Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2012 в 20:19, дипломная работа
Мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу үрдісінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын экономикалық қатынастарды білдіреді.
Құндық бөліністің айрықшалықты сферасы ретінде мемлекеттік бюджет мына өзгеше белгілермен сипатталады:
4) республикалық және жергілікті бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды немесе түсімдерін қысқартуды көздейтін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша ұсыныстар талдап-жасау;
5) тиісті қаржы жылына арналған бюджеттерді нақтылау жөнінде ұсыныстар талдап-жасау;
6) бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалау нәтижелерін қарау және олар бойынша ұсыныстар талдап-жасау және өзге де өкілеттіктер.
Төтенше мемлекеттік бюджеттің қолданылуы тоқтатылғаннан бастап республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға және тиісті қаржы жылына арналған барлық деңгейлердегі жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттардың шешімдеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік бюджет кiрiстерi салық заңнамасы, әлеуметтiк-экономикалық дамудың орта мерзiмдi жоспары жобасының маңызды макроэкономикалық көрсеткiштерi мен салық саясатының ел экономикасын одан әрi дамытуға және инвестициялар тартуға бағдарланған бағыттары негізінде айқындалды. Мемлекеттiк бюджет кiрiстерiнiң 2006-2008 жылдарға арналған болжамы 2-кестеде келтiрiлген.
2-кесте − Мемлекеттік бюджет кірістерінің 2006-2008 жылдарға арналған болжамы (ЖIӨ-ге пайызбен)
Атауы | 2006 жыл | 2007 жыл | 2008 жыл |
Кірістер | 22,3 | 22,7 | 23,2 |
Салықтық түсімдер | 21,3 | 21,5 | 22,0 |
Салықтық емес түсімдер | 0,6 | 0,5 | 0,5 |
Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер | 0,4 | 0,7 | 0,7 |
Бюджеттік жоспарлау жоспарланып отырған кезеңге арналған бюджет түсімдерінің көлемін және басымдықты ескере отырып, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму міндеттеріне сәйкес оларды пайдалану бағыттарын айқындау жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу үрдісі болып табылады.
Бюджет бір қаржы жылына жоспарланады. Кезекті қаржы жылына арналған бюджеттің жобасымен бір мезгілде алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджеттің болжамы жасалады.
Республикалық бюджеттің жобасын әзірлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды, жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу тәртібін Үкімет айқындайды.
Республикалық бюджет жобасын әзірлеу үрдісі мынадай кезеңдерді кіріктіреді:
1) алдағы қаржы жылына арналған түсімдердің болжамды көрсеткіштерін айқындау;
2) ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламаларына арналған шығыстардың шектерін айқындау;
3) республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерді жасауы;
4) республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін қарау;
5) алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын әзірлеу.
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық өкілетті орган үш жылдық кезеңге бекітілген бюджеттік алынымдар көлемін ескере отырып және орта мерзімді фискалды саясат негізінде бюджет құрылымына сәйкес алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет түсімдерінің болжамды көрсеткіштерін айқындайды және оларды Республикалық бюджет комиссиясының қарауына жібереді. Ол ағымдағы қаржы жылының 5 маусымына дейін алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет түсімдерінің болжамды көрсеткіштерін қарайды және олар жөнінде шешім қабылдайды.
Республикалық бюджет шығыстарының лимиттерін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық өкілетті орган республикалық бюджеттің болжамды көрсеткіштері, бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттары, теріс операциялық сальдоның жол берілетін шекті мөлшері, орта мерзімді фискалды саясатта айқындалған басқа да көрсеткіштер, республикалық бюджет тапшылығының ұйғарымды шекті мөлшері және орта мерзімді жоспарда айқындалған басқа да макроэкономикалық көрсеткіштер, Республикалық бюджет комиссиясы мақұлдаған алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетке түсетін түсімдердің болжамды көрсеткіштері негізінде қалыптастырады.
Республикалық бюджет комиссиясы ағымдағы қаржы жылының 5 маусымына дейін ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға, бюджеттік даму бағдарламаларына арналған шығыстардың лимиттерін қарайды және мақұлдайды.
Экономикалық жоспарлау жөніндегі орталықты өкілетті орган республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар) бойынша өтінімдерін қарау нәтижелері, заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға қатысу арқылы жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемелері негізінде және Республикалық бюджет комиссиясы айқындаған, бюджеттік даму бағдарламаларына арналған шығыстардың лимиттері шегінде:
1) ағымдағы қаржы жылы мемлекеттік, салалық, (секторалдық) бағдарламалар бөлінісінде іске асырылатын инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) ескере отырып, басым инвестициялық жобалар (бағдарламалар) тізбесін;
2) заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға қатысу арқылы жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялар жөніндегі ұсыныстарды қарастырады және ағымдағы қаржы жылының 15 маусымына дейін Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төтенше немесе соғыс жағдайын енгізу туралы жарлығы не Қазақстан Республикасының бірнеше өңірінің аумағында төтенше жағдайды енгізу төтенше мемлекеттік бюджетті әзірлеу үшін негіз болып табылады.
Төтенше мемлекеттік бюджет республикалық және жергілікті бюджеттердің негізінде қалыптастырылады.
Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының мәтінінде:
1) алдағы қаржы жылындағы республикалық бюджет кірістерінің, шығындарының, операциялық сальдосының, таза бюджеттік несие беруінің, қаржы активтерімен жүргізілетін операциялар бойынша сальдосының, тапшылығының (профицитінің), тапшылығын қаржыландырудың (профицитті пайдаланудың) көлемдері;
2) жалақының, зейнетақының, айлық есептік көрсеткіштің ең төменгі мөлшері;
3) жергілікті бюджеттерден республикалық бюджетке бюджеттік алынымның көлемі;
4) республикалық бюджеттен жергілікті бюджеттерге берілетін бюджеттік субвенциялар көлемі;
5) Үкіметтің резерві мөлшері;
6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктері бойынша міндеттемелерді орындау сомасы;
7) Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктер беру лимиті;
8) үкіметтік борыш лимиті және басқа да қағидалар болуға тиіс.
Бюджет үрдісінде маңызды рөл бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық өкілетті органға беріледі, ол тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдардың жобаларын әзірлейді және оларды қарауға Үкіметке табыс етеді, бюджеттік өтінім жасаудың және табыс етудің тәртібін айқындайды.
Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын Үкімет жоспарланып отырған жыл алдындағы жылдың 1 қыркүйегінен кешіктірілмей енгізеді. Жоба Парламент палаталарының бірлескен отырысында кемінде екі оқылымда қаралады.
Талқылау Үкімет уәкілеттік берген адамның (адамдардың) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспары, орта мерзімді фискалдық саясат және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасы жөніндегі, Ұлттық банк Төрағасының ақша-несие саясаты бойынша баяндамаларын, сондай-ақ Парламенттің палаталары уәкілеттік берген адамдардың заң жобасы бойынша қорытындыларымен қоса баяндамаларын қамтиды.
Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет Парламент палаталарының бірлескен отырысында кемінде екі оқылымда және ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірілмей бекітіледі. Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетті бекіту Парламент палаталарының бірлескен отырысында заң қабылдау арқылы жүзеге асырылады.
Парламент ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін алдағы қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңды қабылдамаған жағдайда Президент алдағы қаржы жылының 1 тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары туралы жарлық шығаруға құқылы, ол республикалық бюджетті Парламент бекіткенге дейін қолданылады. Бұл республикалық қаржы жоспары ағымдағы жылдың 30 желтоқсанынан кешіктірілмей алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасының төрттен бір бөлігі көлемінде бекітіледі. Бұл жағдайда осы қаржы жылына арналған республикалық бюджет сол жылғы 1 наурыздан кешіктірілмей бекітілуге тиіс. Бұл ретте аталған қаржы жылына арналған республикалық бюджет сол жылдың бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары ескеріле отырып бекітіледі.
Алдағы қаржы жылына арналған Республикалық бюджет туралы заң қосымшаларымен, Президенттің алдағы қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары туралы Жарлығы қосымшаларымен бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік комиссиясы қабылдаған шешімдері негізінде алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті жобасының түпкілікті нұсқасын жасап, оны облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік комиссиясының қарауына енгізеді.
Алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті жобасының түпкілікті нұсқасын қарау және айқындау жоспарланып отырған қаржы жылының алдындағы жылдың 15 қыркүйегінен, ал аудандікі (облыстық маңызы бар қаланікі) 1 қазанынан кешіктірілмей аяқталады.
Тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетті бекіту мәслихаттың шешімін қабылдау арқылы жүзеге асырылады.
Бюджетке түсімдердің түсуін, бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) жөніндегі іс-шаралар кешенін орындау бюджеттің атқарылуы болып табылады.
Бюджеттің атқарылуы ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарында басталып, 31 желтоқсанында аяқталады.
Бюджет кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, бюджеттің атқарылуы кассалық негізде жүзеге асырылады.
Республикалық бюджеттің атқарылуын Үкімет, жергілікті бюджеттердің атқарылуын жергілікті атқарушы органдар қамтамасыз етеді. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жергілікті бюджеттердің атқарылуына қызмет көрсетуді жүзеге асырады.
Бюджеттің түсімдер бойынша атқарылуы бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бюджетке түсетін түсімдердің тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда немесе жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімінде белгіленгеннен төмен болмайтындай мөлшерде толық және уақытылы есепке алынуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізу болып табылады.
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ФИСКАЛДЫҚ САЯСАТЫНДАҒЫ БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІНІҢ РӨЛІ
2.1 Қазақстан Республикасының фискалдық саясатын және бюджет жүйесін талдау
Бюджет саясатының негізгі мақсаты қатаң бюджет тәртібін сақтай отырып, мемлекеттің қаржылық міндеттерінің тиімді және толық орындалуын қамтамасыз ету болып табылады.
Бюджет саясатының негізгі бағыттары мыналар болады:
− бюджет заңнамасын және бюджеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру жолымен Қазақстан Республикасы Ұлттық Қорының қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың орта мерзімді перспективаға арналған тұжырымдамасын іске асыру;
− перспективалы бюджеттік жоспарлаудың рөлін арттыру;
− шектеулі бюджет саясатын жүргізу жолымен мемлекеттік шығыстардың тиімділігі мен нәтижелілігін арттыру, мұнда ағымдағы шығыстардың өсуі мұнай емес кірістердің өсуіне тікелей байланысты болады;
− ұлттық қауіпсіздікті нығайту;
− адамдар денсаулығының жай-күйін және өмір сүру ұзақтығын жақсарту, білім және мәдени деңгейін арттыру жөніндегі жүргізілетін әлеуметтік реформаларды қаржылық қамтамасыз ету;
− бюджетаралық қатынастардың ашықтығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ету, басқарудың әрбір деңгейінің дербестігін күшейту [9, 53 б].