Мемлекеттік бюджет

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2012 в 20:19, дипломная работа

Описание работы

Мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу үрдісінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын экономикалық қатынастарды білдіреді.
Құндық бөліністің айрықшалықты сферасы ретінде мемлекеттік бюджет мына өзгеше белгілермен сипатталады:

Работа содержит 1 файл

ДИПЛОМ.doc

— 824.00 Кб (Скачать)

Әлеуметтік нормалардан басқа, экономикалық нормативтерді – әлеуметтік норматив бірлігіне кететін шығындар нормасы, жасау қажет болып табылады. Мысалы, мектептегі бір орынға мұғалімдерге, қызмет көрсетуші персоналға, жылуға, электр энергиясына, байланысқа, суға деген қажеттілік, сонымен бірге, жаңа оқу орындарын құруға қажетті капиталдық салымдарға деген қажеттілік.

Жоспарлау міндеттеріне байланысты, бюджеттік ресурстарды бюджеттік саланың қалыпты қызмет етуі үшін қажетті ағымдағы шығындарға, әлеуметтік нормативке сәйкес келетін қызмет көрсету деңгейіне қол жеткізу үшін қажет етілетін қаражаттар – капиталдық шығындарға бөлу керек.

Бюджеттік қаржы бөлудің кемшілігіне байланысты тәжірибе жүзінде көптеген жағдайларда бюджеттің кірістері орнатылған экономикалық нормативтерге сай есептелген ағымдағы шығындарды жабуды қамтамасыз етпейді. Мысалы, Павлодар облысы бойынша денсаулық сақтау, тамақ өнімдерін және дәрі-дәрмектерді алуда, орнатылған нормалардан 30% деңгейінде қаржыландырылады. Ағымдағы шығындарды жүз пайыздық қамтамасыз етуге қол жеткізу үшін барлық деңгейдегі бюджеттерді қаржылық ресурстармен бірден қамтамасыз ету мүмкін еместігі айдан анық.

              Республикалық деңгейде бағдарламалар арасында ресурстарды бөлу оңтайландырылады және республикалық және жергілікті бюджеттер шығындары арасында қолайлы қарым-қатынас анықталады. Содан кейін сол сияқты облыстар арасында бюджеттік ресурстар бөлінеді [24, 137 б].

              Облыстық деңгейде функционалды топтар арасында қаражаттарды бөлудің қолайлы жоспары болады. Содан кейін топтар ішінде бағдарламалар мен ішкі бағдарламалар арасында қолайлы бөлу анықталады. Әрбір бағдарлама үшін оңтайландыруға байланысты өзінің критерийлері мен шектеулері табылуы қажет.

              Қолда бар компьютерлік техника және қазіргі заманғы бағдарламалық қамтамасыз ету ешбір қиындықсыз барлық деңгейдегі бюджеттік жоспарларды оңтайландыруды іске асыруға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, бұл келесі үрдістен субьективизм элементтерін шығарып, шектелген ресурстарды анағұрлым тиімді және рационалды бөлуге мүмкіндік береді.

              Қазақстан экономикасы дағдарыстық жағдайдан шыққандығына байланысты, алдымен бюджеттердің барлық жеке кірістерін барлық функционалдық топтарды толық бюджеттік қамтамасыз етуге біртіндеп қол жеткізу міндеттерін шешуге бағыттау қажет.

              Осыдан кейін, бюджеттік қаражаттардың бөлігін капиталдық шығындарға бағыттай отырып, барлық әлеуметтік нормативтерді жүз пайыздық қамтамасыз етуге қол жеткізу міндетін шешуге болады. Егер барлық бюджеттік қаражаттарды тек қана тұтынуға жұмсайтын болса, онда өндірістің өсуін және бюджетке кірістер түсімінің өсуін күту мүмкін емес. Сондықтан, тұтыну және жинақтау көлемдерінің әр түрлі пропорциялары кезінде өсу темпінің мүмкін нұсқаларына экономикалық талдау жүргізу және осы негізде тез өтелетін инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін алып пайдаланудың негізделген шегін орнату қажет.

              Бюджеттік жоспарлау тәжірибесі бюджеттің бірнеше түрлерін жасап шығарды: орындауға негізделген бап бойынша, нөлден бастап құрылған және теңестірілген бюджет. Осылардың әрбіреуінің өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Қазақстан Республикасында негізгі формат ретінде жекелеген бағдарламаларға топтастырылған баптық бюджет − бюджеттің екі форматының қосындысы, қабылданған. Бірақ бюджеттік үрдістің түрлі кезеңдерінде және басқарудың әр түрлі деңгейлерінде Қазақстанда басқа да форматтар қолданылады. Баптық формат мекеме шығыстарының сметасын құру кезінде қолданылады. Орындалуға негізделген бюджет халыққа қызмет көрсетумен байланысты, бағдарлама әкімшісі үшін анағұрлым жарамды. Нөлден бастап құрылған бюджет (ЗББ әдісі) бірнеше қызмет көрсететін (бірнеше ішкі бағдарламаларды орындайтын) бағдарлама әкімшісі үшін пайдалану тиімді болып табылады. Сол себепті, бюджеттің аталған үш түрін бюджеттік жоспарлаудың ең төменгі деңгейінде қолдану керек [25, 254 б].

              Шетелдік мамандардың пікірі бойынша бюджеттік саясаттағы төңкеріс болып «балансталған бюджет» жүйесі (БББ) табылады. Оның қабылдануы бюджетті құру үрдісінің негізінде жатқан, дәстүрлі көзқарастардан бас тартуды білдіреді. «Балансталған бюджет» жүйесін енгізу қажеттілігі және мүмкіндігі атқарушы биліктің жергілікті органдарына бюджетті қалыптастыру бойынша өкілеттіктерді берумен байланысты пайда болды. Оның мәні, алдымен, содан кейін бюджеттік қаржы бөлудің шектеуі болып табылатын, болашақ түсімдерді бағалау жүргізіледі. Негізі, бұл жүйенің  Қазақстанда қолданылатын әдістерден ешқандай айырмашылығы жоқ. Оны жүзеге асыру жағдайлары да бірдей болып табылады. Негізгі жаңашылдық болып бюджеттік қаражаттарды бөлудің ең жақсысын іздеу мүмкіндігі табылады. Көп нұсқалылыққа шығындардың үш деңгейінде (А, В, С) бюджеттік ұсыныстар бағдарламаларының әрбір әкімшісіне ұсыну жолымен қол жеткізіледі. Ең маңыздысы В деңгейі, себебі ол негізгі күтілетін бюджеттік түсімдерді бөлуді көрсетеді. А деңгейі базалық деңгеймен салыстырғанда белгілі бір сомаға қаржыландыруды қысқартуды білдіреді. С деңгейіндегі бюджет балансталған деңгейден асып түсетін қосымша қорларды білдіреді. Бюджеттеудің осындай формасы басқарулық бақылауды қамтамасыз етеді, себебі, бұл жағдайда қызметкерлер клиенттердің қандай тобына көмек көрсетуі қажет екендігін, осы үшін қандай іс-шаралар қолдану қажет екендігін айқын біледі.

              Одан басқа, балансталған бюджет назарын қызметтің нәтижесіне шоғырландырады. Бұл бюджеттік форма халықтың қажеттіліктерін ғана емес, сонымен бірге, сол қажеттіліктерді қанағаттандыру құнын есепке алады. Оның басты элементтері − мақсаттар қою мен ұзақ мерзімді жоспарлау − ұйымның қызмет етуінің болжанғыштығын және тұрақтылығын кепілдендіреді, сонымен бірге, оларды бақылау үшін қаражаттар ұсынады. Қызметтің әрбір түрі бағдарламаның соңғы мақсатына жетуге өз үлесін қосады [26, 4 б].

              Балансталған бюджет жүйесін қазақстандық жағдайларда да қолдануға болады, әсіресе, шығындарды нормалауда қиындық келтіретін, мысалы, шағын бизнесті қолдауда, бағдарламалардың бюджетін құру кезінде. Бұл әдіс нақты және нормативті шығындардың деңгейлері арасындағы айырма жойылғанда кеңінен қолданылуы мүмкін.

              Осылай, бюджеттік тәжірибеде аталған барлық әдістер кешенін қолдану керек, бірақ қаржылық ресурстардың ескі тапшылығы кезеңінде негізгі әдіс ретінде жоғарыда ұсынылған қолайлы жоспар әдісі болуы керек.

              Бюджетті құру және қабылдаудың халықаралық тәжірибесінде қоғамның қаржыны басқару үрдісіне қатысуына үлкен маңыз беріледі, себебі, соңғы жылдары әлемдік даму, басқаруды тиімді демократияландыруға жағдай жасайтын, басқаруды саналы орталықсыздандыру және муниципалды автономияны көбейту қажеттілігімен түйісті. Қазақстан да осы қорытындыға біртіндеп келді.

              Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында халықаралық даму бойынша Құрама Штаттар Агенттігімен (United States Agency For International Development) (USAID) қаржыландырылатын қаржылық реформалар жобасы жүзеге асырылады. Оның мақсаты болып жергілікті қаржыны басқарудың максималды тиімді және нәтижелі жүйесін енгізу бойынша биліктің жергілікті органдарына көмек көрсету табылады. Бұл бағдарлама бюджеттік саясаттың ашық, стратегиялық бағытталған тұжырымдамасын және демократиялық қоғамда бюджеттік саясат принциптері негізінде бюджетті жасау барысында ресурстарды бөлуді жоспарлау кезінде жаңа принциптерді қолдануға бағытталған [27, 6 б].

              Жергілікті бюджеттерге қатысты, шешім қабылдауда жергілікті өкілдік органдардың рөлінің ұлғаюын есепке ала отырып, USAID-тың құрамына кіретін, қалалар менеджерлерінің Халықаралық Ассоциациясымен (ІСМА) қазіргі кезде бюджетті жасау және түсінуде мәслихат депутаттарының шеберлігін жетілдіруге көп көңіл бөлінуде. Қазақстанда жұмыс жасаған үш жыл ішінде ІСМА Ассоциациясымен Қазақстанның әр түрлі қалаларында сайлау органдары депутаттары үшін бірнеше семинарлар жүргізілді. Осыдан басқа, ІСМА жергілікті жерлерде бюджеттік үрдісті жетілдіруге жағдай жасайтын, шараларды ұйымдастыру бойынша, бірінші кезекте, азаматтарды тарту жағынан, Қазақстан қалаларына техникалық және білім беру жағынан көмек көрсетеді [28, 312 б].

              Азаматтардың қатысуы − мемлекеттік шешім қабылдауға халық әсер ететін кез келген үрдіс. Қоғам өздерінің сайлау органдарымен немесе биліктің жергілікті органдары қызметкерлерімен өзара қарым-қатынас жасағанда және осы тұста, шешім қабылдау үрдісіне әсер еткенде, халықты белсенді қатысуға, сонымен бірге, тұрғындар болып жатқан үрдістер туралы молынан ақпарат алғанда, азаматтарға жанама қатысуға мүмкіндік беру қажет.

              Қазіргі таңда, қаржылық жоспарлау саласынан әлеуметті шығарып тастау үшін және қоғамдық көзқарастың әсерін төмендету үшін, әлеуметті тарту тым қымбатқа соғады және көп уақыт алады деген аргумент келтіріледі. Осының тағы бір себебі болып жұрттың барлығы жеткілікті экономикалық білімге ие емес және олар сұрақтарды шешкенде эмоционалды факторларға сүйенетіндігі табылады.

              Дегенмен, әлеуметтік қатысуға байланысты басқа көзқарас ұстанған жөн. Кез келген қоғамда бизнесті, банктік істі, сонымен бірге коммерциялық емес секторды жүргізу бойынша қажетті білімі және мамандығы бар және жеткілікті дәрежеде жауапкершілігі бар, сенімді адамдар бар.

              Жергілікті билікпен бюджеттік саясатты іске асыру үрдісіне азаматтарды қатыстырмау демократиялық қоғам үшін жағымсыз салдар әкелуі мүмкін. Мұндай жағдайда халықтың билік органдарына сенім білдіруін күту және маңызды мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруда қолдау көрсетуі мүмкін емес. Сондықтан, азаматтардың қатысуы демократиялық қоғамның іргелі негізі болып табылады.

              Дегенмен, азаматтардың қатысу деңгейін анықтау жергілікті биліктің өкілдері үшін қиын жағдай болып табылады. Әлеуметті тарту үрдісі шешім қабылдау сұрақтарында сапалы қатысудың көптеген мүмкін тәсілдеріне ие, сондықтан сәйкес жағдайда анағұрлым тиімді және әсерлі тәсілдерді таңдау өте маңызды болып табылады.

              Қазақстанның бюджет бойынша ашық тыңдалымдарды өткізу тәжірибесі белгілі бір дамуды талап етеді. Өткеннің жағымсыз тәжірибе пайдалана отырып, ережелерді немесе тыңдалымдарды өткізу регламентін жасауға, әлеумет алдында талқыланатын бюджеттік ұсыныстарды таныстыру әдістерін жетілдіруге үлкен көңіл бөлу керек.

              Техникалық және әдістемелік көмек көрсету кезінде ІСМА жергілікті жерлерде бюджеттік үрдісті әрі қарай реформалауды, жергілікті өзін-өзі басқаруды жоспарлап отыр. Қаржы министрлігімен бюджетті құрудың бағдарламалық әдісін кеңінен қолдануға өту жоспарланған. ІСМА ассоциациясымен қазіргі таңда денсаулық сақтауды басқару үшін жалпы шығындар бөлігінде қазіргі кездегі бюджетті ауыстыратын, бірақ аз бөлшектелген бағдарламалық шығындарға бөлінген, бағдарламалық бюджет жасалып жатыр. Бюджеттің бағдарламалық әдісін қолдану тәжірибесіне біртіндеп өтуді іске асыру мақсатында денсаулық сақтау бойынша екі бюджетті − қазіргі стандарттарға сәйкес келетін, ресми және жаңаға, бюджеттің дәстүрлі емес бағдарламалық форматына жақындатылған ресми емес, құру ұсынылады. Осыған сәйкес, қазіргі кезде Қазақстанда, артықшылығы − ұйымның жалпы мақсаттарына сәйкес келетін, міндеттерге және соңғы нәтижелерге екпін жасалатын, бюджеттің ұйымдық құрылымнан тәуелсіздігі бар, қызмет көрсету және оның сапасын жоғарылату саласында реформалар өткізудің қосымша мүмкіндігі бар бюджетті қалыптастырудың жаңа әдістерін енгізу ұмтылыстары қолданылуда.            

             

              3.2 Бюджеттің орындалу мәселелерін шешу жолдары және оны бағалауды жетілдіру

 

Қазақстан Республикасында бюджетті орындау үрдісінде ең күрделі және өзекті мәселелердің бірі болып бюджет бойынша кредиторлық қарызды өтеу мәселелері табылады. Қолданылған шараларға қарамастан, Қазақстандағы кредиторлық қарыз көлемі айтарлықтай жоғары болып тұр, ал шығыстардың кейбір түрлері бойынша үнемі өсу тенденциясына ие болып табылады.

Бюджеттік саланың коммуналды қызметтермен жабдықтаушылар алдында үлкен қарыздарының болуынан бюджеттік ұйымдарға, соның ішінде білім беру және денсаулық сақтау мекемелеріне электр және жылу энергияларын беру тоқтатылады. Бюджеттің өзінің қарыздары бойынша есептесу мүмкіндігіне сенімсіздік танытқаннан кейін, қызметтер жабдықтаушылары сотқа шағымданады, нәтижесінде соттардың шешімі бойынша бюджеттік ұйымдарда есепшоттар жабылады. Мұндайда бюджетпен бір қарыздарды жабу мүмкіндігін іздестіру кезінде басқаларын жабу мүмкін болмайды. Бұл республиканың барлық жергілікті бюджеттерінің ортақ мәселесі және оның пайда болу себептерін, оны шешудің нәтижелі тәсілін табу мақсатымен, түсініп алу қажет [29, 45 б].

Кредиторлық қарыздың пайда болуының басты себептерінің бірі болып жергілікті бюджеттердің үнемі орын алатын жасырын тапшылығы, онда кіріс бөлігін жасанды жоғарылатудың немесе «ауаның» болуы табылады. Бюджеттің шығысты бөлігін оңтайландыру, қазіргі кезде мүмкін болмай тұр. Қазіргі кезде жоспарланатын шығыстар көптеген жағдайларда орнатылған нормаларға әлдеқайда сәйкес келмейді. Жұмсақ инвертарь, құрал-жабдықтар және жиһаздар алуға кететін шығыстар, ағымдық және толық жөндеуге кететін шығыстар тәжірибе жүзінде қаржыландырылмайды. Ең төменгі минималды деңгейде коммуналдық қызметтерді төлеуге шығыстарды қаржыландыру жүргізіледі. Бұл кезде осы қызметтерге жыл сайынғы бағалардың өсуі есепке алынбайды. Осыған орай, бюджеттің шығысты бөлігі инфляцияға байланысты жылдан жылға ұлғайып келеді, бірақ жоғары тұрған бюджетке бюджеттік алымдардың қазіргі тәртібі жыл сайын муниципалитеттердің қарамағында қалатын кірістердің үлесін қысқартады.

Жергілікті бюджеттерде кредиторлық қарыздың құрылуының негізгі себебі болып жергілікті салықтар базасының үнемі қысқаруы табылады. Бұл жағымсыз құбылыстың, жұмыссыздықтың өсуі, өндіріс көлемінің төмендеуі сияқты және елдегі жалпы экономикалық дағдарыспен байланысты басқа да обьективті себептерінен басқа, нақты салықтық түсімдердің қысқаруына субьективті факторлар да үлкен әсер етеді. Бәрімізге белгілі, жергілікті кірістерде ауқымды үлесті мүлікке және жерге салынатын салықтар алады. Егер ТМД-ның барлық елдерінде мүлікті бағалау бойынша қызметтің нормативті базасы қаржылық органдардың басшылығымен баяғыда жасалған.

Информация о работе Мемлекеттік бюджет