Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Января 2013 в 20:10, курсовая работа
«Әлемдік қаржылар» пәні қазіргі Қазақстан экономикасындағы қаржы - ақша қатынастарының ажырағысыз бөлігі. Қаржының ақшалай мазмұны жағынан да, функциялары жағынан да ақша түсінігінен айырмашылығы барлығын оқыту. Экономикалық қатынастарда қаржы экономикалық категория ролін атқара отырып, ақшаның қозғаушы механизм ретіндегі көрінісі екенін үйрету.
1.ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ - SYLLABUS
Оқытушы туралы мәләмет:
Тәжіғұлова Айгүл Жармағанбетовна аға оқытушы
кафедра «Бағалау және бизнес», каб.402.
1.2. Пән туралы деректер:
Пән: Әлемдік қаржылар
Жергілікті қазына жергілікті бюджеттің қаражаттары мен коммуналдық меншікке жататын оқшауланбаған мүлікті қамтиды. Мемлекеттік қаржылардың іс -әрекеті кезінде өзара тығыз байланысты екі процесс пайда болды: мемлекеттік құрылымдардың қарамағында қаржы ресурстарын жұмылдыру және қаражаттарды мемлекеттің әртүрлі қызметтеріне пайдалану.
8.2.Жанама нәтижелер - қандай бір мемлекет болмасын оның қоғамдағы экономикалық қызметі ірілендірілген түрде мына функцияларға саяды:
Шығындар: субъектінің өнімді өндіруге ,айналысқа жіберуге және өткізуге ақшалай нысанда жұмсалған шығыстары. Түрлері: тікелей шығындар; жанама шығындар; тұрақты шығындар; ауыспалы шығындар.
Пайда - табыс шығыстары асып түсетін ақшалай қаражат сомасы. Мемлекеттік қызмет - азаматтардың мемлекеттік органдар мен олардың аппараттарындағы қызметі. Конституциялық негізде жүзеге асырылады және мемлекеттік басқаруды, мемлекеттің өзге де міндеттері мен атқарымдарын іске асыруға бағытталады; ерекшеліктері.
9- тақырып. Мемлекеттің кірістері.
9.1.Мемлекет табыстары- барлық мемлекеттер органдарға түсетін түсімдер; салық түмімдерінен, сондай -ақ мемлекетке тиесілі кәсіпорындар мен ұйымдардың мемлекеттік бюджетке аударылатын кірістерінің бір бөлігінен құралады.
Мемлекеттік кірістер дегеніміз - экономикалық қатынсатардың жүйесін айтады, бұл қатынастардың процесінде мемлекеттің іс -әрекет етуінің материалдық базасын жасау үшін мемлекеттің меншігіне түсетін қаражаттардың жиынтығы құралады.
Мемлекеттік кірістердің экономикалық мағынасы және оларды ұйымдастыру мемлекеттік шаруашылықты жүргізудің саяси және экономикалық роліне байланысты болып келеді.
Мемлекеттік кірістер мемлекеттік кәсіпорындардың қарамағында қаржы ресурстарын қалыптастырумен байланыста болатын қаржы қатынастарының бөлігі ретінде көрінеді. Сонымен бірге жұмылдырылатын мемлекеттік қаржы ресурстары орталықтандырылған кірістердің қатарына, мемлекеттік кәсіпорындардың қарамағында қалағандары орталықтандырылмаған кірістерге жатады.
Мемлекеттік кірістердің құрамы айтарлықтай дәрежеде мемлекеттің өзіне қажет ақшаны жұмылдыратын әдістеріне байланысты болып келеді. Нарықтық экономика жағдайында мемлекеттік кірістерді жұмылдырудың негізгі әдістері салықтар, займдар және эмиссия болып табылады. Түрлі тарихи кезеңдегі бұл әдістердің арақатынасы әртүрлі болады. Және қаржы саясатының мазмұнымен, шаруашылық конъюнтурасын шиеленесу дәрежесімен және тағы басқа көптеген факторлармен айқындалады.
9.2.Мемлекет кірістеріне әсер ететін факторалар – бұл орталықтандырылған қаржы кірістері негігінен салық түсімдері, сыртқы экономикалық қызметтер лынатын кірістер, халық төлемдері есебінен қалыптасады. Орталықтандырылмаған кірістер кәсіпорын-дардың өздерінің ақшалай табыстары мен жинақтарынан құрылады.
Мемлекеттің орталықтандырылған кірістерінің құрамында басты орында бюджеттің кірістері алады, оның есебінен қоғамды дамытудың экономикалық және әлеуметтік міндеттерін шешу қамтамасыз ету. Бюджет қаражаттарынан басқа мемлекетің орталық-тандырылыған кірістеріне бірқатар мемлекеттік бюджетен тыс ресурстар жатады. Мемлекеттік кірістердің құрамы айтарлықтай дәрежеде мемлекеттің өзіне қажет ақшаны жұмылдыратын әдістеріне байланысты болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында мемлекеттік кірістердің негізгі құрамы мынадай ·салықтар, ·займдар , · эмиссия .
«Мемлекеттер кірістер» және « Мемлекеттік бюджеттің кірістері» ұғымдарын ажыртата білген жөн, себебі бұлар біріне тең әрі ұқсас ұғымдар емес. Бірінші жағдайда қатынастардың неғұрлым кең топтары туралы әнңгіме болып отыр, өйткені мемлекеттік кірістердің құрамына мемлекеттік бюджеттің кірістерінен басқа мемлекеттік кәсіпорындардың, ұйымдардың, бірлестіктердің таза табыстары, мемлекеттік мүлктен алынатын табыс, мемлекеттік бюджеттен тыс ресурстар, салық түсімдері және т.б. қамтылады.
9.3.Табыстардың дамуы - олар нарықтық үлгідегі дамыған экономикалық жүйеде әрекет ететін қаржының негізгі қасиеттерін білдіретін әмбебаптық және сонымен қатар басты категория болып табылады. Нарықтық экономиа жағдайында салық нысаны қаржылық өзара байланыстардың бүкіл жүйесінде басымырақ болады. Сонымен салықтармен қатар фискалдық маңызы бойынша екінші әдіс мемлекеттік займдар болып табылады. Олар тек бюджет тапшылығын жабуға ғана емес, мемлекеттік секторындағы қаражаттарды инвестициялауды қамтамасыз етуге пайдаланылады. Мемлекет кірістерін жұмылдырудың үшінші әдісі эмиссия , оның үстіне тек қағаз - ақша эмиссиясы ғана емес, сонымен бірге несие эмиссиясы болып табылады. Эмиссияға мемлекет салық және займдық түсімдер мемлекеттің өсіп отырған шығындарын жабуды қамтамасыз ете алмағанда , оның үстіне қаржы рыногында жаңа займдарды шығаруаға қолайсыз жағдайда ғана иек артады.
Мемлекеттік бюджеттің кірістері бірішіден орталық және жергілікті органдар жинайтын салықтардан , мемлекеттік заемдардан, бюджеттен тыс немесе мақсатты қорлардың төлемдерінен құралады. Мұндай қорлардың құрылуы ірі қаржы ресурстарын нақты мақсаттарға ,ең алдымен әлеуметтік - экономикалық сипаттағы мақсаттарға шоғырландыру қызметінен туады. Бұлардың қатарына әлеуметтік қамсыздандыру, жол құрылысы, қоршаған ортаны қорғау, жұмыс күшін даярлау, қайта даярлау және т.б. жатады.
Мемлекеттік кірістерді сыныптау олардың экономикалық мағынасын, құрамы мен мақсатты бағыттылығын, қалыптасу қағидаттарын , яғни мемлекеттік кірістердің бүкіл жүйесін тереңіріек түсінуге мүмкіндік береді.
Меншік нысандарына қарай мемелекеттік кірістер мыналардан тұрады:
Жасау сфераларына байланысты мемлекеттік кірістер:
Қаржылық мазмұны бойынша мемлекеттік кірістер:
Жұмылдыру әдістері бойынша орталықтандырылған және орталықтан-дырылымаған болып жіктеледі.
10 - тақырып. Салықтар және салық жүйесін ұйымдастыру.
10.1.Салық ұғымы – мемлекеттік бюджет түсімдерінің ең басты көзі . Өнеркәсібі дамыған елдердің бюджетіндегі салықтардың үлесі 90 пайыз. Салықтың негізгі түрлеріне табыс салығы, одан басқа қоғамның құқықыты мүшелерінің табыстарына, корпарация пайдаларына салынатын салықтар. Өндірістік бірлестіктер, кәсіпорындар, капитал иелері өздері жарияланған мәлімдемелері бойынша салық төлейдеі. Қазіргі кезедегі салықтардың маңызы мен ролі мелекеттік органдарды қаржы ресурсатарымен қамтамасыз етумен шектелмейді. Салықтар ұлттық табысты мемлекеттендірудің басты құралы. Олардың макроэкономикалық шешуі рол артып келеді, мұны ЖҰӨ-нің көлеміндегі салық үлесінің ұлғаюынан көруге болады.
Салықтар - мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген, белгілі бір мөлшерде жүргізетін, қайтарымсыз және өтеусіз сипатта болатын бюджетке төленетін міндетті ақшалай төлемдер. Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық экономикалық құрылысы мен саяси іс бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негзгі көзі - ұлтттық табысты қайта бөлудің басты қаржылы инструменті, мемлекеттің кірістерін және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады.
Ұйымдық - құқықытық - жағынан алғанда салықтар - бұл заңмен алдын -ала анықталған, белгілі бір көлемде және белгіленген мерзімде бюджет қорына түсетін міндетті төлемдер. Салықтардың экономикалық мәні мемлекеттің заңды және жекее тұүлағалармен қалыптасатын ақша қарым - қатаныстарымен сипатталады, сондықтан салықтар экононмикалық категория ретінде қаралуы мүмкін. Салықтарды мемлекеттің экономикалық мазмұны нақты түрде көрінеді, ал салықтардың әлеуметтік - экономикалық мәні, олардың түрлері мен ролі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 35- бабында: заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады - деп жазған. Салықтардың әлеуметтік - экономикалық мәні мен мазмұны олар атқаратын функцияларды толық ашыла түседі. Қазіргі кезде салықтар фискалдық, реттеуші және қайта бөлу сияқты негзгі үш функцияны орындайды.
Бұлардың әрқайсысы осы қаржы категориясының ішкі қасиетін белгілері мен ерекшеліктерін білдіреді. Фискалдық функция - барлық мемлекеттерге тәне негзгі функция. Оның көмегімен бюджеттік қор қалыптасады, мұның өзі салықтардың қоғамдық міндеттерін рттыра түседі. Өйткені салықтар мемлекеттік бюджеттің кірістерін толыстыра отырып, экономиканы , әлеуметтік - миәдени шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Салықтардыңң реттеуші функицсы - мемлкеттің экономикалық қызметінің ұлғаюымен байланысты пайда болады. Ол халық шаруашылығының дамуына қабылданған бағдарламаларға сәйкес ықпал етеді. БҰл кезде салықтардың нысанджарын таңдау счтавкаларының алу әдістерінің өзгеруі, жеңілдіктер мен шегермелер пайдаланылады. БҰл реттегіштер қоғамдық ұдайы өндірістің құрылымына,қ ордалану мен тұтыну ауқымына ықпал етеді. Қайта бөлу функциясы арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлігі мемлекет қарамағына өтеді. Бұл функцияның іс -әрекетінің көлемі ішкі жалпы өнімде салықтардың алатын үлесі арқылы анықталады.
10.2.Салық салу - мәселерін реттейтін нормативтік - құқықтық актілер ресми басылымдарда міндетті түрде жариялануға жатады. Мемлекетке түсетін салық түсімдерінің сипатты ерекшелігі олардың сан алуан қоғамдық қажеттерге кейін иесіз пайдаланылуы болып табылады.
Салықтарда ежелден салық жүктемесін (салық ауыртпалығын) бөлудің екі қағидаты қалыптасқан: 1)пайда (алынған игіліктер ) қағидаты; 2)»қайыр көрсету» (төлем қабілеттілігі) қағидаты. Алынған игіліктерге және төлем қабілеттілігіне салық салудың қағидаттароын пайдалану салық мөлшерлемелерін белгілеуге және табыстың өсуіне қарай олардың өзгеруіне қарай олардың өзгеруіне саяды. Салықты ұтымды ұйымдастырудың классикалық қағидаттарын бұрын А.Смит ұсынған еді. Салық салудың кейінгі даму барысында қағидаттардың тұжырымдамалары дәлелденеді, толықтырылады. Тұңғыш рет Қазақстан Республикасында заңнамалық деңгейде салық салудың қағидаттары баянды етілген. Қазақстанның салық заңнамасында сонымен бірге мсалық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеудің міндеттілігі, салық салудың айқындылығы, әділдігі, салық жүйесінің біртұтастығы және салық заңнамасының жариялылығы қағидаттары негізделеді.
Салық жүйесі - мемлекетте алынатын салықтар мен басқа да міндетті төлемдер түрлерінің , олардың құрылымы нысандары мен әдістерінің, салық қатынастарын реттейтін салық қызметі органдарының жиынтығы.
Нарықтық экономика жағдайында салықтар экономикалық белсенділікті арттырудың, ұдайы өндіріс процесіне әрекет етудің басты бір тұтқасы ретінде жаңа сипатқа ие болуда. Мұндай ықпал көп бағытта жүргізілуде. Пайдаға салық салу арқылы манипуляция жасап, мемлекет капиталдың қорлану процесінде айтарлықтай әсер етеді. Салық арқылы реттеу әдістері салалардың бәсекелестігін ынталандыруға, капиталдың қорлануына қолайлы жағдай жасауға, корпорациялардың әлеуметтік қызметін қолдануға кеңінен пайдаланылады.
10.3.Қазақстан Республикасының салық жүйесі - «Салық» ұғымымен «салық жүйесі» ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте алынатын салық түрлерінің, оны құру мен алудың нысандары мен алудың нысандары мен әдістерінің , салық сужбасы органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттің салық жүйесін құрайды. 1991 жылғы желтоқсанның 25- інен бастап біздің елімізде тұңғыш салық жүйесі жұмыс істей бастады. Ол «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» заңға негізделеді. Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі салық жүйесі салықтарды құру мен алудың нақтылы әдістерін анықталады, салықтың тиісті элементтері арқылы салық салудың тәртібін белгілейді. 1995 жылғы сәуірдің 24-інде Қазақстан Респрубликасы Президентінің заң күші бар жарлығы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы шілденің 16- сында 440 - 1 заңына сәйкес Қазақстан Республикасының заң мәртебесін алды. Осы уақыт аралығында Президент жарлықтарымен және Қазақстан Респуликасының Заңдарымен бұл заңға бірнеше рет өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Қазақстан Рспубликасының салық жүйесі салықтардың, алымдардың және баждардың түрлерін, салық қатынсатарын реттейтін құқықтық нормаларды және салық службасының органдарын қамтиды.