Экономиканы қаржылық - бюджеттік реттеудің теориялық–әдіснамалық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 13:01, дипломная работа

Описание работы

Дипломдық жұмыстың міндеті бюджеттік саясатты жетілдіру, соның ішінде мемлекеттік бюджеттің шығыстарының ұлғаюы, олардың нәтижелілігі мен тиімділігін арттыру жөніндегі шараларды талдау арқылы бюджеттік үдерісті одан әрі жетілдіру, нәтижеге бағдарланған бюджеттендіру әдісін жүзеге асыру.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы нәтижеге бағдарланған бюджеттің қалыптасуы – бюджеттік ресурстарды басқару мен күтілетін түпкілікті (қорытынды) және тікелей нәтижелердің қоғамдық мәнділігі арасындағы тікелей өзара байланысты қамтамасыз ететін қаржылық –бюджеттік реттеу мен жоспарлаудың әдісі ретінде қолданысқа енгізу.

Содержание

Кіріспе
3

1
Экономиканы қаржылық - бюджеттік реттеудің теориялық–әдіснамалық негіздері


1.1Экономиканы қаржылық- бюджеттік реттеудің мақсаттары, қағидаттары және қызметтері

6

1.2Экономиканы қаржылық- бюджеттік реттеу әдістемесі
16

1.3 Қаржылық - бюджеттік реттеудің шетелдік тәжірибесі
22
2
Қазақстан Республикасының бюджеттік үрдістерінің ұйымдастырылуының тиімділігін талдау


2.1 Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің бюджет үрдісін іске асырудағы негізгі міндеттері мен бағыттарын талдау
30

2.2 Қазақстан Республикасы бюджетінің кірістерін талдау
38

2.3 Қазақстан Республикасы бюджетінің шығыстарын талдау
45
3
Қазақстан Республикасының экономиканы қаржылық– бюджеттік реттеу әдіснамасын жетілдіру


3.1Экономиканы бюджеттік - қаржылық реттеу механизмдерін жетілдіру жолдары
66

3.2Экономиканы қаржылық - бюджеттік реттеудегі кейбір мәселелер және оларды шешу жолдары
76


Қорытынды
86

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
88

Работа содержит 1 файл

МАЗМҰНЫ (Восстановлен).docx

— 4.94 Мб (Скачать)

Пайдаланылу сипатына байланысты салықтар жалпы бағыттағы және белгілі мақсаттағы болып бөлінеді. Жалпы бағыттағы салықтар бюджетке түскеннен кейін белгілі бір шараны жүзеге асыру мақсатыңда емес, басқа салықтармен араласып кетеді. Керісінше, мақсатты салықтар белгілі бір нақты шараларды іскеасыру үшін пайдаланылады. Мысалы әлеуметтік салықты айтуға болады.

Бюджет тапшылығын қаржыландыру әдісі – оны жабу үшін қосымша ақшалай қаражаттарды іздестіру болып табылады.  Бюджет тапшылығын қаржыландырудың жолдары:

  1. Ақша белгілерін шығару. Бұл жол теріс әлеуметтік – экономикалық салдарлары болатын инфляцияға жеткізеді. Өз кезегінде ақша эмиссиясы айналысқа ақша белгілерін тікелей шығаруда да, жанама түрде мемлекеттік  бағалы қағаздар  шығару және оларды коммерциялық банктерге өткізу арқылы  да тұлғалануы  мүмкін, коммерциялық банктер өзінің  резервтерін  көбейтеді және банктік мультипликатордың арқасында айналыстағы ақшаның санын көбейтеді;
  2. Мемлекеттік қарыздар. Бұл жағдайда қаржыландыруға бос ақшалай қаражаттары бар компаниялар, банктер және т.б. қатысады;
  3. Шетелдік қарыздар. Оларды  Бүкіләлемдік  валюта қоры, басқа халықаралық қаржы ұйымдары, үкіметтер, банктер береді;
  4. Ұлттық байлықты пайдалану. Бұл ретте мемлекет басқа субъектілерге өзінің активтерін сатады;

Бюджет тапшылығын қаржыландыру қарыз алу және бюджеттік қаражаттардың  пайдаланылатын қалдықтары есебінен бюджет тапшылығын жабу жолымен қамтамасыз етіледі. Оның көлемі алынған қарыздар сомасының,  бюджеттік қаражаттар қалдықтары сомасының қарыздар бойынша  негізгі борышты  өтеу сомасынан  асып түсуі ретінде айқындалады. Бюджет тапшылығын қаржыландыру мәні оң белгімен белгіленеді және бюджет тапшылығының шамасына сәйкес келеді.

Бюджет тапшылығы экономиканың жай – күйін бейнелеп көрсетеді, ал оның болуы мына себептерге байланысты:

  • елдің экономикасында өндірістің жалпы құлдырауы;
  • қоғамдық өндіріс шығындарының өсуі;
  • айналысқа тауар жиынымен жабылмайтын ақшаны шектен тыс шығару;
  • бюджеттің шығыстарында экономиканың  даму деңгейіне сәйкес келмейтін едәуір әлеуметтік шығыстардың басымдығы;
  • әскери–өнеркәсіп  кешенін ұстауға жұмсалатын әскери шығыстарды, басқару шығыстарын қаржыландырудың қомақты ауқымы;
  • «көлеңкелі» экономиканың ірі ауқымды айналымы;
  • ұлттық шаруашылықтағы өнімсіз шығыстар мен ысыраптар.

Ақша эмиссиясы есебінен бюджет тапшылығын жабуға болмайды. Бюджет тапшылығын жабудың негізгі нысандары мыналар болып табылады:

  • мемлекеттік қарыздар шығару;
  • кредиттік ресурстарды пайдалану;

Әлемдік тарихтың барысы бюджет тапшылығы жалпыға ортақ құбылыс  екенін дәлелдейді. Онымен іс жүзінде барлық мемлекеттер қақтығысады. Дамыған елдерде бюджеттерде тапшылық 30 жылдардан  бастап жоспарлана бастады. Сонымен бірге тапшылықтықаржыландыруға  ұдайы өндіріс үдерістерін реттеудің белсенді тетігінің мәртебесі берілді, бұл салада белгілі бір ережелер мен тапшылықты басқару механизмдерін жасауға мүмкіндік берген ғылыми–практикалық зерттемелер жүргізілді. Бюджет тапшылығын жою салықтық және салықтық емес кірістердің көлемін көбейту, сонымен бірге инфляциялық емес және эмиссиялық емес көздер есебінен, соның ішінде халықтың бос ақшаларын тарту  жолымен жүзеге асырылуы тиіс. Түрлі деңгейлер бюджеттерін баланыстаудың ішкі резервтерін толық пайдалану сыртқы рынокта қарыз қаражаттарының көлемін, мемлекеттік борышты және қызмет көрсету шығыстарын қысқартуға мүмкіндік туғызады.

Әлемдік тәжірибеде тап өңірлік  және жергілікті деңгейдегі балансталған бюджет макроэкономикалық тұрақтылықтың  шешуші факторы болып табылады. Салықтардың  мөлшерлемелерін көбейту бюджет тапшылығын қаржыландырудың әдісі емес, оны қысқартудың амалы болып табылады.

Мемлекеттік қаржылық реттеу проблемасының  екінші жағы бюджеттен  қаржыландыруды пайдалану тиімділігінің  дәрежесі болып табылады.

Қазақстан Республикасының  Ұлттық қорына қаражаттарды аударудың  жаңа механизмі енгізілді. Ұлттық қордың қойылған міндеттерін тиімді іске асыру мақсаттарында оңтайлы дүниежүзілік тәжірибені ескере отырып баланстандырылған бюджеттік әдіс әзірленді.

Үшінші суреттегідей бұл әдіске сәйкес мұнайлық кірістерден түсетін түсімдер түгелдей Ұлттық қорға бағытталатын болды.[2,264б] Ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға жұмсалатын шығыстар экономиканың мұнайлық емес бөлігінен республикалық  бюджетке аударылытын аударымдар есебінен қаржыландырылады, ал дамудың бюджеттік бағдарламаларына жұмсалатын  шығыстарды қаржыландыру Ұлттық қордан алынатын кепілденген трансферттер есебінен жүзеге асырылады, бұл ретте бюджеттің шығыс бөлігінің белгілі бір үлесі, соның ішінде белгіленген шектеулер шеңберіндегі қарыз алу (ішкі және сыртқы) есебіне  жабылуы мүмкін.

 

Мұнайлық түсімдер

Үкіметтік қарыз  алу

Мұнайлық емес түсімдер



 

Ағымдағы бюджеттік бағдарламалар  бойынша  мұнайлық емес профцитті  жоспарланған жағдайда


5 жылдағы орташа жылдық тапшылық (ІЖӨ–нің кемінде 1%)



 

 



Ұлттық

қор


Ағымдағы бюджеттік  бағдарламалар


Даму бағдарламалары


Кепілдік берілген трансферт, мах=33.3%



 



 

Республикалық бюджеттің  шығыстары



 

 

 

Сурет 3 –  Баланстандырылған бюджеттік әдістің іс–әрекеті

 

Қаржылық реттеудің басты  мазмұны фискалдық саясатты –  бюджеттік (мемлекеттің шығыстары) және салықтық саясатты жүргізуді қамтамасыз етуде затталады. Тікелей қаржылық реттеудің үдерісін жүргізе отырып, ұлттық табыстарға кәсіпорындардың, өңірлердің үлесін көбейту немесе азайту арқылы мемлекет олардың дамуын көтермелеп немесе шектеп отырады. Бюджеттік қаражаттарға аса зерек өндірістік емес сфераның жай – күйі  осындай тәртіппен реттеледі.

Мемлекеттік қаржылық реттеу тұтқаларының ішінде салықтарға аса маңызды орын беріледі. Салықтық реттеу кәсіпорындар мен халықтың экономикалық белсенділіктегі ынталығын қамтамасыз етуге арналған. Салықтардың көмегімен рентабелділіктің деңгейі мен кәсіпорындардың қарамағында қалатын ақшалай қорланымдардың көлемі реттеліп отырады.    Мемлекеттiң экономиканы реттеуге, салық саясатын жүргiзуге қатысуы сальқ ставкасы, салық өкеiлдiгi, салық базасы және осы сияқты салық кұралдарының көмегiмен жұзеге асырылады. Мемлекеттің жүзеге асырып отырған салық саясатының нәтижесiнен, мемлекеттiң өзiнiң экономикалық саясатына қандай өзгерiстер енгiзу қажеттiлiгi анықталады.

Бюджеттің кірістерін көбейтуге  және шығыстарын  қысқартуға, бюджет тапшылығын реттеуге, басқа экономикалық дағдарысқа қарсы шаралардың жиынтығында нысаналы басқаруға бағытталған шараларды әзірлеу және дәйекті іске асыру мемлекеттің қаржы жағдайын тұрақтандыруға  жағдай жасайды, оның әлеуметтік–экономикалық дамуына жәрдемдесетін  болады.Сонымен бірге экономика мемлекеттік қаржылық ықпал жасаудың бәрін тегіс қамти алмайды. Ол, әдетте, өлшеулі және экономиканы реттеудің қосымша нысандары мен әдістерін қажет етеді [7, 156б].

Бюджеттік реттеудің отандық  практикасында реттеу механизіміне бюджеттік субвенциялар мен бюджеттік  алынымдар жатады және олар жалпы  сипаттағы трансферттер болып табылады.

Бюджеттік субвенциялар –  жоғары бюджеттерден төменгі бюджеттерге  республикалық немесе облыстық бюджетте бекітілген сомалар шегінде берілетін  трансферттер. Бюджеттік алынымдар  республикалық немесе облыстық бюджетте бекітілген сомалар шегінде төменгі  бюджеттерден жоғары бюджеттерге берілетін  трансферттері болып табылады. Секвестор – бюджет қаражаттарын жұмсауға белгілі бір шектерде тиым салуды көздейтін арнайы тетік, ол бюджетті атқару кезінде бекітілген бюджетке түсетін түсімдер қысқартылған, соның нәтижесінде бекітілген бюджеттік бағдарламаларды толық көлемде қаржыландыру мүмкін болмайтын жағдайда енгізіледі.  Жалпы сипатағы трансферттердің  көлемі абсолюттік мәнімен жылдар бойынша бөліне отырып, үш жылдық кезеңге:

  • республикалық бюджет пен облыстық, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің арасында – Қазақстан Республикасы заңымен;
  • облыстық бюджет пен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің  арасында -облыстық мәслихаттың шешімімен белгінеді.

Жалпы сипаттағы трансферттердің  көлемдері әрбір үш жыл сайын  өзгертілуге жатады. Жалпы сипаттағы  трансферттер бюджеттің әрбір деңгейі үшін Салықтық кодексте бекітілген шығыстардың  бағыттарына сәйкес мемлекет кепілдендірілген қызметтерді ұсыну  үшін өңірлердің бюджеттік қамтамасыз етілу деңгейін теңестіруге және тең фискалдық мүмкіндікдерді қамтамасыз етуге  бағытталған. Жалпы сипаттағы трансферттерді айқындау кезінде өңірдің  салықтық әулеті, өңірдегі мемлекеттік қызметтерді тұтынушылар саны,  мемлекеттік қызметтердің бекітілген стандарттары және осы немесе өзге өңірдің өзіндік ерекшелігіне қарай мемлекеттік қызметтерді ұсыну бойынша шығыстарға әсер ететін факторлар ескеріледі. Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі тиісті жергілікті бюджеттің кірістері(трансферттерді шегергенде) мен шығындарының болжамды көлемдері арасындағы айырма ретінде айқындалады. Жалпы сипаттағы трансферттерді аудару тәртібі мен кезеңділігін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. Қаржылық реттеме жүйесінің элементтері – түрлері, нысандары, әдістері – қабылданған бағытта экономиканың үйлестірілген тұрақты дамуын қамтамасыз етуге жәрдемдесуі тиіс. Рынок жағдайында реттеменің жанама әдістеріне көп көңіл бөлінеді. Мемлекет шаруашылық үдерістердің барлық қатысушылары үшін қызметтің ортақ шарттары мен ережелерін, қызметтің басым сфералары үшін олардың преференциалдықтарын (жеңілдіктерін) белгілейді; бұл салықтар, олардың мөлшерлері, қаражаттар аударымдарының мөлшерлері, субвенциялар, жеңілдіктер, тарифтер, тіркелген бағалар, ақша – кредиттік, валюталық, кедендік және әлеуметтік реттеменің нормативтері. Ықпал жасаудың осы негізгі индикаторларының негізінде сұраным мен ұсыным сәйкестігінің сипатымен ұсынылатын реттеудің қайтама, рыноктық бағдарланған элементтері қалыптасады: еркін бағалар, кредиттер үшін пайыздық мөлшерлемелер, валюталық бағам, түрлі қорларды қалыптастырудың және шаруашылық жүргізуші субъектілерде оларды пайдаланудың нормативтері [8, 169б].

Реттеменің жанама элементтерінің іс–әрекеті әсіресе дамудың белгіленген курстан едәуір ұнамсыз ауытқулары кезінде мемлекет тарапынан тура, директивалық әдістерімен толықтырылуы мүмкін.

Қолданылатын  элементтер - реттеуіштер бірыңғай экономикалық  механизмде күрделі өзара байланыста іс – әрекет етеді. Сондықтан мемлекет қаржылық, ақшалай–кредиттік саясатты белгілей отырып, қоғамның экономикалық жағдайы мен әлеуметтік жай – күйін мұқият ескеруі және экономикалық–әлеуметтік мүдделерге ықпал етудің белгілі бір түрлерін, нысандарын және әдістерін таңдау кезінде қоғамдық дамудың стратегиялық және оперативтік мақсаттарын дұрыс анықтауы тиіс. Сан алуан жанама, сондай–ақ тура нысандар мен әдістерді қолдана отырып, әлеуметтік–экономикалық үрдістерге  ықпал жасау олардың қаржылық түрлерін  кіріктіреді. Бұлайша ықпал етудің мақсаты - ұлттық шаруашылықтың эволюциясын қамтамасыз ету, бұл әлеуметтік–экономикалық  жүйенің жұмыс істеуінің белгілі бір уақыт кезеңдерінде әлеуметтік сфераны дәйекті бұлжытпай орындау.

Қорытындылай келе экономиканы  қаржылық – бюджеттік реттеудің  әдіснамасы дегеніміз бюджет ташылығын  қаржыландыру, шығындарды мөлшерлеуді  және салық арқылы әдістерінің , сонымен қатар жалпы сипаттағы трансферттер, бюджеттік алынымдар, бюджеттік субвенция негізіндегі жанама әдістерінің жиынтығы болып табылады.

 

    1. Қаржылық – бюджеттік реттеудің шетелдік тәжірибесі

 

2007 жылдың 26 желтоқсанында  Үкімет Қаулысымен №1297 «Нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесін енгізу жөніндегі тұжырымдама» бекітілді. Бұл тұжырымдама Қазақстандағы нәтижелерге бағдарланған бюджеттеуді енгізудің негізгі принциптері мен бағыттары қарастырылды. Нәтижелерге бағдарланған бюджеттеу жағдайында мемлекеттік органдардың бюджеттік міндеттерді орындауда жауапкершілігі күшейді, мемлекеттік бюджеттік қаржыларды бөлуде қабылданған шешімдердің негізделуі, олардың қабылдаған бюджеттік шешімдерінің анықтығы жоғарылады.Нәтижелер бойынша басқару жөніндегі технологияларды, атап айтқанда стратегиялық жоспарлау мен НББ бойынша енгізу ұзақ уақытты талап етеді. Дамыған елдерде бұл процесс ұзақ уақыт бойы жүзеге асырылады және қазіргі уақытта нәтижелілік қағидасына негізделген тетіктің әбден жетілдірілуі жалғасуда. Сонымен, АҚШ–та бұл бағыттағы алғашқы қадамдар осыдан жарты ғасыр бұрын жасалған [9].

Мемлекеттік шығындарды басқарудағы  түбегейлі жаңа бағыттарын қолдану арқылы алғашқы қадамдарын жүзеге асырып отырған Қазақстан үшін мемлекеттік басқару, соның ішінде шығындарды басқару мен бюджеттеудің жаңа технологияларын игеруде алдыңғы қатарлы шетелдік тәжірибені оқып–білу пайдалы болмақ. АҚШ, Ұлыбритания, Австралия, Жаңа Зеландия, Нидерланды, Швеция сияқты елдер нәтижелерге бағдарланған бюджеттеу технологияларын табысты қолдану тәжірибелерін қарастырсақ.

Информация о работе Экономиканы қаржылық - бюджеттік реттеудің теориялық–әдіснамалық негіздері