Экономиканы қаржылық - бюджеттік реттеудің теориялық–әдіснамалық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 13:01, дипломная работа

Описание работы

Дипломдық жұмыстың міндеті бюджеттік саясатты жетілдіру, соның ішінде мемлекеттік бюджеттің шығыстарының ұлғаюы, олардың нәтижелілігі мен тиімділігін арттыру жөніндегі шараларды талдау арқылы бюджеттік үдерісті одан әрі жетілдіру, нәтижеге бағдарланған бюджеттендіру әдісін жүзеге асыру.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы нәтижеге бағдарланған бюджеттің қалыптасуы – бюджеттік ресурстарды басқару мен күтілетін түпкілікті (қорытынды) және тікелей нәтижелердің қоғамдық мәнділігі арасындағы тікелей өзара байланысты қамтамасыз ететін қаржылық –бюджеттік реттеу мен жоспарлаудың әдісі ретінде қолданысқа енгізу.

Содержание

Кіріспе
3

1
Экономиканы қаржылық - бюджеттік реттеудің теориялық–әдіснамалық негіздері


1.1Экономиканы қаржылық- бюджеттік реттеудің мақсаттары, қағидаттары және қызметтері

6

1.2Экономиканы қаржылық- бюджеттік реттеу әдістемесі
16

1.3 Қаржылық - бюджеттік реттеудің шетелдік тәжірибесі
22
2
Қазақстан Республикасының бюджеттік үрдістерінің ұйымдастырылуының тиімділігін талдау


2.1 Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің бюджет үрдісін іске асырудағы негізгі міндеттері мен бағыттарын талдау
30

2.2 Қазақстан Республикасы бюджетінің кірістерін талдау
38

2.3 Қазақстан Республикасы бюджетінің шығыстарын талдау
45
3
Қазақстан Республикасының экономиканы қаржылық– бюджеттік реттеу әдіснамасын жетілдіру


3.1Экономиканы бюджеттік - қаржылық реттеу механизмдерін жетілдіру жолдары
66

3.2Экономиканы қаржылық - бюджеттік реттеудегі кейбір мәселелер және оларды шешу жолдары
76


Қорытынды
86

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
88

Работа содержит 1 файл

МАЗМҰНЫ (Восстановлен).docx

— 4.94 Мб (Скачать)

Данияда қызмет тиімділігін  басқарудың бірінші құралы нәтижелі келісім–шарт болды. 1992 жылы енгізілген нәтижелі келісім–шарттар – бұл нысаналы көрсеткіштерді және белгілі бір кезеңде талап етілетін нәтижелерді белгілейтін министрліктер мен мемлекеттік органдар арасындағы жазбаша келісім. Мемлекеттік органдардың нәтижелі келісім–шарттары саяси басымдықтар мен миссиялар тұжырымдамасының негізінде жасалады. Нысаналы көрсеткіштер министрліктер мен ұсыныс жобаларын жасайтын оларға бағынышты органдар арасында келісіледі.

Нәтижелік келісім–шарттар үлгісі жөнінде міндетті талаптар болмайды, осының орнына келісім–шарттарды жалпы шегін беретін басшылық ережелер бар. Басқа құралдар өлшенетін және қол жететін көрсеткіштерді белгілеуге көмектеседі.

Нәтижелі келісім–шарттарда төменгі көрсеткіштер мен міндеттемелерді орындамаулар үшін санкция жазылмаған. Бірақ келісілген еңбек ақы келісім–шарттық міндеттемелерді орындау үшін айқын ынталандыру көрсетеді. Нәтижелік келісім–шарттар әдетте төрт жылдық мерзімге жасалады және басымдықтарда өзгерістерді көрсету немесе ресурстардың болуы үшін жыл сайын қайта қаралуы мүмкін.

Басшылармен нәтижелік келісім–шарттар – бұл Министрліктің тұрақты хатшысы мен тәуелді мемлекеттік органның бас директорының арасындағы бір жылдық келісім.

Тұтастай алғанда, нәтижелерге  бағдарланған бұл жүйені енгізу жөніндегі  стратегия Дания үшін өте табысты  болды. Қазіргі уақытта әрбір  министр және оған бағынысты мемлекеттік  орган қызметтің тиімділігін  бағалау жүйесін басқару жүйесінің  ажырамайтын бөлігі ретінде пайдаланады [10].

Жоғарыда айтылғандарға қарай отырып, НББ енгізу мен жетілдіру жөніндегі әлемдік тәжірибе бұл көзқарастың келесідей құндылықтарын бөліп көрсетуге мүмкіндік береді:

  • бюджеттік қаражат шығындарының түрлері бойынша емес, бағдарлама немесе стратегиялық мақсаттар бойынша бөлінеді;
  • бағдарламалар заң шығарушы органдармен келісілген жалпы мақсаттар мен стратегиялық басымдықтарға негізделеді;
  • бюджеттік қаражаттарды министрліктер мен ведомстволардың пайдалануына бақылау бөлінген қаражаттарды мақсаты пайдалануға сыртқы бақылауды шығыстардың тиімділігіне министрліктердің ішкі бақылауына ауыстырылады.
  • НББ жеке салдарды, қабылданатын шешімдердің тиімділігін ескереді, қойылған мақсаттарға жетудің балама амалдарын салыстыруға және дамудың әр түрлі сценарийлерін іске асыру мүмкіндігін ескере отырып ұтымды шешімді таңдауға мүмкіндік береді.
  • министрлік шенеуніктері олардың алдына қойылған бағдарламаларға қол жеткізу құралын таңдауда үлкен еркіндікке ие, атап айтқанда олар шығыстардың әр түрлі баптарының арасында оларға бөлінген сметалардың шегінде қаражаттарды қайта бөлуге құқық алады. Осымен бірге олардың түпкілікті нәтижеге жауаптылығы күшейтіледі.
  • бюджет жобасы заң шығарушы органға мемлекеттік шығыстар саясаты мен үкіметтің саяси мақсаттары арасындағы байланысты анық бақылауға мүмкіндік беретін нысанда ұсынылады.

Сонымен, экономиканы қаржылық – бюджеттік жоспарлау және реттеуде шетелдерде жүзеге асырылып, сан жылдық тәжірибеден өткен нәтижеге бағытталған  бюджеттендіру әдісін  жүзеге асыруды  алдағы уақыта жетілдіре беру  керек  деп ойлаймыз.

 

 

 

 

 

 

  1. Қазақстан Республикасының бюджеттік үрдістерінің  ұйымдастырылуының тиімділігін талдау

 

2.1 Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің бюджет үрдісін іске асырудағы негізгі міндеттері мен бағыттарын талдау

 

Қазақстан Республикасы Қаржы  министрлігі басшылықты, сондай–ақ заңнамада көзделген шекте өзінің құзыретіне жатқызылған қызмет саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай–ақ осы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Министрлік мемлекеттік  мекеменің ұйымдық–құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай–ақ заңнамаға сәйкес Министрліктің қазынашылық органдарында шоттары және Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде, Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда өзге де шоттары болады.  Министрлік азаматтық–құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

Министрліктің, егер ол заңнамаға  сәйкес осыған уәкілетті болса, мемлекеттің  атынан азаматтық–құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.Министрліктің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен ғана жүзеге асырылады.

Министрлікке өзінің функциялары  болып табылатын міндеттерді  орындау тұрғысында кәсіпкерлік  субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Министрлікке заңнамалық актілермен пайда алып келетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен түскен табыс республикалық  бюджеттің кірісіне бағытталады.

Министрліктің негізгі міндеттері салық, кеден және бюджет саясатының негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар  әзірлеу, республикалық бюджетті және өз құзыреті шегінде жергілікті бюджеттерді, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің есебі негізінде Қазақстан Республикасының  Ұлттық қорын атқару жөнінде бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу  мен мемлекеттік қаржылық статистиканы атқару, жүргізу бюджеттік есептілікті жасау, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсу, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстау мен аударудың және әлеуметтік аударымдарды есептеу мен төлеудің толықтығы мен уақтылылығын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының салық саясатын іске асыруға қатысу, өз құзыреті шегінде экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, салық заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету болып табылады[11].

Министрлік өз құзыретi шегiнде  нормативтік құқықтық кесiмдердің  жобаларын әзiрлеудi және дайындауды (немесе қабылдауды) қамтамасыз етеді. Қаржы секторының қалыптасып, дұрыс  қызмет жасауына тікелей әсер етуші  қаржы ұйымдарының қызметін бақылауда  қаржылық шараларды іске асырудан кейінгі  қаржылық бақылау есептерді және баланстарды талдауы, сонымен қатар  тексерулер және ревизиялар арқылы жүзеге асырылады. Бұл құбылыс барысында  қаржылық операцияның заңдылығы  тексеріледі. Соған сәйкес қаржы  саласындағы қызмет етуші субъектілердің ара – қатынасын барынша тиімді басқаруға негізделген тиісті нормативтік  актілерді шығарып,  сол заңнаманың жүзеге асырылуын үнемі қадағалап  отыруға тиіс. 

Қаржылық бақылаудың мақсаты  – қаржылық міндеттемелердің сапасыз  өтелуін және қаржылық құқықбұзушылықтардың болғанын анықтау және бақылау нәтижесін  негізге ала отырып шешім қабылдап, жұмысты неғұрлым жемісті болдыру. Мұндағы Министрліктің бақылауға  қатысуы мамандандырылған бақылау, яғни мемлекеттің арнайы мамандандырылған органдарымен атқарылатын бақылау. Мысалы, Қаржы Министрлігінің, ҚР Ұлттық Банктің, Қаржы Нарығын реттеу Агенттігінің және т.б. бақылауы.

Сонымен қатар, қаржылық бақылау  ішкі (ішкі ведомствалық) және сыртқы (ведомства  үсті) болып бөлінеді.

Ішкі бақылауда  бақылаудың субъектісі және объектісі ұйымдастырушы  жүйенің бір буыны болады.  Мысалы, Министрлік өзіне бағынышты  кәсіпорынның қаржылық операцияларын  тексереді.

Сыртқы бақылау бағынышты  емес ұйымдастырылған объектілерге байланысты атқарылады.  Мысалы, Қаржы  Министрлігі Ауылшаруашылық Министрлігінің қарамағындағы кәсіпорынды тексереді.

Министрлік өзіне жүктелген  міндеттерге сәйкес заңнамада белгіленген  тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:

  • бюджетке түсетін түсімдерді болжау және мемлекеттік бюджетке түсетін кіріс түсімдері саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен басымдықтарын анықтау; 
  • бюджеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді;
  • бюджеттік жоспарлау жүйесінің жұмыс істеуін әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
  • Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын, оны жасау тәртібін, бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің құрылымын әзірлейді және бекітеді;
  • мемлекеттік мекемелердің билігінде қалған тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін түсімдер мен ақша шығыстарының болжамын жасау нысанын белгілейді;
  • 3 жылға арналған бюджеттік өлшемдерді болжамдауды әзірлеу бөлігінде республиканың әлеуметтік–экономикалық даму болжамын әзірлеуге қатысады;
  • салық, кеден және бюджет саясатын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
  • Республикалық бюджет комиссиясының қызметін ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
  • бюджет түсімдерін болжамдау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
  • министрліктің құзыретіне енетін мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастық;
  • мемлекеттік сатып алу саласында және халықаралық ынтымақтастық аясында стратегиялық бағдарламалық құжаттарды әзірлеу;
  • мемлекеттік сатып алу, бюджеттік жоспарлау, республикалық және жергілікті бюджеттердің, бухгалтерлік және бюджеттік есепке алудың, қаржылық және бюджеттік есептіліктің атқарылуы саласында, кеден ісі, мемлекеттік меншік мониторингі саласында салааралық үйлестіру және әдіснамалық басшылық ету;
  • Министрліктің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау;
  • республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатын пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін бақылау; 
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаттарын пайдаланған кезде бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу және жол бермеу;
  • республикалық бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру;
  • есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және мемлекеттік қаржылық бақылау органдарына ұсыну, есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті Қазақстан Республикасының Парламентінде қарау кезінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жұмысын үйлестіруді қамтамасыз ету;
  • міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, республикалық бюджет бойынша түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасау, бекіту және жүргізу;
  • жылдық сомаларды қоса алғанда түсімдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер жөніндегі қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
  • мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттер бойынша тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы, демеушілік және қайырымдылық көмектен түскен ақшаның түсуі мен жұмсалуы туралы есептерді жасау;

Республикамыздың негізгі, әрі мәнді саласы қаржы саласында  қызмет жасаушыҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі, ҚР Ұлттық банкi тектес атқарушы органдар жүйесіндегі орны Министрліктің атқаратын функциялары мен негізгі міндеттерінен–ақ айқындалады. Оған дәлел Министрліктің мемлекеттiк бюджеттiң атқарылуын, мұнда  тиiсті қаржы жылына арналған республикалық бюджет, бюджетке өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы заңдардың жобаларын әзiрлеуге қатысады. Мемлекеттің өмір сүруінде бюджеттің алатын рөлі ерекше.

 

 

Сурет 4– Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің басшылық құрылымы

 

Төртінші суреттен байқағанымыздай  министрлікті Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министр басқарады [11]. Министрдің Қазақстан Республикасының Үкіметі Министрдің ұсынымы бойынша қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары (вице–министрлер) болады.  Министр Министрліктің басшылығын жүзеге асырады және Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуы және өз функцияларының жүзеге асырылуы үшін дербес жауап береді.

 

 

Сурет 5–  Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің комитеттері

 

Бесінші суретте көрсетілгендей Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi өзіне жүктелген міндеттерді атқару және ҚР – ғы қаржы саласын ұйымдастырып, реттеп және бақылау қызметтерін, құзыретіне жатқызылған қызмет саласында салааралық үйлестiрудi жүзеге асыруды неғұрлым тиімдірек, нақтырақ, жедел, жүйелі әрі нәтижелі түрде басқару мақсатында келесідей арнайы мамандандырылған органдар құрған [11].

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң  Салық комитетiөз құзыретi шегiнде салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсуiн, мiндеттi зейнетақы жарналарының және Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың толық және уақтылы аударылуын қамтамасыз ету саласындағы iске асырушылық және бақылау–қадағалау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң ведомствосы болып табылады.

Комитет өз қызметiн ҚР Конституциясына және заңнамаларына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтік құқықтық кесiмдерге, сондай–ақ ҚР Қаржы министрлiгiнің Салық комитетi туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Жалпы атап өткеніміздей Республиканың өмір сүруінде салықтардың алатын орны ерекше. Бұл сипатқа бюджет түсімдерінің 90% – н аса бөлігі ҚР –  ғы 9 салық түрінен қамтамасыз етіледі.

Комитетке мемлекетпен жүктелген  тағы бір оның құзыреттілігін анықтайтын, маңыздылығын ашатын міндеттердің бірі «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiнде (Салық кодексiнде) белгiленген тәртiпте салық бақылауын жүзеге асыру болып табылады.

Салықтық бақылау дегеніміз  – салық қызметі органдарының салық заңнамасының орындалуын, салықтар мен бюджетке төленетін басқа  да міндетті төлемдердің толық және уақытылы төленуін, Қазақстан Республикасының заңнамаларының қадағалануын, жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті аударымдардың толық және дер кезінде аударылуын бақылауын айтады.Салық заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасында мынадай тоғыз салық түрлері бар: корпоративтік табыс салығы, жеке табыс салығы, қосылған құнға салынған салық, мүлік салығы, әлеуметтік салық, көлік салығы, жер салығы, жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы салықтары және акциз салығы. Ал міндетті төлемдерге: жер учаскесін, жануарлар дүниесін, орман қорды пайдаланғаны, қоршаған ортаны ластағаны үшін және кеден төлемдері: кеден бажы, кедендік рәсімдеу, тауар сақтағаны үшін кедендік, кедендік шығарып салу, алдын – ала шешім үшін  және т.б. алымдары бар.

Жалпы салық салу саласында  мемлекеттің салықтық саясатта қолданатын мынадай типтері бар:

  • максималды, мұнда мемлекет мүмкіншілігінше бюджет кірістерін көбейтуге тырысады, бұның  артықшылықтарына қарағанда кемшіліктері басымырақ деп түсінемін, себебі мемлекет бюджет кірісін көбейту мақсатында салықтар көлемін неғұрлым жоғарлатса, соғұрлым халыққа салық төлеуден түсетін ауыртпалық та жоғарлайды, нәтижесінде салықтан жалтарып түрлі заңбұзушылықтардың туындау мүмкіндіктері артады, ал бұл біздің алға қойған мақсаттарымызға жетуге көптеген кері әсерін тигізеді;
  • минималды, мұнда мемлекет салық жеңілдіктерін барынша арттыруға тырысады, мұның да өзіне тән кемшіліктері аз емес, оған дәлел салық жеңілдіктерінің артуы халыққа ыңғайлы болғанымен мемлекеттік бюджетке келіп түсетін түсімдердің көлемі азайып, нөлге теңесуі мүмкін, ал бұл орын алған жағдайда бюджетте қаржы тапшылығы салдарынан тек алға қойылған мақсаттарға жетуді қаржыландыру қиыншықтары ғана туындап қоймай, жалпы мемлекеттің өмір сүруін тоқтатуы әбден мүмкін. Жақында үкіметпен қабылданған шағын және орта бизнес саласындағы тұлғалардың мүлкінен басқа жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын мүлік салығына айтарлықтай жеңілдіктер берілуі мемлекеттің салықтардан табатын табыс мөлшерін азайтатыны сөзсіз, бұл шешімнің қабылдануы себепші болып отырған бірден – бір жайт ол – мемлекетімізде  соңғы жылдары орын алып отырған бюджет профициті.

ҚР Президентінің халыққа  жолдауында көтерген бағалы қағаздар нарығын дамыту және жинақтаушы зейнетақы  қорындағы ақша – қаражаттарын тиімді әрі дұрыс салаларға шоғырландыру  мәселелері де осыдан келіп туындайды, ал бұл мәселеге байланысы Министрліктің  алатын орны мемлекеттік орган ретіндегі  қаржы саласын реттеуші, бақылап  – қадағалаушы, аталған мәселелерге  байланысты бағдарламалардың жасалуына  қатысып, олардың жүзеге асырылуына ат салысушы функциялары мен міндеттерін  атқарумен сипатталады;

Информация о работе Экономиканы қаржылық - бюджеттік реттеудің теориялық–әдіснамалық негіздері