Экономиканы қаржылық - бюджеттік реттеудің теориялық–әдіснамалық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 13:01, дипломная работа

Описание работы

Дипломдық жұмыстың міндеті бюджеттік саясатты жетілдіру, соның ішінде мемлекеттік бюджеттің шығыстарының ұлғаюы, олардың нәтижелілігі мен тиімділігін арттыру жөніндегі шараларды талдау арқылы бюджеттік үдерісті одан әрі жетілдіру, нәтижеге бағдарланған бюджеттендіру әдісін жүзеге асыру.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы нәтижеге бағдарланған бюджеттің қалыптасуы – бюджеттік ресурстарды басқару мен күтілетін түпкілікті (қорытынды) және тікелей нәтижелердің қоғамдық мәнділігі арасындағы тікелей өзара байланысты қамтамасыз ететін қаржылық –бюджеттік реттеу мен жоспарлаудың әдісі ретінде қолданысқа енгізу.

Содержание

Кіріспе
3

1
Экономиканы қаржылық - бюджеттік реттеудің теориялық–әдіснамалық негіздері


1.1Экономиканы қаржылық- бюджеттік реттеудің мақсаттары, қағидаттары және қызметтері

6

1.2Экономиканы қаржылық- бюджеттік реттеу әдістемесі
16

1.3 Қаржылық - бюджеттік реттеудің шетелдік тәжірибесі
22
2
Қазақстан Республикасының бюджеттік үрдістерінің ұйымдастырылуының тиімділігін талдау


2.1 Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің бюджет үрдісін іске асырудағы негізгі міндеттері мен бағыттарын талдау
30

2.2 Қазақстан Республикасы бюджетінің кірістерін талдау
38

2.3 Қазақстан Республикасы бюджетінің шығыстарын талдау
45
3
Қазақстан Республикасының экономиканы қаржылық– бюджеттік реттеу әдіснамасын жетілдіру


3.1Экономиканы бюджеттік - қаржылық реттеу механизмдерін жетілдіру жолдары
66

3.2Экономиканы қаржылық - бюджеттік реттеудегі кейбір мәселелер және оларды шешу жолдары
76


Қорытынды
86

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
88

Работа содержит 1 файл

МАЗМҰНЫ (Восстановлен).docx

— 4.94 Мб (Скачать)

 

Осылай Үдемелі индустриялдық–инновациялық дамудың 2010–2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының шараларын іске асыру үшін экономиканы жедел әртараптандыруға және ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға өткен жылы алтыншы кестеде көрсетілгендей республикалық бюджеттен 921,5 млрд. теңге бағытталды, оның 912,2 млрд. теңгесі игерілді[18].

Ауыл шаруашылығын дамытуға 309,6 млрд. теңге бөлінді, осыған байланысты белгіленген тұтыну нормативтеріне сәйкес іс жүзінде азық–түліктің барлық түрлері бойынша ішкі нарықтың мұқтаждығын толық жабуға қол жеткізілді.

Мәселен, ауыл шаруашылығы  жалпы өнімінің көлемі 2011 жылы 1 441 млрд. теңгені құрады, бұл 2005 жылмен салыстырғанда 2 есе артық, тиісінше ауыл шаруашылығында бір жұмыспен қамтылған қызметкерге еңбек өнімділігі шашамен 4284 АҚШ долларын құрады, бұл 1,7 есе артық.

Мал шаруашылығында да дамудың  тұрақты қарқыны сақталған. Малдың барлық түрлерінің саны орташа 2–3%–ға өсті, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі өсті. Қайта өңдеу саласында өндіріс қарқыны 13%–дық өсімге жетті.

2011 жылы Ауылдық аумақтарын  дамытудың 2004 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру аяқталды. Даму әлеуеті жоғары ауылдық елді мекендердің саны 1548 бірлікке, ал онда жасайтын халықтың үлес салмағы 22–ден 52%–ға ұлғайды. 2010 жылы бағдарлама іс–шараларын қаржыландыруға республикалық бюджеттен 99,0 млрд.теңге бағытталды.

2002 жылы басталған «Ауыз су» салалық бағдарламасын іске асыру аяқталды. 3417 ауылдық елді мекенде сумен жабдықтау жақсартылды, 13 288 км су өткізу желілері құрылды. Тасып әкелінетін судан пайдаланатын ауыл тұрғындарының саны 445 мыңнан 83 мыңға дейін қысқарды.  Бағдарламаны республикалық бюджеттен қаржыландырудың жалпы көлемі 150,6  млрд.теңге бағытталды.

2011 жылы 22 гидротехникалық  құрылғыны реконструкциялау аяқталды  және олардың нормада жұмыс  істеуі қамтамасыз етілді, төтенше  жағдайлардың туындау тәуекелі  төмендеді.

Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһанды бәсекеге қабілеттілігін бағалау бойынша «Ауыл шаруашылығы саясатына арналған шығындар» көрсеткіші бойынша Қазақстан 2010–2011 жылдары өз позициясын 2008–2009 жылдардың (93–орын) есебімен салыстырғанда 31 тармаққа жақсартып, 62–орынға ие болды[22].

Көлік–коммуникация кешені үшін соңғы 10 жыл жақсы жағынан өсу жылдары болды.Көлік–коммуникация кешенінің жұмысын талдау 2011 жылы жүктерді тасымалдау көлемі, тұтастай алғанда, 2009 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 15,7 %–ға ұлғайып, 2 243,0 млн. тоннаны құрады. Жүк айналымы 12 %–ға ұлғайып, 294,2 млрд. ткм құрады. Тасымалданған жолаушылардың саны 11,7 %–ға өсіп, 13 179,0 млн. жолаушыны құрады. Жолаушылар айналымы 148,0 млрд. жкм құрады және өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 13,8 %–ға өсті.10 жылда көлік инфрақұрылымына 1,5 трлн.теңге шығындалған. Бұл ретте дағдарыс жылдарына қарамастан көлік секторына165,2 млрд.теңге көлемінде халықаралық қаржы институттарының қарыздары тартылды.

2011 жыл ішінде көлік  секторы бойынша көзделген негізгі  стратегиялық мақсаттар мен міндеттер  орындалды.740 км жаңа темір жолдар салынды, жалпыға бірдей пайдаланылатын автомобиль жолдарының 39 кмқанағаттанарлық және жақсы жай-күйге келтірілді. 2011 жылы жалпы ішкі өнім құрылымындағы көлік үлесінің өсуі 2009 жылмен салыстырғанда 7,5 %–ға қамтамасыз етілді. Көліктегі еңбек өнімділігі 13 %–ға өсті.

Тоғызыншы суреттегі  2011 жылдың басты жобасы Мемлекет Басшысының «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізін реконструкциялау жөніндегі ойын жүзеге асырып бастау болып табылды[18].

 

 

Сурет  9–«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жобасы

2011 жылы 3 өңірде жаңа автожолдың  алғашқы 417 км реконструкцияланды және онда жол жүру қамтамасыз етілді.


Осы ауқымды жобаны іске асыру кезінде жаңа кәсіпорындар ашылғанын, елдің ондаған жол-құрылыс компаниялары жұмыспен қамтамасыз етілгенін, шағын және орта бизнестің, оның ішінде қызмет көрсету, тауарлар мен материалдар жеткізу саласында тартылғанын атап өту маңызды. Аралас салаларды ескере отырып, жобаға 34 мыңнан астам адам жұмылдырылды, 4,5 мыңға жуық  жол–құрылыс техникасы тартылды. Тұтас алғанда жобаға 50 мыңнан астам адам мен 10 мыңнан астам жол –құрылыс бірлігі жұмылдырылатын болады.

2011 жылы Қазақстан Республикасы  Президентінің 2007 жылғы  
20 тамыздағы № 383 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 – 2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аяқталды.

Бағдарлама шеңберінде 19,6 млн. шаршы м тұрғын үй пайдалануға  берілді, олардың ішінде 2011 жылы 6,4 млн. шаршы м [25].Республиканың алты өңірінде барлық қаржыландыру көздері бойынша  пайдалануға берілген тұрғын үйдің көлемі 2011 жылы 2010 жылдың деңгейіне жеткен жоқ. Сонымен бірге бұл көрсеткіш Оңтүстік Қазақстан облысында 1,3 есеге өсті.Республикада пайдалануға берілген тұрғын үйлердің көлеміндегі ең көп үлестік салмақты Астана (21,6 %) және Алматы (16,5 %) қалалары мен Алматы облысы (9,7 %) алады.

7-кесте– 2011 жылғы республикалық бюджеттің Қазақстан Республикасында Тұрғын үй құрылысының бағдарламасын іске асыруға жұмсалатын шығыстары


 

 

Көрсеткіштер атауы

Сомасы, млрд.теңге

1

2011жылғы бюджет шығыстары,барлығы

66,9

2

Өңірлерге  тұрғын үй салуға және (немесе) сатып алуға берілетін  бюджеттік  кредиттер

17,5

3

Өңірлерге  берілетін  трансферттер, жиыны:

49,4

3.1

мемлекеттік коммуналдық  тұрғын үй қорының тұрғын үйін салуға және (немесе) сатып алуға;

10,8

3.2

инженерлік–коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға, жайластыруға және(немесе) сатып алуға;

38,6

Е с к е р т у - [18; 19] әдебиеттердің   негізінде автормен құрастырылған


 

Жетінші кестеде берілген мәліметтерге сәйкесөңірлерге  тұрғын үй салуға және (немесе) сатып алуға берілетін  бюджеттік  кредиттер мен өңірлерге  берілетін трансферттер 2011 жылы 66,9 млрд.теңгені құрады. Оның ішінде мемлекеттік меншік кәсіпорындары мен ұйымдары тұрғын үй салуға 2011 жылы 69 354,4 млрд.теңге инвестиция игерді, 1 085,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Мемлекеттік сектор республикадағы тұрғын үйдің жалпы көлемінің небары 16,9 %–ын алады.

Жеке  меншік нысандағы кәсіпорындар мен  ұйымдар және халық есепті кезеңде  жалпы алаңы 5 090,5 мың шаршы метр тұрғын үй салды. Олардың ішінде халықтың қаражаты есебінен 2 976,2 мың шаршы метр немесе республикада берілген тұрғын үйдің жалпы көлемінің 46,4 %.

Жалға берілетін тұрғын үй салуға 2011 жылы Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге және Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне 10 766,9 млн.теңге сомада нысаналы трансферттер бөлінді. 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша  
10 707,4 млн.теңге игерілді (99 %).

2011 жылы жалға берілетін  тұрғын үйлердің жалпы алаңының 189,6 мың шаршы метрі, алаңы 150,0 мың шаршы метр пәтер, 2 478 пәтер пайдалануға берілді.

2011 жылға пайдалануға  беру тапсырмасы жалға берілетін  тұрғын үй пәтерлерінің жалпы  алаңы 181,1 мың шаршы метр болған  кезде жалға берілетін тұрғын  үйді пайдалануға беру пайызы 83 %–ды құрайды.

Жалға берілетін тұрғын үй бойынша 2009 – 2011 жылға арналған жоспар 78 %–ға орындалды. Жалға берілетін тұрғын үйді берудің төмен пайызы Шығыс Қазақстан (85 %), Маңғыстау (46 %), Павлодар (87 %), Солтүстік Қазақстан (29 %), Оңтүстік Қазақстан (74 %) облыстарында және Алматы қаласында (80 %) байқалады.

Астана қаласы бойынша  Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде жалға берілетін тұрғын үйді пайдалануға  беру қамтамасыз етілген жоқ, сонымен  бірге астананың құрылысы аяқталмаған  объектілерінде тұрғын үй сатып алу  есебінен жалға берілетін тұрғын үйәге мұқтаж азаматтар қамтамасыз етілді. 

Кредиттік қаражат есебінен тұрғын үй салуға республикалық бюджеттен 2011 жылы жергілікті атқарушы органдарға 17,5 млрд.теңге бөлінді, оның ішінде:

  • Астана қаласына бюджет саласының қызметкерлеріне тұрғын үй салуға – 9,3 млрд.теңге, олардың ішінде 4,4 млрд.теңге (48 %) игерілді;
  • барлық өңірлерге (Астана қаласынан басқа) салынып жатқан 100 мектеп және 100 аурухана қызметкерлеріне тұрғын үй салуға – 8,2 млрд.теңге, олардың ішінде 7,8 млрд.теңге (96 %) игерілді.

Астана қаласының бюджет саласының қызметкерлері үшін тұрғын үй салу 2011 жылы тұрғын үйлердің жалпы  алаңының 131,1 мың шаршы метрін, пәтерлердің  жалпы алаңының 99,4 мың шаршы метрі (2 293 пәтер) немесе жылдың жоспардың 87 %–ын құрады.

Астана қаласының бюджет саласының қызметкерлері үшін кредитті тұрғын үй бойынша үш жылға арналған жоспары 23 %–ға орындалды. 2010 жылы салынып жатқан 100 мектеп және 100 аурухана қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламаның шеңберінде тұрғын үйлердің жалпы алаңының 218,1 мың шаршы метрі, пәтерлер алаңының 169,3 мың шаршы метрі, 2 547 пәтер пайдалануға берілді.

2011 жылға салынып жатқан 100 мектеп және 100 аурухана қызметкерлері  үшін кредиттік тұрғын үй пәтерлерінің  жалпы алаңы 118,3 мың шаршы метрін  пайдалануға беру тапсырылған  кезде кредиттік тұрғын үйді  пайдалануға беру пайызы 143 %–ды құрайды.

Салынып жатқан 100 мектеп және 100 аурухана қызметкерлері үшін кредиттік  тұрғын үй бойынша үш жылға арналған жоспар 101 %–ға орындалды.

Тұтастай алғанда салынып  жатқан 100 мектеп және 100 аурухана қызметкерлері  үшін және Астана қаласының бюджет саласының қызметкерлері үшін 2009 – 2011 жылдары бөлінген кредиттік қаражаты есебінен кредиттік тұрғын үйді пайдалануға беру жөніндегі үші жылдық жоспар 60 %–ға орындалды.

Пайдалануға берудің төмен  пайызы Ақмола (70 %), Жамбыл (77 %) облыстарында және Астана (23 %) және Алматы (66 %) қалаларында байқалады.

Бұдан басқа, 2011 жылы қайталап пайдаланылатын қаражат есебінен тұрғын үйлердің жалпы алаңының 118,1 мың  шаршы метрі, пәтерлер алаңының 87,1 мың  шаршы метрі, 1 292 пәтер пайдалануға  берілді.

Кредит қаражатын қайталап пайдалану есебінен кредиттік тұрғын үй бойынша үш жылға арналған жоспар 92 %–ға орындалды.

Пайдалануға берудің төмен  пайызы Алматы (82 %), Атырау (57 %), Батыс Қазақстан (76 %), Оңтүстік Қазақстан (88 %) облыстарында және Астана қаласында (56 %) байқалады.

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері берген деректер бойынша 2011 жылы 2009 – 2011 жылға  арналған мемлекетік бағдарламаны іске асыру басталғаннан бастап азаматтардан кредит қаражаты есебінен салынған тұрғын үйді сатып алуға 85 262 өтініш түсті. Екінші деңгейдегі банктерден төмен  қабілеті туралы растаманы 36 578 әлуетті  сатып алушы берді.

2009 – 2011 жылдары салынған 15 385 кредиттік пәтердің ішінде  
(2005 – 2007 жылдардағы мемлекетік бағдарламасы бойынша Астананы қоспағанда) қазірдің өзінде халыққа 12 243 пәтер сатылды (80 %). Халықтан жергілікті атқарушы органдардың есебіне 53,7 млрд.теңге түсті.

2005 – 2007 жылдарға арналған мемлекеттік  бағдарлама шеңберінде салынған  кредиттік тұрғын үйлердегі пәтерлерді  сату жалғасуда.  

2005 – 2007 жылдарға арналған  мемлекеттік бағдарламаны іске  асыру басталғаннан бастап пайдалануға  берілген 26 609 пәтердің ішінен халыққа 26 502 пәтер кредитті тұрғын үй сатылды (99,6 %).

Республикада тұрғын үй құрылыс  жинақтары жүйесін жетілдіру  жөнінде жұмыс жүргізілуде.2011 жылы «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ қызметінің басынан бастап 167 мыңнан астам қатысушы жалпы жинақтау сомасы 39 миллиардтан астам теңгеге тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы шарт жасасты.

Тұрғын үй құрылыс жинақтары  туралы жасалған шарттардың ең көп  үлесі Алматы (14 %), Астана (14 %) қалаларына келеді. Ақтөбе (8,4 %), Шығыс Қазақстан (9,9 %), Қарағанды (6,4 %) облыстары Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің қызметтерін белсенді пайдалана бастады.

2008 – 2009 жылдары барлығы 13 672 қарыз  алушыға жалпы сомасы  
43 миллиардтан астам теңгеге тұрғын үй, аралық және алдын ала тұрғын үй қарыздары берілді, оның ішінде 2005 – 2007 және 2009 – 2011 Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 5 773 қарыз алушыға (қарыз алушылардың жалпы санының 42 %) жалпы сомасы 20 056,2 млн.теңгеден астам.

2011 жылы 9 736 қарыз алушыға жалпы сомасы 28 767 миллионнан астам теңгеге тұрғын үй, аралық және алдын ала тұрғын үй қарыздары берілді, олардың ішінде 2009 – 2011 Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде –  
6 279 қарыз алушыға (қарыз алушылардың жалпы санының 64 %) жалпы сомасы 20 775 миллионнан астам теңгеге.

Жеке тұрғын үй құрылысын дамытуды ынталандыру жылжымайтын мүлік  нарығын дамыту саласындағы кезеңді  саясаттың неізгі бағыттарының бірі болып табылады.

Республиканың барлық өңірлерінде  негізінен энергиямен жабдықтау, жылумен  жабдықтау, газ беру, сумен жабдықтау  және кәріз желілерін салу, сондай–ақ тұрғын үй салу аудандарында кіреберіс жолдарды салу аяқталды.

2011 жылы іс жүзінде 1 264,8 км электрмен жабдықтаудың, 54 км жылумен жабдықтаудың, 391,1 км сумен жабдықтаудың, 126,2 км кәріздің инженерлік желілері, 184,6 км газ құбыры және 118,8 км жол төселді.

2009 – 2011 жылдары 94 530 жер учаскесі  инженерлік–коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілді, оның ішінде 80 147 – республикалық бюджет қаражаты есебінен және 13 906 учаске жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен. Олардың ішінде 2011 жылы 28 102 жер учаскесі инженерлік–коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілді, оның ішінде 24 608 – республикалық бюджет қаражаты есебінен және 3 131 учаске жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен.

Қазақстан Республикасы Статистика агентітгінің ақпараты бойынша  
2011 жылы пайдалануға берілген жеке тұрғын үйлердің жалпы көлеміндегі ең көп үлестік салмақты Алматы (14,7 %), Маңғыстау (11,4 %), Атырау (16 %), Ақтөбе (8,5 %) облыстары мен Алматы қаласы (7,7 %) алады [17].

Жол картасы іске асырылды, оған 2009–2010 жылдары республикалық бюджеттен 236,3 млрд. теңге, 2011 жылы – 101,6 млрд.теңге бөлінген, бұл нысаналы трансферттер ретінде өңірлерге жіберілді және халықты жұмыспен қамтамасыз етуге (90,8 млрд.теңге), кадрларды даярлау және қайта даярлауға, әлеуметтік жұмыс орындарын кеңейтуге және жастар саясатын ұйымдастыруға (10,8 млрд.теңге) пайдаланылды. Стратегияны іске асыруда сондай–ақ 46,6 млрд.теңге көлемінде жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен бірлесе қаржыландыру көзделген.

Информация о работе Экономиканы қаржылық - бюджеттік реттеудің теориялық–әдіснамалық негіздері