Экономикалық теория

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Января 2013 в 19:56, курс лекций

Описание работы

"Экономика" термині грек сөзінен "ойкономия" – үй шаруашылығын жүргізу өнері деген мағынаны білдіреді. Бірақта, қазіргі кезеңде "экономика" термині үш негізгі мағына мен анықталады:
Біріншіден, экономика – бұл адамдардың шаруашылық іс-әрекетімен және өндіріспен байланысты қоғамдық қатынастар жиынтығы. Қатынастардың сипаттамасы,меншік формалары және шаруашылықты жүргізу мен өнімнің бөліну принциптері бойынша экономика бөлінеді: құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік және социалистік, нарықтық және әкімшілік-әміршілік типтеріне.

Работа содержит 1 файл

Курс лекций.doc

— 2.59 Мб (Скачать)

                                                                                                            10-кесте.

Несиелік белсенділікті  басқару

 

 

Арзан ақша саясаты

Қымбат  ақша саясаты

Қолданылады:

Жұмыссыздық өскенде, экономика құлдырағанда

Жоғары инфляцияда

Іс-әрекеттер:

Мемлекеттің құнды  қағаздардын сатып алуы, міндетті резерв нормасын төмендету, пайыз мөлшерлемесін төмендету

Мемлекеттің құнды  қағаздардын ашық нарықта сатуы, міндетті резерв нормасын көрсету, пайыз мөлшерлемесін көтеру.

Нәтиже:

Ақша ұсынысы  молаяды, пайыз мөлшерлемесі төмендейді, инвестициялар өседі, шаруашылық белсенділігі өседі, жұмыссыздық төмендейді

Ақша ұсынысы  қысқарады, пайыз мөлшерлемесі өседі, инвестициялар қысқарады, шаруашылық белсенділігі төмендейді. Инфляция қысқарады.


 

 

 15 таќырып. Ќаржылыќ ж‰йе жєне мемлекеттіњ фискалдыќ саясаты

Лекция жоспары (2 кр. саѓ)

1. Ќаржылыќ ж‰йеніњ мєні мен ќ±рылымы.

2.  Мемлекеттік бюджет жєне мемлекеттік ќарыз.

3. Фискалдыќ саясат жєне салыќтардыњ т‰рлері

4. Салыќ ќызметі. Лаффер ќисыѓы

       Қаржы - белгілі бір қоғамның ақша ресурстары. Ол экономиканың дамуы мен ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз етуге бағытталған . Мемлекетте қоғамдағы ақша ресурстарының құрамына, яғни қаржы жүйесіне:

  • мемлекеттік қаржы,
  • шаруашылық жүйесінің қаржысы,
  • кәсіпорынның және тұрғындардың қаржысы енеді.

Мемлекеттің қаржысы - ақша қаражатынан  тұрады. Ол қаражат тұрғындарды әлеуметтік қамтамасыз етуге, заңдылық пен қоғамдық шаруашылықты басқаруға жұмсалады.

 

Мемлекеттік қаржы құрамына:

  • мемлекеттік бюджет,
  • банктік және мемлекеттік несие,
  • экономиканы тұрақтандыру қоры,
  • зейнеткерлік, тұрғындарды жұмыспен қамту қоры,
  • әлеуметтік және медициналық сақтандыру қоры,
  • валюталық қор,
  • мемлекеттік қоғамдық ұйымдардың қаржысы,
  • мемлекеттік салалық министрлік пен ведомстваның қорлары енеді.

     Шаруашылық жүйесіндегі  қаржыны (мемлекттік және мемлекеттік  емес) – компания, концерн, холдинг, акционерлік қоғам, ассоциация, трест, бірлестіктердің ақшалай қаржысы құрайды.

       Кәсіпорынның  қаржысын (мемлекеттік және мемлекеттік  емес) – меншіктегі және заемдағы  қаржылар, ғылым мен техника қорының  ақшалай қаражаты, әлеуметтік-мәдени  даму мен материалдық ынталандыру қоры, амортизациялық қор, резервті және сақтандыру қоры енеді.

      Тұрғындардың қаржысы  – шаруашылық, еңбек қызметтерінің  (жалақы, акция дивиденті, банк салымының пайызы, жер рентасы, т.б.) негізінде, коммерциялық және халықтық банкте сақталған қаржылардың, зейнеткерлік қордағы ақшалай қаражаты құрайды.

Сонымен, қаржы – қоғамдағы  ақша құралдарының қорларын қалыптастыру мен пайдаланудағы жалпы экономикалық қатынастардың жиынтығы. Мұндай қатынастар негізгі субъектілер арасында қалыптасады:

  • мемлекет және оның институттары,
  • компаниялар, кәсіпорындар,
  • үй шаруашылығы.

 

Каржы негізінде төрт қызмет атқарады:

 

  1. Бөлу – мемлекет ұлттық табыстың едәуір бөлігін қоғамдық шаруашылыққа, әлеуметтік мәдени шараларға, мемлекетті басқаруға, қорғанысты дамытуға бағыттайды.
  2. Реттеу – мемлекет экономиканы реттеуді салық салу, несие саясаты, әртүрлі экономикалық жеңілдіктер  мен дотация беру кезінде жүзеге асырады.
  3. Ылталандыру – кәсіпорынның экономикалық дамуы әртүрлі қаржылық ынталандырумен жүзеге асады.
  4. Бақылау – бөлінген қаражаттардың мақсатты пайдаланылуын жүйелі түрде тексеру арқылы жүзеге асады.

      Мемлекеттік  бюджет – мемлекеттің негізгі қаржылық жоспары. Ол мемлекеттің шығыны мен табыстарының балансы. Бюджет табысы мен шығын құрылымы және нарықтық экономикада біздің елдің мемлекеттік бюджеті жеке баптар бойынша ара салмағы төмендегідей:

 

Табыстар

Жеке баптар %

Шығындар

Жеке баптар %

Салық, акциз,  баж салығы

75-80

Халық шаруашылығы

        30-40

Салықтық түсімдер (мемлекеттік  меншіктен табыстар)

5-8

Әлеуметтік шығындар (денсаулық  сақтау, білім, жергілікті органдарға субсидия)

25-30

Мақсатты бағыттағы қорларға түсімдер: әлеу-меттік – медициналық қам-сыздандыру, зейнеткерлік қамсыздандыру жұмыссыздық қорынан

10-12

Қарулану мен сыртқы экономикалық қызмет шығындары

20-10

   

Құқық қорғау органын басқару мен  оған басқа да қажетті шығындары

10-15

   

Мемлекеттік қарыз төлемі

5

Барлығы

100

Барлығы

100


 

       Егер шығындар  табыстан асып кетсе, бюджет тапшылығы пайда болады. Бюджет тапшылығын жабу үшін табыс бөлігін толтыру немесе шығын бөлігін қысқартқан жөн.

       Бюджет тапшылығын  қысқарту үшін мемлекет мынадай  шаралар қолданады:

  • қаржыландырудан несие беруге көшеді;
  • мемлекеттік заемдар;
  • салық салу жүйесін қатайтады;
  • мемлекетті басқару шығындарын қысқартады;

 

     Бюджеттің табыс пен  шығын айырмашылығын жабу үшін  мемлекет қиылыстырылған вариантына  көшеді. Яғни мемлекет Ұлттық  банк несие қорының, тұрғындардың  Халықтық банктегі салымының,  сақтандыру қоғамдары қорының  белгіленген бөлігін алып отырады.  Осы сомалар мемлекеттің ішкі қарызын құрайды.

     Мемлекеттің ішкі  қарызынан басқа сыртқы қарызы да болады. Мемлекет қайтару мақсатымен сыртқы заемдар мүмкіндіктерін пайдаланады.

Сонымен, мемлекеттік қарыз –  бұл өткен жылдардағы жалпы жиналған бюджет тапшылығының сомасы.

Мемлекеттік бюджеттен  төлемдер:

  • Ассигнованиялар - кәсіпорындар мен мекемелерге міндеттерін атқаруға берілген ақша қаражаттары,
  • Субсидиялар – мемлекеттің ақшалай көмегінің бір түрі,
  • Субвенция – мемлекеттің белгілі бір мақсаттың орындалуына бағытталған ақша қаражаты,
  • Дотация – зиянды шығындарды жабуға арналған төлемдер.

        Салықтар – жеке және заңды тұлғалардың бюджетке төлейтін міндетті төлемдері. Салық салу – табысты реттеу мен мемлекеттің қаржыларын толықтыру тәсілі.

Салық сипаты тұрғысынан:

  • Тікелей салықтар. Олар мемлекет тарапынан тікелей кәсіпорындар мен  тұрғындар табысынан алынады. Осы салықтың түрлеріне – пайдадан, табыстан, жылжымайтын мүліктен, құнды қағаздар операциясынан, жалақыдан т.б. алынатын салықтар жатады.
  • Жанама салықтар. Бұл салықтарды мемлекет тікелей емес, баға арқылы айналдыра отырып алады. Оған – акциздер, кеден баж салығы, қосымша құнға салынған салық жатады.

Салық өсімі (салық салу бірлігіне деген мөлшер, %) арқылы салықтар бөлінеді:

  • Прогрессивтік салық. Мұның мағынасы – табыстың өсуіне қарай салық өсімінің мөлшері өседі
  • Пропорциональды салық. Табыс өзгерсе де  салық өсімінің мөлшері тұрақты болып қалады.(қосымша құн салығы - 15%)
  • Регрессивтік салық, яғни табыс өскен сайын салық мөлшерлемесі төмендейді.

 

Бюджет деңгейіне байланысты салықтар бөлінеді:

  • Жалпы мемлекеттік салықтар. Олар мемлееттік бюджетті реттеудің қайнар көзі болып саналады. Жалпы - мемлекеттік салыққа жататындар: заңды және жеке тұлғалардың айлығынан (табысынан) алынатын салық; қосымша құн салығы; акциздер; құнды қағаздар операциясынан салық; арнайы төлемдер мен жер байлығын пайдаланғандағы салығы.
  • Жергілікті салықтар жергілікті бюджет табысының негізгі көзі болып табылады. Жергілікті салық пен алымға жататындар: заңды және жеке тұлғалар мүлкінің салығы; көлік, құрал-жабдық салығы; кәсіпкерлікпен айналысатын заңды және жеке тұлғаларды тіркеудегі алым; қызметтің кейбір түрімен айналысуға құқылы адамдардан алым; аукцион сатылымынан алым.

 

Салық қызметтері:

  • Фискальды (тіркелген) немесе жұмылдыру қызметі. Осы қызметте мемлекет бюджеттік шығындарды қаржыландыру үшін салық жинайды.
  • Бөлу қызметі, мемлекет қаржыны қайта бөлуді; әртүрлі топтардың арасында территория, облыс, аудандар бойынша жүргізеді.
  • Реттеуші қызметі, мемлекет салықтың көмегімен тұтыну және қорлану арасындағы пропорцияны реттейді.
  • Ынталандыру қызметі, мемлекет өндіріс пен техникалық прогресті дамыту үшін әртүрлі ынталандыру шараларын жүзеге асырады.
  • Бақылап-есептеу қызметі, мұнда кәсіпорын мен тұрғындар топтарының, қаржы қоры көлемінің табысын есептеуді жүзеге асырады.

Салықтың элементтері:

  1. Салық субьектісі – салықты кім төлейді?
  2. Салық обьектісі – салықтың есебі неге жүргізіледі?
  3. Салықтың көзі – салық неден төленеді?
  4. Салық ставкасы – салық мөлшері.
  5. Салық жеңілдіктері.

 

 Салық жүйесінің  принциптері:

 

  1. Салық барлық  игіліктерге  пропорциональды түрде қоғам мүддесіне сай болуы.
  2. Салық табыс мөлшері мен әл - ауқаттылық деңгейіне тәуелді болуы.
  3. Жеке тұлға төлейтін салық міндетті түрде айқын болуы керек. Салық төлеу мерзімі, төлем тәсілі, сомасы - барлығы анық, ашық  болуы.
  4. Белгілі бір мерзімде салықтың түрлері мен мөлшерлемесі тұрақты болуы.
  5. Табысты  жасырғаны үшін салық төлеуші әкімшілік және қаржылық жауапкершілік міндеттемесін білуі қажет.

      Американ экономисі  Артур Лаффер 80-шы жылдардың басында  табыс  салығы өсімінің жоғары болуы мен салық  түсімінің арасындағы байланысты анықтаған. Оның ой-пікірі салық өсімінің жоғары болуы адамның экономикалық белсенділігін бәсеңдетіп, оларды салық төлеуден қашуға итермелейді. Графиктегі мұндай көрініс  «Лаффер қисығы» деп аталады.

 

 

График 11. Лаффер кисығы.
 

                                                      Егерде салық өсімі О -ден

100% -ке көтерілсе, онда салық болмайды. Салық түсімі максималды деңгейге 50% (М-нүктесінде) көтеріліп, онан соң 0-ге         дейін төмендейді.  Салық түсімі LN шартты  нүктесінде тепе-тең,                                                                           бірақ L –нүктесіндегі өсімнің

 төмен дейгейін  құптауға  болады, ал N-нүктесіндегі түсім жайсыз жағдайдың көрінісі.


 

    Нарықтық экономикаға  көшу кезінде әлеуметтік қорғау жүйесіндегі басты мәселе - әлеуметтік  кепілдікті бекіту. Қазақстан республикасында әлеуметтік кепілдікке мыналар жатады:

Минимальды жалақы, зейнетақы, стипендия, жәрдемақы,  оның ішінде уақытша еңбекке  жарамсыздық үшін ақы және ақысыз білім алу мен медициналық қызмет көрсету, еңбек жағдайымен байланыстырылған жеңілдіктер, тұрғындар табысын индексациялау, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау құқығы, жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алуға құқылығы, меншік құқығы және одан табыс табу.

    Халықты әлеуметтік  қорғау жүйесінің  басты бағыттары:

  1. Олардың ақшалай табыстарын индексациялау. Оның мәні: инфляция келтірген зиянның орнын толтыруға қызмет етеді, индексацияның түрлері ақшалай  табыс  индексациясы,  қаржының индексациялау мен өмір сүру минимумын индексациялау. Индексациялау механизмін мемлекеттік статистикалық органдар тауар мен қызмет  көрсетуде бағаның  өзгеруін  бақылап отырады. Осы бақылау тұтыну  бағасы индексін есептеуге мүмкіндік береді.
  2. Кедейленген топтарды  сүйемелдеу. Кедейлік деңгей әлеуметтік  тәжірибеде өмір сүру  минимумы арқылы  өлшенеді. Өмір сүру  минимумы деп  адамның өмір сүруін және оның жұмыс  күшін калпына келтіруді сүйемелдеуге қажетті ақшалай қаржы деңгейін айтады. Мұны есептеу тәсілі ең төменгі  тұтыну бюджетіне негізделеді.

       Жұмыс күшін  ұдайы өндіруді қамтамасыз ететін  тауар мен қызмет жасаудың сандық құрамына  кеткен шығындарды  минималды тұтыну бюджеті деп атайды. Минималды бюджет  мөлшерінің құны тұтыну баға индексінің өсуін ескере отырып,  жылына 1 рет немесе тоқсан сайын қаралып отырады. Ал, тұтыну баға индексін анықтау үшін «тұтыну қоржынын» белгілеп алу керек. Ол әдетте , ең  қажетті  тауарлардан тұрады. Тұтыну қоржыны – тұтыну игілігі мен қызметінің жиынтығы және адамдарды қоғамда белгіленген ең төменгі  түтыну деңгейінде қамтамасыз ету деген мағына.

Информация о работе Экономикалық теория