Экономикалық теория

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Января 2013 в 19:56, курс лекций

Описание работы

"Экономика" термині грек сөзінен "ойкономия" – үй шаруашылығын жүргізу өнері деген мағынаны білдіреді. Бірақта, қазіргі кезеңде "экономика" термині үш негізгі мағына мен анықталады:
Біріншіден, экономика – бұл адамдардың шаруашылық іс-әрекетімен және өндіріспен байланысты қоғамдық қатынастар жиынтығы. Қатынастардың сипаттамасы,меншік формалары және шаруашылықты жүргізу мен өнімнің бөліну принциптері бойынша экономика бөлінеді: құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік және социалистік, нарықтық және әкімшілік-әміршілік типтеріне.

Работа содержит 1 файл

Курс лекций.doc

— 2.59 Мб (Скачать)

 

 

             Қоғамда табыстар біркелкі бөлінбейді, табыстың теңсіз бөліну деңгейің  графикте Лоренц қисығымен көрсетіледі.

 

 

График 6.2. Лоренц қисығы.

 

% табыс

 

100                                                     С

 

80

 

60

 

40

 

20                                В

                                                              D

0

     А      20     40      60     80     100   % отбасы

АС-түзу сызықта абсолюттік теңдік  көрсетілген, яғни 20% отбасы  20 % табыс алады.

АВС—табыстың  нақты бөлінуі.   Табыстарды бөлудегі теңсіздіктің 

нақты деңгейі  “Джинни коэффициентімен”

есептеледі. Коэффициент  өскен сайын   табысты бөлу  теңсіздігі де өседі.

 

                  АВС ауданы

Кдж = ————————

                         АДС ауданы


 

      Капитал  - көп мағыналы ұғым: ол материалдық игіліктердің қоры, ол сонымен қатар материалдық емес элементтерді де қамтиды, атап айтқанда адамның қабілеті,  білімі. Капиталдың  екі негізгі формасын айтуға болады:

    • өндіргіш капитал - өндіріс құрал – жабдықтары.
    • ақшалай капитал – ақша.

     Капитал  тиімді пайдалану арқылы ол  иесіне табыс  әкеледі, Капиталдың  өсімі – пайыз деп аталады. Несие пайызы – белгілі бір мерзімде капитал иесіне оның  құралдарын  пайдаланғаны үшін төленетін бағасы. Несие пайызы капиталға деген сұраныс пен ұсыныс арқылы  қалыптасады.

      Капиталға деген сұраныс  инвестицияның пайдалылығына, экономиканың дамуына, мемлекеттің сұранысына, салым мерзіміне, салым салу саласына, тәуекелге және басқа да факторларға тәуелді.

        Несие пайызы  номиналды және  нақтылы  мөлшерілеме  болып  бөлінеді.  Номинальды мөлшерлеме  – бұл инфляцияның  өсімін  есепке алмай, ағымдағы  нарықтық  пайыздың  мөлшерлемесі. Нақтылы  мөлшерлеме - номинальды мөлшерлеме мен алдағы болатын инфляцияның өсімі арасындағы айырмашылық. Мысалы:

                     жылдық номинальды мөлшерлеме  – 15%,

                      алдағы уақытта инфляцияның өсімі  – 7 %  (жылына)

                      нақтылы мөлшерлеме  (15-7) = 8%

     Жер - ауыл шаруашылығының басты өндіріс құралы ғана емес, ол бүкіл адам  баласының “кіндік кескен ауылы” және “асырайтын анасы”.

     Жер - қоғамдық  өндірістің негізі болғанымен  оның салаларында әртүрлі   қызмет  атқарады. Мысалы, өндеуші өнеркәсіп үшін ол - кәсіпорын орналасатын алаң, ал ауыл шаруашылығы үшін жер әрі еңбек құралы, әрі еңбек заты болып саналады. Еңбек заты дегеніміз – жерді өңдеп, оған тұқым сеуіп, онда өнім өсіріледі. Ал, еңбек құралы болатын себебі - тұқымды сепкен күннен бастап өнімді өсіру қызметін Жер-ана атқарады.

     Жердің  өндіріс құрал-жабдығы ретінде  ерекшеліктері бар, олар, біріншіден, жердің кеңістік жағынан шектеулілігі, екіншіден, жер адам іс-әрекетінің өнімі емес, табиғаттың жемісі, сондықтан, оның құны жоқ, бірақ табыс  әкеледі, сатып алынады және сатылады, яғни бағасы бар. Осы айтылған ерекшеліктерге байланысты жерге деген жердің ұсынысы икемсіз.

   Жердің  ұсынысына  төмендегі факторлар  әсер етеді:

  1. Жердің құнарлылығы;
  2. Жер участкісінің нарыққа алыс-жақын орналасуы.

Жер рентасы – жер учаскесін уақытша қолданғанға төленетін төлем.

Жер  рентасының  екі түрі бар: дифференциальды және абсолютті.

     Абсолюттік  рента – бұл жер иелерінің иемденетін табыстарының бір түрі. Оның абсолюттік деп аталатын себебі – ол құнарлылығы мен  басқа да жағдайларға байланыссыз жалға берілген барлық жерлерден  алынады. Мұны жерге меншік монополиясы болу салдарынан, жер  иесіне  жерге капитал пайдалану үшін төленетін төлем. Қай елде болмасын, халықты  азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін құнарлы жермен  қатар  өнімділігі төмен жерлерді де пайдалануға тура келеді.  Сондықтан, нарық бағасы  құнарлылығы төмен жерде өндірілетін өнімдердің жеке  өндірістік  бағасымен  өлшенеді.

     Сондықтан,  нашар деген жерлерден де орта пайдадан артық пайда   алынатын болады. Мұндай артық пайданы абсолюттік рента  түрінде  жер иелері иемденді.

   Дифференциальды рентаның қайнар көзі құнарлығы жоғары және нарыққа жақын жерлерде өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің жеке өндіріс шығындары қоғамдық өндіріс шығындарынан әлдеқайда кем болады да, сондай жерлерді  пайдаланатын  жалгерлердің  үстеме  пайдасы болып табылады.

Дифференциалды  рента екі түрде болады:

  1. Жердің табиғи  құнарлылығына және жер учаскелерінің нарыққа жақын  орналасуына байланысты  алынатын пайданың жал төлемі ретінде жер  иелеріне көшуін дифференциальды І рента деп атайды.
  2. Жердің  құнарлылығын жасанды жолмен жақсарту арқылы алынатын үстеме пайданы дифференциалды ІІ рента  деп атайды.

         Жердің экономикалық құнарлылығын арттыру дегеніміз - жерді  интенсивті игер келуі, яғни жаңа өндіріс құрал-жабдығын, сапалы тұқымдар, тыңайтқыштар т.б. қолдану арқылы.

        Жерге жеке меншік болғандықтан, ол да тауар ретінде сатылуы  мүмкін. Тәжірибеде жердің бағасы  екі жағдайға: жер рентасына және банктің   пайыз шамасына байланысты қалыптасады.

        Жердің бағасы рентаға тура  қатынаста да, несие пайызына  кері  қатынаста болады.

                                            

                                                    R

                 ЖБ =    ————  х 100%

                                                             S

 

     Мұнда: R – рента, S – несие пайызы  ЖБ – жер бағасы.

Сонымен, жалақы, пайыз және рента – бұл  өндіріс  факторларын пайдаланғаны үшін  алынатын табыстар.

      Бірақ та, жалақы, пайыз және рента  қайсыбір шаруашылық субъектілеріне (өндіріс факторларын  ұсынушыларға) табыс әкеледі де, ал басқа  субъектілерге (өндіріс факторларын   сұрайтындарға) - шығындар болып  табылады.

 

 

10 таќырып. ¦лттыќ экономика ж‰йе ретінде. Негізгі макроэкономикалыќ кµрсеткіштер.

Лекция жоспары (2 кр. саѓ)

1.  Макроэкономикалыќ саясаттыњ маќсаттары мен ќ±ралдары.

2.  Жалпы ±лттыќ µнім жєне оны µлшеудіњ єдістері.

3.  Ж¦¤ мен Т¦¤, ¦Т, ЖТ жєне ЌТ µзара байланысы.

 

       Нарық  экономикасы екі  дәрежеде қызмет атқарады, ол «макроэкономика» және «микроэкономика» болып бөлінеді, осыған сәйкес талдау да – «макроэкономика» және «микроэкономика» деңгейінде жүргізіледі. Осылай талдау жасаған Дж.М.Кейнстің 1936 жылғы «Еңбекке тарту, пайыз бен ақшаның жалпы теориясы» деген еңбегі батыс  экономистері арасында кең қолдау тапқан.

     Егер  де микроэкономиканың нарық жағдайындағы  басты сипаты және негізгі  мақсаты – табыс  табу болса,  «макроанализ» назарында  агрегатты   өлшемдер (жалпы өнім, ұлттық табыс, жиынтық шығындар) болады да макроэкономика қоғамдық өндірісті  динамикалық өсіп-өркендеуге  бейімдейді.

    Экономиканың  дамуын ұлттық есептер жүйесі (Ұ.Е.Ж.) мен халық  шаруашылығының  балансы  жалпылама сипаттайды. Ұ.Е.Ж.  мемлекеттің негізгі экономикалық  көрсеткіштерін бағалау және әрбір елдердің  экономикасын өзара салыстыру үшін халықаралық стандарт рөлінде қолданылады. Макроэкономикалық  көрсеткіштерге   жататындар: жалпы ұлттық өнім (Ж.Ұ.Ө.), жалпы ішкі өнім (Ж.І.Ө.), таза ұлттық өнім (Т.Ұ.Ө.), ұлттық табыс (Ұ.Т.)  және  жеке табыс (Ж.Т.).

     Ж.Ұ.Ө. – белгілі уақыт кезеңінде қоғамның қарамағындағы өндірілген барлық  игіліктер мен қызмет түрінде анықталады. Басқаша айтқанда Ж.Ұ.Ө. – бұл мемлекеттің тауарлар мен қызмет көрсетудің біржылдық  нарықтық құны.

      Экономикалық  теорияда Ж.Ұ.Ө.  номинальды және нақты  түрге   бөлінеді.

   Жалпы  ұлттық өнімді ағымдағы  нарықтық  бағамен есептегенде, бұл оның  номинальды түрін сипаттайды.

         Бұл көрсеткіштің нақты түрін  анықтау үшін номиналды Ж.Ұ.Ө.-ді инфляция ықпалынан арылту арқылы, яғни баға индексін қолдану арқылы  есептеумен  анықталады.

 

 

                                            Номиналды ЖҰӨ 

                        Нақты ЖҰӨ =   —————————— 

                                                          баға индексі

 

номинальды  ЖҰӨ-нің нақты ЖҰӨ-ге қатынасын  жалпы ұлттық  өнімнің дефляторы деп атайды.

 

                                            Номинальды ЖҰӨ 

               ЖҰӨ дефляторы =   —————————— 

                                                          Нақты ЖҰӨ

 

      Тауар  мен қызмет  көрсетудегі орташа  баға  пайызының  өзгеруін баға индексі дейміз. Индексті  белгілеуді бастаған жылды  базистік жыл дейміз. Базистік жылдық баға индексі  ылғи да 100-ге тең болады.

    ЖҰӨ дефляторымен қатар тұтыну бағаларының  индексі есептеледі, яғни тұтыну  қоржынына кіретін тауарлар мен қызметтер бағаларының  өзгеруін сипаттайтын  көрсеткіш  анықталады:

 

         ∑ Ра •Qқ

Тұтыну  бағаларының индексі = —————— , 

          ∑ Рб •Qқ

 

Мұнда Ра Рб – ағымдағы және базистік жылдың бағалары.

            Qқ – тұтыну қоржынына кіретін тауарлар саны.

 

ЖҰӨ дефляторы мен тұтыну тауарлар бағасының индексі арасындағы  айырмашылық:

  1. ЖҰӨ дефляторына мемлекетте  өндірілген барлық  тауарлардың бағалары кіреді.
  2. ЖҰӨ дефляторына осы елдің  капиталы арқылы сыртта және ел шеңберінде  өндірілген өнімнің көлемі кіреді.
  3. Тұтыну баға идексінің есебіне тек қана тауарлар мен қызметтердің  белгіленген (шектелген) көлемі кіреді.

 

    Халықаралық  статистикада  ЖҰӨ-ді өлшеудің  негізінен екі тәсілі қолданылады.

    Екі тәсіл де бірдей болып   бағаланады:

  1. Шығындар бойынша: ЖҰӨ = С+G+І+Х;

Мұндағы: С - үй шауашылығының тауарлар, қызметтерге  кеткен   

                      шығындары;

                G – мемлекеттің сатып алуы,

                 І – жалпы инвестициялар,

                Х – таза экспорт, экспорт  пен импорт  айырмашылығы.

  1. Табыстар бойынша: ЖҰӨ =W+R+I+P;

Мұнда                 W- жалдамалы жұмысшының жалақысы,

                                  R – ренталық  төлемдер,

                                   I – жинақ капиталының пайызы (%),

                                  P- фирма мен корпорацияның пайдасы.

       Жалпы  ішкі өнім (ЖІӨ) –  белгілі  бір мерзімде ел шеңберінде  өндірілген барлық тауарлар мен  қызметтердің нарықтық құны.

              

       

                ЖҰӨ

ЖІӨ = ———— сыртқы экономика операция бойынша сальдо

             ( минус)

ЖІӨ = ЖҰӨ - сыртқы экономика операция бойынша сальдо.

Егер де мемлекеттің  ЖІӨ >ЖҰӨ-нен  артық болса, онда осы ел  шеңберінде қызмет атқаратын шетел капиталының  жергілікті  капиталдан артық болғаны.

 


 

                   


 

 

 

                                                    немесе


 

 

 


 

 

 


 

 

                 ОТ - тұрғындардың билігінде болатын табыс. Оның мөлшері жеке табыстан дара дербес салықты игеру арқылы анықталады.

 

11 таќырып. Макроэкономикалыќ тепе-тењдік

Лекция жоспары (2 кр. саѓ)

1. Жиынтыќ с±раныс. Жиынтыќ с±раныстыњ баѓалыќ жєне баѓалыќ емес факторлары.

2. Жиынтыќ ±сыныс: аныќтамасы, ќисыѓы жєне оны аныќтайтын факторлар.

3. Макроэкономикалыќ тепе-тењдік.

4. Т±тыну мен жинаќтаулар: байланысы мен айырмашылыќтары.

 

Макроэкономикалық тепе-теңдік – бұл жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе-теңдік көрінісі. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс  сызықтарының қиылысуының мағынасы – бұл баға дәрежесінің теңдігі мен ұлттық өндірістің тепе - теңдігі.

 

График 7.1.  Макроэкономикалық  тепе-теңдік.

 

Информация о работе Экономикалық теория