Мемлекеттік бюджет

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2012 в 20:19, дипломная работа

Описание работы

Мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу үрдісінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын экономикалық қатынастарды білдіреді.
Құндық бөліністің айрықшалықты сферасы ретінде мемлекеттік бюджет мына өзгеше белгілермен сипатталады:

Работа содержит 1 файл

ДИПЛОМ.doc

— 824.00 Кб (Скачать)

              Ұлттық қордың активтері жыл басынан бастап 74,5%-ға ұлғайып, 2006 жылғы 31 желтоқсанда 14,1 млрд. АҚШ долларын құрады. Алтын-валюта резервтерінің көлемі оларды есепке алғанда 33 млрд-тан астам АҚШ долларына жетті.

              Зейнетақы жинақтарының көлемі 2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 40,3%-ға ұлғайды және 909,7 млрд. теңгені құрады.

              2006 жылдың ішінде мемлекеттік бюджетке түсетін кірістер түсімінің жоспарын тұрақты түрде асыра орындау байқалды. Мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдер жоспардан 6,5%-ға артып, 2,54 трлн. теңгені құрады, шығыстар 2,39 трлн. теңге сомасына немесе жоспардың 98,6%-ына жүргізілді. Жоспарланған 136,4 млрд. теңге тапшылық кезінде іс жүзінде 81,6 млрд. теңге сомасында профицит қалыптасты.

              Тұтастай алғанда, Қазақстан экономикасының перспективаға серпінді және қарышты дамуын қамтамасыз етуге ықпал ететін оң алғышарттар байқалды.          

 

     2.2 Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін басқару

             

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 3 қыркүйектегі №962 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі туралы қағидаға сәйкес Министрлік басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте мемлекеттік бюджеттің атқарылуы және атқарылуын бақылау, мемлекеттік меншікті басқару, есепке алу және пайдалануын бақылау, банкроттық рәсімдерінің және дәрменсіз борышкерді таратудың соттан тыс рәсімінің жүргізілуін бақылау, бухгалтерлік есеп жүйесін және қаржылық есептеме аудитін реттеу саласындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.

              Министрліктің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

              1) республикалық бюджеттің атқарылуын және жергілікті бюджеттердің атқарылуына кассалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;

              2) салықтардың, алымдардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін және бюджетке түсетін өзге де түсімдерді, міндетті зейнетақы жарналарының толық және уақытылы аударылуын, шикізат секторы ұйымдарынан бюджетке түсетін түсімдер бөлігінің Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударылуын қамтамасыз ету;

              3) республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы, бухгалтерлік есеп, есептеме және аудит жөнінде әдіснамалық басшылық жасау;

              4) өз құзыры шегінде республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатының тиімді және мақсатты пайдалануын бақылау;

              5) мемлекеттік меншікті басқарудың тиімділігін арттыру;

              6) мемлекеттік салық саясатын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;

              7) банкроттық рәсімін жүргізуге (банктерді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда), сондай-ақ соттан тыс рәсімде дәрменсіз борышкерді таратуға мемлекеттік бақылау және оған заңнамамен жүктелген өзге де міндеттер [16, 55].

              Министрлік заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай негізгі функцияларды жүзеге асырады:

− тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің жобасын, мемлекеттік және өзге де бағдарламаларды, Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарларын және Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспарларын, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді әзірлеуге қатысу;

− бюджетке түсетін түсімдерді болжауға және мемлекеттік бюджетке кірістердің түсуі саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен басымдықтарын нақтылауға қатысу;

− өз құзыры шегінде мемлекеттің қаржысын және мемлекеттік басқару саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен басымдықтарын анықтауға қатысу;

− мемлекет қаржысы, фискалдық саясат және мемлекеттік меншік саласындағы заңнаманы қолдану тәжірибесін талдау және қорытындылау, оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

− ұтымды үкіметтік және мемлекет кепілдігімен қарыз алуды, сондай-ақ мемлекеттік борышты басқаруды қамтамасыз ету;

− мемлекеттік меншікті пайдалану мониторингі жүйесін жетілдіру;

− заңнамада белгіленген тәртіппен шикізат секторы ұйымдарынан бюджетке түсетін түсімдердің бөлігін Қазақстан Республикасы Ұлттық қорына аудару;

− өз құзыры шегінде бюджеттің атқарылуы жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің, бухгалтерлік есеп пен аудиттің, қаржылық бақылаудың және мемлекеттік меншікті басқарудың жобаларын әзірлеу және дайындау (немесе қабылдау);

− өз құзыры шегінде қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық салық келісімдері мәселелерінде уәкілетті органның функциялары;

− жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың салық сараптамасы, сондай-ақ келісімшарттық талаптардың орындалу барысына тексеру жүргізу;

− мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есебін, сондай-ақ өз құзыры шегінде республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есептемені жүргізу және іске асыру тәртібін әзірлеу;

− жергілікті бюджеттердің шоттарын, мемлекеттік мекемелердің шоттарын жүргізу және шоттар бойынша аударымдық операцияларды жүзеге асыру;

− республикалық бюджетті қаржыландырудың жиынтық жоспарын бекіту және оларға өзгерістер енгізу;

− республикалық бюджеттен шығыстарды қаржыландыру және республикалық бюджетте көзделген соманың шегінде несие беру;

− Ұлттық қордың қалыптасу және атқарылуы жөніндегі қызмет туралы ақпаратты қамти отырып, республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есептерді, мемлекеттік бюджеттің атқарылуы барысы туралы айлық, тоқсандық және жылдық ақпаратты жасау, сондай-ақ мемлекет қаржысы бойынша статистикалық есептерді жасау;

− республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің шығыстар сметасының дұрыс жасалуын және бекітілуін, сондай-ақ республикалық бюджет қаражатының, үкіметтік қарыздар, мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес қарыздар қаражатының және кейіннен үкіметтік қарыз алуға байланысты гранттардың және мемлекеттік меншіктегі өзге де мүліктердің мақсатты пайдалануын бақылау;

− республикалық бюджеттің атқарылуын, сондай-ақ жергілікті бюджеттердің атқарылуын бақылау және талдау;

− бухгалтерлік есеп пен аудит саласында, оның ішінде өз құзыры шегінде аудиторлық қызметті лицензиялау саласында уәкілетті органның функцияларын анықтау;

− Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіндегі қазынашылық комитетінің тиісті шоттары арқылы мемлекеттік мекемелердің валюталық операцияларын жүргізу және есепке алу, заңнаманы сақтау жөніндегі тексерістерді ұйымдастыру;

− мемлекет кепілдігімен тартылған мемлекеттік емес қарыздардың және жергілікті атқарушы органдар қарыздарының шарттарына қаржылық сараптама жүргізу;

              – үкіметтік қарыздардың қаржылық шарттарын анықтау, жергілікті атқарушы органдардың қарыздарды тартуын келісу;

–             Қазақстан Республикасының Үкіметі беретін өкілеттіктерге сәйкес келіссөздер жүргізу, үкіметтік қарыздардың шарттарына қол қою, Үкіметтің мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарын шығару, Қазақстан Республикасы резиденттерінің мемлекеттік емес қарыздары бойынша үкіметтік кепілдіктер беру;

–             үкіметтік қарыздарды алу, пайдалану, өтеу және оларға қызмет көрсету, Қазақстан Республикасы резиденттерінің мемлекеттік емес қарыздарының мемлекеттік кепілдіктері бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету;

–             республикалық бюджетте көзделген және Үкімет шешімдеріне сәйкес инвестициялық жобаларға, мемлекеттік бағдарламаларға және өзге де іс-шараларға несие беру;

–             үкіметтік сыртқы қарыздар туралы келісімдерді бекітуге қажетті құжаттарды дайындауға қатысу;

–             түпкілікті қарыз алушылар мен екінші деңгей банктерінің үкіметтік қарыздардың қаражатын және Үкіметтің бірлесіп қаржыландыру үлесін республикалық бюджетке қайтару туралы ішкі несиелік келісімдердің жобаларын дайындау;

–             уәкілетті банк агенттерімен бірлесіп республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты өндіріп алу жөнінде түпкілікті қарыз алушылармен жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу;

–             төлемдердің бюджетке түсуін көздейтін заңнаманың сақталуын, міндетті зейнетақы жарналарының толық және уақытылы аударылуын бақылау;

–             мемлекеттің кірістері бойынша мемлекеттік есептемені жинаудың нысандары мен тәсілдерін жетілдіру;

–             Ұлттық банкпен келісім бойынша конкурстық негізде үкіметтік қарыздарға, мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес қарыздарға және кейіннен үкіметтік қарыз алуға байланысты гранттарға қызмет көрсету үшін екінші деңгей банктерін, бастапқы дилерлерді, лид-менеджерлерді және мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару жөніндегі басқа да әріптестерді іріктеу;

–             заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасында лотерея ұйымдастыруға және өткізуге байланысты қызметті және өзінің құзырына жатқызылған өзге де қызмет түрлерін лицензиялау;

–             салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешекті мәжбүрлі түрде өндіріп алу жөнінде жұмысты ұйымдастыру;

–             өз құзыры шегінде салықтық құқық бұзушылыққа қарсы күрес мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін орындау;

–             банкроттық рәсімдердің жүргізілуін (банктерді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда) мемлекеттік бақылау, сондай-ақ соттан тыс рәсімде дәрменсіз борышкерді тарату және оған заңнамамен жүктелген өзге де функциялар.

–             Қаржыны басқару жөніндегі сан алуан функцияларға байланысты Қаржы министрлігіне үлкен құқықтар берілген [17, 5].

Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің негізгі міндеттерінің бірі республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаттарының тиімді және мақсатты пайдалануын бақылау болып табылады. 2007 жылғы жергілікті бюджеттің атқарылуы 5-кестеде көрсетілген. 2007 жылғы жергілікті бюджеттің кірістер сомасы 441 962 043,8 мың теңгені, шығындар сомасы 358 758 920,3 мың теңгені құрады.

 

5-кесте − 2007 жылғы 1 мамырға арналған жергілікті бюджеттің атқарылуы.

Атауы

Бюджет түсімдерінің атқарылуы

1. Кірістер

441 962 043,8

Салық түсімдері

205 620 511,2

Салықтан тыс түсімдер

2 959 878,6

Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер

30 009 523,6

Трансферттердің түсімдері

203 372 130,4

2. Шығындар

358 758 920,3

3. Операциялық сальдо

83 203 123,5

4. Таза бюджеттік несие беру

-332 382,6

Бюджеттік несиелер

41 400,0

Бюджеттік несиелерді өтеу

373 782,6

5. Қаржылық активтермен болатын операциялар бойынша сальдо

6 749 384,2

Қаржылық активтерді сатып алу

7 621 083,1

Мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түскен түсімдер

871 698,9

6. Бюджеттің тапшылығы

76 786 121,9

7. Бюджеттің тапшылығын қаржыландыру

-76 786 121,9

Қарыздардың түсімі

5 955 254,0

Қарыздарды өтеу

2 616 556,6

Бюджет қаражаттары қалдықтарының қозғалысы

-80 124 819,3

Министрліктің негізгі міндеттерін іске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру үшін заңдарда белгіленген тәртіппен:

–             мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан және жеке тұлғалардан Министрлікке жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті ақпараттарды сұратуға және алуға;

–             өз құзыры шегінде барлық мемлекеттік органдардың, өзге де ұйымдардан және жеке тұлғалардың орындауы үшін міндетті нормативтік-құқықтық актілерді шығаруға;

–             Министрліктің қарауындағы комитеттер мен мемлекеттік ұйымдардың бұйрықтарын, өзге де кесімдерін тоқтатуға немесе тоқтата тұруға;

–             акционерлік қоғамдардағы мемлекеттік үлеске және республикалық басқа да мүлікке иелік етуге, пайдалануға, сондай-ақ заңнамалық актілермен және Үкімет белгілеген жағдайларда билік етуге;

–             өз құзырындағы мәселелер бойынша халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты жүзеге асыруға;

–             бірыңғай қазынашылық шоттағы және Қазынашылық комитетінің корреспонденттік шоттарындағы ағымдағы қалдықтарды Үкімет белгілеген тәртіппен тиімді орналастыру жолымен басқаруды жүзеге асыруға;

–             бюджеттік заңнамада көзделген жағдайларда бюджет қаражаттарын қайтарып алуға, қаржыландыруды тоқтата тұруға;

–             қымбат бағалы металдар мен асыл тастарды басқаруды, есебін және сақтауды ұйымдастыруды жүргізуге;

–             ұлттық және шетелдік валютада банктік операциялардың жекелеген түрлерін және өзіне заңдармен жүктелген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқықтары бар [18, 42 б].

Қаржы министрлігінің орталық аппараттарында белгілі міндеттер мен функцияларды атқаратын бірқатар арнаулы бөлімшелер бар, басқарудың мақсаттары мен міндеттерінің өзгеруі, аппараттар функцияларының дамуы, жұмысты жетілдірудің қажеттілігі ескеріле отырып, бұл бөлімшелердің құрамы мен құрылымы үнемі өзгеріп отырады.

      Қазіргі кезде Қаржы министрлігінің орталық аппараттарында бірқатар департаменттер мен басқармалар маңызды орын алады:

–             Мемлекеттік бюджетті атқару департаменті;

–             Фискалдық саясат пен болжам департаменті;

–             Макроэкономика және қаржы статистикасы департаменті;

–             Мемлекеттік органдарды қаржыландыру департаменті;

–             Кірістерді талдау департаменті;

–             Кірістер мен келісімшарттар департаменті;

–             Электронды мониторинг департаменті;

Информация о работе Мемлекеттік бюджет