100,9

120,9

729,1

Арнайы трансферттер

1804,0

4331,1

6858,8

Бюджет тапшылығы (профицит)

-2728,8

-6353,6

-3479,4

 

              2005 жылдың 1 қаңтарынан әрекетке Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің енгізілуіне байланысты бюджет үрдісін ұйымдастыру оның нормалары негізінде іске асырылады.

              Бюджет кодексін қабылдау орта мерзімді жоспарлау рөлін күшейтуге мүмкіндік берді және бюджет жүйесінде заңнаманы үйлестіруді қамтамасыз етті [19, 2 б].

              Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы жолдауларында айтылған тапсырмаларды және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламаларын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарын орындау барысында Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2008 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарында экономика саласын дамыту саласындағы міндеттер және мақсатқа жету және басымдықты іске асыру үшін оларды шешу жолдары қарастырылды.

    Қала дамуының басты стратегиялық мақсаты – халық өмірінің жоғары деңгейін және ахуалын қамтамасыз ететін үйлесімді дамыған елорда ортасын қалыптастыру.

              Қаланың 2007-2009 жылдары басымды дамуының негіздері:

–             тұрғын үй құрылысын дамыту;

–             қайыршылықпен және жұмыссыздықпен күрес;

–             қаланың әлеуметтік инфрақұрылымы обьектілері желісін кеңейту жолымен адами ресурстарды дамыту;

–             индустриялық-инновациялық даму;

–             денсаулық сақтауды реформалау және дамыту бағдарламасын бұдан әрі іске асыру;

–             білім берудің мемлекеттік бағдарламасын іске асыру;

–             қаланы сумен қамту және су тарту;

–             көлік инфрақұрылымын дамыту;

–             қаланы электрмен және энергиямен қамтамасыз ету болып табылады.

Негізгі міндеттер:

–             инвестицияларды тарту және ғылыми өндіріс өнімінің өсуі есебінен экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету;

–             тұрғын үй мәселесін шешу;

–             қаланың әлеуметтік инфрақұрылым обьектілерінің желісін дамыту;

–             қаланы сумен қамту және су тарту;

–             қаланы жылумен және электр энергиясымен жабдықтау;

–             жаңа талаптарға сай қоғамдық көліктермен қамтамасыз ету;

–             шағын және орта бизнесті әрі қарай дамыту болып табылады.

              Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған болжамдық көрсеткіштері 2006 жылға арналған бюджет қаражаты қажеттілігінен туындаған алдағы үш жылға елдің 2007-2009 жылдарға арналған экономикасы дамуының базалық көрінісіне сәйкес Қазақстан Республикасының макроэкономикалық көрсеткіштерін қолданумен есептелінеді [20, 4 б].

              Орта мерзімді кезеңде Астана қаласының дамуының болжамдық көрсеткішінде қолданылған Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған негізгі мемлекеттік реттеуіштері.

 

2-кесте – Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық                        дамуының 2007-2009 жылдарға арналған негізгі мемлекеттік көрсеткіштері

Көрсеткіштер

Бағалау

Болжам

 

2005

жыл

2006

жыл

2007

жыл

2008

жыл

2009

жыл

Бір жылда орташа алғанда

Тұтынушы бағалардың

индексі, %

7,6

5-7

5-7

5-7

5-7

Жалақының ең төмен

мөлшері, теңге

9200

9200

9752

10337

10957

Базалық зейнетақылық

төлем мөлшері

3000

3000

3000

3180

3371

Зейнетақының ең төмен мөлшері, теңге

6200

6700

7102

7528

7980

Айлық есептік көрсеткіш, теңге

971

1030

1029

1091

1156

Нақты еңбекақы, былтырғы

жылға % (шағын кәсіпорын-

дардың есебімен)

110,1

108

112,4

107,9

108

              Жергілікті бюджет бойынша болжамды кіріс 100% орындалды, болжамды 38 178,7 мың теңгеде нақты 38 313,2 мың теңге түсті немесе 134,4 мың теңге артық. Былтырғы жылмен салыстырғанда түсімдердің мөлшері (ҚҚС) 11 322,4 мың теңгеге ұлғайды.

              Шағын кәсіпкерлік субьектілерінен түсетін салық бюджетті толықтыратын тұрақты көздердің бірі болып табылады.

              2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша салық комитетінің есебінде 38 570 шағын кәсіпкерлік субьектілері тұр, оның ішінде заңды тұлға – 13 288, жеке кәсіпкер – 25 282, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7 910 субьектіге немесе 25,8%-ға артық. Салық есебінде тұрғандардың ішінде нақты қызметті орындайтын 27 856 немесе 72,25%, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6 590-ға немесе 31%-ға артық.

              2005 жылы шағын кәсіпкерлік субьектілерінен 16 214 500 мың теңге сомасында салық пен алым түсті. 2004 жылмен салыстырғанда түсімдер 4 644 400 мың теңгеге немесе 40,1%-ға ұлғайды [21, 33 б].

              Бюджетке түсетін түсімдер үлесіндегі шағын кәсіпкерлік субьектілерінің түсімі 7%-ды құрайды, ірі ұлттық компаниялар түсімдерінің есебінсіз – 12%.

              2005 жылы бюджетке айыппұл ықпалшараларымен қоса салық, жиын және төлемдер 9 179 563 мың теңге есептелінді (оның ішінде заңды тұлғаларды құжаттық тексеру бойынша 9 125 382 мың теңге, жеке кәсіпкерлікті тексеру бойынша 54 181 мың теңге), оның ішінде 8 434 406 мың теңге сомасында салық, жиын және төлемдер, 796,0 мың теңге айыппұл, 744 360 мың теңге өсімақы. Оның ішінен барлығы 1 196 852 мың теңге немесе бюджетке қайта есептелген соманың 13% өндіріліп алынды.

              2004 жылмен салыстырғанда, бюджетке қайта есептелген жалпы сома айыппұл ықпалшараларымен бірге 6 391 533 мың теңгеге ұлғайды. 

              Қала бюджетінің 2006-2009 жылдардағы кірістері қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативті жоспары мен инвестицияларды тартуының өте маңызды макроэкономикалық көрсеткіштері негізінде анықталады. Кірістің өсуі салық заңнамасын жетілдіру, салық әкімшілігін жақсарту арқылы қамтамасыз етіледі.

              Сондай-ақ, Астана қаласы бюджетінің кіріс бөлігінің ұлғаюы «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының әрекет мерзімінің 2010 жылға дейін ұзаруына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 24 наурыздағы № 1530 «Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 29 маусымдағы № 645 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Жарлығына сәйкес оның аумағының 513,7 га кеңеюімен байланысты қала экономикасының дамуы есебінен болжанады.

 

3-кесте – Астана қаласы бюджетінің кірісі

млн. теңге

Информация о работе Мемлекеттік бюджет