Мемлекеттік бюджет

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2012 в 20:19, дипломная работа

Описание работы

Мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу үрдісінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын экономикалық қатынастарды білдіреді.
Құндық бөліністің айрықшалықты сферасы ретінде мемлекеттік бюджет мына өзгеше белгілермен сипатталады:

Работа содержит 1 файл

ДИПЛОМ.doc

— 824.00 Кб (Скачать)


37

 

КІРІСПЕ

             

              Кез келген мемлекеттегі бюджеттік саясат, бейнелі түрде айтатын болсақ, шектелген қаржылық ресурстарды қоғамның бәсекелес мұқтаждықтары мен қажеттіліктері арасында бөлу үрдісі болып табылады. Бюджет қоғамның әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін жүзеге асырудағы маңызды элемент болып табылады, себебі, әлеуметтік-экономикалық сипаттағы әр түрлі мәселелерді шешудің барлық альтернативті көздері мен жолдары бюджеттің ақиқаттығымен алдын ала анықталған. Себебі, кез келген іс-шаралар мен жүзеге асырылатын бағдарламалар бюджеттік ресурстардың белгілі бір қатысуын талап етеді. Бюджеттік саясат Үкіметпен және жергілікті жерлердің билік органдарымен іске асырылатын ең маңызды қызмет саласы болып табылады. Мемлекеттің бюджеттік саясатын жүзеге асыру ұйымдастырушылық инфрақұрылымның қызмет етуін қамтамасыз етеді, яғни адамның әр түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру. Бұл кезде, «қажеттілік − пайда табу (қажеттіліктерді қанағаттандыру) − қажеттіліктердің жаңа деңгейі» деп аталатын экономикалық үштік заңдылығын еске ала отырып, бюджеттік саясат өркениеттің әрбір даму кезеңінде қажеттіліктердің жоғары спектрін қамтамасыз ету үшін үздіксіз дамуды және жетілдіруді талап етеді. Өз кезегінде, ақша қорларын қалыптастырудың және оларды қоғамға көрсетілетін, бірі-бірімен бәсекеге түсетін қызмет түрлері арасында бөлу халық мұқтаждықтарына максималды түрде жауап беретін, тиімді және «жоғары сапалы бюджеттік өнім» болуы керек.

Қазіргі күндер шынайылығы бюджетті қалыптастыру және орындау үрдісіне жаңа тәсілді талап етеді. Бюджеттік саясатты іске асыру кезекті құжаттардың сәйкесінше пакеттерін қалыптастыру ғана емес, басқарудың циклдік, үздіксіз үрдісі болып табылады.

Нарықтық экономика жағдайында дамудың әлеуметтік-экономикалық реттеу құралы ретінде әр түрлі бюджеттік рычагтар қолданылады: салықтық түсімдерді бюджеттің әр түрлі деңгейлері арасында бөлу, әр түрлі трансферттер, дотациялар мен субвенциялар, кірісті және шығысты өкілеттіктерді реттеу. Бюджетаралық қатынастардың тұрақты, айқын және «таза» ережелерін орнату, оларды обьективті критерийлер мен әдістер негізінде заңдастыру, бюджеттік кірістерді бөлшектеп теңестіруді іске асыратын орталығы бар аймақтық билік органдарымен өзінің кірістік базасын бекіту үшін стимулдардың рационалды үйлесімділігі оларды қолданудың жалпы принциптері болып табылады.

Дипломдық жұмыстың бірінші бөлімінде Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің және еліміздегі фискалдық саясаттың әдістемелік негіздері, атап айтатын болсақ, Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің мәні, бюджет жүйесі, фискалдық саясатының мәні, мақсаттары, сонымен бірге мемлекеттік бюджет фискалдық саясаттың құралы ретінде қарастырылады. Екінші бөлімде Қазақстан Республикасы фискалдық саясатындағы бюджет жүйесінің рөлі туралы сөз қозғалады. Еліміздің фискалдық саясатына және бюджет жүйесіне талдау жасалады, мемлекеттік бюджетті басқару туралы айтылатын болады. Фискалдық саясаттың құралы ретіндегі бюджеттің орындалуына талдау жасалады. Үшінші бөлімде Қазақстан Республикасы бюджет жүйесіндегі мәселелерді шешу жолдары қарастырылады. Бюджеттік үрдісті жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар айтылады және Қазақстан Республикасында бюджеттік саясаттың прогрессивті дамуына жағдай жасайтын, бюджеттік жоспарлаудың жаңа әдістемелері ұсынылады.

Белгілі бір салада, әсіресе экономика саласында масштабты және күрделі қайта құрылым жасаудың алғышарты міндетті түрде нақты жағдайға  терең, бөліктеп талдама жасау және зерттеу үрдісі, сонымен қатар қалыптасқан жағдайдың обьективті және субьективті себептерін анықтау болып табылады. Осы мақсаттар «Мемлекеттік бюджет фискалдық саясаттың құралы ретінде және оның Қазақстанда қолданылу ерекшеліктері» тақырыбындағы дипломдық жұмысты жазу кезінде көзделген болатын.   

1   ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ                 ФИСКАЛДЫҚ САЯСАТЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ

 

      1.1 Мемлекеттік бюджет мәні және бюджет жүйесі

             

Мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу үрдісінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын экономикалық қатынастарды білдіреді.

Құндық бөліністің айрықшалықты сферасы ретінде мемлекеттік бюджет мына өзгеше белгілермен сипатталады:

1) мемлекеттен жалпы қоғамдық өнімнің бір бөлігін оқшауландырумен және оны қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты бөлгіштік қатынастардың айрықша экономикалық нысаны болып табылады;

2) құнды жасау және оны тұтыну үрдісін шарттастыратын материалдық өндіріс қаржысынан және құнды тұтынуға қызмет ететін өндірістік емес сфера қаржысынан мемлекеттік бюджеттің айырмашылығы ол ұлттық шаруашылықтың салалары, аумақтар, экономиканың секторлары, қоғамдық қызметтің сфералары арасында құнды қайта бөлуге арналған;

3) қоғамдық өнімнің оның тауар нысанындағы қозғалысымен тікелей байланысты емес құндық бөліністің стадиясын білдіреді және одан белгілі үзілісте жүзеге асырылады, ал қаржы қатынастары материалдық өндірісте де, өндірістік емес сферада да тауар-ақша қатынастарымен тығыз тоқайласып жатады.

              Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде жалпы қаржы сияқты бөлу және бақылау функцияларын орындайды. Бұл функциялардың іс қимылы, мазмұны, мәні мен маңызы бюджет қатынастарының қаралған айрықшалығымен айқындалды. Бөлгіштік функцияның іс-әрекетінің өзіндік ерекшелігі сол, қоғамдық өнімнің құны қоғамдық өндірістің сфералары, ұлттық шаруашылықтың секторлары, аумақтар, салалар, жеке шаруашылық жүргізуші субьектілер арасында бөлінеді. Мемлекеттік бюджет арқылы бүгінде Қазақстанда жалпы қоғамдық өнімнің шамамен 10% және жалпы ішкі өнімнің 20% бөлінеді. Сонымен бірге мемлекет қаржысының негізгі буыны ретінде мемлекеттік бюджет бөлгіштік функция шеңберінде қосалқы функцияларды, атап айтқанда: ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнімді қайта бөлу; экономиканы мемлекеттік реттеу және ынталандыру; әлеуметтік саясатты қаржымен қамтамасыз ету; ақша қаражаттарының орталықтандырылған қорын жасау және пайдалануға бақылау жасау сияқты сипатты функцияларды орындайды. Бақылау функциясы бюджет қорларын бөлудің сандық үйлесімдерінде, олардың қоғамдық өндіріс дамуының қажеттіліктеріне сай келетіндігінде, бөлудің ұнамсыз барысынан ауытқуын анықтау және оларды жою мүмкіндігінде көрінеді [1].

              Мемлекеттік бюджеттің сан қырлы маңызын ескере отырып, оны тек экономикалық категория және мемлекеттің орталықтандырылған ақша қоры ретінде ғана емес, сонымен бірге негізгі қаржы жоспары, әлеуметтік-экономикалық үрдістерді реттеу механизмінің жиынтық ұғымы ретінде қарауға болады. Мәселен, мемлекеттік бюджетте қоғамдағы барлық экономикалық үрдістер бейнеленетіндіктен, сондай-ақ барлық негізгі қаржы институттары − салықтар, мемлекеттің шығыстары, мемлекеттік несие, мемлекеттік қарыздар және т. б. өзінің шоғырланған көрінісін табатындықтан бюджет мемлекеттің негізгі қаржы жоспары ретінде сипатталады. Ол нақты кезеңге, әдетте, бір жылға жасалынады, бюджеттің кірістерін, шығындарын, орталықтандырылған қаржы ресурстарының шешуші бөлігінің қозғалысын анықтайды. Бюджетті негізгі қаржы жоспары деп мойындау оның ұлттық табысты қайта бөлудегі маңызды орнын, қаржы жоспарларының жүйесіндегі басымдық жағдайын, сондай-ақ қоғамдық ұдайы өндірістегі айрықша рөлін айқындайды. Негізгі қаржы жоспары мемлекеттің қаржылық қызметінің жемісі болып табылады. Елдің негізгі қаржы жоспарының көрсеткіштері республика Парламентінің жыл сайын қабылдайтын Республикалық бюджет туралы заңына сәйкес сөзсіз орындауға жатады.

              Мемлекеттік бюджет ұлттық экономиканы басқарудың басты механизмдерінің бірі. Ол экономикаға мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау мен пайдаланудың нысандары мен әдістерінің жиынтығы болып табылатын бюджеттік механизм арқылы ықпал етеді. Жалпы экономикаға ықпал етудің құралы ретіндегі бюджеттің рөлі осында көрінеді. Экономиканы реттеу орталықтандырылған ақша қорының сандық көлемін анықтау, оны жасау мен бөлудің нысандары мен әдістерін реттеу, бюджеттің атқарылу үрдісінде қаржы ресурстарын қайта бөлу жолымен жүзеге асырылады.

              Ақырында, мемлекеттік бюджет орындалуы міндетті мемлекет заңдарының бірі болып табылады (мысалы, келесі қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң).

              Сөйтіп, бюджетті осы жоғарыда айтылғандардың жиынтығы ретінде қараған жөн (Сурет 1).

Базис бөлігі

Мемлекеттің

орталықтандырылған

ақша қоры

Ресурстар

Экономикалық

категория

Қатынастар

Мемлекеттік бюджет

 

 

 

Қондырма бөлігі

Негізгі қаржы жоспары

Мемлекет заңы

Әлеуметтік-экономикалық

дамуды басқару механизмі

 

Сурет 1 − Мемлекеттік бюджеттің сапалық сипаттамасы

 

              Нарықтық механизмге көшу жағдайында мемлекеттік бюджеттің қаражаттары ең алдымен экономиканың құрылымын қайта құруды, кешенді мақсатты бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға, ғылыми-техникалық әлуетті арттыруға, әлеуметтік дамуды тездетуге және халықтың табысы аз жіктерін (зейнеткерлерді, мүгедектерді, аз қамтылған отбасыларын) қолдау, сондай-ақ денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет мекемелерін әлеуметтік қорғауға бағытталуы тиіс.

              Шығындар мен салықтар арқылы бюджет экономика мен инвестицияларды реттеудің және ынталандырудың, өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды құралы болып табылады.

              Қаржылық жоспарлау үрдісінде бюджет ұлттық шаруашылықтың салаларына және өндірістік емес сфераның мекемелеріне айтарлықтай ықпал етеді. Мемлекеттің ақша қорын жасау және пайдаланудың негізгі қаржы жоспары бола отырып, бюджет барлық шаруашылық жүргізуші субьектілермен және ұжымдармен етене байланысқан.

              Дүниежүзінің әр түрлі елдерінде бюджет құрылысы мемлекеттің құрылысына, аумақтық-әкімшілік бөлінісіне, экономиканың даму деңгейіне және нақтылы мемлекеттің басқа айрықша белгілеріне байланысты өзгешеліктермен ерекшеленеді.

              Бюджет құрылысында басты орынды бюджет жүйесі алады, ол экономикалық қатынастарға және құқықтық нормаларға негізделген түрлі деңгейлер бюджеттерінің, сонымен бірге бюджет үрдісі мен қатынастарының жиынтығын білдіреді. Әр түрлі елдердің бюджет жүйелері өзінің құрылымы, бюджеттердің жекелеген түрлерінің саны жағынан түрліше болып келеді, өйткені олардың аумақтық құрылысы мен аумақтық бөлінісіне байланысты болады [2].

              Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық-мемлекеттік құрылымымен анықталады. Мемлекеттің федеративтік және унитарлық құрылымы болуы мүмкін.

              Федеративтік мемлекеттерде бюджет жүйесі үш буыннан тұрады:

              1) мемлекеттік бюджет немесе федералдық бюджет немесе орталық мемлекеттің бюджеті;

              2) федерация мүшелерінің бюджеттері;

              3) жергілікті бюджеттер;

              Унитарлық мемлекеттерде екі буынды бюджет жүйесі қолданылады: орталық (республикалық) бюджет және толып жатқан жергілікті бюджеттер. Екі жағдайда да бюджеттердің оқшаулану мен дербестігінің түрлі дәрежесі болуы мүмкін, бірақ, әдеттегідей, әлеуметтік-экономикалық үрдістерді басқаруды орталықтандыру деңгейіне байланысты төменгі бюджеттерге қатынасы бойынша белгілі бір реттеуші рөл орталық бюджетте сақталады.

              Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі бюджет құрылымының унитарлық типімен анықталады, өйткені Қазақстан − федералдық емес, басқарудың Президенттік нысаны және сайланатын Парламенті бар унитарлық мемлекет.

              Қазақстан Республикасында жиынтығында мемлекеттік бюджетті құрайтын бекітілетін, атқарылатын және дербес болып табылатын мынадай бюджеттер жұмыс істейді (сурет 2):

    − республикалық бюджет;

− облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті;

− ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті.

Қазақстанда төтенше немесе соғыс жағдайында төтенше мемлекеттік бюджеттің әзірленуі, бекітілуі және атқарылуы мүмкін.

1991 жылы Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі түбірлі өзгерістерге ұшырады. Бұған дейін Қазақстанның мемлекеттік бюджеті, басқа одақтас республикалардың мемлекеттік бюджеттері сияқты, КСРО-ның мемлекеттік бюджетіне кірді, онда ел аумағының барлық бюджеттері, соның ішінде ауылдық және поселкалық бюджеттер де қамтылып көрсетілді. Ол одақтық бюджеттен, 15 одақтас республиканың мемлекеттік бюджеттерінен және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру бюджетінен тұрды. Одақтық бюджетке 1970-1990 жж. мемлекеттік бюджет ресурстарының жалпы ауқымының 52-50% тиді, оның 35% республикалардың республикалық бюджеттерінің және 15% жергілікті бюджеттердің қарамағында болды.

Информация о работе Мемлекеттік бюджет