Экономиканы қаржылық - бюджеттік реттеудің теориялық–әдіснамалық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 13:01, дипломная работа

Описание работы

Дипломдық жұмыстың міндеті бюджеттік саясатты жетілдіру, соның ішінде мемлекеттік бюджеттің шығыстарының ұлғаюы, олардың нәтижелілігі мен тиімділігін арттыру жөніндегі шараларды талдау арқылы бюджеттік үдерісті одан әрі жетілдіру, нәтижеге бағдарланған бюджеттендіру әдісін жүзеге асыру.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы нәтижеге бағдарланған бюджеттің қалыптасуы – бюджеттік ресурстарды басқару мен күтілетін түпкілікті (қорытынды) және тікелей нәтижелердің қоғамдық мәнділігі арасындағы тікелей өзара байланысты қамтамасыз ететін қаржылық –бюджеттік реттеу мен жоспарлаудың әдісі ретінде қолданысқа енгізу.

Содержание

Кіріспе
3

1
Экономиканы қаржылық - бюджеттік реттеудің теориялық–әдіснамалық негіздері


1.1Экономиканы қаржылық- бюджеттік реттеудің мақсаттары, қағидаттары және қызметтері

6

1.2Экономиканы қаржылық- бюджеттік реттеу әдістемесі
16

1.3 Қаржылық - бюджеттік реттеудің шетелдік тәжірибесі
22
2
Қазақстан Республикасының бюджеттік үрдістерінің ұйымдастырылуының тиімділігін талдау


2.1 Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің бюджет үрдісін іске асырудағы негізгі міндеттері мен бағыттарын талдау
30

2.2 Қазақстан Республикасы бюджетінің кірістерін талдау
38

2.3 Қазақстан Республикасы бюджетінің шығыстарын талдау
45
3
Қазақстан Республикасының экономиканы қаржылық– бюджеттік реттеу әдіснамасын жетілдіру


3.1Экономиканы бюджеттік - қаржылық реттеу механизмдерін жетілдіру жолдары
66

3.2Экономиканы қаржылық - бюджеттік реттеудегі кейбір мәселелер және оларды шешу жолдары
76


Қорытынды
86

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
88

Работа содержит 1 файл

МАЗМҰНЫ (Восстановлен).docx

— 4.94 Мб (Скачать)

екіншіден, салық саясаты  саласында Салық кодексіне бірқатар ставкаларды сақтау жөнінде өзгерістер енгізілді  (корпоративтік табыс  салығы 20% деңгейінде, пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық – 20%), нақты  ынталандыру шаралар көзделді. Салық  рәсімдері оңайлатылды, арнайы экономикалық аймақтар аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдарды корпоративтік  табыс салығы бойынша аванстық төлемдердің  есебін беру міндетінен босату жолымен  арнайы экономикалық аймақтар аумағында салық режимі жақсартылды[17].

Қазақстанның 2011 жылы әлеуметтік–экономикалық дамуының түйінді индикаторларын сипаттайтын статистикалық деректер үшіншікестеде келтірілген.

3-кесте – Қазақстан Республикасының 2009–2011 жылдарға арналған әлеуметтік – экономикалық дамуының түйінді индикаторлары

 

 

Көрсеткіштер атауы

Жылдар

2011 жылдың алдыңғы жылдарға  қатысты өзгерісі, %

2009

2010

2011

2009

2010

 

1

2

3

4

5

6

1

Жалпы ішкі өнім, млрд.теңге

16 052,9

17 007,6

21 647,7

134

127,2

2

Өнеркәсіптік өндіріс  көлемі, млрд.теңге

10 196,2

8 925,2

11 757,0

115,3

131,7

3

Ауыл шаруашылығы жалпы  өнімінің көлемі, млрд.теңге

1 384,2

1 620,3

1 441,0

104,1

88,9

4

Көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау, млн.тонна

2 188,7

2 104,3

2 430,1

111

115,4

5

Байланыс қызметтерінің  көлемі, млрд.теңге

415,5

441,4

477,0

114,8

108,1

6

Тұтыну бағасының индексі

-

-

-

-

-

7

Халық саны, мың адам

15 776,5

15 999,5

16 433,8

104,1

102,7

8

Орташа айлық атаулы жалақы, теңге

60 805,0

67 639,0

77 482,0

127,4

114,5

9

Экспорт, млн. АҚШ долл.

71 183,5

43 195,7

59 216,6

83,1

137,0

10

Импорт, млн. АҚШ долл.

37 889,0

28 408,7

29 760,0

78,5

104,7

11

Сауда балансының сальдосы, млн. АҚШ долл.

33 294,5

14 787,0

29 456,6

88,4

199,2

12

АҚШ долларына шаққанда теңгенің ресми айырбас бағамы:

-

-

-

-

-

13

жылдың аяғына

120,8

148,4

147,4

122,0

99,3

14

жылына орташа алғанда

120,3

147,5

147,4

122,5

99,9

Е с к е р т у - [19; 29] әдебиеттердің негізінде автормен құрастырылған


 

Үшінші кестеден байқалғандай, ЖІӨ көрсеткіші  2011 жылы  21647,7 млрд.теңгені құрап, 2009 жылмен салыстырғанда  5594,8 млрд.теңгеге , яғни 34 %-ға өсу өзгерісін көрсетті. Ал, 2010  жылмен  салыстырғанда 4640,1 млрд.теңге, яғни  27,2%-ға  ауытқуы байқалды.

Жалпы алғанда ҚР Статистика агенттігің және ҚР Қаржы министрлігінің  Кедендік бақылау комитетінің  статистикалық  деректеріне қарағанда  2011 жылдың  2009-2010 жылдарға қатысты өзгерісі өнеркәсіптік өндіріс көлемі, көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау, байланыс қызметтерінің көлемі, орташа айлық атаулы жалақы, экспорт, импорт, сауда балансының сальдосы көрсеткіштерінен оң қарқынын көрсетті.2011 жылы ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемінен 11,1%-ға, 179,3 млрд.теңге сомасына алдыңғы жылмен салыстырғанда кему ауытқуы байқалды.

Экспорт бойынша  2009 жылғы  мемлекеттік кіріс 71183,5 млн АҚШ доллар құраса, 2010 жылы 43195,7 млн АҚШ долларын құрап,  7987,8 млн АҚШ долларға кемігенін көрсеткен болатын. Ал 2011 жылы  2010 жылмен салыстырғанда 370%-ға, яғни 16020,9  млн АҚШ долларға өсуді байқатты.

Импорт көрсеткіші бойынша  мемлекеттік кіріс 2011 жылдың 2009 жылмен салыстырғанда ауытқуы 21,5%-ды көрсетіп, айтарлықтай кемуді байқатса, алдыңғы жылға қатысты өзгерісі 4%-ға, 1351,9 млн АҚШ долларына  өсі қарқынын көрсетті.

Берілген статистикалық  деректерге қарағанда сауда балансының сальдосы көрсеткіші бойынша  2009 жылы 33294,5 млн АҚШ долларын, ал 2010 жылы 14787,0 млн долларын құрап, салыстырмалы  өзгерісі айтарлықтай кемуді көрсеткен. 2011 жылы 29456,6 млн долларын құрады, 2009 жылмен салыстырғанда 12,4 % ға кемуді байқатса, 2010 жылмен   салыстырмалы түрде ауытқуы 99,1%-ды, 14669,6 млн АҚШ долларын құрап айтарылықтай өсу қарқынын көрсетті.

 

 

Сурет 6 – 2010 жылмен салыстырғанда 2011 жылғы республикалық бюджет түсімдерінің атқарылуы

 

Қаржы құралы ретінде алтынның инвестициялық тартымдылығын арттыру  үшін жағдайлар жасау мақсатында инвестициялық алтынмен жасалатын  операцияларды қосылған құн салығынан  босату жөнінде түзетулер көзделді.

Алтыншы суретте көрсетілген мәліметтерге қарағанда 2011 жылы республикалық бюджетке 3 729,2 млрд. теңге түсті немесе жоспарда бекітілген 3518 млрд.теңгеден 211,4 млрд. теңгеге асыра орындалған байқауға болады. 2011 жылғы түсімді 2010 жылмен салыстырғанда өсім 8,7%–ды немесе 300,5 млрд. теңгені құрады [18].

 

 

4 – кесте – Республикалық бюджет кірістерінің 2010–2011 жылдарға арналған көрсеткіштері

 

 

Көрсеткіштер

Жылдар

2011 жылдың алдыңғы жылғы  қатысты өзгерісі, %

2010

2011

млрд.теңге

   % 

млрд.теңге

    %

111 1

Салықтық түсімдер

1451,0

105,0

2083,6

110,4

143,5

222 2

Салықтық емес түсімдер

114,3

127,5

71,4

119,6

62%

33333333333333333333     3

Негізгі капиталды сатудан  түскен түсім

4,5

83,1

23,7

90,0

526,6

44444444 4

Трансферттер

1209,4

93,6

1447,5

100,5

119,6

 

Барлығы

2779,2

100,4

3626,2

106,2

130,4

Е с к е р т у - [18] әдебиеттің  негізінде автормен құрастырылған


 

Төртінші кестеде көрсетілгендей 2011 жылыреспубликалық бюджетке 3626,2 млрд. теңге сомасында кірістер түсті, оның ішінде салық түсімдері 2 083,6 млрд. теңгені немесе жоспарға 110,4%–ды құрады, салықтық емес түсімдер 71,4 млрд,теңгені, негізгі капиталды сатудан түскен түсім 23,7 млрд,теңгені, трнасферттер 1447,5 млрд, теңгені құрады. 2010 жылмен салыстырғанда өсім салыстырмалы жағдайларда 30,%–ды немесе 847,0 млрд. теңгені құрады.

Салықтардың негізгі түрлері (қосылған құн салығы, табиғи және басқа  ресурстарды пайдаланған үшін резервтер, кеден төлемдері) артығымен орындалды, оған елдің экономикасын дамытудың  оң серпіні, кеден одағына енуге  байланысты кедендік баждарды бөлу механизмін енгізу, мұнайға салынатын экспорттық кедендік баж түсімдерінің ұлғаюы, жоспарланғанға қарағанда қосылған құн салығын қайтару сомасының  төмендеуі және бір жолғы жоспарланбаған түсімдер әсер етті.

Корпоративтік табыс салығы және акциздер бойынша толық игеруге  қол жеткізілмеді. Мәселен, корпоративтік  табыс салығы 98,7 %–ға атқарылды. Жыл бойындағы қызмет нәтижелері бойынша 2011 жылы жекелеген салық төлеушілердің аванстық төлемдерді азайтуы есебінен резидент емес заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы бойынша жоспар атқарылған жоқ (87,9%).

Төлем көзінен ұсталатын  резидент емес заңды тұлғалардан  алынатын корпоративтік табыс салығы бойынша банктер тартатын инвестициялардың және сыйақы төлемдері көлемінің  азаюына байланысты банк секторы  бойынша («БТӘ Банкі» АҚ, «Қазақстан Халық жинақ банкі» АҚ) түсімдердің азаюынан жоспар 95,9%–ға атқарылды.

Акциздер бойынша түсімдер 66,2 %–ға атқарылды, бұл жекелеген акцизделетін тауарлар (фильтрлі темекілер, сыра және  автомобильдер) оның ішінде:

  • сыра бойынша импорт көлемінің қысқаруына өндіріс құрылымының өзгеруіне байланысты ішкі нарыққа қайта бағдарлау әсер етті;
  • жеңіл автомобилдерге берілетін акциздер бойынша жоспардың атқарылмауы 2010 жылғы 1 шілдеден бастап «Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған жеңiл автомобильдердi өткiзу мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 1 шiлдедегi № 682 қаулысы өз күшіне енуіне байланысты болды, оған сәйкес жеке тұлғалар кедендiк баждарды бiрыңғай ставка бойынша төлейді және «Жеке тұлғалар әкелетін жеке пайдалануға арналған тауарларға кедендiк баждардың, салықтардың бiрыңғай ставкаларын қолдана отырып, салынатын кедендiк баждар, салықтар»;
  • фильтрлі темекілерге салынатын акциздер бойынша жоспардың орындалмауына акциз ставкасының 1000 дана үшін 750 теңгеден 950 теңгеге дейін көтерілуі нәтижесінде алыс шетелден келетін импорт көлемінің төмендеуі әсер етті [20].

2012 жылғы 1 қаңтардағы  жағдай бойынша салықтар мен  төлемдер бойынша бересі 199,0 млрд. теңгені құрады. 2011 жылғы 1 қаңтармен  салыстырғанда бересі 98,7 млрд. теңгеге  артты. Оның 89,5 млрд. теңгесі «қолма–қол ақшаға айналдыратын» фирмалардың және жалған кәсіпорындардың қызметінің жолын кесу бойынша жүргізілген салықтық тексерулер нәтижелері бойынша түгел есептелді, салықтық тексеру актілері бойынша және жалған кәсіпорындар контрагенттерінің берген қосымша декларациялары бойынша 9,2 млрд. теңге жете есептелді.

2012 жылғы 1 қаңтардағы  жағдай бойынша жинақтаушы зейнетақы  қорларына міндетті зейнетақы  жарналары бойынша бересі 3,4 млрд. теңгені құрады.

2011 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда  30,0 %–ға немесе 1,0 млрд.теңгеге азайды.

Қазақстан Республикасының  мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борышының серпіні мен  құрылымы Республикада жалпы сыртқы борыштың өсу үрдісі сақталуда, 2011 жылы оның көлемі 119,2 млрд. долларды құрап, ЖІӨ–ге шаққандағы оның үлесі 81,2% болды, бұл ретте оның шекті мөлшері халықаралық стандарттарда қабылданған шамадан 21,2%–ға асып кеткен.  Жалпы сыртқы борыш құрылымында басқа секторлардың қарызы басым болып отыр.  2011 жылдың аяғында олардың көлемі 94,4 млрд. долларды немесе жалпы борыш көлемінің 79,2%–ын құрады. «Merrill Lynch International» және «JP Morgan Chase Bank» компанияларымен үкіметтік қарыздарды хеджерлеу мәмілелеріне байланысты шығыстарды қысқарту жүргізілмеген, соның салдарынан республикалық бюджет 2011 жылы 1,6 млрд.теңгеге зиян шеккен.

 

5- кесте – Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының 2011 жылдағы түсімдері және оны пайдалану

 

Көрсеткіштер атауы

Сомасы,млрд,тг

11

Есепті кезеңнің басындағы  Ұлттық қор қаражаты, барлығы:

4500,7

22

Түсімдер , барлығы

2407,7

 

мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін тікелей салықтар(жергілікті бюджеттерге есептелетін салықтарды қоспағанда)

2256,3

 

мұнай секторы кәсіпорындары  жүзеге асыратын операциялардан түсетін  басқада түсімдер(жергілікті бюджеттерге  есептелетін салықтарды қоспағанда)

16,7

 

ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерін сатудан түсетін  түсімдер

0,5

33

Ұлттық қорды басқарудан түсетін инвестициялық кірістер

134,2

44

Пайдалану барлығы

1204,0

 

кепілдік берілген трансферттер

1200,0

 

Ұлттық қорды басқаруға  және жыл сайынғы аудитті жүргізуге  байланысты шығыстарды жабу

4,0

55

Есепті кезеңнің аяғындағы  Ұлттық қор қаражаты, барлығы

5704,4

Е с к е р т у - [18] әдебиеттің негізінде автормен құрастырылған


 

Бесінші кестеде берілген мәліметтерге қарағанда Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтері 2011 жылда 2 407,7 млрд. теңгеге толықты және 2012 жылғы 1 қаңтарға 5 704,4 млрд. теңгені құрады. Бұл ретте 2009 жылмен салыстырғанда 2010 жылғы түсімдер 4,8%–ға өсті. Ұлттық қорға түсетін түсімдердің негізгі үлесін (93,7 %) мұнайға бағаның тұрақты жоғары деңгейде болуының арқасында мүмкін болған мұнай секторы ұйымдарынан тікелей салықтардың түсімі құрады[19].

 Қорытындылай келе  2011 жылы Қазақстан экономикасының өсуінің оң қарқыны байқалды. Экономиканың орнықты дамуына сыртқы конъюнктураны тұрақтандыру және әлемдік экономиканың жандануы аясындағы сыртқы факторлармен қатар, ішкі сұранысты кеңейту де, сондай–ақ экономикадағы іскерлік белсенділікті Үкіметтік қолдау мен дағдарыстан кейінгі даму базасын құру ықпал етті.

 

2.3 Қазақстан Республикасы бюджетінің шығыстарын талдау

 

Жетінші суретте көрсетілгендей республикалық бюджет шығыстары 2011 жылы 4 284,0 млрд. теңгені немесе жоспарға 99,1%–ды құрады, 2010 жылмен салыстырғанда есепті жылда 972,7 млрд.теңгеге көп жұмсалды [18].

 

 

Сурет7–2010–2011 жылдардағы республикалық бюджет шығыстарының атқарылуы

 

Шығыстардың жалпы сомасында  игерілмеген қалдық үлесі 0,9%–ды немесе 37,5 млрд.теңгені құрады, бұл 2010 жылмен салыстырғанда 22,6 млрд. теңгеге аз. 

Бұл ретте игерілмеген  сомаға жалпы мемлекеттік шығыстар бойынша пайдаланылмаған қалдық кіреді–бұл бөлінетін бюджеттік бағдарламалардың шешімдермен бөлінбей қалған 7,1 млрд.теңге көлеміндегі қаражаты (бюджеттер бойынша қолма–қол ақша тапшылығын жабуға 0,6 млрд.теңгені қоса алғанда, Үкімет резерві бойынша  – 3,6 млрд.теңге; өкілдік шығындары бойынша –3,0 млрд.теңге; техникалық – экономикалық негіздемелер әзірлеу және сараптау бойынша –  0,5 млрд.теңге) және   0,8 млрд.теңге шетел валюталарының бағамдары өзгеруіне байланысты үкіметтік борышқа қызмет көрсету бойынша, сондай–ақ 1,8  млрд.теңге – сомасында мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша үнемдеу.

Бұл ретте 10,4 млрд. теңге  Бюджет кодексіне сәйкес ағымдағы жылы төленетін жалғастырылып жатқан инвестициялық жобалар бойынша 2011 жылы тіркелген міндеттемелердің төленбеген бөлігі болып табылады.

Қалған 27,1 млрд. теңге бюджетті нақтылау кезінде Президенттің «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты жолдауында алдымызға қойған жаңа міндеттерге қайта бөлінді. Түгел игерілмеген бюджеттік қаражаттың болуының негізгі себептері сіздерге мәлім. Бұл – мемлекеттік сатып алу бойынша тендерлерді кеш өткізу, өнім берушілердің шарттық міндеттемелерін жосықсыз орындауы және орындалған жұмыстар актісін кеш ұсыну [17].

Информация о работе Экономиканы қаржылық - бюджеттік реттеудің теориялық–әдіснамалық негіздері