Мемлекеттік бюджет

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2012 в 20:19, дипломная работа

Описание работы

Мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу үрдісінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын экономикалық қатынастарды білдіреді.
Құндық бөліністің айрықшалықты сферасы ретінде мемлекеттік бюджет мына өзгеше белгілермен сипатталады:

Работа содержит 1 файл

ДИПЛОМ.doc

— 824.00 Кб (Скачать)

              Қазақстандық экономиканың қазіргі жай-күйі барынша қолайлы сыртқы экономикалық конъюнктурамен сипатталады, бұл экспортты, сондай-ақ аралық тұтыну тауарлары мен қызметтерін дамытуға оң ықпал етеді.

              2006 жылғы 1-тоқсанда тазартылған мыстың 1 тоннасының орташа әлемдік бағасы 2001 жылмен салыстырғанда 2,1 есе, металл мырыштікі − 1,5 есе, алтынның бір унциясыныкі − 1,6 есе, мұнайдың бір баррелінікі − 2 есе ұлғайды.

              Қазақстандық экспорттың аса маңызды баптарына әлемдік бағаның биік деңгейі экспорттық пайданың өсуіне негіз болды. 1998 жылмен салыстырғанда 2006 жылы экспорттың номиналды ұлғаюы 3,7 есені, ал мұнай экспорты бойынша − 6,4 есені құрады. Бұл бағаның жоғары болуынан басқа осы кезеңде мұнай өндірудің 2,4 есені құрағанына байланысты. Қазіргі уақытта экспорт көлеміндегі мұнай үлесі 52,3%-ды құраса, 1998 жылы ол тек 27,4%-ды құрады.

              Экспортты дамытудың аталған қарқыны негізінен сыртқы экономикалық фактор есебінен қазақстандық экономиканың экономикалық әлеуетінің ұлғаю үрдісін сипаттайды. Сайып келгенде, бұл шағын экономика үшін дамудың дұрыс бағыты, алайда Қазақстандағы экспорт өсімі негізінен, шикізатты және оның бастапқы өңдеу өнімдерін жеткізу есебінен қамтамасыз етіледі. Соңғы жылдары экспорттың өсуі жалпы ішкі өнімнің (бұдан әрі − ЖІӨ) серпініне айтарлықтай әсер ете бастады. ЖІӨ көлемінің ұлғаюына баға факторының басып озу әсері 2004−2006 жылдардағы экономика дамуының ерекшелігі болып табылады. 2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда ЖІӨ-нің 18,7%-ға, оның ішінде өндірістің табиғи көлемінің 8%-ға өсуі, өндірілген тауарлар мен қызметтерге бағаның 10%-ға ұлғаюы есебінен номиналды ұлғаюы жоспарланып отыр.

              Елдегі макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің фискалдық саясаты мұнай мен металдардың әлемдік бағаларының жоғары болуынан алынған кірістерді ішкі айналымнан шығару жөніндегі шараларды іске асыруға бағытталған.

              Шикізат экспортынан түсетін үстеме кірістердің барлығы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына (бұдан әрі – Ұлттық қор) шоғырландырылады, бұл ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қолдауға, инфляция өсуінің жоспарланған өлшемдеріне қол жеткізуге, «голланд ауыруы» туындауының, яғни, өндірістік құрылымның шикізаттық салалардың пайдасына «тоқырауының» алдын алуға ықпал етеді.

              Мысалы, энергия жеткізгіштердің әлемдік бағасының айтарлықтай өсуі салдарынан елге шетелдік валютаның ағылуы кірістердің бір бөлігін Ұлттық қорға аудару есебінен ішінара тазартылды.

              2002-2006 жылдары экономикалық өсуге капитал факторының үлесі орта есеппен 6%-ды, еңбек факторының үлесі − 1,2%-ды құрады. Жалпы факторлық өнімділіктің өсу үлесі 3,2%-ды құрады. Қарастырылып отырған кезеңде экономикалық өсудің негізгі факторы негізгі капиталды ұлғайту болып табылды.

              Экономикадағы негізгі қорлардың айтарлықтай тозуын ескерсек, осы даму кезеңінде бұл ақталған болып табылады. Уақыт өте келе дамыған елдер экономикасының өсуіне негізгі үлес қосатын жалпы факторлық өнімділіктің артуы негізгі өсу факторына айналуға тиіс.

              2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша үкіметтік борыш 586,4 млрд. теңге (ЖІӨ-ге 10,6%) немесе 4,5 млрд. АҚШ долларын құрады.

              Мемлекеттік кепілдік берген борыш 82,3 млрд. теңге (ЖІӨ-ге 1,5%) немесе 0,6 млрд. теңге АҚШ долларын құрады.

              Қазақстан Республикасының үкіметтік және мемлекет кепілдік берген борышы 668,7 млрд. теңге (ЖІӨ-ге 12,1%) немесе 5,1 млрд. теңге АҚШ долларын құрады.

              ЖІӨ-ге қатысты үкіметтік борыш 2000 жылдан бастап төмендейді және болжамдар бойынша осы үрдіс сақталатын болады. Үкіметтік борыштың құрылымындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің ішкі борышының үлесі 2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 39,4% (231,1 млрд. теңге немесе 1,8 млрд. АҚШ доллары) құрады, Қазақстан Республикасы Үкіметінің сыртқы борышының үлесі 60,6% (355,3 млрд. теңге немесе 2,7 млрд. АҚШ доллары) құрады.

              Үкіметтік борыштың құрылымындағы сыртқы борыш үлесі де азаю үрдісіне ие.        

              Жалпы еңбек өнімділігі факторы экономикадағы еңбек өнімділігінің өсуін ғана емес, жүргізіліп жатқан құрылымдық реформаларды, адами капитал мен технологияларды пайдалану тиімділігін де көрсететінін айта кету қажет.

              2000-2001 жылдары экономиканың өсуіне реформалардың әсері ерекше болды. 2002-2003 жылдары олардың тиімділігінің едәуір төмендеуі байқалды, бұл 2006 жыл қорытындылары бойынша айтарлықтай өсуге алмасты.

              Негізгі капиталдың жинақталуы ұзақ мерзімді перспективада экономика өсуінің басты факторы бола алмайтынын ескерсек, жүргізіліп жатқан реформалардың тиімділігі, еңбек өнімділігінің, инновациялардың және адами капиталдың өсуі қазақстандық экономиканы дамытудың басты факторлары болуы тиіс.

              Халықаралық капитал нарықтарында жоғары ішкі сұраныс пен қарыз ресурстарының салыстырмалы төмен құны байқалуда. Бұл Қазақстанға шетелдік инвестициялардың едәуір көлемін тарту үшін басты ынталандыру болды. Бұл ретте, Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерінің жоғары бағасы қазақстандық қарыз алушылар үшін шетелдік капитал құнының төмендеуіне ықпал етті. Аса ірі халықаралық рейтингтік агенттіктер тұтастай республикаға да, қазақстандық жетекші банктерге де инвестициялық санатқа жататын рейтингтерді берді.

              Экспорттық кірістердің күрт өсуі және қарыз капиталының ағылуы сияқты ішкі валюта нарығына жасалған қысымның салдары теңгенің АҚШ долларына қатысты айырбас бағамының номиналды қымбаттауы болды − биржалық айырбас бағамы ноимналды мәнде жыл басынан бері 9,3%-ға нығайып, 2005 жылдың соңында бір доллар үшін 130 теңгені құрады.

              Ішкі нарықта валюта сатып алу Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі − Ұлттық Банк) халықаралық резервтері өсімінің негізгі көзі болды, бұл жыл бойы екі есе дерлік көбейді және 2005 жылдың аяғындағы жағдай бойынша 9,3 млрд. АҚШ долларына бағаланды. Халықаралық резервтердің бұл қоры тауарлар мен қызметтер импортын қаржыландырудың қажеттілігін 4,5 айдан астам қамтамасыз етеді.

              2005 жылғы мемлекеттік бюджетті атқару қорытындылары бойынша бюджетке түсетін түсімдер ЖІӨ-ге 23,5%-ды, оның ішінде кірістер − ЖІӨ-ге 23,2%-ды, оның ішінде салықтық түсімдер − ЖІӨ-ге 21,4%-ды, салықтық емес түсімдер − ЖІӨ-ге 1,5%-ды, капиталмен жасалатын операциялардан түсетін кірістер − ЖІӨ-ге 0,3%-ды құрады, кредиттерді ЖІӨ-ге 0,3% қайтарылды.

              2005 жылы мемлекеттік бюджет шығыстары ЖІӨ-ге 23,9%-ды құрады. Мемлекеттік бюджет тапшылығы ЖІӨ көлеміне 0,3%-ды құрады.

              2006 түсімдер ЖІӨ-ге 23,5%-ды, шығыстар ЖІӨ-ге 25,2%-ды құрайды, мемлекеттік бюджет тапшылығы ЖІӨ-ге 1,7%-ды құрайды деп болжанып отыр. Мемлекеттік бюджет көрсеткіштерінің 2004-2006 жылдардағы серпіні 3-кестеде келтірілген.

 

Кесте 3 − Мемлекеттік бюджет көрсеткіштерінің 2004-2006 жылдардағы   серпіні (ЖІӨ-ге пайызбен)

Атауы

2004 жыл

есеп

2005 жыл

есеп

2006 жыл

бағалау

Түсімдер

22,2

23,5

23,5

Кірістер

21,8

23,2

23,3

Салықтық түсімдер

20,5

21,4

22,3

Салықтық емес түсімдер

1,0

1,5

0,6

Негізгі капиталды сатудан

түсетін түсімдер

0,3

0,3

0,3

Бюджеттік несиелерді өтеу

0,4

0,3

0,2

Шығыстар

23,2

23,9

25,2

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызмет көрсету

1,4

1,5

1,4

Қорғаныс

1,0

1,0

1,2

Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқық, сот, қылмыстық атқару

қызметі

2,0

2,1

2,2

Білім беру

3,3

3,5

3,5

 

    3-кестенің жалғасы

 

    Денсаулық сақтау

1,9

2,4

2,6

Әлеуметтік қамсыздандыру және

әлеуметтік көмек

5,2

4,9

5,3

Тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық

0,8

1,2

2,2

Мәдениет, спорт, туризм және

ақпараттық кеңістік

0,7

0,8

0,7

Отын-энергетикалық кешен

және жер қойнауын пайдалану

0,2

0,5

0,5

Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау,

жер қатынастары

1,4

1,5

1,4

Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

0,1

0,0

0,0

Көлік және коммуникация

1,8

1,9

1,7

Өзгелер

2,3

1,6

1,8

Борышқа қызмет көрсету

0,8

0,6

0,5

Ресми трансферттер

0,3

0,2

0,2

Бюджет тапшылығы (профициті)

-1,0

-0,3

-1,7

Анықтамалық:

ЖІӨ, млрд.

4612,0

5542,0

6580,0

 

              2005 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі қолданысқа енгізілгеннен бері бюджет процесін ұйымдастыру соның нормалары негізінде жүзеге асырылады. Бюджет кодексінің қабылдануы орта мерзімді жоспарлаудың рөлін күшейтуге мүмкіндік берді және бюджет жүйесіндегі заңнаманы үйлестіруді қамтамасыз етті.

              Елдегі экономикалық және бюджеттік саясатты қалыптастыру және жүргізу тәжірибесі тұрғысынан алдағы үш жылға арналған фискалдық саясат мемлекеттің ұзақ мерзімді, орта мерзімді бағдарламалық құжаттарына сәйкес құрылатын болады.

              Орта мерзімді кезеңде мемлекет саясаты мұнай емес секторды дамытуды көтермелеуге бағытталады. Мұнай кірістеріне тәуелсіз салықтық базаны дамыту экономиканы әртараптандыру жөніндегі мақсаттарға қол жеткізуге ықпал етеді және жүргізіліп жатқан фискалдық саясаттың тұрақтылығын қамтамасыз етеді [10, 47 б].

              Өткен жылға қарағанда 2006 жылы мұнай емес сектордан түсетін түсімдер 18,2%-ға, 2007 және 2008 жылдары тиісінше 21,8%-ға және 19,6%-ға өседі.

              Әлемдік мұнай бағасы елеусіз төмендеген жағдайда мұнай өндірудің өсу қарқыны ЖІӨ-нің өсу қарқынынан төмен болуы есебінен орта мерзімді кезеңде мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін салықтар мен төлемдер түсімі азаяды.

              Бүгінгі таңда тұтастай қазақстандық экономиканың жай-күйін белгілі бір дәрежеде табиғи ресурстар секторындағы ахуал айқындайды. Ұлттық қор табиғи қорлардың орны толтырылмайтынына байланысты оларды пайдалануды дұрыс жоспарлау және мемлекеттік шығыстар көлемінің табиғи ресурстардың әлемдік бағаларының күрт ауытқуларына тәуелділігін азайту мәселелерін шешеді.

              Ұлттық қордың активтері жыл бойы 1,4 млрд. АҚШ долларына ұлғайып, 2006 жылдың аяғында 5 млрд. АҚШ долларынан асты.

              Қолданыстағы заңнама жағдайларында Ұлттық қорға 2006 жылы 125,3 млрд. теңге сомасында немесе ЖІӨ-ге 1,6%, 2007 жылы 118,5 млрд. теңге (ЖІӨ-ге 1,3%), 2008 жылы 119,4 млрд. теңге (ЖІӨ-ге 1,2%) түсімдер болжанып отыр.

              Көрсетілген болжамды түсімдер жағдайларында Ұлттық қордың жалпы активтері (инвестициялық кірісті есепке алмағанда) 2006 жылы шамамен 932 млрд. теңгені, 2007 жылы 1049 млрд. теңгені, 2008 жылы 1168 млрд. теңгені құрайды.

              Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік бюджет пен Ұлттық қор арасындағы өзара қарым-қатынастар тетігін жетілдіру жөнінде жұмыс жүргізіп жатыр. Қор жинақтарын одан әрі қалыптастырудың оңтайлы жолдарын және оның активтерін басқарудың тиімді әдістерін айқындауға бағытталатын Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың орта мерзімді перспективаға арналған тұжырымдамасы әзірленуде.

              2007 жылғы 1 мамырға арналған мемлекеттiк бюджеттің атқарылуы 4-кестеде көрсетілген. 2007 жылғы 1 мамырға арналған мемлекеттік бюджеттің жалпы кірістер сомасы 803 541 143,7 мың теңгені, шығындар сомасы 729 944 612,8 мың теңгені, операциялық сальдо сомасы 73 596 531,0 мың теңгені, қаржылық активтермен болатын операциялар бойынша сальдо сомасы 142 437 228,0 мың теңгені, бюджеттің тапшылығын қаржыландыру сомасы 66 890 386,9 мың теңгені құрады.

  

   4-кесте − 2007 жылғы 1 мамырға арналған мемлекеттiк бюджеттің   атқарылуы.

Өлшем бірлігі: мың теңге

Атауы

Бюджет түсімдерінің

атқарылуы

1. Кірістер

803 541 143,7

Салық түсімдері

683 466 566,2

Салықтан тыс түсімдер

48 013 340,7

Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер

35 053 048,5

Трансферттердің түсімдері

37 008 188,4

2. Шығындар

729 944 612,8

3. Операциялық сальдо

73 596 531,0

4. Таза бюджеттік несие беру

-1 950 310,1

Бюджеттік несиелер

100 259,1

Бюджеттік несиелерді өтеу

2 050 569,2

5. Қаржылық активтермен болатын операциялар бойынша сальдо

142 437 228,0

Қаржылық активтерді сатып алу

143 327 873,1

Мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түскен түсімдер

890 645,1

6. Бюджет тапшылығы

-66 890 386,9

7. Бюджеттің тапшылығын қаржыландыру

66 890 386,9

Қарыздардың түсімі

32 772 771,2

Қарыздарды өтеу

15 985 529,5

Бюджет қаражаттары қалдықтарының қозғалысы

50 103 145,2

Информация о работе Мемлекеттік бюджет