Экономиканы қаржылық - бюджеттік реттеудің теориялық–әдіснамалық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 13:01, дипломная работа

Описание работы

Дипломдық жұмыстың міндеті бюджеттік саясатты жетілдіру, соның ішінде мемлекеттік бюджеттің шығыстарының ұлғаюы, олардың нәтижелілігі мен тиімділігін арттыру жөніндегі шараларды талдау арқылы бюджеттік үдерісті одан әрі жетілдіру, нәтижеге бағдарланған бюджеттендіру әдісін жүзеге асыру.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы нәтижеге бағдарланған бюджеттің қалыптасуы – бюджеттік ресурстарды басқару мен күтілетін түпкілікті (қорытынды) және тікелей нәтижелердің қоғамдық мәнділігі арасындағы тікелей өзара байланысты қамтамасыз ететін қаржылық –бюджеттік реттеу мен жоспарлаудың әдісі ретінде қолданысқа енгізу.

Содержание

Кіріспе
3

1
Экономиканы қаржылық - бюджеттік реттеудің теориялық–әдіснамалық негіздері


1.1Экономиканы қаржылық- бюджеттік реттеудің мақсаттары, қағидаттары және қызметтері

6

1.2Экономиканы қаржылық- бюджеттік реттеу әдістемесі
16

1.3 Қаржылық - бюджеттік реттеудің шетелдік тәжірибесі
22
2
Қазақстан Республикасының бюджеттік үрдістерінің ұйымдастырылуының тиімділігін талдау


2.1 Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің бюджет үрдісін іске асырудағы негізгі міндеттері мен бағыттарын талдау
30

2.2 Қазақстан Республикасы бюджетінің кірістерін талдау
38

2.3 Қазақстан Республикасы бюджетінің шығыстарын талдау
45
3
Қазақстан Республикасының экономиканы қаржылық– бюджеттік реттеу әдіснамасын жетілдіру


3.1Экономиканы бюджеттік - қаржылық реттеу механизмдерін жетілдіру жолдары
66

3.2Экономиканы қаржылық - бюджеттік реттеудегі кейбір мәселелер және оларды шешу жолдары
76


Қорытынды
86

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
88

Работа содержит 1 файл

МАЗМҰНЫ (Восстановлен).docx

— 4.94 Мб (Скачать)

Бюджет жүйесін құрудың  барлық қағидаттары өзара үйлестірілген  және бірін – бірі толықтырып отырады, олар егеменді еліміздің Конститутциясында  және Бюджеттік кодексте, «Жергілікті өкілді және атқарушы органдар туралы», «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы» арнайы заңдарында және басқа заңнамалық актілерінде көрсетілген.

Қазақстан Республикасында  бюджеттік процесс Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы», жыл сайынғы «Республикалық бюджет туралы» заңға және Қазақстан Республикасының басқа зандарына сәйкес жүргізіледі. Бұл заңдар әр түрлі деңгейдің бюджеттерін қалыптастыру процесінде пайда болатын қаржы қатынастарын реттейді, республикалық және жергілікгі бюджеттерді әзірлеу, қарау, бекіту, атқару жөне бақылау тәртібін белгілейді [5].

Бюджеттік кірістердің көзі салықтар немесе оларға барабар төлемдер болып табылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті кірістерінің құрамы мен құрылымы салық төлемдерінің қолданыстағыжүйесімен және салыстырмалы тұрақсыз сипаттағы салықтық емес қаражаттардың түсімдерімен айқындалады.

Бюджет кодексіне сәйкес бюджеттің құрылымы мына бөлімдерден  тұрады:

  1. кірістер:
  • салықтық түсімдер;
  • салықтық емес түсімдер;
  • негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер;
  • ресми трансферттер түсімдері;
  1. шығындар;
  1. операциялық сальдо;
  2. таза бюджеттік кредит беру;
  • бюджеттік кредиттер;
  • бюджеттік кредиттерді өтеу;
  1. қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо:
  • қаржы активтерін сатып алу;
  • мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер;
  1. бюджет тапшылығы (профициті);
  1. бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану):
  • қарыздар түсімі;
  • қарыздарды өтеу;
  • бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы.

Бюджеттерді бекіту және бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді түзу осы көрсетілген құрылым бойынша  жүзеге асырылады.Бюджеттің кірістері  салықтық және басқа міндетті төлемдер (салықтар және бюджетке төленетін  басқа міндетті төлемдер), ресми  трансферттер, мемлекетке өтеусіз негізде  берілетін, қайтарылатын сипатта болмайтын  және мемлекеттің қаржы активтерін сатумен байланысты емес, бюджетке есептептеуге тиісті ақшалар болып  табылады. Салықтық емес түсімдер –  бюджетке төленетін міндетті, қайтарылмайтын төлемдер, сондай–ақ ресми трансферттерден басқа, бюджетке өтеусіз негізде берілетін ақша. Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерге мемлекеттік мекемелерге бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті, мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды, мемлекеттік меншігіндегі жер учаскелерін жеке меншікке сатудан түсетін ақшалар жатады. Ресми трансферттердің түсімдері – бұл бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне Ұлттық қордан бюджетке түсетін трансферттердің түсімдері.

Мақсатты ресми трансферттерді қоспағанда, кірістердің нысаналы мақсаты  болмайды.

Бюджет шығындары –  қайтарылмайтын негізде бөлінетін  бюджет қаражаттары. Шығындардың қатаң  мақсатты арналымы болады.

 Бюджет шығындардың  түрлері:

  • мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз ететіншығындар;
  • тұрақты сипаты жоқ іс шараларды ұйымдастыру менөткізуге байланысты шығындар;
  • мемлекеттік тапсырысқа арналған шығындар – мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында (мемлекеттік органдардың өздерінің тұтынуына арналмаған) өндірілетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) мемлекеттік органдардардың ақы төлуі;
  • жеке тұлғаларға ақшалай төлемдер – қызметкерлерге еңбегі үшін ақшалай төлемдерден басқа, ҚР–ның заңнамалық актілеріне сәйкес жеке тұлғаларға ақша нысанындағы төлемдермен байланысты шығындар;
  • заңды тұлғаларға субсидиялар – мемлекеттік мекемелер және қоғамдық бірлестіктер болып табылмайтын заңи тұлғаларды өтеусіз және қайтарусыз негізде қаржыландыру;
  • ресми трансферттер – бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне, сондай–ақ Ұлттық қорға трансферттер төлеу және мемлекеттік міндеттемелерді орындауға арналған шығындардың өзге де түрлері.

Бюджеттік үдерісте республикалық  және жергілікті бюджеттер арасындағы және республикалық бюджет пен Қазақстан  Республикасының Ұлттық қоры арасындағы қатынастар бюджетаралық қатынастар болып  табылады. Қазақстандық практикада бұл  қатынастар шеңберінде бюджеттік федерализмге ұқсастығы жағынан  бюджет жүйесінің деңгейі бойынша бюджеттік бөлініс іске асырылатын қатынастар болып келеді.Бюджеттік кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, Үкімет пен орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың жергілікті атқарушы органдарының, тиісінше облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттік үдеріске арласуына жол берілмейді.

Бюджеттік кодекстен басқа  өзге заңнамалық актілерде есебінен шығыстар қаржыландырылуға тиіс және түсімдер есептелуге тиіс болатын бюджет деңгейін белгілеуге жол берілмейді. Шығыстарды немесе түсімдердің жекелеген түрлерін бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне беру бюджеттік кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда ғана жүзеге асырылады. Бюджетаралық қатынастар мынадай қағидаттарға негізделеді:

  • облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің республикалық бюджетпен, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің жоғарғы облыстық бюджетпен өзара қатынастарда теңдігі;
  • ара жігін ажыратудың мынадай өлшемдерінің бір мезгілде сақталуын ескертетін түсімдерді тиімді бөлу:

Тұрақты сипаттағы, сыртқы факторлардың әсеріне тәуелсіз салықтық және салықтық емес түсімдер төменгі бюджеттерге бекітіледі. Мемлекеттік мекемелер көрсеткен қызметтер ақысы болып табылатын салықтық және салықтық емес түсімдер аталған көрсетілетін қызметтер қаржыландырылатын бюджет кірісіне түседі.  Қайта бөліну сипатындағы, сондай–ақ  салық базасы әркелкі орналастырылған салықтар бюджет жүйесінің неғұрлым жоғарғы бюджеттер деңгейлеріне бекітіледі. Салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерді бюджетке бекіткен кезде оларды жинаудың неғұрлым жоғары дәрежесін қамтамасыз ететін бюджет деңгейіне артықшылық беріледі.    Нақты аумақтық байланыстылығы бар салық базасынан алынатын салықтар жергілікті бюджеттерге бекітіледі:

  • Қазақстан Республикасы әкімшілік–аумақтық бірліктерінің бюджеттік қамтамасыз етілудеңгейлерін теңестіру;
  • жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметтердің  бірдей деңгей ұсынуын қамтамасыз қаматамасыз ету;
  • мемлекеттік қызметтерді ұсынудың тиімділігі мен нәтижелігі - мемлекеттік қызметтерді неғұрлым тиімді әрі нәтижелі қамтамасыз ете алатын мемлекеттік басқару деңгейіне мемлекеттік қызметтердібекітіп беру;
  • мемлекеттік қызметтерді ұсыну деңгейін оны алушыларға барынша жақындату - қызметтерді алушылардың қажеттіліктерін барынша дәл есепке алу және мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында қызметтердің атқарылуын бюджет жүйесінің мүмкіндігінше төмен деңгейіне беру [4].

Қорытындылай келе, бюджет жүйесі реттеуші кіріс көздерін пайдалану, мақсатты және  өңірлік бюджет қорларын  құру, оларды ішінара  қайта бөлу арқылы жүзеге асырылатын барлық деңгейлер бюджеттерінің өзара  іс – әрекеттеріне негізделген. Бюджеттік үрдіс— бюджетті жоспарлау, әзірлеу, қарау, бекіту, атқару, нақтылау, түзету жөніндегі, бюджеттің атқарылуы бойынша бюджет есебі мен есептемені жүргізу, мемлекетгік қаржылық бақылау, сонымен бірге байланыстырылған гранттарды жоспарлау мен пайдалану жөніндегі бюджет заңнамасымен регламенттелінген қызмет. Бюджеттік процестің барлық стадиялары өзара байланысты және қоғамның экономикалық процестерін ғана емес, сонымен бірге саяси өмірінің тікелей бейнеленуі болып табылады.

 

1.2  Экономиканы  қаржылық –бюджеттік реттеу әдістемесі

 

Мемлекет экономикаға белгілі  құралдар арқылы ықпал етеді, бұл  — үкіметтің және шаруашылық субъектілерінің  өзіндік мақсаттарына жету үшін экономикалық реттеу шаралары және әдістерімен түсіндіріледі.Қазіргі  жағдайда мынадай құралдар әр елге ортақ болып табылады:

  • бағаны реттеу;
  • үкіметтік сатып алу;
  • трансферттік төлемдер;
  • мемлекеттік несиелер;
  • дотациялар, субсидиялар, субвенциялар;
  • федералды қаржылар (бюджеттік және бюджеттік емес қорлар, кірістер, шығындар);
  • федерация субъектілерінің қаржылары;
  • мемлекеттік бюджеттің жетіспеушілігі;
  • мемлекеттік қарыз (ішкі және сыртқы);
  • жергілікті қаржылар;
  • фискалдық саясат;
  • мемлекеттік кәсіпкерлік;
  • шаруашылық заңдылығы;
  • меншік объектілерін мемлекетке меншіктеу және жекешелендіру.

Әдетте реттеу үдерісі  объективті және субъективті факторлардың, экономиканың жұмыс істеу шарттарының сан алуандығымен, әр түрлі категорияларды, олардың элементтерін пайдаланумен сипатталады. Сондықтан осы негіздемелер бойынша мемлекеттік реттеудің  жүйесін межелеудің типтерге, түрлерге, нысандарға және әдістерге сыныптаудың маңызы зор.

Реттеудің екі тұрпаты  бар: ол экономикалық (оның: қаржылық, бағалық, кредиттік, валюталық, еңбекке ақы  төлеу бөліктерімен) және әкімшілік  реттеу.

Қаржылық реттеудің түрлері  салықтық, бюджеттік, мемлекеттік–кредиттік, кедендік–тарифтік, валюталық–қаржылық, шаруашылық ішіндегі (фирма ішіндегі, кәсіпорын, ұйым, корпорация шегіндегі және т.б) реттеуді қамтиды. Қаржылық реттеудің осы түрлеріне сәйкес оның мынадай нысандарын атауға болады: мысалы, бюджетте – қаржыландыру (субвенциялар, субсидиялар, трансферттер),  салықта – тура және жанама салық салу, валюта – қаржыда – сыртқы инвестициялау, сыртқы қарыздар, сыртқы борыш. Бұлар – қаржылық реттеудің негізгі нысандары.

Ортақ нысан жоспарлау (болжау) болып табылса, реттеудің айрықша нысаны мемлекеттік сатып алу болып табылады.Рыноктық экономика кезінде экономикалық соның ішінде қаржылық нысандармен әдістер арқылы жанама реттеме іс–әрекет етеді. Сыныптаудың ең көп элементтері реттеу әдістері болып табылады, олар сондай–ақ жекелеген нысандар үшін (мысалы, салықтардағы мөлшерлемелер әдісі, қарыздардағы  жаңғырту) айырықшалықты сияқты болуы немесе бірнеше нысандарда (мысалы, бюджеттерде және шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы жоспарларында теңестіру, бұл нысандарда резервтер жасау әдісі, әр түрлі нысандар мен түрлер үшін индекстеу әдісі және т.б) қолданылуы  мүмкін. Әдістер дербес амалдарға, тәсілдерге межеленеді және реттеу жүйесінің неғұрлым жылжымалы,  өзгермелі элементтері болып табылады. Мысалы, салық салуда – салықтардың мөлшерлемелері, салық салу жөніндегі жеңілдіктер мен санкциялар, табыстарды, мүлікті активтерді мағлұмдамалау, аванс төлемі және басқалары; бюджеттен қаржыландыру кезінде – шығыстарды нормалау, қаражаттардың пайыздық аударымдары, бюджет тапшылығын қаржыландырудың әдістері, бюджет артығын қорларына аударылатын аударымдардың нормативтері, әлеуметтік қамсыздандырудың нормативтері және басқалары.  Бұл реттеушілер ақша (қолма–қол және қолма–қолсыз ақшалар, эмиссияның көлемі, валюталық бағам), кредит (кредит үшін сыйақылар (мүдделер), есеп мөлшерлемесімен ұлттық банктердің резервтік талаптары ашық рыноктегі ұлттық банк операциялары ауқымы), баға (реттемелі бағалардың деңгейі, еркін және тіркелген бағалардың арақатынасы, рентабелділіктің  шекті деңгейі) реттеуіштерімен толықтырылады [6, 264 б].

Бюджеттік реттеудің әдісі  ретінде қолданылуына байланысты салықтар бекітілген және реттеуші болып бөлінеді. Белгілі бір бюджеттің кіріс (табыс) көзі ретінде заңнамаға сәйкес бекітілген салықты бекітілген салық дейміз. Белгілі бір бюджетке берілгеніне қарамастан, бюджетті жыл сайын бекіту барысында бюджетін теңгермелеу барысында төмен сатыдағы бюджеттерге берілетін салықтарды реттеуші салықтар дейміз.

Информация о работе Экономиканы қаржылық - бюджеттік реттеудің теориялық–әдіснамалық негіздері