Кәсіпорын капиталы және оның маңызы

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Мая 2012 в 19:10, творческая работа

Описание работы

Работа содержит презентацию по дисциплине "Экономика"

Содержание

1) Кәсіпорынның негізгі капиталы
2) Кәсіпорынның айналым капиталы

Работа содержит 1 файл

7-та.ppt

— 77.00 Кб (Скачать)

3. Жеделдетiп есептен шығару әдiстері:

  • қалдықты азайту әдiсi (амортизация негiзi құралдардың қалдықты құны бойынша есептеледi);
  • сандардың жиынтығы бойынша құнын есептен шығару әдісі (куммулятивтiк әдiс).

Кәсiпорында негiзгi құралдардарды пайдалану тиімділігін бірқатар көрсеткiштер жүйесi арқылы сипаттауға болады. Олар:

1. Негiзгi құралдар құрылымының қозғалысын сипаттайтын көрсеткiштер;

2. Негiзгi құралдарды пайдаланудың жалпылама көрсеткiштерi;

Бiрiншi топ көрсеткiштерiне: негізгі құралдардың өсу коэффициенті, негізгі құралдардың жаңару коэффициентi, негiзгi құралдардың істен шығу коэффициентi, негiзгi құралдардың тозу коэффициентi, негізгі құралдардың жарамдылық коэффициенті және негiзгi құралдардың активті бөлiгiнiң үлесі жатқызылады.

      Негiзгi құралдардың өсу коэффициентi қарастырылып отырған кезең ішінде негізгі құралдардың арту шамасын көрсетеді және қайтадан енгізілген негізгі құралдар құнының кезең басындағы негізгі құралдар құнына қатынасымен анықталады. Ол мынадай формуламен есептеледі:

НҚ өсу =НҚ қ. енг. / НҚк.б.б.қ.  (7)

Мұндағы: НҚ қ. енг.  кезең ішінде қайтадан енгізілген негiзгi құралдардың  құны;

НҚк.б. б.қ.  кезең басындағы негiзгi құралдардың бастапқы құны.

 Негiзгi құралдардың жаңару коэффициентi - белгiлi кезең аралығында  жаңадан түскен негiзгi құралдарды және олардың интенсивтiлiгiн сипаттайдыОл кезең ішінде келіп түскен жаңа негізгі құралдар құнының кезең соңындағы негізгі құралдардың бастапқы құнына қатынасы арқылы есептеледі және оны келесiдей формула түрінде көрсетуге болады:

                               Кжаңару=НҚ енг. / НҚк.с.б.қ.     (8)

Мұндағы: НҚ енг. - белгiлi бiр кезеңдегi енгізілген негiзгi құралдардың құны;

НҚб.қ. -  кезең соңындағы негiзгi құралдардың бастапқы құны.

Бұл екі көрсеткіш бір-бірімен тығыз байланысты, яғни негізгі құралдардың өсуінің үлесі неғұрлым артқан сайын жаңару коэффициентінің деңгейі  де соғұрлым жоғары болады және керісінше.

Мұндай тығыз өзара байланысқа негізгі құралдардың істен шығу коэффициенті едәуір әсер етеді. Бұл коэффициент есепті кезеңде істен шыққан негізгі құралдар құнының кезең басындағы негізгі құралдар құнына қатынасымен анықталады. Оның формуласы келесідей:

НҚ шығу =НҚ і.ш. / НҚк.б.   (9)

Мұндағы: НҚ і.ш.  есепті кезеңде істен шыққан негізгі құралдар құны;

НҚ к.б.  кезең басындағы негізгі құралдар құны.

Информация о работе Кәсіпорын капиталы және оның маңызы