Экономика мамандықтарына арналған

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Января 2013 в 20:10, курсовая работа

Описание работы

«Әлемдік қаржылар» пәні қазіргі Қазақстан экономикасындағы қаржы - ақша қатынастарының ажырағысыз бөлігі. Қаржының ақшалай мазмұны жағынан да, функциялары жағынан да ақша түсінігінен айырмашылығы барлығын оқыту. Экономикалық қатынастарда қаржы экономикалық категория ролін атқара отырып, ақшаның қозғаушы механизм ретіндегі көрінісі екенін үйрету.

Содержание

1.ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ - SYLLABUS
Оқытушы туралы мәләмет:
Тәжіғұлова Айгүл Жармағанбетовна аға оқытушы
кафедра «Бағалау және бизнес», каб.402.
1.2. Пән туралы деректер:
Пән: Әлемдік қаржылар

Работа содержит 1 файл

7.doc

— 445.50 Кб (Скачать)

   Старатегия  тактикалық  есептерді  шешу  үшін  қолайлы  жағдайлар  жасайды. Экономика мен әлеуметтік  сала  дамуының  шешуші  учаскелер  мен басты  проблемаларын  анықтап отырады.

  Тактика әдістерді  өзгерту, қаржы  байланыстарын  ұйымдастырудың  нысандары  арқылы  неғұрлым  қысқа  мерзім  ішінде  ысырап  пен  шығындарды  ең аз  жұмсап, қаржы  стртагегиясы  белгіленген міндеттерді  шешуге  мүмкіндік  береді.

2.5. Қаржы механизмі.Қаржы саясаты  нақты шаруашылық өмірде қаржы механизмі арқылы жүзеге  асырылады. Экономикалық  реформалар  мен нарықтық қатынастар тұтқалардың іс- қимылының  жүйесі  болып табылатын  қаржы  механизмінің құрылымы  мен  элементтеріне  әсер  етеді.

    Қаржы механизмі - экономикалық  және  әлеуметтік  даму үшін  қолайлы  жағдайлар  жасау  мақсатында қоғам  қолданатын  қаржы  қатынастарын  ұйымдастыру нысандарының, қаржы ресурстарын  қалыптастырып, пайдалану  әдістерінің  жиынтығы.

    Қаржы механизмі  қаржы қатынастарын  ұйымдастырудың  түрлерін,  нысандарын  және  әдістерін, оларды  сан жағынан анықтаудың  амалдарын қамтиды.

   Қаржы механизмінің құрылымын сипаттау  үшін :қосалқы  жүйесі; блогі; элементі деген ұғымдарын  пайдаланған  орынды. Қаржы механизмінің  қосалқы  жүйесі  оның  неғұрлым  маңызды  қозғаушы  күші  болып табылады, олар  қаржылық жоспарлау, қаржы  тұтқалары мен  тимулдары,ұйымдық  құрылым,  қаржы  жүйесінің  құқықтық режимі,  қаржылық бақылау.    

    Нарықтық  реформалардың тереңдей  түсуі жағдайында  сапалық жағынан жаңа қаржы

3- тақырып.  Қаржыны  басқаруды  ұйымдастыру.  Қаржылық жоспарлау және  болжау.

   3.1.Қаржыны басқару- бұл қаржының  экономикалық  жүйелерге әсер ету   процессі. Басқару адам қызметінің  барлық аясына; соның  ішінде  қаржы  қызметіне  де тән  нәрсе.

   Қаржыны  басқару - бұл қаржы  қатынастарының  бүкіл  жиынтығының тиімді жұмыс істеуіне жетуді  және  мұның  негізінде  тиісті  қаржы  саясатын  жүргізуді  қамтамасыз ету жөніндегі  мемлкет  шараларының  жиынтығы.Қаржыны басқарудың  негізіне  мына  қағидаттар  қойылған:басқарудағы  демократизм; қаржы  мәселелеріне  саяси  көзқарас;  басқарудың  ғылымилығы; орталықтандырылыған , салалық және  аумақтық  басқарудағы келісушілік; басқарудағы  жауапкершілік;  шаруашылық  шешімдердің  сабақтастығы және  басқалараы.

   Қаржыны басқаруда  мынандай   бірнеше  өзара байланысты  функционалдық элементтерге  бөледі: ақпарат; жоспаралау;  ұйымдастыру;  реттеу;  бақылау.

3.2.Қаржы ақпараты-  осы элементтер  арқалы  қаржыны басқарудағы қаржы ақпараты  барлық  қаржылық  процестерді  шешім  қабылдауда   үлкен  мағыасы  бар  ғылыми  түрде  жоспарланған  болады. Дәлме- дәл ақпарат  арқылы оқиғалар  барысын, олардың  бет алысын   таңдауға болады.

Қаржы  ақпаратын  жүзеге  асыратын  құжаттар:

  • бухгалтерлік есеп;  Бухгалтерлік құжат- шаруашылық  операциялардың  жазбаша дәлелдемесі;  бухгалтерлік  шоттарда  көрсетілуге  тиіс  ақпарат.
  • статистикалық  есеп; Сапасы  жағынан  біртекті бұқаралық әлеуметтік - экономикалық құбылыстарды  тіркеу, қорытындылау және  зерделеу  жүйесі.
  • оперативтік есеп; Белгілі  бір  шаруашылық  операцияларын  тікелей  жүзеге  асырылып  жақтан  жерде  және  сәтте  болып  табылатын  шаруашылық  есебінің  түрі; тауарлар өндіру ,  жұмыстарды орындау, қызметтерді  көрсету барысында   басқарушылық  және  экономикалық  шешімдер  қабылдау  үшін  фирма  басшылығын  кірісу ақпаратымен  қамтамасыз  ету мақсатында  жүргізілген өндірістің, шығындардың, ақшалай, несиелік  ресурстардың  т.б.  есебі.

Қаржыны  басқарудың  ең  жоғарғы  органдары :

  • ҚР-ның Парламенті;
  • Президенттің  Әкімшілігі;
  • ҚР-ның Үкіметі;


 


 

 

 

 

 

 

ҚР-дағы Қаржы министрлігінің  орталық  аппарат  құрылымының  бөлімдері мына  төмендегідей :

  • Мемлекеттік   бюджеттің   ұйымдастырылуын  орталықтандыратын  департамант
  • Мемлкеттік  органдарды  қаржыландыру  департаменті
  • Заңды  тұлғаларға  қызмет  көрсететін  департамент
  • Конвенция  және келісім – шарт  департаменті
  • Бухгалтерлік  есеп  және аудитторлық  методологиялық  департамент
  • Жұмысшыларды  ұйымдастыру  - кадр дайындау  мен  қаржыландыру  департаманеті
  • Ақпараттық  департамент
  • Акцизді  реттеу  департаменті.

ҚР-ның Қаржы Министрлігнің  Салық Комитеті  қаржыны басқару  жүйесінде  басты  орныға ие  болады.

3.3.Қаржы қызметі-  қаржы органдары қызметкерлерінің қаржыны жетік басқаруы оларға  қаржы есептерінің автомататтанадырылған жүйелерін (ҚЕАЖ) қолдану, қаржыны  басқарудың  автоматтандырылған  жүйелері.

    Қазіргі  уақытта қаржы  органдарының  төменгі  жергілікті   органдарының , аудандық және  қалалық  қаржы  басқармаларының жұмысына қаржы  басқармаларының жұмысына  қаржы есеп- қисаптарын  автоматтандыруды  енгізу актуалды мәселе болып отыр. Экономикалық - математикалық әдістер мен электронды  - есептеу   техникасына негізделген  басқарудың автоматтандырылған  жүйелері қаржыны  жалпы  басқарудың  бір бөлігі болып табылады.  Қаржыны басқарудың автоматтандырылған  жүйелері  бұл экономикалық -математикалық әдістердің,  электронды - есептеу техникасының, орггтехникалық  және  байланыстың қазіргі құралдарының  жиынтығы.

   Іс жүзінде  мұндай  жұмыс  оларда  инспекторлар мен  экономистердің  автоматтандырылған  жұмыс  орындарын (АЖО) енгзуімен  басталады,  бұл  орындарда  жеке  пайдаланудың микро - ЭЕМ  қолданылып  отыр. Әсіресе, бұл  халықтың  табыстары  жөніндегі  декларациялардың көптеген және  үнемі  өзгеріп отыратын  мәліметтерімен  іспеттес болатын  салық инспекторларының  қызметкерлері  үшін  өте  көкейтесті  мәселе.

3.4.Қаржылық жоспарлау- бұл белгілі біркезеңге арналған  қаржы ресурстарының және  тисіті  қаржы қатынастарының  қозғалысын негіздеудің ғылыми  процесі.

   Қаржыны жоспарлаудың міндеті- жұмылдырылатын  және пайдаланылатын  қаржы ресурстарының  ұдайы  өндірістің материалдық- заттай  элементтеріне  оңтайлы  сәйкестігі  негізінде  шаруашылық  жүргізуші  субъектілердің, жүйелердің  дамуының  пропорционалдығы  мен  теңдестірілуіне  жету.

3.5.Қаржылық жоспарлаудың қағидаттары:

   · орталықтандырылыған  және  орталықтандырылмаған  көзқарастардың  үйлесуі;

   · бірлік  қағидаты;

   ·жоспарлаудың  үзіксіздік  қағидаты.

   Қаржылық  болжаудың негзгі  міндеті :  болжау кезеңдеріне сйәкестендіріп  қаржы ресрустарының көлемінінің объектісін анықтау, мемлкеттің  жұмсалған қаржысымен   қаржы ресурстарының талданған  көзқарастарын   ұйымдастыру   немесе шаруашылық субъектілеріне әсер етуші факторлардың есебін анықтайды.  Қазақстан Републикасы  көбінесе мемлекеттік  бюджеттің  параметрін   болжауға  көп көңіл бөледі. Көбінесе  мемлкеттік бюджетті 3 жылға  болжайды.      

    Қаржылық  болжау әртүрлі  әдістерді қолдануды қажет етеді: 

           ·экономикалық  процестерді  анықтайтын  факторларға  қарай  қаржы  жоспарлары  көрсеткіштерініңғ  динамикасын  бейнелеп  көрсететін  экономикалық  моделдерді  жасау;

           ·корреляциялық - регрессиялық талдау;

           · тікелей  сараптамалық  бағалау  әдісі.

Қаржыны жоспарлау  белгілі  әдістердің көмегімен  жүзеге  асырылады, олардың  қатарына  жататын  ең  маңыздылары : экстрополяция, нормативтік, математикалық  моделдеу  әдістері.     

3.6.Қаржылық жоспарлау  әдістері. Қаржылық жоспарлау (болжау ) белгілі  әдістердің  көмегімен жүзеге асырылады, олардың қатарына  жататын ең маңыздылары: эктро-поляция, нормативтік, математи-калық -  моделдеу әдістері.

   Экстрополяция (немесе коэфффициенттер ) әдісі  қаржы  көрсеткіштерін олардың  динамикасын  белгілеу негізінде  анықталады.

  Нормативтік әдіс белгіленген нормалар  мен  нормативтерді  пайдалануға  негізделген.

  Матеамтикалық  әдістер  нағыз  экономикалық және әлеуметтік  процестердің  ағымын  еліктететін қаржы  моделдерін  жасайды.

     4. тақырып.  Қаржы қатынастарын құқықтық қамтамасыз ету.

                              Қаржылық бақылау. 

4.1.Қаржы қатынастары - ақшалай қаражаттың  қозғалысына байланысты  мемлкет, кәсіпорындар мен ұйымдар, салалар, аймақтар, жекелеген азаматтар арасында  пайда болатын  экономикалық  қатынастардың  жиынтығы.Ақша  қорының  қозғалысына  байланысты  мемлкет, кәсіпорындар мен ұйымдар,  салалр, аймақтар және жеке  азаматтар арасында пайда  болатын  экономикалық  қатынастардың жиынтығы  қаржы  қатынастарын құрайды.

   Қаржы құқығы Мемлкеттің  қаржы  қызметіне  байланысты  қатынастарын  реттейтін  құқық көрсетеді. Кәсіпорындардың  ұйымдық- құқықтық нысандарын  жіктеудің  критерийлері мыналар болып табылады: меншіктің түрі, меншіктің  субъекті, иегердің  мүліктік  жауапкершілігінің  сипаты  және  кәсіпорынды  басқарудың  механизмі.  түрлері;

    Қаржы қатынастары  мазмұны  мен шаруашылық  жүргізуіші  субъектілердің қаржылық  жұмысын  ұйымдастыруға  олардың  салалық тиістілігі, халық  шаруашылығның  техникалық - экономикалық  ерекшеліктері айтарлықтай ықпал жасайды.

4.2.Қаржының құқықтық реттелуінің әдістері -  мемлекеттік қаржылар мемлкеттің  экономикалық , әлеуметтік,  саяси функцияларын  қамтамасыз  ететін  елдің қаржы жүйесінің маңызды сферасы болып табыладыжәне олар  экономика  мен социумдегі  сан алуан  өзара  байланыстарды  қамтитын  мемлкеттік  сектордың  өндірістік  және әлеуметтік  қатынастарындағы  іс- қимылымен  байланысты.

    Мемлкет  бір жағынан, жеке  кәсіпорындар, ұйымдар , мекемелер, азаматтар, басқа  жағынан, бұл сферадағы ақша  қатынастарының  субъектілері  болып  табылады.

Мемлкеттік қаржылар  республикалық және  жергілікті  деңгейлерде  іс- әрекет  етеді  және бюджетті , мемлкеттік  несиені, мемлекетік  және муниципалдық  кәсіпорындардың  қаржыларын  қамтиды.

4.3.Қаржылық бақылау- қоғамдық  жиынтық өнімнің белгілі бір мақсаттарға жұмсалатын  тиісті  қаражат қорларының  құндық бөлісінің дәлелдігін  тексеруге бағытталған арнайы  қызмет түрі. Қаржыға экономикалық  категория тән болғандықтан   қаржы  бақылауы  объективті  болып табылады. Қаржыны бақылаудың мәні - бұл  қоғамның  өндірістік  қатынасы мен өндірістік  күштің  даму  деңгейіне  тәуелді, ал оның  даму  бағыты  өзгеріске ұшырап  отырады.

     Қаржылық бақылау деп  әдетте  тиісті  ақша  қорлары  бойынша  қоғамдық  жалпы  өнімді  құндық  бөлу  мен  оларды  белгілі  бір  мақсаттарға  жұмсаудың  дәлелдігін  тексеруге  бағытталған  өзгеше  қызметті  айтады. 

   Қаржылық бақылау - қаржыны басқарудың  функционалдық  элементтерінің бірі. Ол басқарудың  қаржылық  жоспарлау,  қаржыны  оперативті  басқару  сияқты  басқа  элементтерімен  тығыз байланысты  және  бір уақытта жүзеге  асырылады. Қаржылық  бақылаудың  көмегімен  қаржы жоспарларының  орындалуы, қаржы  -шаруашылық  қызметінің  ұйымдастырылуы  тексеріледі.

    Қаржылық бақылаудың өзгешелігі - оның ақша нысанында жүзеге  асырылатындығында. Табыстар  мен  жиналымдардың қалыптасу  процесі  оның тікелей объектісі  болып табылады. Бақылауды жүзеге  асырудың  негізгі  қағидаттары  мыналар: 

  • Бақылаудың  жүелілігі, жаппайлылығы, әмбебаптылығы;
  • Бақылаудың  превентивтігі, яғни  оның  алдын ала  істелінетін  сипаты;
  • Әрекеттілік, іске  асушылық, жариялылық- бұларға  бақылау жұмысын дұрыс  ұйымдастырғанда, негізделген  әдістерді  қолданғанда , істі  ұқыпты  зерделегенде, нақты  ұсыныстар  енгізгенде  ғана  жетуге  болады;
  • Бақылаудың  алмаушылығы;
  • Бақылау  органдары  қызметкерлерінің  тәуелсіздігі.

4.4.Аудит- ҚР-ның бүкіл халық шаруашылығының нарықтық  экономикадағы өтуі, кәсіпкерліктің  жедел дамуы, ұйымдардың  жаңа ұйымдастыру – құқықтық нысандары мен меншіктің  сан қырлы  нысандарының  пайда болуы экономикалық  бақылау жүйелері механизмдеріне түбегейлі  әсер етеді.

   Соңғы жылдары  елімізде  тәуелсіз  аудиторлық бақылау  жүйесін  құру, аудитор кадрларды  дайындау және олардың қызметін  лицензиялау,  қабылданған  жекелеген  заң актілеріне  сай аудиторлардың  кәсіби  міндеттерін, құқықтары  мен  жауакершіліктерін  реттеу  жөнінде  көптеген  жұмыстар  жүргізілді. Еліміздің  экономикалық нарықтық  қатынасқа  көшу  барысында  - ғылыми  мен  білім   практикалық  қызметтін даму  жолында  жаңы  ғылым  саласының  пайда  болуына  алып келді. Бұл – аудит.  Аудиттің  шығу тарихы,  ол  алғашқыда « тыңдаушы»  деген  мағынада қолданылған. Аудитор  латынның « audio» деген  сөзінен шыққан, яғни ол «тыңдап  тұр»  деген  мағынаны  білдіреді.  Рта ғасырдың  соңғы жылдарына  дейін  барлық  елде  әріп  танитын  және жаза  алатын  адамдар  өте аз  болғандықтан, аудитор деп – лауазымды  қызметкерлердің  қорытынды  есебін  тыңдауға тиісті  қызметкерлерді «аудитор»  деп атаған.

    Аудит  жұмысының  бір ерекшелігі ол -  шаруашылық  субъектілеріне, өнідіріс  барысына байланысты,  өнімді  сату  барысына,  маркетинг мәселелеріне қатысты  түсініктемелер,  кеңес  берумен  шұғылдануында.  Осы  жоғарыда айтылған  аудит  ерекшеліктерін  іс  жүзінде  қолдану  үшін  экономикасы  жоғары  дамыған  елдерде , кәсіпорындардың  мерзімдік  қорытындысы  болған  жағдайда  ғана басылымға  шығады.

Информация о работе Экономика мамандықтарына арналған