Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 13:01, дипломная работа
Дипломдық жұмыстың міндеті бюджеттік саясатты жетілдіру, соның ішінде мемлекеттік бюджеттің шығыстарының ұлғаюы, олардың нәтижелілігі мен тиімділігін арттыру жөніндегі шараларды талдау арқылы бюджеттік үдерісті одан әрі жетілдіру, нәтижеге бағдарланған бюджеттендіру әдісін жүзеге асыру.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы нәтижеге бағдарланған бюджеттің қалыптасуы – бюджеттік ресурстарды басқару мен күтілетін түпкілікті (қорытынды) және тікелей нәтижелердің қоғамдық мәнділігі арасындағы тікелей өзара байланысты қамтамасыз ететін қаржылық –бюджеттік реттеу мен жоспарлаудың әдісі ретінде қолданысқа енгізу.
Кіріспе
3
1
Экономиканы қаржылық - бюджеттік реттеудің теориялық–әдіснамалық негіздері
1.1Экономиканы қаржылық- бюджеттік реттеудің мақсаттары, қағидаттары және қызметтері
6
1.2Экономиканы қаржылық- бюджеттік реттеу әдістемесі
16
1.3 Қаржылық - бюджеттік реттеудің шетелдік тәжірибесі
22
2
Қазақстан Республикасының бюджеттік үрдістерінің ұйымдастырылуының тиімділігін талдау
2.1 Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің бюджет үрдісін іске асырудағы негізгі міндеттері мен бағыттарын талдау
30
2.2 Қазақстан Республикасы бюджетінің кірістерін талдау
38
2.3 Қазақстан Республикасы бюджетінің шығыстарын талдау
45
3
Қазақстан Республикасының экономиканы қаржылық– бюджеттік реттеу әдіснамасын жетілдіру
3.1Экономиканы бюджеттік - қаржылық реттеу механизмдерін жетілдіру жолдары
66
3.2Экономиканы қаржылық - бюджеттік реттеудегі кейбір мәселелер және оларды шешу жолдары
76
Қорытынды
86
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
88
2011 жылы 27 жоспарланған және
қаржыландырылған жалы білім
беретін мектептердің 18 мектеп пайдалануға
берілді, 5 объект 2011 жылға көшіріледі,
4 объекті бойынша пайдалануға беру мерзімінің
бұзылуы орын алып отыр:
1 объект Ақтөбе облысында – құрылыс–монтаждау
жұмыстарының кестесінен артта қалудан,
1 объект Қызылорда облысында – ЖБ–дан
бірлесіп қаржыландыру қаражатын бөлмегендіктен,
2 объект Астана қаласында – электр
энергиясының болмауынан және ЖСҚ–ны
түзетуге байланысты. 77 % мектепте ыстық тамақпен қамтамасыз
ету ұйымдастырылды, олардағы балалардың
80 % аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар.
«Мектепке жол» және «Қамқорлық»
атты акциялардың барысында әлеуметтік
қорғалмаған санаттағы 374 655 балаға 1,7 млрд.теңгеге
жуық сомаға (2009 жылы – 1 439 мыңға жуық балаға
6 млрд. тг. сомаға) көмек көрсетілді.Мектебі жоқ
елді мекендерде тұратын балалардың 76 %
(28 мыңнан астам)
апарып–алып келумен қамтамасыз етілген,
жоспардан 19 %–ға көп.
2011 жылы 1 ЖОО (Л. Гумилев атындағы ЕҰУ – 431–орын) Times Higher Education (Ұлыбритания) халықаралық жоғары оқу орындарының рейтингі бойынша әлемнің үздік 500 университеті тобының қатарына кірді. 60 ЖОО «Русский Регистр» АҚ, IQNet Қазақстандық сапа орталығы, Bureau Veritas Certification, «Moody International Sertification» халықаралық компаниясы, «Сараптама мен сертификаттау ұлттық орталығы» АҚ және басқалары сияқты әр түрлі агенттіктерде сапа менеджменті жүйелерінің сертификатталған аудитінен өтті. 2 ЖОО (әл–Фараби атындағы ҚазМУ, Қ. Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ) білім беру бағдарламаларын халықаралық мамандандырылған аттестаттаудан өтті.
24 қазақстандық жоғары
оқу орны ұлттық институционалд
Жоғары білімі бар мамандар даярлауға арналған мемлекеттік тапсырыстың жалпы көлемі 2011 – 2012 оқу жылында 35 425 грантты құрады, оның ішінде 1 000 грант педагогикалық мамандықтар бойынша сырттай оқу.2010 – 2011 оқу жылымен салыстырғанда мемлекеттік тапсырыс 1 085 бірлікке ұлғайды.
Магистратураға мемлекеттік тапсырыстың көлемі 2 739 орынды құрады, бұл 2009 жылдың деңгейінен 100 орынға жоғары (2009 – 2010 оқу жылында – 2 639 орын).
Доктурантураның білім беру бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік тапсырыс бойынша оқу Қазақстанның 13 ЖОО–да жүргізілуде. 2011 – 2012 оқу жылына докторантурада кадрлар даярлауға мемлекеттік тапсырыс 200 орынды құрады.Шетелдің жетекші жоғары оқу орындарында кадрлар даярлау жалғасуда. Есепті кезеңде «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша 933 стипендия тағайындалды.
Дамуында шектеулі мүмкіндіктері
бар балаларды білім берумен
қамту 2009 жылмен салыстырғанда арнайы
топтар мен сыныптар ашу есебінен
1,2 %–ға өсіп, 42,6 %–ды құрады.
Арнайы түзету ұйымдарының желісі 101 бірлікті құрайды.Мектептердің жанындағы арнайы сыныптардың саны 57 бірлікке ұлғайды (2009 жылы – 1 098, 2010 жылы – 1 155). Арнайы білім беру ұйымдарының желісі 62 бірлікке көбейді. 57 психологиялық, медициналық, педагогикалық консультация, 17 оңалту орталығы, 124 психологиялық–медагогикалық түзетукабинеті, 402 логопед пункті жұмыс істейді. Арнайы жабдықпен қамтамасыз етілу 42 %–ды құрайды.
Инклюзивті білім беру дамуда.98 (4,3 %) мектепке дейінгі мекемелерде және 1 286 мектепте (17,1 %) инклюзивті білім алу үшін жағдай жасалған, онда 17 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі бала өздерінің қалыпты дамып келе жатқан құрдастарымен бір ортаға біріктірілген, оның ішінде 1 429 бала (3,9 %) – мектепке дейінгі жастағылар және 15 721 (14,1 %) мектеп жасындағылар.
Қосымша білім беру ұйымдарының желісі мектепте оқитын балалардың жалпы санының 21,6 % жеке, әлеуметтік, дене және шығармашылық дамуын қамтамасыз етеді.Республикада 84 570 оқушы баратын балаларға арналған 328 музыка және көркемсурет мектебі; 163 оқушылар шығармашылығы орталықтарының сарайы – 179 854 бала; 54 техниктер, туристер мен натуралистер станциясы 3 316 баланың ғылыми–техникалық шығармашылықпен айналысуын қамтамасыз етеді. 737 аула клубы 101 244 оқушының демалысын қамтамасыз етеді.
Балаларды дамыту және шығармашылық қабілетін бағалау үшін 2 857 адам қатысатын 36 республикалық шығармашылық конкурс, фестиваль өткізілді, олардың ішінде – 600 әр түрлі атаулар бойынша жеңімпаздар.1 млн. 953 мың 351 оқушы жазғы демалыс кезінде демалыстың, сауықтыру мен жұмыспен қамтудың барлық нысандарымен қамтамасыз етілген, бұл оқушылардың жалпы санының 83 %–ын құрайды. 219 балалар сауықтыру ұйымдарының қызметі ұйымдастырылды, оның ішінде 7 жыл бойы жұмыс істейді, 886 222 оқушыны сауықтыру демалысымен қамтамасыз ету үшін 5 900 мектеп жанындағы лагерь (38 %).
Өткен оқу жылымен салыстырғанда техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының желісі 12 бірлікке артты: 26 оқу орны ашылды, оның ішінде 2 мемлекеттік кәсіптік лицей (Астана қаласындағы № 7 кәсіптік лицей, Қостанай қаласындағы № 18 кәсіптік лицей), Павлодар қаласында 1 жеке кәсіптік лицей және 23 жеке колледж (Алматы облысы – 3, Ақтөбе – 1, Атырау – 1, ШҚО – 3, Жамбыл – 4, Қостанай – 2, Қызылорда – 2, Астана қаласы – 4, Алматы қаласы – 3). Техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік тапсырыстың көлемі 2010 жылы республикалық бюджеттен 1 781 орынды құрады, олардың ішінде техникалық мамандықтар бойынша, оның ішінде жоғары технологияларға байланысты кәсіптер бойынша – 1 005 орын.
Жол картасы шеңберінде 2010
жылы шетелдік жұмысшы кадрларды
алмастыру үшін еңбек нарығында
қажет етілген мамандықтар
2 700 адам қайта даярланды, іс жүзінде 2011
жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 3 712 адам
оқытылды.
Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудың 2007 – 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2011 жылы жоспарланған 14 іс-шараның 10 іс–шарасы іске асырылды. 6 іргелі бағдарлама және 34 қолданбалы зерттеулер бағдарламасы бойынша ғылыми зерттеу жүргізілуде, оларды іске асыру қорытындысында іргелі зерттеулер бойынша 577 ғылыми–техникалық, қолданбалы зерттеулер бойынша 129 есеп қабылданды.
Қазақстанның және шет елдердің кәсіпорындарында 30–дан астам әзірленім енгізілді. Мемлекет басшысының мектепке дейінгі жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақсатында 2011 жылы «Балапан» бағдарламасы қабылданды.
2010 жылы Бағдарламаны іске асыру шеңберінде 90 460 орынға арналған 1 878 мектепке дейінгі ұйым, оның ішінде 344 балабақша мен 1 534 шағын орталық іске қосылды.Желі 35 балабақша салу, 1 534 мектепке дейінгі шағын орталық құру есебінен ұлғайтылды.
Тұтастай алғанда, білім беру органдарының
деректері бойынша
2009 жылмен салыстырғанда мектепке дейінгі
шағын орталықтардың және олардағы балалардың
саны 1,5 есе артып, 115 645 адам баратын 4 185
бірлікті құрады.
Бұдан басқа, бұрын жекешелендірген
мектепке дейінгі ұйымдарды қайтару,
тұрғын үйлердің 1-қабаттарында ашу, коммуналдық
меншіктің жалға берілген жеке тұрған
ғимараттарын босату, өзге де ғимараттар
мен
үй–жайларды беру есебінен 172 балабақша
ашылды.
Жеке мектепке дейінгі
ұйымдар желісінің өсу серпіні
байқалады.
2011 жылдың басында 31 291 бала баратын 347 жеке
балабақша жұмыс істейді. 2009 жылмен салыстырғанда
жеке мектепке дейінгі ұйымдар желісі
137 бірлікке өсті.
Заңды және жеке тұлғаларды жеке мектепке дейінгі ұйымдар ашуға тарту проблемасы Алматы (23 бірлік), Оңтүстік Қазақстан (23 бірлік), Қызылорда (21 бірлік) облыстарында және Астана (10 бірлік), Алматы (10 бірлік) қалаларында тиесілі деңгейде шешілуде.
Балаларды «Балапан» бағдарламасы бойынша мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету мақсатында 1 347 шағын орталық пен 144 жеке мектепке дейінгі ұйым мен білім беру бөлімі басшыларының арасында мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға шарттар жасалды. Ағымдағы жылдың 1 қаңтарында мемлекеттік тапсырысты орналастыру есебінен республикалық бюджеттен 90,8 мың орын іске қосылды.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде
2011 жылдың басында
6 446 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істеді,
оның ішінде 2 261 балабақша және 4 185 мектепке
дейінгі шағын орталық. Балабақшалар мен
шағын орталықтардың қызметтері 446,4 мың
балаға көрсетіледі.
Тұтастай алғанда, 2011 жылы
3–тен 6 жасқа дейінгі балаларды қамту
2010 жылғы 36 %–ға қарағанда 55 %–ды құрады.
Бұл ретте қамтудың ең жоғары көрсеткіштері Қостанай (90,8 %), Ақтөбе (85,3 %) Қарағанды (81,1 %), төмен көрсеткіштер – Алматы (25,1 %), Оңтүстік Қазақстан (17,7 %) облыстарында.5 – 6 жастағы балаларды мектеп алдындағы даярлықпен қамту есепті кезеңде 88,9 %–ды құрады.
Топтардың толуының орташа көрсеткіші 26 адамды құрайды. «Балапан»бағдарламасының 2011 жылы іске асырылуы бойынша бюджеттен 19,2 млрд.теңге бөлінді, 10,6 млрд. теңге бала бақшаларының құрылысына жұмсалса, 8,5 млрд.теңге бала бақшаларда мемлекеттік тапсырысты орналастыруға бағытталды. Нәтижесінде мектепке дейінгі ұйымдардың саны 1878 бірлікке ұлғайтылды, оның ішінде 1534 бірлік шағын орталықтар болса, 344 бірлік бала бақшалардан құралды. Және 90 мың орын іске қосылды.
Орта жалпы білімнің қол жетімділігі деңгейін анықтау, сондай–ақ ата–анаға практикалық көмек көрсету мақсатында «Қамқорлық», «Мектепке жол» акцияларына бастамашылық жасалды. Осы акциялардың шеңберінде әлеуметтік қорғалмаған санаттағы 374 655 балаға 1,7 млрд.теңгеге жуық сомаға (2009 жылы – 439 мыңға жуық бала 1,6 млрд.теңге сомаға) көмек көрсетілді. Әлеуметтік қорғалмаған оқушыларға көмек көрсетуге «Жаппай оқыту қорларына» аударымдар сомасы 5,5 млрд.теңгені құрады немесе мектептерді күтіп–ұстауға арналған шығыстар сомасының 1,7 % (2010 жылы – 4,6 млрд.теңге немесе 1,6%).
Есепті кезең ішінде балаларды тасу және тамақтандыру сапасын жақсарту жөніндегі қажетті шаралар қабылданды, олар жергілікті атқарушы органдардың осы бағыттағы жұмысын едәуір жандандырды.
Оқу жылы ішінде жаппай оқу қорынан халықтың әлеуметтік қорғалмаған тобының балаларына көмек көрсетіледі. 2011 жылы жаппай оқу қорынан қаржыландыру 179 164 мың теңгені құрады (2010 жылмен салыстырғанда 1,05 %–ға өсу).2011 жылғы 10 желтоқсандағы жағдай бойынша мектеп жасындағы 23 578 бала 147 922 мың теңге сомаға материалдық көмек алды, оның ішінде: тегін тамақтандыру – 9 128 адам, киіммен және аяқ киіммен қамтамасыз ету – 9 403 адам, сауықтыруға – 4719 адам, ақшалай көмек – 195 адам, мәдени бұқаралық және спорттық іс–шараларға қатысу үшін 133 адам [24].
Әлеуметтік шығыстармен бір қатарда бюджет шығындарының жоғары деңгейі сол сияқты отандық кәсіпорындардың өніміне сұранысты және экономикадағы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететін инфрақұрылымдық және индустриялдық жобаларға, ауыл шаруашылығын дамытуға келеді.
Бағдарлама шеңберінде 2011 жылы елімізді индустриялдық–инновациялық дамытуға мультипликативтік әсері бар ірі инфрақұрылымдық және стратегиялық маңызды жобаларды (Балхаш ЖЭС, «Шар–Өскемен», «Қорғас–Жетіген» және «Өзен – Түркменстанмен мемлекеттік шекара» темір жолдары, «Бейнеу–Шымкент» магистралдық газ құбырын салу басталды) іске асыру жалғастырылды. Үдемелі индустриялдық–инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының нысаналы индикаторларына сәйкес елімізді шикізат ресурстарымен қамтамасыз ету үшін геологиялық жұмыстар жүргізілді, олардың қорытындысы бойынша алтын, қорғасын, қалайы, көмір, мұнай және газ қорларының өсімі алынды.
6-кесте – Қазақстан Республикасын үдемелі – инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламасының 2011 жылғы шығыстары
мың.теңге
Көрсеткіштер атауы |
Жоспар |
Іс жүзінде |
% | |
Жиыны |
921540648 |
912219871 |
99,0 | |
Экономиканың басым |
380808464 |
376733189 |
98,0 | |
1.1 |
«Дәстүрлі индустрияларда» өндірісті әртараптандыру(мұнай–газ секторы, мұнай– химия, тау–кен металлургия саласы, химия өнеркәсібі, атом өнеркәсібі) |
1108845 |
1062392 |
95,8 |
1.2 |
Ішкі сұраныс негізінде
салаларды дамыту( машина жасау, фармацептикалық
өнеркәсіп, құрылыс индустриясы
және құрылыс материалдарының |
124813909 |
123147682 |
98,7 |
1.3 |
Экспорттық әлеуеті бар
салаларды қолдау( |
227956376 |
225821011 |
99,1 |
1.4 |
«Болашақтың экономикасы» секторларын дамыту(ақпараттық және коммуникациялық технологиялар, биотехнологилар, ғарыш қызметі, баламалы энергетика, атом энергетикасы) |
26929334 |
26702104,2 |
99,2 |
Басым секторларды дамытуды қолдаудың негізігі шаралары |
540732184 |
535486682 |
99,0 | |
2.1 |
Энергетикалық инфроқұрылыммен қамтамасыз ету |
148715345 |
148715345 |
100 |
2.2 |
Көлік инфроқұрылыммен қамтамасыз ету |
306230374 |
303683581 |
99,2 |
2.3 |
Ақпараттық коммуникациялармен қамтамасыз ету |
69953 |
69953 |
100 |
2.4 |
Материалдық шикізат кешенін дамыту |
455234 |
4215356 |
92,6 |
2.5 |
Білікті кадрлық ресурстармен қамтамасыз ету |
4506329 |
2616178 |
58,1 |
2.6 |
Техникалық реттеу және сапа инфроқұрылымын құру |
1976722 |
1976644 |
100 |
2.7 |
Инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдем көрсету |
8100062 |
8076520 |
99,7 |
2.8 |
Инвестициялар тарту және арнайы экономикалық аймақтарды дамыту |
36733156 |
36695905 |
99,9 |
2.9 |
Сауда саясаты |
4228765 |
3818680 |
90,3 |
2.10 |
Бағдарламаны қаржылық қолдау құралдары |
25621244 |
25618520 |
100 |
Е с к е р т у -[18; 19] әдебиеттердің негізінде автормен құрастырылған |
Информация о работе Экономиканы қаржылық - бюджеттік реттеудің теориялық–әдіснамалық негіздері