Экономикалық теория

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Января 2013 в 19:56, курс лекций

Описание работы

"Экономика" термині грек сөзінен "ойкономия" – үй шаруашылығын жүргізу өнері деген мағынаны білдіреді. Бірақта, қазіргі кезеңде "экономика" термині үш негізгі мағына мен анықталады:
Біріншіден, экономика – бұл адамдардың шаруашылық іс-әрекетімен және өндіріспен байланысты қоғамдық қатынастар жиынтығы. Қатынастардың сипаттамасы,меншік формалары және шаруашылықты жүргізу мен өнімнің бөліну принциптері бойынша экономика бөлінеді: құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік және социалистік, нарықтық және әкімшілік-әміршілік типтеріне.

Работа содержит 1 файл

Курс лекций.doc

— 2.59 Мб (Скачать)

     Тауар – сатуға немесе айырбасқа түсетін өнім. Тауардың екі қасиеті бар: тұтыну құны және айырбас құны (өз құны).

      Тұтыну құны – тауардың пайдалылығы, адамның белгілі бір қажеттілігін қанағаттандыру қасиеті.

      Айырбас құны (тауардың өз құны) – тауардың басқа тауарларға айырбасталу қабілеттілігі.Тауардың мұндай  қасиеттері оны  өндіруге жұмсалған еңбектің екі жақты сипатына байланысты:

     Бірінші  жағынан, еңбектің нақты түрі  белгілі бір тұтыну құнын   өндірумен сипатталады. Яғни, нақты  еңбек арнайы еңбек құралдарын  пайдаланумен, жұмыскердің мамандығымен, одан қалды нақты нәтижесімен көрінеді. Сондықтан, тұтыну құнын жасайтын еңбекті нақты еңбек деп атайды. Тауардың өз құнын жасайтын еңбекті абстрактылы еңбек деп атайды. Яғни, құн мөлшері оны өндіруге жұмсалған қажетті жұмыс уақытымен өлшенеді.

    Құн заңы - өндірушілер арасындағы  байланыстарды, сондай-ақ  қоғамдық еңбекті бөлу мен ынталандыруды реттеп отыратын  экономикалық заң. Бұл заңның мағынасы: тауар өндіру мен айырбастау оның қоғамдық қажетті шығындарымен  (ҚҚЕШ) өлшенеді.

   Құн заңы нарықта баға заңы ретінде көрінеді, немесе баға – құн заңының көрінісі. Бағаның өзгеруі құн заңының өндіріс салалары арасында  өндірістік ресурстарды қайта бөлу қызметін атқаратынын көрсетеді.

     Қандай  бір қоғамда болсын, ақшаның қажеттілігі  тауар  өндірісі мен тауар  айналымынан  туындайды. Көптеген тауарлар  массасынан белгілі бір немесе бірнеше тауарлар айырбас кезінде делдалдық қызмет атқару мақсатымен бөлініп шығады. Мұндай  тауарлар ұлу  қабыршығы, аң терісі, мал мен алтын, тағы басқа да көптеген басқа тауарлар болуы мүмкін. Бірақ уақыт өте келе бұл құнның жалпыға ортақ формасының пайда болуына әкелді. Кез келген басқа тауарларға тікелей айырбастауға қабілеті бар тауар жалпылама эквивалент деген ат алды. Сонымен, бұл қызметті барлық жерде дерлік үнемі күміс пен алтын атқаратын болды. Ақша айналыс құрамында шақа формасы ретінде көрініс  алады. «Шақа» деген сөздің шығу тегі Ертедегі Римнің ақша белгісін соғуда бастау алған Юноны – Монета жеріне байланысты. Ақша дамуының өзі айырбаста асыл металдардан жасалған шақаның болуымен тоқталған жоқ. Бұл дамудың келесі қадамы – қағаз ақшаның, содан кейін несиелік  ақшаның пайда болуы. Қағаз ақша ХІІ ғасырда тұңғыш рет Қытайда басылып шықты. Қағаз ақшаның кең көлемде таралуы ХҮІІІ ғасырдан басталады. 1761 жылдан бастап Швециядағы ірі банк өзінің «банкнот» деп аталатын қағаз  ақшаларын шығара бастады.

 

  1. Тақырып Нарық шаруашылығының жалпы сипаттамасы

Лекция жоспары

Нарықтың пайда болу жағдайлары:

  1. Қоғамдық еңбек бөлінісі.
  2. Өндірушінің дербестігі, тәуелсіздігі, таңдау еркіндігі.
  3. Жекеменшікке негізделіп өндірушінің экономикалық  бөлініп шығуы.

 

Нарық – бұл экономикалық проблемаларды тиімді шешуді қамтамасыз ететін тауарларды өндіру мен оларды ақша  көмегімен айырбастау процесінде туындайтын экономикалық қарым-қатынастардың жиынтығы, шаруашылықты ұйымдастыру формасы.

      Нарықтың субъектілеріне  жататындар: сатушылар мен сатып  алушылар (үй шаруашылығы, фирмалар, мекемелер, мемлекет). Нарық  объектілеріне   жататындар: тауарлар мен ақшалар.  Тауарларға  жататындар: өндірілген өнім мен қатар өндіріс факторлары (еңбек, жер, капитал) және көрсетілетін қызметтер.

 

Нарық қызметтері:

  1. Ақпараттық қызмет - нарық экономика жағдайы туралы  мәліметтер  таратады.
  2. Делдалдық қызмет – нарық жағдайында тұтынушы өзіне қолайлы   тауар сатушы тауып, өндіруші (сатушы) өзіне пайдалы тауарды алушыны таңдауға  мүмкіндік алады.
  3. Баға белгілеу қызметі – нарықтың өзі тек қоғамға қажетті шығындарды қабылдайды және соларды ғана төлейді.
  4. Реттеушілік қызметі - капиталдың пайдасыз салалардан пайдалы салаға көшуі арқылы болашағы мол салалардың дамуына жағдай жасайды.
  5. Санациялық қызмет – бәсеке  қоғамдық өндірісті әлсіз, икемсіз және қабілетсіз кәсіпкерлерден тазартып  белсенділер мен тапқырларға жол береді.

 

             Нарық  құрылымының классификациясы

  1. Нарық объектілерінің экономикалық бағыттары бойынша:
    1. Тауарлар мен қызметтер нарығы
    2. Өндіріс факторлары  нарығы.
    3. Қаржы нарығы.
    4. Ақпарат нарығы.
  2. Жағрапиялық орналасуы бойынша:
    1. Жергілікті нарық.
    2. Аймақтық нарық.
    3. Ұлттық нарық.
    4. Әлемдік нарық.
  3. Бәсекелестік сипат пен деңгейі тұрғысынан:
    1. Монополия нарығы.
    2. Олигополия нарығы.
    3. Монополистік бәсеке нарығы.
    4. Жетілген бәсеке нарығы.
  4. Сала бойынша:
    1. Автомобиль нарығы.
    2. Компьютер нарығы.
    3. Ауылшаруашылық нарығы.
    4. Өнеркәсіп нарығы.
  5. Тауар өткізу сипатына қарай:
    1. Көтерме  сауда нарығы.
    2. Бөлшек сауда нарығы.
  6. Заң актілеріне сәйкес:
    1. Ресми нарық.
    2. Жасырын нарық – көлеңкелі.
  7. Нарықтың дамуына байланысты:

7.1.    Дамыған нарық.

    1. Дамымаған нарық.

        Экономикалық  теорияда жасырын экономика - әртүрлі себептермен ресми түрде статистика арқылы есепке және  бақылауға алынбаған өндіріс, айырбас және материалдық игіліктерді бөлу процестері. Нарықты өмірде жасырын экономика факторын есепке алмау қоғам мүддесіне қайшы келетін өте ауыр салмақтағы жағдай     әлеуметтік экономикалық салаларға кері әсерін тигізетіні лауазымдық  қызметкерлердің қылмысының өсуіне және басқа да әртүрлі қылмыстық істерге әкеліп соқтырады.

    Нарық механизмінің негізгі элементтеріне жататындар: баға, сұраныс пен ұсыныс, бәсеке. Сұраныс пен ұсыныстың  ара қатынасының өзгерістеріне байланысты бағалар қалыптасады. Өндірушілер мен тұтынушылардың арасындағы тұрақты байланысты қамтамасыз ететін сұраныс пен ұсыныс. Бәсеке нарықта реттеушілік қызметін атқарады.

А. Смит – бәсекені нарықтың - «Көрінбейтін қолы» деп атаған. Бәсеке арқылы  нарық субъектілері өз пайдасына қарай әрекет етіп, тұтас болғанда қоғам үшін тиімділіктің негізін қалайды. Осы айтылған элементтердің өзара  қатынасы арқылы нарық қалыптасады.

 

6 таќырып. С±раныс пен ±сыныс теориясы.

Лекция жоспары (4 кр. саѓ)

1.  С±раныс: аныќтамасы,зањы, ќисыѓы.С±раныстыњ детерминанттары.

2.  ¦сыныс: аныќтамасы, зањы, ќисыѓы.¦сыныстыњ баѓалыќ жєне баѓалыќ емес факторлары.

3.  С±раныс пен ±сыныстыњ µзара байланысы. Нарыќтыќ тењдік.

4.  Икемділік т‰сінігі. С±раныс пен ±сыныстыњ икемділігі.

 

Өндірісті  ұйымдастыру  кезеңінде  туатын негізгі:

  • Нені өндіру қажет?
  • Қалай өндіру қажет?
  • Кім үшін өндіру қажет?- деген мәселелер сұраныс  пен ұсыныс механизмі  арқылы шешіледі.

Сұраныс пен  ұсыныс нарықтық экономиканың ең маңызды элементтері.

      Сұраныс - ақшалай камтамасыз  етілген тұтынушының қажеттілігі  немесе сұраныс - төлем қабілеттілігі  бар қажеттілік. Құндық тұрғыдан  сұраныс осы қажетті  тауарлардың  сапасын құрайды.

      Сұраныс заңы – тауар бағасы мен сұраныс көлемі арасындағы кері қатынастың көрінісі, яғни тауарға баға  төмендегенде  тұтынушы оны көп мөлшерде сатып алады. Егер тауарға баға өссе, оған деген сұраныс азаяды.

     Сұраныстың қисығы – бұл сұраныс заңының графиктегі көрінісі, яғни бұл сызықтағы нүктелер белгілі бір уақыттағы тұтынушының тауарды қандай бағамен және қанша мөлшерде сатып алатын мүмкіншіліктерін көрсетеді. 4.1. графиктегі  көлденең осьте - сұраныс көлемі (Q), ал тікелей осьте (Р) – тауардың бағасы, сұраныстың  қисығы (Д).

     Нарықтық  сұраныс көптеген факторлардың  әсерімен қалыптасады, яғни сұранысқа  бағадан басқа да бағасыз факторлар әсерін тигізеді:

  1. Тұтынушылардың  табысы. Табыс өскен сайын тұтынушылардың сұранысы да өседі.
  2. Тұтынушылардың саны. Тұтынушылар саны молайған сайын  сұраныс та өседі.
  3. Тұтынушылардың талғамы (ұнатуы, ұнатпауы, жаңа үлгідегі  тауарлар)
  4. Бірін бірі  алмастыратын және бірін - бірі  толықтыратын тауарлардың бағаларының өзгеруі. Егерде тауарлар бірін - бірі  толықтыратын болса (автомобиль және бензин), онда бір тауар (автомобиль) бағасының өсуі екінші тауарға (бензин) деген сұраныстың азаюына әкеледі. Егерде  тауарлар бірін - бірі алмастыратын болса (май және маргарин), онда бір тауар (май) бағасының өсуі екінші тауарға (маргарин) деген сұраныстың  ұлғаюына әкеледі.
  5. Келешектегі өзгерістерді күту: инфляциялық және тапшылық жағдайдағы өзгерістер  бүгінгі күндегі сұраныстың өсуіне әкеледі.

 

График 4.1.

Сұраныстың  қисығы.

График 4.2.

Сұраныс қисығының  жылжуы.

Бағаның өзгеру әсерінен сұраныс көлемінің өзгеруі сұраныс қисығының өз бойымен жылжуынан көрінеді

Бағасыз факторлардың әсері сұраныстың өзгеруіне әкеледі, ол қисық сызықтың орнынан жылжуынан көрінеді:

Оңға-жоғары ( өсуі)

Солға-төменге ( азаюы)


 

 

         Ұсыныс – бұл өндірушінің белгілі бір уақытта, белгілі бір бағамен нарықта сатуға дайындаған тауарларының саны.

         Ұсыныс заңы – бұл баға  мен сатылатын тауар  санының  арасындағы тікелей  қатынас, яғни тауардың  бағасы өскен сайын оның сатуға дайындаған саны да молаяды (басқа жағдайлар тұрақты болғанда) және де керісінше

       Ұсыныстың қисығы – бұл  ұсыныс заңының графиктегі көрінісі, яғни бұл сызықтың нүктелері бағалардың белгілі бір мерзімде  өзгеруінен сатушылардың нарықта қанша тауар ұсынатынан көрсетеді.

Ұсынысқа бағадан басқа да бағасыз факторлар әсерін тигізеді:

  1. Ресурстардың бағасы. Ресурстар бағасының өсуі ұсыныстың азаюына әкеледі.
  2. Технология. Технологияның жетілдірілуі ұсыныстың өсуіне әкеледі.
  3. Бірін бірі алмастыратын және бірін бірі толықтыратын тауар бағасының өзгеруі.
  4. Келешекте инфляциялық және  тапшылық жағдайлар  өзгерістерін күту.
  5. Бәсекенің деңгейі.
  6. Салықтар және субсидиялар. Салық ставкасының өсуі ұсыныстың азаюына, субсидияның берілуі – Ұсыныстың өсуіне әкеледі.
  7. Ұсынысқа  өндірістің даму барысында уақыт аралығы да әсерін тигізеді. Қысқа мерзім кезеңінде өндіруші ұсыныстың көлемін өзгерте алмайды.

         Графикке ұсыныс қисығын салғанда  тікелей осьте тауардың бағасы (Р), көлденең осьте ұсыныстың  көлемі (D). Қисық сызық (S)  шығып келе жатқан бағытта болады.

 

График 4.3.

Ұсыныстың қисығы.

График 4.4.

Ұсыныс қисығының  жылжуы.

  Р                                        S

 

Р2

 

                              A

 

Р1                             B

 

 

                         

                             Q2       Q1     Q

Р                                        S1

 

                                               S           

                                                       

                                                  S0

 

                                             

 

 

                                                   Q

Бағаның өзгеруінен ұсыныстың көлемінің өзгеруі  ұсыныс қисығының өз бойымен жылжуынан  көрінеді

Бағасыз факторлардың әсері ұсыныстың өзгеруіне әкеледі: ол қисық сызықтың орнынан жылжуынан  көрінеді:

оңға-төменге ( өсуі)

солға –жоғары (азаюы)


 

Баға механизмі және бәсеке арқылы сұраныс пен ұсыныс өзара байланыста болады. Бұл байланыс нарықта тепе-теңдік жағдайы орнауына мүмкіншілік әкеледі.

    Нарықтағы  тепе-теңдік жағдай сұраныс пен  ұсыныстың  теңдігінде орнайды.  Бұл жағдайда теңдік баға мен  теңдік көлем қалыптасады.

    Теңдік баға – бұл сұраныс пен ұсынысты теңдестіретін, сұраныс пен ұсыныс  қисығының қиылысуы арқылы пайда болған баға.

График 4.5. Нарықтағы тепе-теңдік.

Мұнда: Е – сұраныc пен ұсыныс  қисығының қиылысқан, тепе-теңдік нүктесі,

      РЕ –теңдік баға,

      QЕ – теңдік көлем.

Егерде нарықтық баға – Р1 теңдік бағадан - Ре төмен болса, нарықта тауардың  тапшылық жағдайы  орнайды, яғни сұраныс көлемі ұсыныс көлемінен артады. Егерде нарықтық баға Р2 теңдік бағадан                                      жоғары болса, онда  артықшылық орнайды, яғни  ұсыныс көлемі сұраныс көлемінен артады.

Информация о работе Экономикалық теория