Кәсіпорын жарғысымен және оның қызметімен танысу

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Сентября 2013 в 10:26, отчет по практике

Описание работы

Қазақстан Республикасының және серіктестікке қатысушылардың шарттарын біріктіре отырып жүзеге асыру болып табылады.
«Көлік және коммуникация» министірлігі- тұрақты түрде дамып келе жатқан алыс және жақын шет елдермен кедендік келісім шарттарға отырған . ҚР Көлiк және коммуникация министрі

Содержание

КІРІСПЕ......................................................................................................................3
І. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1 Кәсіпорын жарғысымен және оның қызметімен танысу................................4
1.2 Кәсіпорында бухгалтерлік есепті қалыптастырудың негіздері......................6

ІІ. КӘСІПОРЫНДА БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1 Ақша қаражаттарының есебі............................................................................8
2.2 Негізгі құралдардың есебі мен аудиті.............................................................9
2.3 Жеке құрам мен жұмыс уақыты, еңбек тиімділігі мен еңбекақы есебі.......11
2.4 Міндеттемелер есебі.........................................................................................13

ҚОРЫТЫНДЫ МЕН ҰСЫНЫСТАР....................................................................14

Работа содержит 1 файл

отчет наз.docx

— 51.74 Кб (Скачать)

М А З М Ұ Н Ы

 

 

КІРІСПЕ......................................................................................................................3

 

І. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1.1 Кәсіпорын жарғысымен және  оның қызметімен танысу................................4

1.2 Кәсіпорында бухгалтерлік есепті  қалыптастырудың негіздері......................6

 

 

ІІ. КӘСІПОРЫНДА БУХГАЛТЕРЛІК  ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ

2.1 Ақша қаражаттарының есебі............................................................................8

2.2 Негізгі құралдардың есебі мен аудиті.............................................................9

2.3 Жеке құрам мен жұмыс уақыты, еңбек тиімділігі мен еңбекақы есебі.......11

2.4 Міндеттемелер есебі.........................................................................................13

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ МЕН ҰСЫНЫСТАР....................................................................14

 

 

КІРІСПЕ

 

Мен, өндірістік іс-тәжірибемді 2013 жылдың маусым айының 5-шы жұлдызынан 2013-жылдың 27-ші шілдесіне дейінгі аралықта Қызылорда қаласы, Ауезов көшесіндегі 10 үйде орналасқан «Қазақавтожол» кәсінорынында өттім.

Іс-тәжірибе өту барысында оқу бағдарламасы бойынша жұмыстарды жасауға тиісті дәрежеде көңіл бөлінді. Бұл уақытта  мекеме режиміне сәйкес талаптарды орындап отыруға мән берілді.

Іс-тәжірибені өту бағдарламасына сәйкес келесі құжаттармен  танысып, жұмыс жасадық:

1 Баланс - жыл  қорытындысы бойынша;

2 Ақша құралдары  айналымы есебі;

3 Кіріс және  шығыс есептері;

4 Меншікті  капитал өзгерістері жайлы есеп;

5 Қаржылық  есепке түсіндірмелік жазба;

6 Жарғы;

7 Есеп саясаты;

8 Негізгі  құралдар жайлы есеп;

9 Еңбек бойынша  есеп;

10 Шоттар  талдауы;

Іс-тәжірибе уақытында мекеме еңбеккерлерінің  еңбек жалақысын есептеуге және оны банктен өткізіп, жеке карточкаларына аударым жасау жұмысына қатыстым. Сонымен бірге есеп жұмыскерлері арасында міндеттемелердің бөлінуімен танысып, бухгалтерлік құжаттарды толтыру мен өңдеу, түгелдеу және тексеру жүргізу жұмыстарына да қатыстым.

Іс-тәжірибе есебінде кәсіпорын қызметіне де талдау жүргізіп, ішкі шаруашылық аудитіне қатысты анықтамалармен де танысу жұмысын  орындадық. Негізгі құралдары бойынша  есеп жасау жұмыстарына да ерекше көңіл бөлініп отырды. Тікелей  кейбір еңбек құралдарын есептен  шығару операциясына қатысты. Бұл жұмыстар бухгалтерлік есепті жүргізу, шаруашылық қызметін экономикалық талдау және қаржылық есеп аудиті, салық салуды ұйымдастыру мен техникасы жөнінде қажетті тәжірибе жинақтау мүмкіндігімен қатар теориялық сабақтарда алған білімдерді тереңдету және бекіту мақсатын жүзеге асыруды қамтамасыз етті.

Берілген  жұмыстың басты мақсаты - кәсіпорынның жұмысы, оның жарғысы, өндірістік процесс пен технологиялары, басқару жүйесі және ішкі бөлім қызметтері, бәсекелестік стратегиясы туралы ақпаратты көрсету; қаржы көздері мен ақша ағымдары туралы есеп арқылы кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау және де кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымын, кәсіпорынның қызметтерінің артықшылықтарын бейнелеу.  

 

 

І. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

 

1.1 Кәсіпорын жарғысымен және оның қызметімен танысу

 

Тәжірибе  өткен «Көлік және коммуникация» министрлігінде Қазақстан Республикасы Авто көлік департаменті басқару бөлімі . Мекекме ішінде мамандар саны 50 адамнан аспайтын және активтердің жалпы құны жылына орта есеппен 120 мыңдық айлық есептік көрсеткіштен аспайтын кәсіпкерлік субъектісі болып табылады.

Бұл заңды  тұлғада өзінің дербес балансы, өз атауы  жазылған шеңбер мөрі, банктегі жеке шоттары  және басқа да реквизиттері бар.

Серіктестіктің қызметінің мақсаты: Қазақстан Республикасының және серіктестікке қатысушылардың шарттарын біріктіре отырып жүзеге асыру болып табылады.

«Көлік және коммуникация» министірлігі- тұрақты түрде дамып келе жатқан алыс және жақын шет елдермен кедендік келісім шарттарға отырған . ҚР Көлiк және коммуникация министрі А.Қ.Жұмағалиев  
.

1.2 Кәсіпорында бухгалтерлік есепті қалыптастырудың негіздері

 

Іс-тәжірибесін өтіп отырған серіктестіктің өз алдына бухгалтериясы бар, оны бас бухгалтер басқарады. Мұнда бухгалтерлік есеп қабылданған тәртіппен және қаржылық есеп беру формасына сәйкес жасалады және де Атқару органына тапсырылып отырады.

Серіктестіктегі есеп бөлімінің ұйымдастырылу құрылымында: Бас бухгалтер және оған бағынатын еңбек ақы төлеу бухгалтері мен материалдық ресурстар, өндірістік шығындар, және дайын өнімдер мен оны сату есебін ұйымдастыратын бухгалтер бар.

Серіктестіктің  ішкі өндірістік қаржылық есебі кәсіпорынның жинақтық бухгалтерлік есебі құрамына кіреді.

Қазақстан Республикасының  «Салықтар мен бюджетке төленетін  міндетті төлемдер жайлы» Кодексіне  сәйкес (Салық Кодексі) филиал барлық салық түрлерін және жинамдарды есептейді  және төлейді.

Бухгалтерлік  есеп пен қаржылық есеп беру жүйесі келесі нормативтік құқықтық  құжаттардағы талаптарға сәйкес жүргізіледі;

1) «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы Заңы;

2) Қазақстан  Республикасының бухгалтерлік есеп  стандарттары;

3) Қазақстан  Республикасында қолданысқа ие  қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары;

5) Қазақстан  Республикасының Қаржы Министрлігінің  бухгалтерлік есеп пен аудит  әдістемесі Департаментінің   №237-111 2007 жылы бұйрығымен бекітілген  шаруашылық операциялардың типтік  корреспонденциясы;

Сонымен қатар  бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті  жүргізу барысында «Қазахавтожол» кәсінорынынының директоры бекіткен есеп саясатының қағидалары мен негіздеріне сүйенеді.

«Қазахавтожол» кәсінорынында есеп саясаты 2009 жылдың 5 қаңтарында №8 хаттамамен қабылданған және ол 1995 жылғы 26 желтоқсандағы №2432 «Бухгалтерлік есеп туралы» заң негізіндегі ҚР Президентінің қаулысы мен ҚР БЕС №1-20; ҚР Қаржы министрлігінің  21 мамыр 1997 жылғы бұйрықтарының және басқа да заң күші бар нормативтік актілерде көрсетілген кәсіпорын қызметінің өндірістік-экономикалық талаптарына сай жасалған.

Бұл есеп саясатына  сәйкес негізгі құралдарға жұмыс  істеу кезінде қолданатын құралдар, қолдану мерзімі 12 айдан кем емес, құнына байланыссыз.

Кәсіпорынның  есеп саясаты анықталған нормативтер  негізінде өз бетінше шаруашылықтың  ұйымдық құқықтық түрінен, салалық  ерекшеліктерінен, айналыс әдіснамасынан  және істің сипаты және т.б.  есеп және бақылаудың ұйымдастырылуының  нақты қалпы мен әдістерін  анықталуына құқық береді.

 «Қазахавтожол» кәсінорынының есеп саясаты толық түрде қолданылады және кәсіпорынды төмендегілермен қамтамасыз етеді:

-қаржы-шаруашылық қызметтің барлық операцияларының бухгалтерлік есепте толық көрініс табуын;

-жасырын қор жасалуына жол бермей, ықтимал кіріс пен активтерге қарағанда шығыстар мен міндеттемелер бухгалтерлік есебіне үлкен дәрежедегі дайындығын;

-қаржылық-шаруашылық қызметінің фактілерінің бухгалтерлік есепте көрініс табуы тек құқықтық түрден ғана емес, сонымен қатар шаруашылық жүргізудің фактілері мен шарттарының экономикалық мазмұңынан көрініс  табылуын;

-аналитикалық есептің мәліметтерінің есептін шоттары бойынша айналым мен қалдықтарына теңдігі, сонымен қатар бухгалтерлік есептіліктің ағымдағы есептілікке мәліметтеріне теңдігін;

-шаруашылық қызметпен кәсіпорын көлемі жағдайына байланысты бухгалтерлік есепті ұқыпты және үнемді жүргізілуін.

Амортизацияны есептеу біркелкі есептеу әдісімен жүргізіледі, яғни құнынан келе және амортизация нормасы келесідей  орнатылады:

Ғимараттар  мен құрылыстар – 5%; Транспорттар – 25%; Негізгі құралдардың басқа да объектілері – 15%.

Материалды-өндірістік қорлар 1300 шотында есептеледі, өндіріске жіберілгендер орташа құны бойынша бағаланады.

Бухгалтерлік  есепке қатысты мағлұматтар коммерциялық құпия ретінде жасырын сақталады. Есептік-бухгалтерлік құжаттар Мемлекеттік комитеттер мен министрліктер іс-әрекеті нәтижесінде пайда болатын типтік құжаттар тізіміне сәйкес сақталады.

 

ІІ. КӘСІПОРЫНДА БУХГАЛТЕРЛІК  ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ

 

2.1 Ақша қаражаттарының есебі

 

Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептілік ақша қаражат-тарының   түсуі  мен   жұмсалуы   келесі   категорияларға  жіктейді: Операция-лық   қызмет, Инвестициялық  қызмет, Қаржыландыру  бойынша   қызмет

    1. Операциялық   қызмет – ұйымның   табыс   әкелуге  бағытталған    негізгі   қызметі.  Осы  категорияға  ақша  қаражаттарының   түсу   ағыны   ретінде   жатады:  тауарлар   мен  қызметтерді  сатып  алушылардан   ақша  қаражаттарының түсуі,   инвестициялар мен  ссудалардан   алынған   пайыздар   мен  дивидендтер, сондай-ақ нарықтық  бағалы   қағаздарды  сатудан  алынған   қаражаттар.  Ақша  қаражаттарының   жұмсалу ағынына: еңбекке   ақы  төлеу, тауарлар  мен  қызметтер үшін   төлемдер,  проценттер   бойынша  төлемдер,  салықтық  төлемдер   және  нарықтық   құнды   қағаздарды   сатып  алу.
    2. Инвестициялық қызмет – айналымнан   тыс активтерді   сатып алу   және  сату, ақша  эквиваленттеріне  жатпайтын   басқадай   инвестицияларды   сатып алу, сату. Ақша қаражаттарының түсу ағыны ұзақ мерзімді   активтерді   және  нарықтық    құнды   қағаздарды   сатудан   алынған ақша  қаражаттарын   қамтиды. Ақша  қаражаттарының  жұмсалу ағыны   ұзақ   мерзімді   активтер  мен нарықтық құнды қағаздарды сатып алуға жұмсалған ақша қаражаттарын   қамтиды.
    3. Қаржылық қызмет– ұйымның  меншікті   капиталының    құрамындағы   өзгерістерді   тудырады.  Басқаша айтқанда   қаржылық  қызмет – ұйым   иелерінің ресурстарды   алу  немесе   иелеріне ресурстарды  қайтару. Олардың    инвестицияларына  табысты   беру.

Ақша  қаражаттарының  түсу   ағыны  акцияларды,  қысқа   және  ұзақ   мерзімді  займдарды  шығарудан  түскен  түсімдерді қамтиды. Ақша  қаражат-тарының жұмсалу  ағыны иелеріне ақшалай дивиденттерді  төлеуді   қамтиды.

Ақша қаражаттарының   қозғалысы  туралы   есеп   беру  үш   категорияға   сәйкес үш  бөлімнен  тұрады.   Алғашқы   бөлімде   операциялық    қызметтен   түскен   ақша   ағыны   одан  кейін   инвестициялық   қызмет,   ең  соңғысы – қаржылық   қызмет.

Аталған қызметтердің  құрамы  1-суретте   берілген.

 

 


 

 

 

 

Сурет 1. Ақша  қаражаттарының   түсу   және  жұмсалу   ағынын   жіктеу

«Қазахавтожол» кәсінорынында ақша қаражаттарының қозғалысын есепке алу үшін 1000 «Ақша қаражаты» кіші бөлімі арналған.

Осы кіші бөлім мынадай шоттардың  топтарын қамтиды:

1010 – «Кассадағы ақша қаражаты»,  онда кассадағы ұлттық және шетел валюталарымен ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады;

1020 – «Жолдағы ақша қаражаты»,  онда жолдағы ақша қаражатының  қозғалысы есепке алынады;

1030 – «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты», онда ағымдағы банктік шоттардағы ұлттық және шетел валюталарындағы ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады;

1040 – «Карт-шоттардағы ақша қаражаты», онда карт-шоттардағы ұлттық және шетел валюталарындағы ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады;

1050 – «Жинақ шоттарындағы қаражаты», онда жинақ шоттарындағы ұлттық және шетел валюталарындағы ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады;

1060 – «Өзге ақша қаражаты»,  онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген  өзге ақша қаражаты есепке  алынады. 

 

2.2 Негізгі құралдардың есебі мен аудиті

 

Негізгі құралдар дегеніміз - материалдық  активтер, оларды ұйым өндірісте пайдалану  немесе тауарларды болмаса көрсетілетін қызметтерді беру үшін, басқа тұлғаларға жалға беру немесе әкімшілік мақсаттар  үшін ұстап тұрады және бір кезеңнен көп пайдалану болжанады.

Негізгі құралдар түрлері бойынша  бөлшектенеді. Негізгі құралдардың  түрі – бұл ұйымның қызметінде сипаты және пайдаланылуы жағынан бірдей активтердің бірігуі. Жекелеген  түрлердің мысалдары мыналар  болып табылады:

-жер;

-жер және ғимараттар;

-машина жабдығы;

-кемелер;

-ұшақтар;

-автокөліктік құралдары;

-жылжымайтын мүлікпен біріктірілген жиһаз бен жылжымалы мүлік;

-кеңсе жабдығы.

Негізгі құралдардың түрлері бойынша бөлшектеуге байланысты синтетикалық шоттар ашылады.

Негізгі құралдардың  бухгалтерлік есебінде негізгі құралдардың келіп түсуін, кәсіпорын ішінде орын ауыстыруын және шығуын, дұрыс құжаттық рәсімделуін және бухгалтерлік есепте уақытылы көрсетілуін; олардың материалдық жауапты адамдарға бекітілуін және сақталуы мен ұтымды пайдаланылуын бақыланады; негізгі құралдардың есептелген амортизациясы мен тозу сомасының есепте дұрыс көрсетілуін, сондай-ақ есептелген амортизация сомасының есепте дұрыс көрсетіледі және негізгі құралдардың қор қайтарымын анықталып, жаңа техниканың және оны қолданудың жаңа әдістерінің тиімділігі негізгі құралдарды жөндеу бойынша шығындардың сенімді есебін құрастырылады. Негізгі құралдарды түгендеуді және қайта бағалауды мезгілінде жасайды және олардың нәтижесін сонымен қатар негізгі құралдарды сату және олардың басқаша шығу нәтижелерін есепте нақты көрсетілуін қамтамасыз етеді.

Информация о работе Кәсіпорын жарғысымен және оның қызметімен танысу