Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 13:01, дипломная работа
Дипломдық жұмыстың міндеті бюджеттік саясатты жетілдіру, соның ішінде мемлекеттік бюджеттің шығыстарының ұлғаюы, олардың нәтижелілігі мен тиімділігін арттыру жөніндегі шараларды талдау арқылы бюджеттік үдерісті одан әрі жетілдіру, нәтижеге бағдарланған бюджеттендіру әдісін жүзеге асыру.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы нәтижеге бағдарланған бюджеттің қалыптасуы – бюджеттік ресурстарды басқару мен күтілетін түпкілікті (қорытынды) және тікелей нәтижелердің қоғамдық мәнділігі арасындағы тікелей өзара байланысты қамтамасыз ететін қаржылық –бюджеттік реттеу мен жоспарлаудың әдісі ретінде қолданысқа енгізу.
Кіріспе
3
1
Экономиканы қаржылық - бюджеттік реттеудің теориялық–әдіснамалық негіздері
1.1Экономиканы қаржылық- бюджеттік реттеудің мақсаттары, қағидаттары және қызметтері
6
1.2Экономиканы қаржылық- бюджеттік реттеу әдістемесі
16
1.3 Қаржылық - бюджеттік реттеудің шетелдік тәжірибесі
22
2
Қазақстан Республикасының бюджеттік үрдістерінің ұйымдастырылуының тиімділігін талдау
2.1 Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің бюджет үрдісін іске асырудағы негізгі міндеттері мен бағыттарын талдау
30
2.2 Қазақстан Республикасы бюджетінің кірістерін талдау
38
2.3 Қазақстан Республикасы бюджетінің шығыстарын талдау
45
3
Қазақстан Республикасының экономиканы қаржылық– бюджеттік реттеу әдіснамасын жетілдіру
3.1Экономиканы бюджеттік - қаржылық реттеу механизмдерін жетілдіру жолдары
66
3.2Экономиканы қаржылық - бюджеттік реттеудегі кейбір мәселелер және оларды шешу жолдары
76
Қорытынды
86
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
88
Экономика дамуының қазіргі кезеңінде орталықтандырылған қаржылық ресурстар мемлекетке коғамдық өндірістің қажетті қарқындары мен үйлесімдерін қамтамасыз етуге, оның салалық және аумақтық құрылымдарын жетілдіруге жетуге, экономика салаларын дамытудың бірінші кезектегі бағдарламалары үшін қажетті мөлшерлерде қаражаттарды қалыптастыруға, ірі әлеуметтік өзгертулер жүргізуге жағдай жасайды.
Қаржыны орталықтандырудың арқасында ақшалай қаражаттар мемлекеттің әлеметтік және экономикалық саясатын табысты іске асыру үшін жағдайлар жасай отырып, экономикалық және әлеуметтік дамудың шешуші учаскелеріне шоғырландырылады.
Жалпы қоғамдық өнімді құндық
бөлудің айрықша саласын
Бюджет – мемлекеттің қажетті атрибуты және оның егемендігінің негізі. Бюджеттің көмегімен тиісті мемлекеттік және муниципалдық құрылымдардың ақшалай қаражаттарының қорлары құрылады, бұл қорлар олардың жалпы маңызды міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді, мемлекеттік билік пен жергілікті өзін–өзі басқару органдарының функцияларын жүзеге асырудың қаржылық негізін жасайды. Бюджеттерде мемлекеттің қаржылық ресурстарының аса ірі бөлігі шоғырландырылады, бұл мемлекеттің қаржылық саясатын ойдағыдай жүзеге асыру үшін қажет [3, 256 б].
Экономикалық қатынастардың жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджеттің объективті сипаты болады. Мемлекеттік бюджеттің болуы мүлдем адамдардың субъективті қалауының (еркінің) нәтижесі емес, ұлғаймалы ұдайы өндірістің мұқтаждарымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен шарттасылған объективті қажеттігі.
Сөйтіп, құндық бөліністің айрықша бөлігі ретінде мемлекеттік бюджет айрықшалықты арналымды орындайды - жалпықоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға қызмет етеді. Объективтік ұдайы өндірістік қатынастардың өмір сүруінің экономикалық нысаны бола отырып, айрықшалықты қоғамдық арналымды орындай отырып, мемлекеттік бюджет экономикалық қосалқы категория ретінде болады.
Қаржылық қатынастардың белгілі бір жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджетке ең алдымен оны жалпы қаржылық категориядан ажырататын өзгеше белгілер тән: бюджеттік қатынастардың ұдайы өндірістік сипаты бар, әрқашан ақшалай нысанда жүзеге асырылады, мақсатты ақшалай қорларды қалыптастырумен және пайдаланумен қосарлана жүреді.
Экономикалық қосалқы
категория ретінде мемлекеттік
бюджет мемлекеттің ақшалай
Мемлекеттік бюджет тұтас алғанда мемлекет қаржысының функцияларына сәйкес функцияларды - бөлу және бақылау функцияларын қаржылардың ұдайыөндірістік тұжырымдамасының шеңберінде орындайды.
Сонымен бірге қаржының және мемлекет қаржысының негізгі буыны ретінде мемлекеттік бюджет бөлгіштік функция шеңберінде: мемлекет қаржысының орналастыру (ресурстарды), қайта бөлу, тұрақтандыру қосалқы функцияларын орындауды қамтамасыз етеді. Яғни, тұтас алғанда мемлекеттік бюджет ұлттық табыс пен ішкі жалпы өнімді қайта бөлу, экономиканы мемлекеттік реттеу және көтермелеу, әлеуметтік саясатты қаржымен қамтамасыз ету, ақшалай қаражаттардың орталықтандырылған қорларын жасау және пайдалану сияқты функцияларын орындайды.
Мемлекеттік бюджеттің сан қырлы маңызын ескере отырып, оны тек экономикалық категория және мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қоры ретінде ғана емес, сонымен бірге негізгі қаржы жоспары, әлеуметтік–экономикалық үдерістерді реттеу механизмінің жиынтық ұғымы ретінде қарау керек.Мәселен, мемлекеттік бюджетте қоғамдағы барлық экономикалық процестер бейнеленетіндіктен, сондай–ақ барлық негізгі қаржы институттары – салықтар, мемлекеттің шығыстары, мемлекеттік кредит, мемлекеттік қарыздар және т.б. өзінің шоғырланған көрінісін табатындықтан бюджет мемлекеттің негізгі қаржы жоспары ретінде сипатталады. Ол нақты кезеңге, әдетте, бір жылға жасалынады, бюджеттің кірістерін, шығындарын, орталықтандырылған қаржы ресурстарының шешуші бөлігінің қозғалысын анықтайды. Бюджетті негізгі қаржы жоспары деп мойындау оның ұлттық табысты қайта бөлудегі маңызды орнын, қаржы жоспарларының жүйесіндегі басымдық жағдайын, сондай–ақ қоғамдық ұдайы өндірістегі айрықша рөлін айқындайды. Негізгі қаржы жоспары мемлекеттің қаржылық қызметінің жемісі болып табылады. Елдің негізгі қаржы жоспарының көрсеткіштері республика Парламентінің жыл сайын қабылдайтын Республикалық бюджет туралы заңына сәйкес сөзсіз орындауға жатады.
Мемлекеттік бюджет - ұлттық экономиканы реттеудің басты механизмдерінің бірі. Бюджетке тән құндылықтардың көрінуі, оны бөлу мен бақылаудың құралы ретінде пайдалану мемлекет жасайтын бюджеттік механизмде бейнеленеді. Экономиканы реттеу үшін бюджеттік механизмді пайдалану қоғамдық өндірісті дамытудың қарқындары мен үйлесімдеріне әсер ете отырып, мемлекеттің қарамағына түсетін ақшаны оңтайландыру арқылы жүзеге асырылады. Шығындар мен салықтар арқылы бюджет экономика мен инвестицияларды реттеудің және ынталандырудың, өндірістиімділігін арттырудың маңызды құралы болып табылады. Жалпы экономикаға ықпал етудің құралы сипатындағы бюджеттің рөлі осында көрінеді. Ақырында мемлекеттік бюджет орындалуы міндетті мемлекет заңдарының бірі болып табылады.
Сөйтіп, бірінші суреттегідей бюджетті осы жоғарыда айтылғандардың жиынтығы ретінде қарастырған жөн [2, 260 б].
НЕГІЗГІ ҚАРЖЫ ЖОСПАРЫ |
ҚОНДЫРМА БӨЛІГІ (субъективті жағы) | |
МЕМЛЕКЕТ ЗАҢ | ||
ӘЛЕУМЕТТІК–ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫ БАСҚАРУ МЕХАНИЗМІ | ||
МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ | ||
БАЗИС БӨЛІГІ (объективті жағы) |
МЕМЛЕКЕТТІҢ АҚШАЛАЙ ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН ҚОРЫ |
РЕСУРСТАР |
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚОСАЛҚЫ КАТЕГОРИЯ |
ҚАТЫНАСТАР |
Сурет 1 – Мемлекеттік бюджеттің сапалық сипаттамасы
Нарықтық механизмге көшу жағдайында мемлекеттік бюджеттің қаражаттары ең алдымен экономиканың құрылымын қайта құруды, кешенді мақсатты бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға, ғылыми–техникалық әлуетті арттыруға, әлеуметтік дамуды тездетуге және халықтың табысы аз жіктерін (зейнеткерлерді, мүгедектерді, аз қамтылған отбастарын) қолдау, сондай–ақ денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет мекемелерін әлеуметтік қорғауға бағытталуы тиіс.
Қоғамдық ұдайы өндірісте мемлекеттік бюджеттің рөлі ең алдымен мемлекеттік бюджеттің (шығыс бөлігінің) көмегімен ұлттық табыстың 31%, ішкі жалпы өнімнің 22%, жалпы қоғамдық өнімнің 11% бөлінетіндігімен және қайта бөлінетіндігімен анықталады. Бүкіл ұлттық шаруашылықтың бюджеті ретінде болатындықтан мемлекеттік бюджет жалпы экономикаға белсенді ықпал етеді.
Бюджет жүйесі дегеніміз экономикалық қатынастар мен заңды нормаларға негізделген бюджеттердің барлық түрлерінің жиынтығы. Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінде бюджет жүйесі Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын кіріктірумен түсіндіріледі.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі бюджет құрылымының унитарлық типімен анықталады, өйткені Қазақстан - федералдық емес, басқарудың Президенттік –парламенттік нысаны және сайланатын Парламенті бар унитарлық мемлекет. Қазақстан Республикасында талдамалық ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын мемлекеттік және шоғырландырылған бюджеттер, облыс бюджеті жасалады.
Бюджеттік кодекске сәйкес Қазақстан Республикасында мынадай деңгейдегі бюджеттер: республикалық бюджет; облыстық бюджеттер; республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері; аудан ( облыстық маңызы бар қала) бюджеті бекітіліп, атқарылады және дербес бюджеттер болып табылады.
Мемлекеттік бюджет өз араларына өзара өтелетін операциялар ескерілместен, республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіретін мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қоры болып табылады [4].
Шоғырландырылған бюджет
Мемлекеттік бюджет
Жергілікті бюджет
Республикалық бюджет
Астана бюджеті ( Астана қаласы)
Республикалық маңызы бар қала бюджеті (Алматы қаласы)
Облыс бюджеті
Облыстық бюджет
Облыстық бағыныштағы қала бюджеті
Аудан бюджеті
Ұлттық қор
Сурет 2 – Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі
Екінші суретте көрсетілгендей шоғырыландырылған бюджет өз араларында өзара өтелетін операциялар ескерілместен, республикалық бюджетті, облыстардың, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерін және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына бағытталатын түсімдерді біріктіретін мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қоры болып табылады [2, 260 б].
Республикалық (мемлекеттік) және жергілікті (муниципалдық) бюджеттер кез келген басқа мемлекеттердегідей Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің орталық буыны болып табылады.
Бюджет жүйесінің жұмыс істеуі бюджеттердің әр түрлі деңгейлерінің өзара байланысына негізделеді және оларды жоспарлау, әзірлеу, қарау, бекіту, атқару, бақылау тәртібімен, сондай–ақ республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есеппен қамтамасыз етіледі.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі мына қағидаттарға негізделеді:
Информация о работе Экономиканы қаржылық - бюджеттік реттеудің теориялық–әдіснамалық негіздері