Экономиканы қаржылық - бюджеттік реттеудің теориялық–әдіснамалық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 13:01, дипломная работа

Описание работы

Дипломдық жұмыстың міндеті бюджеттік саясатты жетілдіру, соның ішінде мемлекеттік бюджеттің шығыстарының ұлғаюы, олардың нәтижелілігі мен тиімділігін арттыру жөніндегі шараларды талдау арқылы бюджеттік үдерісті одан әрі жетілдіру, нәтижеге бағдарланған бюджеттендіру әдісін жүзеге асыру.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы нәтижеге бағдарланған бюджеттің қалыптасуы – бюджеттік ресурстарды басқару мен күтілетін түпкілікті (қорытынды) және тікелей нәтижелердің қоғамдық мәнділігі арасындағы тікелей өзара байланысты қамтамасыз ететін қаржылық –бюджеттік реттеу мен жоспарлаудың әдісі ретінде қолданысқа енгізу.

Содержание

Кіріспе
3

1
Экономиканы қаржылық - бюджеттік реттеудің теориялық–әдіснамалық негіздері


1.1Экономиканы қаржылық- бюджеттік реттеудің мақсаттары, қағидаттары және қызметтері

6

1.2Экономиканы қаржылық- бюджеттік реттеу әдістемесі
16

1.3 Қаржылық - бюджеттік реттеудің шетелдік тәжірибесі
22
2
Қазақстан Республикасының бюджеттік үрдістерінің ұйымдастырылуының тиімділігін талдау


2.1 Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің бюджет үрдісін іске асырудағы негізгі міндеттері мен бағыттарын талдау
30

2.2 Қазақстан Республикасы бюджетінің кірістерін талдау
38

2.3 Қазақстан Республикасы бюджетінің шығыстарын талдау
45
3
Қазақстан Республикасының экономиканы қаржылық– бюджеттік реттеу әдіснамасын жетілдіру


3.1Экономиканы бюджеттік - қаржылық реттеу механизмдерін жетілдіру жолдары
66

3.2Экономиканы қаржылық - бюджеттік реттеудегі кейбір мәселелер және оларды шешу жолдары
76


Қорытынды
86

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
88

Работа содержит 1 файл

МАЗМҰНЫ (Восстановлен).docx

— 4.94 Мб (Скачать)

 

Мазмұны

Бет.

 

Кіріспе

3

     

1

Экономиканы қаржылық - бюджеттік реттеудің теориялық–әдіснамалық негіздері

 
 

1.1Экономиканы қаржылық- бюджеттік реттеудің мақсаттары,  қағидаттары және  қызметтері

 

6

 

1.2Экономиканы қаржылық- бюджеттік реттеу әдістемесі

16

 

1.3 Қаржылық - бюджеттік реттеудің шетелдік тәжірибесі

22

2

Қазақстан Республикасының бюджеттік үрдістерінің  ұйымдастырылуының тиімділігін талдау

 
 

2.1 Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің бюджет үрдісін іске асырудағы негізгі міндеттері мен бағыттарын талдау

30

 

2.2 Қазақстан Республикасы бюджетінің кірістерін  талдау

38

 

2.3 Қазақстан Республикасы бюджетінің шығыстарын  талдау

45

3

Қазақстан Республикасының экономиканы қаржылық– бюджеттік реттеу әдіснамасын жетілдіру

 
 

3.1Экономиканы бюджеттік - қаржылық реттеу механизмдерін жетілдіру жолдары

66

 

3.2Экономиканы қаржылық - бюджеттік реттеудегі кейбір мәселелер және оларды шешу жолдары

76

     
 

Қорытынды

86

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

88

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе


 

Тақырыптың өзектілігі.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Әлеуметтік–экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты»  атты Қазақстан халқына Жолдауында «Қазақстан жолының жаңа кезеңі – экономиканы нығайтудың, халықтың әл–ауқатын арттырудың жаңа міндеттері. Қазақстан үшін экономикалық табыстар мен қоғамдық игіліктерді қамтамасыз етудің оңтайлы теңгерімін табу – өмірлік маңызды нәрсе» деп атап  өткеніндей  экономиканы нығайтудың жаңа міндеттері ретінде экономиканы қаржылық – бюджеттік реттеу әдістерін, мемлекеттік бюджеттің атқарылуын қадағалауды жетілдіру болып табылады[1].

Экономиканың мемлекеттік секторы ел заңдылығына сай билік өзіне жүктелген міндеттемелерді орындаудың негізгі құралының бірі. Мемлекеттік сектор мемлекеттік бюджет көмегімен қоғамда толығымен ресурстардың тиімді бөлінуіне жағдай жасайды. Бүгінгі таңдағы мемлекеттің тұрақты экономикалық дамуы тұрғысынан негізгі мәселе бюджет жүйесін басқару процесі деп санауға болады.

Бюджет – ұдайы өндіріс  процесін жүзеге асырудың маңызды алғы шарты және құралы болып  табылады. Оның көмегімен әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету, ғылыми–техникалық прогресті ынталандыру, өзге мемлекеттік міндеттерді орындау үшін жағдайлар жасалады. Соған сәйкес  бюджеттік қатынастарды жетілдірусіз, ғылыми түрде жасалған бюджеттік саясатты жүйелі жүргізусіз, бюджеттік процесті басқарудың тиімді жүйесінсіз шаруашылық механизмінің қалыпты жұмыс істеуі мүмкін емес. Нарықты, корпорациялар мен мемлекетті басқарып отырған экономикаға өту  мемлекеттік бюджетті, кәсіпорындар мен салалардың қаржысын тереңдетілген түрде қайта жаңартуды, аймақтық және жергілікті деңгейдегі қаржылық қатынастардың, бюджеттен тыс қорлардың жаңа блоктарын секірмелі түрде дамытуды талап етеді.

Бюджеттің қызметі бюджеттің кірісі мен шығысы сияқты ерекше экономикалық формалар арқылы жүзеге асырылатын мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қорларын қалыптастыру және пайдаланумен байланысты. Бұл жекелеген құндық бөлу этаптарын көрсететін мемлекеттік бюджеттің қызмет етуінің спецификациялық формасы.Мемлекеттік бюджеттің табысы негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер базасында елдің экономикасын ары қарай дамыту мен инвестиция тартуға бағытталған белгіленген халықты ынталандырушы шаралары мен орта мерзімге елдің әлеуметтік экономикалық дамуының индикативті жоспарымен анықталынады.

Бюджет кірісін басқарудың барлық процессі табысты реттеудің  негізгі принциптері бекітілген «Бюджет туралы», «Салық және басқа да бюджетке міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Ресупубликасы заңдарымен реттеледі, сондай ақ республикалық бюджетте ағымдағы жылға сәйкестендірілген табыстардан нақты аударымдар бекітіледі.Мемлекеттік органдарының өздерінің функцияларын орындауы үшін басқарудың барлық деңгейлерінде тиісті қаржы базасы болуы тиіс. Осы мақсатпен әр елде өзінің экономикалық аймақтарының шаруашылығын, әлеуметтік сферасын, заң шығарушы билікті, басқару аппаратын ұстауды және басқа шараларды қаржыландыру үшін «мемлекеттік бюджет» құрайды. Жалпы айта кететін болсақ мемлекеттік бюджет негізінде экономиканың дамуы қалыптасады. Мемлекеттік бюджетте өзінің жекелеген түрлерінің кірістері мен шығындарының қалыптасыру, оларды теңдестіру процесінде заңмен реттеліп отырады. Сонымен қатар мемлекеттік бюджет ұлттық экономиканы басқарудың басты механизмдерінің бірі.  

Қаржылық байланыстарын  орасан зор әр алуандығында жеке ортақ  ерекшеліктерімен көзге түсетін  оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге  болады. Мәселен, мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілермен және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары  жалпы қоғамдық өнімді құндық бөлудің  ерекше саласын құрайды және қоғамдық өнімді құндық бөлудің ерекше саласын  құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді  қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы  қатынастарының бұл жиынтығы «мемлекеттік бюджет» ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды. Демек, мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құның бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын экономикалық қатынастарды білдіреді. Қаржы қатынастарының белгілі бір жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджетке ең алдымен жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше белгілер тән: бюджет қатынастарының бөлгіштік сипаты бар, әрқашан ақша нысанында жүзеге асырылады, мақсатты ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен қосарлана жүреді. Сонымен бірге, бюджет қатынастарына белгілі бір өзіндік ерекшелік тән, алайда ол қаржымен ортақ өзгеше белгілердің шеңберінен шықпайды.

Осы дипломдық жұмыстың мақсатына  бюджеттің кірістері мен шығыстарын, бюджет тапшылығын қаржыландыруды, шығындарды мөлшерлеуді экономиканы қаржылық–бюджеттік реттеудің  әдістері ретінде талдау, мемлекеттік бюджеттің құрылуын, орындалуы мен ұйымдастырылуын және бюджеттік жүйе мен бюджеттік құрылымның негізгі ерекшеліктерін талдау жатады.

Дипломдық жұмыстың міндеті бюджеттік саясатты жетілдіру, соның ішінде мемлекеттік бюджеттің шығыстарының ұлғаюы, олардың нәтижелілігі мен тиімділігін арттыру жөніндегі шараларды талдау арқылы бюджеттік үдерісті одан әрі жетілдіру, нәтижеге бағдарланған бюджеттендіру әдісін жүзеге асыру.

Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы нәтижеге бағдарланған бюджеттің қалыптасуы – бюджеттік ресурстарды басқару мен күтілетін түпкілікті (қорытынды) және тікелей нәтижелердің қоғамдық мәнділігі арасындағы тікелей өзара байланысты қамтамасыз ететін қаржылық –бюджеттік реттеу мен жоспарлаудың әдісі ретінде қолданысқа енгізу.

Дипломдық  жұмыстың пәні Қазақстан Республикасының экономикасын, мемлекеттік бюджетін қаржылық –  бюджеттік реттеудің әдіснамасы.

Дипломдық жұмыстың  зерттелу объектісі Қазақстан Республикасының қаржылық –экономикалық даму жағдайы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетінің қазіргі ахуалы.

Дипломдық жұмыстың құрылымы «Экономиканы қаржылық – бюджеттік реттеудің әдіснамалық астарлары» тақырыбындағы дипломдық жұмыс кіріспе,3 бөлімнен, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспеде дипломдық  жұмыстың өзектілігі, мақсат, міндеттері, объектісі, пәні және ғылыми жаңалығы айқындалды.

Бірінші бөлімде экономиканы қаржылық – бюджеттік реттеудің  теориялық әдіснамалық негіздері, соның ішінде қаржылық – бюджеттік реттеудің міндеттері мен әдістемесі, шетелдік тәжірибесі қарастырылды.

Екінші бөлімдеҚР–ның бюджеттік үрдістерінің  ұйымдастырылуының тиімділігін талдау, яғни  Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің бюджет үрдісін іске асырудағы негізгі міндеттері мен бағыттарына   және мемлекеттік бюджеттің атқарылуына талдау жүргізілді.

Үшінші бөлімдеҚР Экономиканы қаржылық – бюджеттік реттеу әдіснамасын жетілдірумен кейбір мәселелер және оларды шешу жолдарықарастырылды.

Қорытындыда алдыңғы бөлімде қарастырылған теориялық мәліметтер және талдаулар нәтижесінде жасалған  ұсыныстар негізінде түйіндеме жасалды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Экономиканы қаржылық– бюджеттік реттеудің теориялық–әдіснамалық негіздері

 

    1. Экономиканы қаржылық– бюджеттік реттеудің мақсаттары, қағидаттары және қызметтері

 

Мемлекет тарапынан экономикалық үрдістерді  реттеу кез келген қоғамдық жүйенің, соның ішінде қаржыны басқарудың ажырағысыз элементі болып табылады.

Экономиканы реттеу әдетте екі нысанда – өзін өзі реттеу мен мемлекеттік реттеу нысанында  жүргізіледі. Біріншісі қоғамдық өндірістің  түрлі буындарында қаржы базасын  қалыптастырудың шаруашылық жүргізуші  субъектілердің өздері жасап, пайдаланатын әдістерімен сипатталады. Екінші нысан қоғамдық өндірістің даму үдерісіне мемлекеттің сан алуан экономикалық тетіктері, соның ішінде қаржы тұтқалары арқылы араласуын бейнелейді. Экономиканы мемлекеттік реттеуге қаржы жүйесінің барлық сфералары мен  буындары қатысады, оның үстіне қаржы жүйесінің әр буыны ықпалының өзгешеліктері болады, айталық, ұлттық экономика  арақатынастарының (ұдайы өндірістік , салалық, өңірлік және т.б.) сан алуан түрлері реттеледі.

Экономиканы мемлекеттік  қаржылық–бюджеттік реттеу – бұл макроэкономикалық тепе – теңдікке және экономиканың жұмыс істеуінің әрбір нақтылы кезеңінде  оның үдемелі дамуына әсер ету үшін, сондай–ақ қаржы ресурстарын шебер пайдаланудың күнделікті үдерісін қамтамасыз ету үшін шаруашылық жүргізуші субъектіге мемлекеттің қаржылық ықпал жасауының нысандары мен әдістерін мақсатты және дәйекті қолдану үдерісі ретінде сипатталады. Мұндай реттеудің қажеттігі мемлекет тарапынан қоғамдық  өндірістің барысын қоғамға керек бағытта түзетіп отыруды талап ететін өндірістің сипатымен анықталады.

Мына бастапқы негіздемелер мемлекеттік қаржылық–бюджеттік реттеуді жүзеге асырудың алғышарттары болып табылады:

  1. Қоғам дамуының объективті экономикалық заңдарының іс–қимылын есепке алу. Қаржылық–бюджеттік реттеу үдерісі қаржылық саясаттың субъективті түрде белгіленген бағыты және оны шаруашылықтық практикаға асыру механизмі бойынша өтетіндіктен, экономикалық заңдар мен оларға  сәйкес келетін экономикалық категорияларда бейнелеп көрсетілген шауашылық жүргізуші субъектілердің мүдделері неғұрлым толығырақ ескерілсе, бұл саясат пен механизмнің шаралары соғұрлым шынайы әрі  практика талаптарына  жауап  беретін болады.
  2. Қоғамның барлық мүшелерінің түпкілікті мүдделерін білдіретін қоғам дамуының ғылыми негізделген стратегиялық бағдарламасын әзірлеу. Бағдарлама мемлекет пен оның төменгі құрылымдарының  нормативтік актілерін қамтамасыз ететін тұтас, ұзақ мерзімді бағыт ретінде анықталады; ойда болмаған жағдайларға байланысты тактикалық сипаттағы түзету жасалуы мүмкін.
  3. Көзқарастарды білдіретін демократиялық жүйенің болуы және халықтың барлық жіктерінің, әлеуметтік, ұлттық топтарының мүдделерін еркін білдірудің мүмкіндіктеріне арналған олардың демократиялық институттарының болуы.  Басқарманың автократиялық нысаны шешімдерінің  волютаризмін, оларды қоғамның қабылдамауын  және олардан айыруын, бұрмалама орындалуын, мемлекеттік құрылымдар   жұмыстарының  төмен  тиімдігін: игіліктің сырт көрнісі кезінде  қоғам тоқырауға  ұшырайды, әлеуметтік - экономикалық мешеулікті және  азғындауды тудырады.
  4. Шаруашылық қызметте қылықтың нормасы мен ережесінен шегіністі айқын және жедел сезінетін елде жақсы жолға қойылған заңнамалық жүйенің болуы. Сөздің  кең мағынасында заңнамалық  жүйе әсері оның  заңнамасында  келісілген таза заңды жауапкершілік шегінен шығып кететің нормалар, соның ішінде шешімді атқару үшін билік құрылымдарының жауапкершіліктері үшін қоғамда «өнегелі климатты» қалыптастыруға мүмкіндік туғызуы тиіс, яғни басқару сапасы, құзырлылық және басқарудың бүкіл иерархиялық құрылымдағы тәртіп ұйғарылады. Бұл қағиданы 3 тармақтағы  тұжырымдалған алғышарттың әрекетінсіз жүзеге  асыру мүмкін емес [2, 421 б].

Қаржылық–бюджеттік реттеудің көмегімен мемлекет халықтың  төлем қабілеттілігінің сұранымына, қорланудың қарқынына, тауарлар мен қызметтерді өткізуге, елдер арасындағы тауарлар мен капиталдардың қозғалысына, макроэкономиканың салалық және аумақтық құрылымына ықпал етеді.

Қаржылық–бюджеттік реттеудің нақтылы қорытындысына оны жүзеге асырудың белгілі бір шарттары сақталған кезде қол жетеді. Мұндай шарттарға мыналар жатады:

Информация о работе Экономиканы қаржылық - бюджеттік реттеудің теориялық–әдіснамалық негіздері