Кәсіпорын капиталы және оның маңызы

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Мая 2012 в 19:10, творческая работа

Описание работы

Работа содержит презентацию по дисциплине "Экономика"

Содержание

1) Кәсіпорынның негізгі капиталы
2) Кәсіпорынның айналым капиталы

Работа содержит 1 файл

7-та.ppt

— 77.00 Кб (Скачать)

Негiзгi өндiрiстiк қорларды еңбек затына әсер ету дәрежесiне байланысты активті және пассивті деп бөлуге болады. Өндiрiстiк үрдісте негiзгi құралдар тобы әр түрлi рольдер атқарады. Жұмыс машиналары мен құрал-жабдықтар, өлшеуiш құралдары және өзге де негізгі құралдар өндiрiс үрдісіне үнемi қатысып отырады, сондай-ақ, олар өнiм көлемiнiң өсуiне тiкелей әсер ететiндiктен негiзгi құралдардың активті бөлiгiне жатады. Негiзгi құралдардың активті бөлiгiнiң үлесi кәсiпорынның өндiрiстiк мүмкiндiгiн, техникалық жарақтану дәрежесiн және өндiрiстiк қуат деңейiн көрсетедi. Негiзгi құралдардың басқа элементтерi (жер телімдері, ғимарат, құрылыс және т.б.) өнiм өндiруге тек қана жанама әсер ететiндiктен негiзгi құралдардың пассивті бөлiгiне жатқызылады. Олар негізгі құралдардың активті бөлігінің қалыпты қызметін қамтамасыз етеді.

Кәсіпорында негізгі құралдарды тиімді пайдалану мен ұтымды басқаруда оларды бағалаудың маңыздылығы жоғары. Кәсіпорынның өндіріс ішіндегі қызметі мен нәтижелерін бағалау, салықтар мен амортизациялық аударымдарды есептеу, сату  немесе жалға беру және өзге де мақсаттарда негізгі құралдарды бағалау жүзеге асырылады. Негізгі құралдар бастапқы құнымен, ағымдағы құнымен, қалдық құнымен, жойылу құнымен және келісілген құнымен бағаланады.

Негiзгi құралдардың бастапқы құны - ол активтi салуға, сатып алуға, әкелiп жеткiзуге, орнатуға кеткен шығындардан, сондай-ақ сатып алу барысында төленген салық сомаларының жиынтығынан тұрады. Бастапқы құн бойынша негізгі құралдар бухгалтерлік есепке алынады және қызмет ету мерзімі ішінде өзгеріссіз қалады, бірақ, қайта бағалау кезінд қайта қаралады және күрделі жөндеу, реконстукциялау, модернизациялау кезінде нақтыланады.

Негiзгi құралдардың ағымдағы құны - бұл шаруашылық субъектiсiнiң белгiлi бiр уақыттағы яғни бүгiнгi күндегi негiзгi құралдардың нарықтық бағасы болып табылады.

Негiзгi құралдардың қалдық құны  бұл шаруашылық субъектiсiнiң бухгалтерлiк есебiнде немесе қаржылық есеп беру ақпаратында көрсетiлген негiзгi құралдардың бастапқы құнынан жинақталған тозу сомасын алып тастағандағы қалған құны болып табылады.

       Негiзгi құралдардың жойылу құны - негiзi құралдардың пайдалану мерзiмi аяқталғаннан кейiн оны бұзу, жоюдан алынған iске жарамды бөлшектерiнiң құнынан объектiнi есептен шығаруға байланысты жұмсалатын келешектегi шығындарды алып тастау арқылы анықталады.

      Негiзгi құралдардың келiсiлген құны - бұл кез келген екi жақтың, яғни негiзгi құралдарды сатушы мен алушының арасындағы келiсiлген құн болып табылады.

Информация о работе Кәсіпорын капиталы және оның маңызы