Экономикалық теория

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Января 2013 в 19:56, курс лекций

Описание работы

"Экономика" термині грек сөзінен "ойкономия" – үй шаруашылығын жүргізу өнері деген мағынаны білдіреді. Бірақта, қазіргі кезеңде "экономика" термині үш негізгі мағына мен анықталады:
Біріншіден, экономика – бұл адамдардың шаруашылық іс-әрекетімен және өндіріспен байланысты қоғамдық қатынастар жиынтығы. Қатынастардың сипаттамасы,меншік формалары және шаруашылықты жүргізу мен өнімнің бөліну принциптері бойынша экономика бөлінеді: құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік және социалистік, нарықтық және әкімшілік-әміршілік типтеріне.

Работа содержит 1 файл

Курс лекций.doc

— 2.59 Мб (Скачать)

      Бірінші жақтан, сұраныс пен ұсыныс  арасындағы өзгерістермен екінші  жақтан, теңдік баға мен тауардың  теңдік көлемі арасындағы өзгерістер  арқылы  төмендегі байланыстарды анықтауға болады:

 

Теңдік  бағаның өзгеруі

Тауардың  теңдік  көлемінің өзгеруі

Сұраныстың өсуі

Өсуіне                 

Өсуіне

Сұраныстың азаюы

Төмендеуіне

 Азаюына

Ұсыныстың азаюы

Өсуіне

Азаюына

Ұсыныстың өсуі

Төмендеуіне

Өсуіне


 

      Сұраныс пен   ұсыныс көптеген факторлардан  тәуелді және осы факторлардың  өзгеруіне қарай олар да өзгереді. Икемділіктің мағынасы осындай  өзара  өзгерістерден  туындайды.

    Икемділік  - бұл белгілі бір фактордың 1% өзгеруіне  жауап ретінде сұраныс пен ұсыныстың қанша процентке өзгеретінің анықтайтын көрсеткіш. Ол көрсеткіш проценттік өзгеру қатынастарымен анықталады.

      Сұраныстың бағалық икемділігі – тауар бағасының 1%  өзгеруі сол тауарға деген сұраныстың қанша процентке өзгеретінін көрсетеді, яғни бұл көрсеткіш сұраныс көлемнің осы тауар бағасының  өзгеруіне сезімталдығын анықтау үшін қолданылады.

мұнда ЕPD - сұраныстың бағалық икемділігінің  коэффиценті;

      ∆ Q% - сұраныс көлемінің қатысты өзгеруі;

      ∆  Р% - бағаның қатысты өзгеруі;              

 

                                 

График 4.6.

Икемді сұраныс. 

График 4.7.

Икемсіз сұраныс.

ЕPD > 1, баға төмендеген сайын сату көлемі молаяды және жалпы түсім өседі.

ЕPD < 1, баға төмендеген сайын сату көлемі өзгерісі шамалы болады және жалпы түсім азаяды.


 

 

График 4.8.

Бірлік икемді сұраныс.

График 4.9.

Абсолюттік  икемді сұраныс.

ЕPD = 1, бағаның өзгеруі сұраныстың өзгеруімен тең болады. Жалпы түсім өзгермейді.

ЕPD = ∞, бағаның тұрақтылығы сұраныстың өсуіне әкеледі.


 

График 4.10

Абсалюттік  икемсіз сұраныс.

 

 

 

ЕРD=0, баға өзгергенмен, сұраныс тұрақты қалыпта қалады.


      Сұраныстың табыстық икемділігі – бұл көрсеткіш тұтынушы табысының 1% өзгеруі осы тауарға деген сұраныстың қанша процентке өзгеретінін көрсетеді. Бұл коэффициент тауардың сапалылығын анықтайды.

                                                   ∆ Q%

                                    ЕID   = ──────

                                                 ∆  J%

Мұнда:  ЕID - сұраныстың табыстық икемділігінің коэффициенті.

            ∆Q % - сұраныстың  өзгеруі

             ∆J% - табыстың  өзгеруі

Егерде ЕID > О - бұл тауарлар сапасыз болады, себебі тұтынушының табысы өскен сайын қарастырып отырған тауарға сұраныс азаяды.

        ЕID >О - әдеттегі қолдануға жарамды тауарлар.

   Егерде  О< ЕID < 1 – бірінші қажетті тауарлар

 ЕID > 1 – қымбат жиһаздар, сән-салтанат тауарлары.

Көптеген тауарларға ЕID – оң сан, бірақ та қайсы бір жағдайларда ол теріс санда болуы мүмкін, яғни табыс өскен сайын сатып алынған игіліктердің саны  азаюы мүмкін.

        Бірін - бірі  алмастыратын және толықтыратын  тауарлардың болғандығынан, бір   тауарға деген  бағасының өзгеруі  екінші тауардың сұраныс  көлемінің  өзгеруіне әсер етеді. Бұл байланысты  анықтау үшін сұраныстың қиылысқан икемділігі деген көрсеткіш қолданылады.

      Бұл көрсеткіш У тауарының  бағасы 1% -ке өзгерген кезде Х  тауарынан сұраныс көлемі қанша  процентке  өзгеретінін көрсетеді  және формула арқылы есептеледі:

        

Мұнда: ЕхуD – қиылысқан икемдіділік коэффициенті;

  ∆ QX% – Х тауарына сұраныстын қатысты өзгеруі,

  ∆ РУ%;  – У тауар бағасының өзгеруі.

Егерде қиылысқан  икемділік коэффициенті оң сан болса, ЕхуD > 0, онда  Х және У – бірін-бірі алмастыратын тауарлар.

Егер ЕхуD < 1, онда Х және У – біріне-бірі қатысы жоқ тауарлар болып анықталады.

Если ЕхуD <0, то  товары Х и У –теріс сан болса, онда бірің-бірі толықтыратын тауарлар.

    Ұсыныстың икемділігі – бұл бағаның 1% -ке өзгеруі ұсыныс  көлемінің қанша %-ке  өзгеретінін анықтайтын көрсеткіш.

 

 

 Мұнда ЕPS - ұсыныс икемділігі;

       ∆Q% - ұсыныстың көлемінің қатысты өзгеруі;

       ∆ Р% - бағаның қатысты өзгеруі.

 

 

График 4.11.

Икемді ұсыныс.

График 4.12.

Икемсіз ұсыныс.

Егер ЕРS>1 –ұсыныс икемді

Егер ЕРS <1 – ұсыныс икемсіз.

График 4.13. Бірлік икемді ұсыныс.

 

 

 

 

Егер ЕРS =1 ұсыныстың бірлік икемділігі.

График 4.14. Абсолюттік икемсіз  ұсыныс

График 4.15. Абсолюттік икемді ұсыныс           

 

 ЕРS =0.

ЕРS = ∞.


 

    Ұсыныс икемділігін қарастырғанда уақытты 3 кезеңге бөлуге болады:

  1. дәл кәзіргі кезеңде- өте (абсолюттік) икемсіз ұсыныс (гр. 4.14.);
  2. қысқа кезеңде – икемсіз ұсыныс (гр. 4.12.);

ұзақ мерзімді кезеңде – икемді ұсыныс (гр. 4

7 таќырып. Бєсеке жєне монополия

Лекция жоспары (1 кр. саѓ)

1.  Бєсеке жєне оныњ т‰рлері.

2.  Монополия:  экономикалыќ табиѓаты жєне пайда болу себептері. Монополияныњ т‰рлері мен формалары

3. Монополияѓа ќарсы реттеу.

      Бәсеке – нарық субъектілерінің пайданы барынша ұлғайтуға, яғни қойылған мақсатты жүзеге асыру жолында өндірістің аса қолайлы жағдайлары үшін  кәсіпкерлердің өзара күрес қатынастар  ретінде  көрінетін экономикалық жарысы.

Бәсекені  бірнеше  белгілері  бойынша  мынадай тұрлерге бөлуге болады:

  1. Даму  масштабы бойынша:
    1. Жеке бәсеке – жеке бір қатысушы нарықтың аса қолайлы жағдайларын  таңдап алуға талаптанады.
    2. Жергілікті бәсеке – жергілікті қайсыбір территориядағы тауар иелерінің жарысы.
    3. Сала ішіндегі бәсеке – сала ішіндегі жарыс.
    4. Сала арасындағы бәсеке - әртүрлі сала субъектілерінің жарысы.
    5. Ұлттық бәсеке – ел ішіндегі жарыс.
    6. Жаһандық бәсеке - әр түрлі мемлекет субъектілерінің жарысы.
  2. Жүргізу әдісіне қарай:
    1. Бағалық бәсеке – бағаны  төмендету арқылы
    2. Бағасыз бәсеке – тауар сапасы, жарнама, қызмет көрсету арқылы.
  3. Ниет тәсілдері бойынша:
    1. Адал ниеттілік бәсеке
    2. Ниетсіз бәсеке – нарықтың ережелерін бұзу, жалған жарнаманы қолдану және т.б. арқылы.
  4. Бәсекенің даму сипатына қарай:
    1. Жетілген бәсеке
    2. Жетілмеген бәсеке (олигополия, монополия, монополистік бәсеке).

     Осы айтылғандарға  сәйкес нарық  бөлінеді: жетілген  бәсеке нарығы және жетілмеген бәсеке нарығы.

       Жетілген бәсеке нарығы – кез келген ұқсас (бір-бірін ауыстыратын) тауарларды сататын сатушылар мен сатып алушылардың көптеген құрамынан туады. Бірде бір сатып алушы мен сатушы жеке дара сұранысты, нарыққа тауардың түсуін немесе оның бағасын  бақылай алмайды. Сатушы бағаны нарықтық бағадан жоғары қоюға дәрмені жетпейді. Себебі, сатып алушы өзіне қажетті мөлшерде тауарды нарықтық бағамен еркін ала алады. Әрбір сатушы бір ғана тауар өнімін сатады. Бұл нарыққа кіру де шығу да жеңіл.

         Монополия – ерекше тауардың бір ғана сатушысы, монопсония – тауарды бір ғана сатып алушы. Сипатына және пайда болу себептеріне байланысты  монополияны бөлуге болады:

  1. Табиғи монополия – сирек кездесетін және  өндірілмейтін өндіріс факторына билік ету жағдайында пайда  болады  (тұтынушыларға – су отын, энергия қуатын, газ беру және т.б. фирмалар)
  2. Жасанды монополия  - фирмалардың бірігу және келісу  нәтижесінде пайда болады.
  3. Кездейсоқ монополия -  өз шеңберіндегі  тұтынушылардың  сұранысының ұсыныстан уақытша артуы жағдайында пайда болады.

            Монополияның пайда болуының  басты себебі- өндірістің және  капиталдың шоғырлануы.

 

Шоғырланудың бағыттары


Көлденең                           Тікелей                     Диверсификация



 

 

Монополияны   ұйымдастыру формалары:

  1. Картель - өндірістің көлемі туралы, бағалар туралы келісу
  2. Синдикат – кәсіпорындардың тәуелсіздігі сақталып, бірлесіп тауар өткізу мақсатымен ұйымдасқан бірлестік.
  3. Концерн - бірнеше бағыттағы фирмалардың бірыңғай қаржы орталығына бірлесуі.
  4. Конгломерат – шаурашылық іс-әрекетіне байланысы жоқ компаниялардың бірлесуі .

     Монополияны  шектеуге және тыйым салуға  монополияға қарсы

заңдылықтар қолданылады. Олар ҚР-ның «Табиғи монополиялар туралы», «Ниетсіз бәсеке туралы», «Бәсеке және монополиялық іс-әрекетті шектеу туралы» зандарына негізделеді.

 

3.1.кесте

Нарық үлгілерінің сипаты

 

 

Жетілген  бәсеке

Жетілмеген  бәсеке

Таза  бәсеке

Монополистік  бәсеке

Олигополия

Таза  монополия

Анықтамасы

Нарықта сатушы фирмалардың саны көп, бір-тектес тауар, бірде бір фирма бағаға ықпалын жүргізе алмайды

Нарықта сату-шылардың саны көп, тауарлары әртектес

Нарықта бірнеше  ірі фирмалар билік жүргізеді.

(егерде екеу  болса дуополия)

Нарықта бір  ғана сатушы билік жүргізеді, бағаға ықпалы өте күшті

Фирмалардың саны

Өте көп

Көп

Бірнеше

 Бірғана

Тауардың түрі

Біртектес

Әртектес

Жеке дара

Алмастырушысы жоқ  біртектес

Бағаға бақылау

Болмайды

Орташа

Орташа

Мемлекет тара-пынан  бақылау болады.

Салаға кіруге кедергілер

Ешқандай қиыншылық жоқ

Ешқандай  қиыншылығы жоқ

Салаға кіруге  кейбір қиын-шылықтар болады

Кіру өте  қиын

Бағалық бәсеке

Болмайды

Өте жоғары деңгейде болады

Орташа деңгейде болады.

Болмайды


 

 

 

8 тақырып. Кәсіпорынның (фирма) шығындары мен пайдасы

Лекция жоспары (2 кр. саѓ)

1.  Шығындар: анықтамасы және түрлері. Өндіріс  көлемі эффектісі.

2.  Фирманың  жалпы, орташа және шекті шығындары. Пайда түсінігі.

Шығындар:  мағынасы, құрылымы, классификациясы.

Масштаб  эффектісі. Фирманың тепе-теңдігі.

 

      Тауар өндірісінде өндіріс факторларын (еңбек, жер, капитал, кәсіпкерлік қабілет) сатып алуға шығатын шығындарды талдау қажеттілігі туындайды.

 

Шығындардың  құрылымы:

 

  1. Қоғамдық шығындар – тауар құнын жасайтын еңбек шығындары.
  2. Өндіріс шығындары – қоғамдық шығындар мен төленбеген қосымша еңбек шығындарының  арасындағы айырмашылықты көрсететін шығыңдар.
  3. Айналым  шығындары – тауарды өткізу (сату) процесімен байланысты шығындар.

 

Өндіріс  шығындарының классификациясы

 

  1. Шығындарды есепке алу тәсілдері бойынша:

 

 


             

 

 

 

 

 

 

  1. Өндірілген өнім көлемінің  өзгеруіне байланысты:


 


 

 

 


 



 

 

 

  1. Өндірістің тиімділігін және табыстылығын анықтайтын шығындар:
    1. Өнім өндірісінде бір  данаға шыққан шығындарды білу үшін орташа  шығындар есептелді:
  • орташа  тұрақты шығындар АҒС;
  • орташа  өзгермелі шығындар АҮС;
  • орташа  жалпы шығындар  АТС =АҒС+АҮС

 Осы көрсеткіштер  арқылы фирманың пайдасын анықтауға  болады:

  1. Егерде тауардың бағасы (Р) орташа шығындардан (АТС)  кем болса, яғни Р<АТС, фирма шығынға қалады.
  2. Егер тауардың  бағасы (Р) орташа шығындардан (АТС) артық болса, Р>АТС, фирма әр бір тауардан осы айырмашылық көлемде пайда алады.
  3. Егер баға орташа  шығындарға тең болса, яғни Р=АТС, фирма нөльге шығады, пайда да алмайды, шығынға да  қалмайды.
    1. Өнім өндірудің ең жоғары  деңгейін анықтау үшін  шекті шығындар

Информация о работе Экономикалық теория