Қазақстан республикасының жүргізіп
отырған экономикалық саясатының
негізгі мақсаты – шет
ел инвестициясының және ішкі
жинақтың жоғары дейгейіндегі
экономиканың ашықтығы негізінде экономикалық
өсуге жету.
Экономикалық
өсуге жету барысында қойылған міндеттер:
- Мемлекеттің белсенділігімен қатар экономикаға араласуды шектеу.
- Қатал монетарлық және фискалдық шектеулер қою.
- Шетелге қаржылық инвестиция шығару туралы стратегия жасау.
- Жекеменшікті бекітумен қатар құқықтық қорғау жасау
- Жекешелендіру процесін аяқтау (аграрлық секторда).
- Энергетикалық және басқа да табиғи ресурстарды өңдеу
- Инвестициялық саясатты жүзеге асыру.
- Индустриалдық технология стратегиясын жасау
- Өндіріс диверсификациясын жүрзізу.
- Өндіріс салаларының бәсеке қабілетін дамыту.
14 таќырып. Елдіњ аќша-несие саясаты
Лекция жоспары (2 кр.
саѓ)
1. Аќша ж‰йесініњ т‰сінігі мен
элементтері.Аќша с±ранысы мен ±сынысы.
2. Ќазіргі нарыќтыќ экономикадаѓы
несиеніњ ќызметі мен ролі
3. Несие-банк ж‰йесініњ ќ±рылымы
4. Елдіњ несие-аќша саясаты
Қандай бір қоғамда болмасын,
ақшаның қажеттілігі тауар өндірісі
мен тауар айналымынан туындайды. Ақша - бұл жалпылама
эквиваленттік рөл атқаратын ерекше тауар.
Кез келген тауар өзінің құнын ақшамен
көрсетеді.
Ақшаның
атқаратын қызметтері:
- Құн өлшемі. Ақшаның көмегімен басқа барлық тауардың құнын көрсетуге болады.
- Айналым құралы. Осы қызметті ақша қолма - қол түрінде атқарады, себебі олар нақты тауар айырбасында делдалдық қызмет атқарады. (тауар – ақша-тауар)
- Төлем құралы. Бұл қызмет тауарды несиеге сатқан кезде, ақшаны қарызға бергенде, салықты, жалақыны және т.б. төлемдерді атқарады.
- Қорлану немесе қазына жинау құралы. Ақша айналысын тоқтатады және келешекте ұзақ мерзім пайдаланатын тауарларды сатып алу үшін қорланады.
- Әлемдік ақша түрінде болуы. Әлемдік ақша алтын және өнеркәсібі дамыған елдердегі тұрақты валюта болып табылады.
Ақшаға
бірнеше қасиеттер тән:
- Біртектілігі және сапалылығы (жасанды ақша жасау өте қиынға соғады).
- Пайдалануға өте ыңғайлы
- Мүлтіксіз сақталынуы
- Оның қандай да бір болсын пропорцияда бөліне алатын ерекшелігі.
Жалпы
мемлекеттік заңдармен реттелген
елдегі ақша айналысын
ұйымдастыру ақша жүйесі болып саналады.
Ақша жүйесінің элементтеріне
жататындар:
- Ақша бірлігі. Бұл тауар бағасын анықтап өлшеу үшін қолданылады. Қазақстанда – теңге.
- Баға масштабы. Бұл мемлекет анықтаған ұлттық қағаз ақша данасының металға бағаланған салмақ мөлшері.
- Ақша түрлері. Бұған жататындар: мемлекет шағаратын банкноттар, монеталар, қазыналық билеттер.
- Эмиссиялық жүйе – айырбасқа арнап заңды түрде ақша мен құнды қағаздар шығару тәртібі.
- Ақша жүйесінің институттары – ақша айналымын реттеп отыратын мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер.
- Валюталық паритет – екі валюта арасындағы шекті қатынасты білдіреді.
Ақша
түрлеріне байланысты айналыс жүйесі
2 типке бөлінеді:
- металл ақшаның айналыс жүйесі – айналыста алтын және күміс монеталар жүреді, несие ақшалар металл- ақшаға еркін айырбасталады.
- Несие және қағаз ақшаның айналыс жүйесі.
Бұл жүйеде айналыстан алтын
шығарылады.
Қазіргі кезеңде ақша өз айналысында
қолма-қолдан қолма-қолсыз ақшаға
және керісінше өтеді.
Ақша
массасы дегеніміз халық шаруашылығындағы
тауарлар мен қызметтің айналымын қамтамасыз
ететін сатып алу мен төлемдердің жиынтығы.
Ақша массасының
құрамы әр мемлекеттің өз несие-ақша
жүйесімен, яғни ақша нарығы
құралдарының дамуымен анықталады.
Біздің
республикамыздағы айналыстағы ақша қаражатының
құрылымына келсек, онда ол мынадай агрегаттардан
құралады:
- Мо
–айналыстағы қолма-қол ақшалар.
- М1= Мо + есеп айырысу немесе басқа депозиттік есеп - шоттардағы қалдықтар + чектік және аккредитивтік есеп - шоттар + талап еткенге дейінгі салымдар.
- М2= М1+мерзімді салымдар.
- М3 = М2 + мемлекеттік зайым облигациялары.
Тауар айналымына
қызмет ететін ақша айналымы экономикалық
заңмен анықталады және нақты тауар
айналымын қамтамасыз етуге қажетті
ақша санына (Аа) сай болады:
EС
Аа = ───
А
Мұндағы: EС
– тауар бағасының сомасы;
А- бір
өлшемді ақша бірлігі айналымының
шапшаңдығы.
Нарық
жағдайында айналымдағы ақша
саны әрбір кезеңде үш факторға
тәуелді:
- айналатын
тауар массасымен;
- олардағы баға
қозғалысымен;
- ақша айналымының
жылдамдылығымен анықталады.
Бірақта, ақша айналым құралы ретінде ғана
емес төлем құралы ретінде қызмет атқарады.
Сондықтан, айналым үшін қажетті ақша
саны төмендегі формалумен анықталады:
С –
Н + Т -Е
Аа = ────────
А
Мұндағы: Аа - айналымдағы ақша саны;
С - өткізуге жататын тауар
бағасының сомасы;
Н- несиеге өткізілетін тауар
бағасының сомасы;
Т - мерзімі келген төлемдер;
Е - өзара есеп айырысу сомасы;
А – бір өлшемді ақша бірлігі
айналымының шапшаңдығы.
Төмендегі принциптер
бойынша несие – қарызға берілген ақшалар
мен тауарлар:
- Несиені қайтару прнциптері – белгіленген уақытта алынған құралдарды пайдаланғаннан кейін қайтару қажет болады.
- Мерзімдік принцип – келісімшарт бойынша белгіленген уақытта қайтару.
- Төлем приципі – несиені пайдаланғаны үшін ақы төлеу.
- Материалдық қамтамасыз ету – қарыз алушы өзінің міндеттемесін бұзғанда қарыз берушінің мүддесін қамтамасыз етуді қорғау қажеттілігі.
- Несиенің дифференциалды сипаттамасы - әртүрлі қарыз алушыларға ыңғайлы бапты несие бөлу.
Несие
функциялары:
- Ынталандыру функциясы- экономикада ақша айналымын жылдамдату арқылы процестерді жылдамдату.
- Орын басу функциясы – қолма-қол ақшаның орнына несие ақшалар жүреді.
- Жинақ функциясы – ақша капиталын жұмылдыру, іске тарту.
- Қайта бөлу функциясы –несиенің көмегімен әртүрлі салалардың арасында қаржылық құралдар қайта бөлініп отырады.
- Реттеу функциясы – нарықтық экономикада несие экономиканы реттеу құралы ретінде қолданылады.
Несиенің түрлері
Несиелік
жүйенің негізгі элементтері:
І Орталық (эмиссиялық
банк)
ІІ. Банктік
жүйе:
- коммерциялық банктер
- жинақ банктері,
- инвестициялық банктер,
- ипотекалық банктер,
- басқа да мамандандырылған банктер.
ІІІ. Сақтандыру
ұйымдары:
- сақтандыру компаниялары,
- зейнетақы қорлары.
ІҮ. Мамандандырылған
банктік емес несие қаржылық институттар:
- инвестициялық компаниялар,
- қаржылық компаниялар,
- қайырымдылық қорлары және т.б.
Банк – (итальян сөзі - орындық) –
уақытша басы бос ақшаларды жинақтап,
оларды пайыз алу арқылы қарызға
(несие) беретін негізгі экономикалық
институт.
Банктердің
функциялары:
- Есеп айырысу мен несие беруде делдалдық қызмет атқару.
- Ақшалай табыстар мен жинақтардың бір бөлігін капиталға айналдыру.
- Айналымға несие құралдарын шығару (вексель, чек, банкнот)
Функциялар
және операция жүргізу сипаты бойынша
банктер бөлінеді:
- орталық эмиссиялық,
- инвестициялық, коммерциялық, депозиттік.
- жинақ,
- арнайы бағыттағы банктер.
Ақша массасы
көлемінің банктің жаңа ақшаларымен
ұлғаюы банктік
мультипликатор
(м) арқылы есептеледі:
1
- m= ------- x 100%, мұндағы r – міндетті резервтік норма (%) немесе
r
М
(2) m= ------ ,
R
мұндағы М – депозиттердің
өсуі,
R – міндетті резервтердің өсуі.
Міндетті
резервтер – бұл әрбір коммерциялық банктер
салымдарының бір бөлігін міндетті түрде
сақтау қоры ретінде мемлекеттік Ұлттық
банкте ұстауы қажет.
Қазақстан
республикасы Президентінің «Банктер
және банктер іс-әрекеттері туралы»
Жарлығы бойынша Қазақстанда
банк жүйесі екі дәрежеден
құралады:
- І дәрежеде – Қазақстан республикасының Ұлттық банкі.
- ІІ дәрежеде – мемлекеттік, коммерциялық, бірлескен және шетелдік банктер. 2001 жылдың басында Қазақстанда екінші дәрежедегі банктердің саны 47-ге жетті.
Қазақстан республикасы Ұлттық банктің
қызметтері
мен міндеттері:
- мемлекеттер және коммерциялық банктермен белгілі бір келісім әрекет жүргізетін заңды тұлға;
- Қазақстан республикасының ақша несие жүйесін басқару;
- Қазақстан республикасы Ұлттық валютасының сыртқы және ішкі тұрақтылығын сақтау;
- Банктік есеп-шот және валюталық қарым-қатынастар жасау;
- Ақша, несие және банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету;
- Ақша мен мемлекеттік құнды қағаздардың эмиссиясын жүргізу;
- Қазақстан республикасының Үкімет кепілдігі бойынша ішкі және сыртқы қарыздарды өтеу;
- Коммерциялық банктермен несиелік жүйенің басқа мекемелерінің іс-әрекеттеріне бақылау жүргізу;
- Ұлттық банктің Қазақстан республикасы мүддесін әлемдік нарықта көрсетуі.
Екінші
дәрежедегі банктердің қызметтері:
- Салымдар жинап, несие беру;
- Есеп айырысу операциялары және есеп шот жүргізу;
- Валюта және бағалы қағаздар мен операциялар жүргізу;
- Несие беруде делдалдық қызмет атқару;
- Ломбардтық және сейфтік операциялар жүргізу және т.б.
Екінші дәрежедегі ең ірі банктер:
«Казкоммерцбанк», «Банк Тұран - Әлем»,
«Халықтық банк», «Нұрбанк» және
т.б.
Мемлекеттің
ақша-несие саясатының мақсаттары:
- өндіріс көлемін өсіру;
- толық жұмысбастылық;
- инфляцияны төмендету.
Мемлекеттің
ақша-несие саясатының құралдары:
- Ашық нарықтағы операциялар. Ұлттық банктің ашық нарықта ақша массасының көлемін реттеу мақсатында мемлекеттің құнды қағаздарын сатуы және сатып алуы. Мұның мағынасы: Ұлттық банк ақша эмиссиясын тоқтату және банктердің несиелік мүмкіншіліктерін шектеу мақсатында, нарықта құнды қағаздарды сатып, бұл қағаздарды сатып алған банктердің резервтік шоттарынан белгілі бір соманы есептен шығарады. Керісінше, ақша шығаруын және несиелерді беруді ынталандыру үшін Ұлттық банк құнды қағаздарды өзіне қайта сатып алып, оның құнын банктердің резервтік шотына аударады.
- Резервтік норманы өзгерту - ақша-несиені реттеуде қолданатын өте қатаң құрал. Ұлттық банк барлық банк мекемелердің міндетті резерв нормасын бір мезгілде өзгерту арқылы әрбір банктің резерв көлеміне тікелей әсер ете алады.
- Есептік ставканы өзгерту - коммерциялық банктер Ұлттық банктен несие алғанда ақша көлемін реттеу мақсатымен бірінші дәрежедегі банк несиенің мөлшерлемесін жиі өзгертіп отырады. (пайыз мөлшерлемесін көтерсе коммерциялық банктер алатын несиелерін азайтуға мәжбүр болады, керісінше, төмендетсе – несие көлемі өседі) Осы жоғарыда келтірілген 3 құралдарды қолдану – мемлекеттің «арзан ақша саясаты» және «қымбат ақша саясаты» деп аталады. Қазақстанда осы келтірілген құралдармен қатар, ақша айналысын реттеу үшін басқа да тәсілдер қолданылады.
- Күрделі несиелік қаржының өсімін шектеу. Ұлттық банк коммерциялық банктердің несиелік қаражаттарының бөлінуін пайыздық норма арқылы шектеп отырады.
- Ерікті келісімдер бойынша Ұлттық банк коммерциялық банктермен өзара келісімге келеді.