Кәсіпорын капиталы және оның маңызы

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Мая 2012 в 19:10, творческая работа

Описание работы

Работа содержит презентацию по дисциплине "Экономика"

Содержание

1) Кәсіпорынның негізгі капиталы
2) Кәсіпорынның айналым капиталы

Работа содержит 1 файл

7-та.ppt

— 77.00 Кб (Скачать)

Кәсіпорындағы негізгі құралдардың жағдайын талдағанда қормен қарулану көрсеткішін есептеудің мәні жоғары. Ол  негiзгi құралдарды пайдаланудың тиiмдiлiгiн сипаттайды және негiзгi құралдардың орташа жылдық құнының персоналдардың орташа тiзiмдiк санына қатынасымен анықталады. Яғни, мынадай формуламен есептеледі:

                              Ққ = НҚо.қ./По.т.с.    

Мұндағы: НҚ о.қ.  негізгі құралдардың орташа жылдық құны;

 По.т.с. персоналдардың орташа тізімдік саны.

Бұл көрсеткіштің мәні кәсіпорындағы қызметкерлердің негізгі құралдармен қамтамасыз етілу шамасын көрсетеді. Басқаша айтқанда, әрбір персоналға келетін негізгі құралдар құнын көрсетеді. Қормен қарулану көрсеткішінің мәні неғұрлым жоғары болуы кәсіпорын үшін қолайлы құбылыс болып табылады.

2) Кәсіпорынның  айналым капиталы 

Айналым капиталы (құралдары) деп өндірістік мақсатта пайдаланылатын, бір өндірістік цикл барысында толығымен тұтынылатын, өзінің натуралды заттай формасын өзгерте отырып, құнын өндірілетін өнімге бірден аударатын құндылықтарды айтамыз. Айналым капиталы өндірістік айналым қоры мен айналыс қорынан  (қор айналымынан) тұрады.

Өндірістік айналым қорлары өндіріске өзінің табиғи заттық күйінде қатынасады да өнім дайындау үрдісінде толығымен тұтынылып, өзінің құнын жасалатын өнімнің өзіндік құнына өткізеді. Өндірістік айналым қорларына өндірістік запастар немесе еңбек заттары (шикізаттар мен материалдар), аяқталмаған өндіріс және өзінде дайындалған жартылай фабрикаттар және болашақ кезеңнің шығыстары жатқызылады.

Айналыс қоры немесе қор айналымына қызмет барысында сатуға шығарылған дайын өнім, жолдағы тауарлар (тиеліп жөнелтілген өнімдер), сондай  ақ кәсіпорын кассасындағы немесе банктің есеп айырысу шотындағы қаржылар және дебиторлық қарыздар түрінде көрінеді.

     Сонымен, айналым капиталы деп өндірістік айналым қоры мен айналыс қорына арналған кәсіпорынның ақшалай қаражаттарының жиынтығын айтамыз.

Айналым капиталы мөлшерленетін және мөлшерленбейтін болып бөлінеді.

 Мөлшерленетін айналым капиталына өндіріске қажетті материалдық запастар, аяқталмаған өндіріс өнімі мен қоймадағы дайын өнім жатады. Мөлшерленетін айналым капиталына өндіріс сферасындағы айналым қорларының барлық элементтері кіреді.

Мөлшерленбейтін айналым капиталына мыналар жатады: тиеліп жөнелтілген өнім, есеп айырысу шотында және есептесудегі ақша қаржылары мен дебиторлық қарыздар.

    Кәсіпорынның айналым қорлары айналымдылық жасай отырып әрқашан қозғалыста болады. Олар айналым сферасынан өндіріс сферасына өтеді, ал содан кейін өндіріс сферасынан қайтадан айналым сферасына өтеді. Айналым - өндіріс  айналым.

    Айналым капиталын пайдалану тиімділігін келесідей көрсеткіштермен сипаттауға болады:

    Айналым капиталының  айналымдылық коэффициенті (Ка). Ол бір жыл ішінде айналым капиталының айналым санын көрсетеді және төмендегідей формула көмегімен анықталады

Информация о работе Кәсіпорын капиталы және оның маңызы