Экономикалық теория

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Января 2013 в 19:56, курс лекций

Описание работы

"Экономика" термині грек сөзінен "ойкономия" – үй шаруашылығын жүргізу өнері деген мағынаны білдіреді. Бірақта, қазіргі кезеңде "экономика" термині үш негізгі мағына мен анықталады:
Біріншіден, экономика – бұл адамдардың шаруашылық іс-әрекетімен және өндіріспен байланысты қоғамдық қатынастар жиынтығы. Қатынастардың сипаттамасы,меншік формалары және шаруашылықты жүргізу мен өнімнің бөліну принциптері бойынша экономика бөлінеді: құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік және социалистік, нарықтық және әкімшілік-әміршілік типтеріне.

Работа содержит 1 файл

Курс лекций.doc

— 2.59 Мб (Скачать)

         Нақты өндірісте әрекет жасауға  жұмсалған ресурстарды өндіріс факторлары деп атайды. Қазіргі экономикалық теорияда төрт  өндіріс  факторлары белгіленген: еңбек, жер, капитал, кәсіпкерлік қабілет. Өндіріс процесі  өндіргіш күштер арқылы жүзеге асады. Өндіргіш күштер  дегеніміз - бұл  өндірісті  ұйымдастыру  үшін пайдаланатын жұмыс күші  мен өндіріс құралдарының жиынтығы.

Өндіріс құралдары екі  бөлшектен құралады:

  1. Еңбек заттары – ол адамның еңбегіне бағытталған зат.
  2. Еңбек  құралдары – ол адамның еңбек затына ықпалын жүргізетін құрал.

     Өндіріс   қоғамның қажеттілігін толық   қанағаттандыруда тауарлар мен  қызметтерді барынша мол өндіру үшін  ұйымдастырылады. Бірақ та  ресурстардың  шектеулігінен тауар мен қызметтерді таңдау  проблемасы туады, яғни қандай тауарларды өндіру керек, қандайдан бас тарту қажет. Таңдау  проблемасын графикте өндіріс  мүмкіншілігінің қисық сызығы арқылы көруге болады. Мысалы: экономикада екі ғана тауар  өндіріледі: Х және У.

1 сурет. Өндіріс  мүмкіншілігінің  қисығы.

 

А – барлық ресурстар                                                           У- тауарын өндіруге бағытталған  барлық ресурстар                                                                                                                                                                                                                                                                    В -Х тауарын өндіруге бағытталған барлық ресурстар                          

 С және  Ғ – ресурстарды тиімді пайдалану

Е – ресурстарды  толық пайдаланбау

Д – осы берілген технологияның даму  деңгейінде      мүмкіншілігі жоқ өндіріс


 

1

       Экономикалық жүйе – бұл экономикалық процестер жиынтығы. Экономикалық жүйені топтау кең таралған екі фактор негізінде жүргізіледі.

1. Экономиканы  ұйымдастыру бойынша:

    1. Жабық экономика – барлық шаруашылық әрекеттер тек мемлекет  шеңберінде жүргізіледі, ішкі тұтынумен  шектеледі, шет елдермен қатынас  болмайды.
    2. Ашық экономикалық жүйе – халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіне экономика белсенді түрде қатысады, ұлттық валюта мен қатар шетелдік валюта қолданылады.
  1. Меншік қатынастарының формалары бойынша:
    1. Дәстүрлі жүйе – ұрпақтан ұрпаққа жалғасып отырған дәстүр мен салт бойынша қатынастар қалыптасады.
    2. Әкімшілік - әміршілік экономика - орталықтанған жоспарлау арқылы барлық ресурстар мен өндіріс факторлары мемлекеттің қолында болып, мемлекеттік  меншіктің  үстемділігі жүргізіледі.
    3. Нарықтық экономика -   жеке меншікке, бәсекеге негізделеді.
    4. Аралас экономика – мемлекет пен нарық механизмдерінің араласуы арқылы экономиканы реттеу жүзеге асады.
  2. Өнеркәсіп революциясы мен ҒТП даму деңгейі бойынша:
    1. Индустриалды даму дәуіріне дейінгі жүйе – бұл жүйеде  ауыл шаруашылығы, натуралдық шаруашылық және қол еңбегі басым орын алады.
    2. Индустриалдық жүйе – бұл жүйе ірі машиналық  өндіріске, дамыған тауар- ақша қатынастарына  негізделеді.
    3. Постиндустриалдық жүйе- бұл жүйеде негізгі ресурс ретінде ақпарат саналады, экономиканың бастаушы саласы – материалдық емес сала.

Дәстүрлі  экономиканың сипаттамасы:

  1. Өндіріс, бөлу және айырбас дәстүр, салтқа негізделеді.
  2. Өндірістің дамуы мен  әлеуметтік – экономикалық даму ең нашар деңгейде.
  3. Техникалық прогресс шектеулі.
  4. Халық санының дамуы өнеркәсіп өндірісінің өсуі деңгейінен тұрақты түрде артып отырады.
  5. Сыртқы қаржылық қарыз өте күрделі.
  6. Мемлекет пен қарулы  күштердің рөлі өте жоғары.

Әкімшілік - әміршілік экономиканың сипаттамасы:

  1. Өндіріс  құралдарына мемлекеттік меншік.
  2. Экономикада орталықтанған жоспарлау.
  3. Өндірушілердің монополист ретінде  көрінуі.
  4. Орталықталынған  ресурстар қоры.
  5. Өндіріс нәтижесіне деген әрбір өндіріске қатысушының жеке ынталылығының болмауы.

 

Нарықтық  экономиканың сипаттамасы:

  1. Өндіріс  факторларына жекеменшік.
  2. Кәсіпкерлік пен таңдау еркіндігі.
  3. Тәуекелге бел байлаған шаруашылық субъектілердің өзіндігі.
  4. Еңбек нәтижесіне қатысушылардың жеке ынталылығы – мотивациясы.
  5. Өндірушілер, тұтынушылар арасындағы бәсеке, сондықтан ешкім нақты  (экономикалық) билікке ие емес.

 

 

 

 

3 таќырып. Меншік ќатынастары жєне оныњ экономикадаѓы ролі

 

Лекция жоспары  (1 кр.саѓ)

1.  Экономикалыќ ж‰йеде меншіктік ќатынастардыњ орны.  Меншіктіњ экономикалыќ жєне ќ‰±ќыќтыќ мазм±ны.

2.  Меншіктіњ ќ±ќыќтыќ ќатынастары.

3.  Нарыќтыќ экономикадаѓы меншіктіњ кµпт‰рлі формасы.

4.  Ќазаќстан  Республикасындаѓы мемлекетсіздендіру мен жекешелендіру.

 

      Меншік – қоғамдық құрылыстың негізі. Меншік экономикалық категория ретінде өндіріс құрал – жабдықтарын және  өндірілген өнімдерді иемденуге байланысты адамдар арасында туындайтын қоғамдық қатынастар.

      Меншік ол зат емес, меншік  – заттарға байланысты адамдар  арасындағы қатынастар, яғни меншік  объектісін пайдаланудағы субъектінің  құқығы.

 

Меншік субъектісі                               меншік  объектісі

     

Адам, отбасы,әлеу-                        Жер,ғимараттар, табиғи ресурстар

меттік  топтар, ұжым,                  өндіріс құрал-жабдықтары, мүлік

халық, мемлекет, басқару        ақша, асыл заттар, ақпарат, органдары.                                         жұмыс күші, білім, бағалы    қағаздар

 

          Меншіктің экономикалық мағынасы келесі қатынастармен сипатталады:

  1. Иемдену – затты өз игілігіне пайдалану.
  2. Жатсындыру – меншік объектісін иеліктен шығару.
  3. Жекелендіру - әр бір тауар өндіруші мамандығы бойынша белгілі бір тауар өндірісіне жекеленеді.
  4. Қоғамдастыру – еңбектің қоғамдық сипатының дамуы.
  5. Өндірістің материалдық және жеке факторының бірігу тәсілі.
  6. Табысты бөлу әдістері.

       Меншік, заң жағынан алып қарағанда, мүліктік қатынастарға жатады. Құқықтық нормалар мен актілерде материалдық байлық әр түрлі субъектілер арасында қалай иемделінетіні және  бөлінетіні анықталады. Экономикалық теорияда жеке меншік  құқықтың мынадай түрлерінде даму алады.

(Оноре тізімі бойынша):

  1. Иемдену құқығы, яғни игіліктерге міндеттелінген денелік (күш -  қуаттылық) бақылау құқығы.
  2. Пайдалану құқығы, яғни игіліктің пайдалы қасиетін өзі үшін қолдану құқығы.
  3. Басқару құқығы, яғни  игіліктерді қолдануда кім және қалай қамтамасыз етуді шешу құқығы.
  4. Табысқа деген құқық, яғни  игіліктерді пайдалану нәтижесіне ие болу құқығы.
  5. Егемендік құқығы, яғни игіліктерді жатсындыру, өзгерту, тұтыну немесе жойып жіберу құқығы.
  6. Қауіпсіздік құқығы, яғни игіліктерді сыртқы ортаның зияндылығынан қорғау құқығы.

7.  Игіліктерді  мұрагерлікке беру құқығы.

8.  Игіліктерді иеленудегі мерзімсіздік құқығы.

9.  Сыртқы ортаға зиян келтіретін әдістерді қолдануға тйым салу құқығы.

10. Өндіріп алуға жауапкершілік құқығы, яғни қарыз үшін игіліктерді өндіріп алу құқығы

11. Қалдық сипатты құқық, яғни бұзылған құқықтарды қалпына келтіруді қамтамасыз ететін институттардың әрекет ету құқығы.

 

   Адамзат қоғамының   даму тарихында меншіктің әр  түрлі типтері белгілі. Олардың  ең бастылары: жалпы және жеке меншік болып саналады.

Осы белгілер бойынша, яғни еңбек  бөлінісінің даму деңгейіне байланысты меншік әр түрлі иемдену формаларына бөлінеді:

  1. Жеке иемдену формасы.
  2. Ұжымдық иемдену формасы.
  3. Қоғамдық иемдену формасы.

Осы келтірілген  меншіктің формалары өз  кезегінде  бірнеше түрлерге бөлінеді:

1. Жеке меншік


 

 

Өзіндік  меншік               Өз  еңбегіне негізделген    Жалдамалы еңбекке 

(табыс әкелмейді,          меншік                                  негізделген  меншік

тек өз тіршілігіне            (табыс әкеледі)                             

пайдаланады:

баспана,жиһаз, білім)

 

2.Ұжымдық меншік


 

Серіктестік    Кооператив      Акционерлік                          Бірлескен

                                                     қоғам                                   өндіріс

 

3.Қоғамдық  меншік


            

          Мемлекеттік                                            Муниципалдық

 

ҚР-да мемлекеттік  меншік объектілерін мемлекеттен алу  мен жекелендірудің  төмендегідей  түрлері қолданылады:

а) мемлекеттік  кәсіпорын мүлігін жалға беру;

ә) жалға берілген мемлеметтік кәсіпорын мүлігін  сатып алу;

б) мемлекеттік  меншік объектілерін концессияға беру;

в) мемлекеттік  кәсіпорынды акционерлік қоғам  немесе серіктестік ретінде құру;

г) еңбек ұжымы  мүшелерінің мемлекеттік кәсіпорын  мүлігін сатып алуы;

д) мүліктері мемлекеттік  меншікке жатпайтын мемлекеттік  кәсіпорынның мүлігін заңды тұлға  және жеке адамдарға конкурс және аукцион арқылы сату.

        1991 ж. бастап ҚР-ның Конституциясында  жекеменшікке деген құқық белгіленіп  және жекешелендіру мен мемлекет  иелігінен алудың алғашқы шаралары қолданыла бастады. Бұл шаралардың негізгі мақсаты:  ол мемлекеттік меншіктің басқа формаларға өзгеруі мен нарықтық экономикаға көшуге  жағдайлар жасау болып табылады. Меншікті  мемлекет иелігінен алу  кәсіпкерліктің дамуына, бәсекенің пайда болуына жағдай жасап, жекеменшік иелер топтарының  қалыптасуына бағытталды.

Жекешелендірудің тәсілдері

1. Аукционда  конкурс бойынша сату және  сатып алу.

2. Кәсіпорын  капита-лының үлесін сату (акцияларды)

3. Жалға берілген кәсіпорынның мүлкін сатып алу.


   

        Қазақстан Республикасында  жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алу процесі «Жекешелендіру және мемлекет иелігінен алудың Ұлттық  бағдарламасына» сәйкес жекешелендіру үш негізгі бағытта жүргізілді.

  1. Кіші  жекешелендіру – еңбеккерлердің саны 200 адамға дейін.
  2. Жаппай  жекешелендіру – орташа және ірі кәсіпорындар (200-500 адам) және халыққа  жекешелендіру купондарының  бөлінуіне негізделді.
  3. Жеке жобалық жекешелендіру – ірі кәсіпорындар мен мемлекеттің ерекше маңызды кәсіпорындары.

         Қазақстан республикасындағы   жекешелендіру мен мемлекет иелігінен  алу процесін 4 кезеңге бөлуге  болады:

  1. 1991-1992 ж.ж.- мемлекет меншігінің реформасы кең көлемде нарықтық экономикаға көшуге жағдай жасау үшін жүргізілді.
  2. 1993-1995 ж.ж. – мемлекет   иелігіндегі мүлікті халыққа қайтару арқылы нарыққа көшу жағдайын жасауы.
  3. 1996-1998 ж.ж. экономикадағы жеке сектордың басымдылығымен қатар мемлекеттің халыққа мүлікті қайтаруының аяқталуы.

4,1999-2000 ж.ж. – мемлекеттік меншікті басқару мен жекешелендіру заңдылық негізін жетілдіру және басқарудың  тиімділігін көтеру.   

 

 

4 таќырып. Ќоѓамдыќ шаруашылыќ формалары. Ќоѓамдыќ µндірісті тауарлы ±йымдастыру

Лекция жоспары

  1. Натуралды шаруашылық негізі
  2. Тауарлы шаруашылық мәні
  3. Тауардың негізгі құн өлшеуіштері

     Адамзат  қоғамының  тарихында  қоғамдық  өндіріс екі  түрлі формаға  бөлінеді: натуралды шаруашылық  және тауарлы шаруашылық. Натуралды  және тауарлы шаруашылық  төмендегі  келтірілген ерекшеліктермен сипатталады:

 

Натуралды шаруашылық

Тауарлы шаруашылық

1. Экономикалық қатынастар  тұйық жүйелі  түрде болады.

1.Экономикалық  қатынастар  ашық жүйелі түрде болады.

2. Еңбек бөлінісі дамыған.  Негізінде қолмен жасалатын еңбектің  түрі.

2. Еңбек бөлінісі мен  тауар айырбасы мамандарылған  еңбек.

3. Өндіріс пен  тұтынудың  арасында  тікелей экономикалық  байланыста болады. Өндірілген өнім  айырбасқа қатыспай-ақ тікелей   тұтынылады.

3. Өндіріс пен тұтынудың  арасындағы жанама экономикалық  байланыс. Өндірілген өнім  нарықта  айырбасқа сатуға түсіп, кейін  тұтынылады.


 

       Натуралдық  шаруашылық - томаға тұйық және жеке шаруа төңірегінде шоғырланады да, өнім өз қажеттеріне ғана  жұмсалады. Тауарлы шаруашылық - өндірілген өнім айырбасқа (сатуға) түседі.

Информация о работе Экономикалық теория