Экономикалық теория

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Января 2013 в 19:56, курс лекций

Описание работы

"Экономика" термині грек сөзінен "ойкономия" – үй шаруашылығын жүргізу өнері деген мағынаны білдіреді. Бірақта, қазіргі кезеңде "экономика" термині үш негізгі мағына мен анықталады:
Біріншіден, экономика – бұл адамдардың шаруашылық іс-әрекетімен және өндіріспен байланысты қоғамдық қатынастар жиынтығы. Қатынастардың сипаттамасы,меншік формалары және шаруашылықты жүргізу мен өнімнің бөліну принциптері бойынша экономика бөлінеді: құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік және социалистік, нарықтық және әкімшілік-әміршілік типтеріне.

Работа содержит 1 файл

Курс лекций.doc

— 2.59 Мб (Скачать)

Инфляция деңгейі  баға индексі  көмегімен өлшенеді. Ағым  кезіндегі  тұтыну баға индексінен өткен  кезеңдегі тұтыну баға индексі алынып, өткен кезеңдегі тұтыну баға индексіне  бөлінеді.

 

                                       Ағым кезіндегі тұтыну баға  индексі - өткен кезендегі тұтыну                 баға индексі

Баға индексі = ——───────────────────────────────—    

                          өткен кезеңдегі тұтыну баға  индексі

 

 

 

Инфляция  себептері:

  • Мемлекеттік  бюджеттің тапшылығы, яғни шығындардың  түсімдерден асып жатуы. Егер мемлекет мұндай  тапшылықты  ақша  эмиссиясы арқылы  жоятын болса,  айналымдағы ақша  көлемі молаяды.
  • Тауарлар мен қызмет  өндіру көлемінің қысқаруы.
  • Өндіріс  шығындарының өсуі, яғни шикізат, материалдар, жалақы шығындарының өсуі.
  • Елдің экономикасының ашықтығы, оның әлемдік байланыстарының өсуі инфляцияны  шеттен әкелу қаупін  молайтады.

Инфляцияның  экономикалық және әлеуметтік  зардаптары:

  1. Елдің ұлттық табысы мен байлығы  қоғамның әр түрлі  топтарының арасында қайта  бөліске түседі.
  2. Инфляцияның жоғары қарқынмен өсуі ұзақ мерзімге жоспар  жасауды қиын жолға қояды,  кәсіпкерлердің тәуекелін өсіреді.
  3. Қоғамның саяси  тұрақтылығы бұзылады, әлеуметтік  шиеленісті күшейте түседі.
  4. Ұлттық тауарлардың бәсеке қабілеттілігі төмендейді, экспорт азаяды, жұмыссыздық өседі.
  5. Шетелдің тұрақты валютасына сұраныс өседі, ол -  капиталдың шет елге ауысуына әкеледі.

   Инфляцияға  шалдыққан мемлекеттер  экономикалық  саясат жүргізуге мәжбүр болады. Инфляцияға қарсы  саясаттың   теорияда екі бағыты бар: кейнсиандық  және  монетарлық бағыт.

Кейнсиандық бағыттың  шаралары:

  • Ақшаға сұранысты шектеу (пайыз бен салық мөлшерлемесін өсіру арқылы).
  • Ақша массасын және мемлекеттік шығындарды азайту.
  • Табыстар саясаты: баға мен жалақыға бақылау жүргізу.

Монетарлық  бағыттың  шаралары:

- Экономикалық өсуді ынталандыру (бәсекені ынталандыру үшін салықты төмендету)

  • Ақша - несие саясатын жүргізу (ашық нарықта операция жүргізу,банк пайызын  және резервтік норманы өзгерту арқылы).

 

 

График 8. Филлипс қисық сызығы.

 

 

                     

Жұмыссыздық пен инфляцияның өсу қарқыны арасында  тұрақты өзара байланыс болады. Экономикалық теорияда  бұл құбылыс Филлипс қисық сызығы деп аталады (ағылшын экономисі А.Филлипстің атымен аталған және  жұмыссыздықты қысқарту салдарынан болатын бағаның жедел өсуінің «заңдылығын» ол алғаш рет 1958 жылы график  түрінде бейнелеген болатын). Филлипс қисық сызығы экономикадағы жұмыссыздық пен инфляция деңгейінің өзара  өзгеруін көрсетеді.


 

Мұның мағынасы: Жоғары  жұмыссыздық жағдайында инфляция төмен болатынын білдіреді және керісінше, жұмыссыздықтың азаюы жиынтық сұранысты  арттырады, бағаның өсуіне  итермелейді. Басқаша айтқанда,  төмен жалақы  жағдайында жұмыссыздық өседі, керісінше жалақы өскен сайын жұмыссыздық азаяды.

 

13 таќырып. Экономикалыќ µсу жєне экономикалыќ дамудыњ циклділігі.

Лекция жоспары (2 кр. саѓ)

1.  Экономикалыќ µсу, оны µлшеу. Экономикалыќ µсу типтері мен факторлары.

2.  Экономикалыќ µсу модельдері.

3.  Нарыќтыќ экономиканыњ дамуыныњ циклділігі. Циклділік ауытќулардыњ себептері: сыртќы жєне ішкі. Циклдіњ фазалары.

 

       Техникалық прогресс пен адамдар мүддесінің арасындағы алшақтық экономикалық  жүйеге көптеген оқыс сілкіністер әкеледі.

Ол адамзат  қоғамының  ерекшелігіне қарай белгілі  ырғақ пен  тербеліске түсіп,  толқуларға ауысады. Экономикалық  теорияда экономиканың мұндай құбылыстары  «экономикалық толқулар» немесе «экономикалық цикл» деп аталады.

       Экономикалық цикл – бұл дағдарыстар арасындағы мерзім және осы кезде оның  төрт фазасы ауысады.

 

 

График 9. Экономикалық цикл.

 

                                                         4                                        

 

 

 

                      1      

                                           3

 

 

                                

                                  2

 

 

                      Экономикалық  цикл


 

Циклдың фазалары

  1. Дағдарыс (құлдырау, рецессия).
  2. Тоқырау (стагнация).
  3. Жандану.
  4. Өрлеу (бум).

 

 

Дағдарыстың сипаттамасы.

 

  1. Артық өндіріс  себебінен өндірістің көлемі  қысқарады, банктер  мен  кәсіпорындар банкротқа ұшырайды.
  2. Жалақы  төмендейді, жұмыссыздық өседі.
  3. Бағалы  қағаздар нарығы  құлдырайды, акция курстары  төмендейді.
  4. Ақшаға сұраныс өседі, пайыз  мөлшерлемесі өседі.

 

 

 

Тоқырау фазасының  сипаттамасы.

  1. Өндірістің  құлдырауы мен  бағалардың төмендеуі тоқырау  жағдайында болады.
  2. Жұмыссыздық жоғары деңгейде болады.
  3. Ақшаға сұраныс  төмендейді, пайыз мөлшерлемесі азаяды, сөйтіп өндірістің салаларын ұлғайтуға жағдай  жасалады.

 

Жандану  фазасының сипаттамасы.

 

  1. Дағдарыстан аман қалған  кәсіпорындар негізгі капиталдарын  жаңартып, өндірісті  ұлғайтуға кіріседі. Өндірілген  тауарлар көлемі мен сапасы  жағынан өндіріс дағдарысының  алдындағы дәрежеге жетеді.
  2. Инвестициялар өседі.
  3. Бағалар көтеріледі, себебі сұраныс өседі.
  4. Жұмыссыздықтың  деңгейі  қысқара бастайды.
  5. Ақшаға сұраныс өседі, пайыз мөлшерлем
  6. есі өседі.

 

Өрлеу фазасының сипаттамасы.

 

  1. Өндірістің көлемі дағдарыс алдындағы дәрежеден  артады.
  2. Жұмыссыздық деңгейі маңызды түрде қысқарады.
  3. Тауарлардың бағасы өседі.
  4. Қарыз  капиталының  ұсынысы өседі.
  5. Несиеге сұраныс өседі. Сөйтіп шаруашылық жаңа  дағдарысқа қарай қадам басады.

        Алғашқы дағдарыс 1825 жылы Англияда  басталған. Содан кейін ол 1836 ж., 1841 ж., 1847 жылы АҚШ, Англия   мен Франция, Германияны  қамтыды. 1857 жылғы дағдарыс бірінші дүниежүзілік циклдық дағдарыс болып саналады. Одан кейін ол 1873, 1882, 1990 жылдарда қайталанды.

     «Ұлы  тоқырау» атын алған  ең  жойқын дағдарыстың сипаты 1929-1933 жылдарда болған еді.

    Циклдарға  әсерін тигізетін факторларды  сыртқы  және ішкі түрлерге  бөлуге болады.

   Сыртқы  факторлар –  экономикалық  жүйеге тәуелсіз факторлар:  халық  санының өзгеруі, соғыстар,  төңкеріс, басқа да саяси  шиеленістер, жаңа  жерлерді игеру, бағалы ресурстардың жаңа  кен орнын ашу ғылыми-техникалық прогресс, күннің  көзіндегі  құрғақшылыққа әкелетін таңбалардың пайда болуы, т.б.

    Ішкі  факторлар – экономикалық жүйемен  байланысты факторлар: капиталдың  физикалық қызмет атқару мерзімі тұтынудағы, өндіріс көлемінің, жұмысбастылықтағы, инвестициялық, мемлекеттің экономикалық саясатындағы өзгерістер.

9.1. кесте

Мемлекеттің дағдарысқа қарсы қолданылатын құралдары

Құралдар

Тоқырау фазасында

Өрлеу фазасында

1. Ақша  несие  саясаты

Пайыз мөлшерлемесін төмендету, мемлекеттің бағалы қағаздарын ашық нарықта сатып алуы.

Пайыз  мөлшерлемесін  өсіру, мемлекеттің бағалы қағаздарын ашық нарықта сатуы.

2. Фискальдық  саясат

Бюджеттен қосымша  шығындар жұмсау, салық ставкаларын  төмендету.

Бюджет шығындарын қысқарту, салық ставкаларын өсіру.

3. Жалақы мен  тарифтер саясаты

Жалақыны өсіру.

Жалақыны төмендету.

4. Мемлекеттік  инвестициялар саясаты.

Инвестициялық бағдарламалардың жылдамдықпен орындалуы, мемлекеттік қолдау жасау.

Мемлекеттік құрылысты  және инвестицияларды тоқтату.

Мақсат:

Шаруашылық  белсенділігін  ынталандыру

Шаруашылық  белсенділігін тоқтату.


 

     Экономикалық  құбылыстарды қайталауға бейім  тұратын нарықтың ерекшеліктерін  өткен ғасырдың  бірінші жартысындағы  өмір сүріп еңбек еткен экономистер байқаған, сонымен қатар ХІХ және ХХ ғасырларда жетекші экономистердің бірде-бірі бұл мәселеге тоқталмай өте алмады. Олардың еңбектерінен циклдық дамудың байланыстылығы, экономикалық  процестерге әсерін мойындаған, циклдық дамудың себептерін анықтауға ұмтылған әр түрлі пайымдауларды,  түсіндірулер мен болжамдарды кездестіруге болады. Нарық жағдайында өндіріс қозғалысының циклдық себептеріне экономикалық теорияда қалыптасқан бірнеше теориялық бағыттар бар.

 

Циклдардың  себептерін зерттеген басты бағыттар

 

  1. К. Маркс артық  өндірудің  циклдық  дағдарысының реттілікпен қайталану себептерін тұрақты капиталдың оқтын-оқтын жаппай  жаңаруымен қарастырған.
  2. Ағылшын экономисі Дж. Кейнстің  ойынша: цикл фазасының алмасуы күрделі қаржы мөлшерімен байланысты, ол пайда мөлшері мен пайыз  мөлшері ара қатынасымен  түсіндіріледі. Дағдарыс сонда ғана болады, егер пайда  мөлшері пайыз  мөлшеріне дейін  төмендесе кәсіпкердің өндірісті дамытуға қаржы салу ниеті жойылады.
  3. Американ экономисі Милтон Фридмен басқарған «монетаристік мектеп» өкілдері циклдық дамудың басты себептерін ақша факторынан іздейді. Дағдарыстар мемлекеттің   ақша саясатының нашар  жүргізілуінен туындайды.
  4. Сыртқы факторлардың әсеріне  тоқтаған Виксель, Шпитгоф, Шумпетер деген зерттеушілер.

 

        Циклдардың  ұзақтылығына  (толқындар) байланысты  олар бірнеше типке бөлінеді.

 

9.2. кесте

Экономикалық  циклдардың типтері

 

Экономикалық

циклдің типтері

Ұзақтылығы

Себептері, ерекшеліктері

1. Дж.Китчиннің «қысқа  толқындары»

2-4 жыл

Алтынның әлемдік  қорының тербелісі ЖҰӨ-нің, инфляцияның, жұмысбастылықтың  тербелісіне әкеледі.

2. К.Жуглярдың  «орташа толқындары»

10 жыл

Ақша айналысындағы  өзгерістер, несиелік жүйенің мәселелері ЖҰӨ-нің тербелісіне инфляцияға, жұмыссыздыққа әкеледі.

3. Кузнецтің  циклдары

18-25 жыл

Экономикалық  циклдардың себептері күрделі құрылыспен байланысты

4. Н.Д.Кондратьевтің  «ұзын  толқындары»

40-60 жыл

Басты қозғаушы күш – технологиялық  өндірістегі технологиялық базаның радикалды өзгеруі мен оның құрылымдық қайта құрылуы.

5. Форрестердің циклдары

200 жыл

Энергия куаты  мен материалдарға байланысты.

6. Тоффлердің  циклдары

1000-2000 ж.

Цивилизацияның  дамуымен, олардың жоғалуымен немесе жаңа сатымен байланысты.


 

 

Экономикалық өсу дегеніміз, ұлттық өнімнің сан жағынан өсуімен қатар сапа  жағынан жетілдірілуі.

   Экономикалық өсуді өлшеу   тәсілдері:

     Нақты  ЖҰӨ-нің өсуі.

    ЖҰӨ-нің  бір адамға  шаққандағы өсуі.

Қоғамдық өндірістің типіне байланысты  экономикалық өсу  де бірнеше типке  бөлінеді7

Экономикалық өсудің типтері


 


 

 

 

 

 

 

    

 

 

 

 

 

 

       Экономикалық өсудің факторлары дегеніміз, өндірістің нақты көлемін және  оның  тиімділігі мен сапасын арттыратын құбылыстар мен процестер. Тигізетін ықпалына қарай экономикалық өсудің факторлары жанама және тікелей факторларға бөлінеді.

Экономикалық өсудің факторлары


 

Тікелей  факторлар:

Жанама  факторлар:

-Еңбек ресурстарының  саны мен сапасының өсуі.

  • Негізгі капиталдың саны мен сапасының өсуі
  • Өндірісті  ұйымдастырумен қатар технологияның  жетілдірілуі
  • Пайдаланатын табиғи ресурстардың саны мен сапалылығының артуы.
  • Қоғамдағы іскерлік  қабілеттің өсуі.
  • Сұраныс факторлары - өсіп жатқан өндіріс  көлемін өткізу мүмкіншілігі, тұтыну,  инвестициялық, мемлекеттік шығындардың өсуі.
  • Ұсыныс факторлары – бәсекенің дамуы, пайда салығының, ресурстар бағасының  төмендеуі, несие алу  мүмкіншілігінің өсуі.
  • Бөлініс факторлары – қоғамдағы барлық ресурстарды тиімді пайдалану.

Информация о работе Экономикалық теория