Кәсіпорын капиталы және оның маңызы

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Мая 2012 в 19:10, творческая работа

Описание работы

Работа содержит презентацию по дисциплине "Экономика"

Содержание

1) Кәсіпорынның негізгі капиталы
2) Кәсіпорынның айналым капиталы

Работа содержит 1 файл

7-та.ppt

— 77.00 Кб (Скачать)

Негiзгi құралдар өндiрiс үрдісінде бірнеше жыл пайдаланыла отырып бірте-бірте тоза бастайды, яғни өзінің бастапқы сапасын жоғалтады. Олар белгілі-бір уақыт өткеннен кейін пайдалануға жарамай қалады да олардың орнына жаңа негізгі құралдарды алуға тура келеді.

Негiзгi құралдардың тозуы табиғи (физикалық) және сапалық (моральді) түрде болады. Негiзгi құралдардың табиғи тозуы олардың материалдық жағынан тозуы болып табылады, яғни жұмыс істеу үрдісінде машиналар мен құрал-жабдықтардың жеке бөлшектерінің қажалып, мүжілуі, үйлер мен ғимараттардың тозығы жетіп, құлайтындай дәрежеге жетуі. Табиғи тозу олардың көп уақыт бойы пайдаланылғандығына ғана байланысты емес, сондай-ақ басқа да табиғи жағдайларға (атмосфераның әсер етуі, сақтау жағдайы) да байланысты болады.

Жоғарыда айтып өткеніміздей құрал-жабдықтар физикалық тозумен қатар, техникалық прогресс әсерiнен моральдық тозуға ұшырайды. Яғни олардың толық табиғи тозуы жетпей-ақ құнсызданып, өндірістің даму үрдісінен артта қалуы. Ол активтердің ғылым мен техниканың дамуының бүгінгі күнгі талаптарына сәйкес келмейтіндей жағдайда болуынан туындайды. Басқаша айтқанда, негізгі құралдардың айтарлықтай өнімді және едәуір арзан, жаңа түрлерінің пайда болуы нәтижесінде пайдаланып отырған негізгі құралдар құнының төмендеуі.

Негiзгi құралдар табиғи және моральды тоза отырып, қызмет ету мерзiмi iшiнде бастапқы құны толығымен өзiнiң қатысуымен шығарылған өнiмге берiлуi қажет. Негiзгi құралдардың құнының өнiмге бұлай берiлуi амортизация деп аталады, осы өнiмнiң өзiндiк құнына кiретiн бұл өнiмдi өткiзгеннен кейiн ақша түрiнде оралатын құралдар сомасын амортизациялық аударым деп атайды. Басқаша айтсақ, амортизация негізгі құралдардың ұдайы өндірісін қамтамасыз ету мақсатында  қаржы ресурстарын жинау және негізгі құралдардың құнын тозу шамасы бойынша ақшалай нысанға айналдыра отырып өндірілетін өнімге бірте-бірте өткізу. Негізгі құралдар өндіріс үрдісінде пайдаланылған кезде өздерінің бірте-бірте тозуына байланысты құндарын өндірілген немесе жаңадан жасалған өнімге біртіндеп ауыстырып отырады. Осы үрдісті амортизация деп айтады

Амортизация сөзі латын тілінен аударғанда  «өтеу» деген мағынаны білдіреді. Амортизация белгіленген бір мөлшерде өнімнің өзіндік құнына қосылып отырады. Амортизациялық аударым мөлшері немесе амортизация нормасы дегеніміз негізгі құралдардың бастапқы құнынан белгіленген пайызбен есептеп шығарылған бір жылдық амортизациялық аударым сомасы. 

Кез-келген меншік нысанындағы кәсіпорындар өздерінің негізгі құралдарының тозу дәрежесін анықтап және оны есептеп отырады. Негізгі құралдардың ішінде төменде аталған активтерге тозу дәрежесі анықталмайды және оларға амортизация есептелмейді:

  • жерге;
  • кітапхана қорларына;
  • фильм қорларына;
  • архитектуралық және өнер ескерткіштеріне;
  • өнімді малдарға;
  • музейлік құндылықтарға;
  • жалпылай пайдаланылатын көлік жолдарына.

 Негiзгi құралдарға амортизациялық аударымдарды есептеу мынадай әдістердің бiрi арқылы жүзеге асырылады:

1. Құнды бiрқалыпты (түзу сызықты) есептен шығару әдiсі (амортизация негiзгi құралдардың пайдалану мерзiмiне байланысты бiрқалыпты бөлiнедi);

2. Құнды орындалған жұмыстың, көрсетілген қызметтің, өндірілген өнімнің көлеміне тепе-тең мөлшерде есептен шығару әдісі (өндiрiстiк әдiс);

Информация о работе Кәсіпорын капиталы және оның маңызы