Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Января 2013 в 20:10, курсовая работа
«Әлемдік қаржылар» пәні қазіргі Қазақстан экономикасындағы қаржы - ақша қатынастарының ажырағысыз бөлігі. Қаржының ақшалай мазмұны жағынан да, функциялары жағынан да ақша түсінігінен айырмашылығы барлығын оқыту. Экономикалық қатынастарда қаржы экономикалық категория ролін атқара отырып, ақшаның қозғаушы механизм ретіндегі көрінісі екенін үйрету.
1.ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ - SYLLABUS
Оқытушы туралы мәләмет:
Тәжіғұлова Айгүл Жармағанбетовна аға оқытушы
кафедра «Бағалау және бизнес», каб.402.
1.2. Пән туралы деректер:
Пән: Әлемдік қаржылар
Бюджеттің құрылымы мынылардан тұрады:1) түсімдер: кірістер, алынған ресми трансферттер, кредиттерді қайтару; 2) шығыстар: шығындар, кредиттер; 3)бюджет тап-шылығы (профициті); 4)бюджет тапшылығын (профицитін пайдлану) қаржыландыру.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйеснің құрылымы мемлекеттік бюджет жүйесіне кіретін барлық бюджеттердің бірлігі, дербестігі, толықтығы, нақтылығы және жариялылығы қағидаттарына негізделген. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің құрамы - әртүрлі елдердің бюджет жүйелері өзінің құрылымы, бюджеттердің жекеленген түрлерінің саны жағынан түрліше болып келеді, өйткені оларды аумақтық құрылысы мен оның аумақтық бөлінісіне байланысты болады. Унитарлық мемлекеттерде бюжет жүйесі екі буынды: мемлекеттік бюджет және толып жатқан жергілікті бюджеттерді қамтиды.
11.5.Бюджеттен тыс қорлар. Нарықтық ресурстардың сұраныс пен ұсынысқа сәйкес оңтайлы түрде пайдалануы үшін бөлу арқылы экономикалық тиімділікке қол жеткізді. Бюджеттен тыс қорлар - мемлекет оларды белгілі бір қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін тарта отырып, оперативтік дербес негізінде жұмсайтын қаржылай қаражаттарды қайта бөлу және пайдалану нысандардың бірін білдіреді. Бюджеттен тыс қорлар - кейбір қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін тартылатын және ұйымдық дербестігі негізінде кешенді түрде жұмсалатын қаржы ресурстарын қайта бөлу мен пайдалану нысаны.
Бұл қорлар қаржы нарығының инвесторлары және қатысушылары ретінде бола алады, себебі, біріншіден, ақшалай қаражаттарды пайдалану, оларды жинақтау уақытымен дәл келмейді, ал екіншіден , инвестициядан түсетін табыстар сол немесе басқа қордың шығынын қаржыландырылатын қосымша табыс болып табылады.
Бюджеттік сыныптама - бюджетке түсетін түсімдердің және бюджеттен жұмсалатын шығындардың орталық атқарушы орган бекітетін атқарымдық, идаралық және экономикалық сипаттамалар бойынша топтастырады.
11.6.Әлеуметтік бюджеттен тыс қорлар - Қаржы жүйесі бұл жүйенің әлсіз дамыған елдермен салыстырғанда, жоғарғы дәрежеде дамыған елдерде тезірек өсетінін және экономикалық жағдайлардың аяқ асты өзгерісіне де тез үйренетінін әлемдік тәжірибе көрсетеді. Қазақстандағы мемлекеттік бюджеттен тыс қорларғға жататыңдар:
· Міндетті медициналық сақтандыру қоры (ММСҚ).
Зейнетақы қоры - мемлекет ауқымында зейнатақымен қамсыздандыру қаржысын басқаратын дербес қаржы - банк жүйесі. Зейнетақы қоры кәсіпорындардың , мекемелердің ұйымдардың, кооперативтердің, жеке еңбек қызметімен айналысушы адамдардың сақтандыру жарналары, әскери қызметшілерге зейнетақы төлуге, балаларға жәрдемақы төлеуге арналған республикалық бюджет, заңды және жеке тұлғалардың ерікті жарналары, қордың коммерциялық қызметінен түскен табыс және басқа түсімдер есебінен құралады.
Халықты жұыспен қамту мемлекеттік қоры - 1991 жылы мемлекеттік жұмыспен қамту қызметінің төңірегінде дербес жүйе ретінде құрылған және мемлекеттің жұмыспен қамтуға байланысты саясатын іске асыру бойынша шараларды қаржыландыруға бағытталады. Қаулымен анықталғандай, оның қаражаты мемлекеттік бюджтеке жатпайды, ендеше ол да бюджеттен тыс қорлар болып табылады. Соған қарамсатан 1993 жылы оның қаржылық жағдайының жақсаруы және артық қаражаттарын бюджеттің қажетіне жұмсау мүмкіндігіне байланысты ол бюджетке біріктіріледі. 1995 ж. мамыр айынан бастап Еңбекпен қамту мемлееттік қоры қайтадан бюджттен тыс қор болып шығады.
Міндетті медициналық сақтандыру қоры 1995 жылы 29 қықкүйектегі Қазақстан Республикасы үкіметінің № 1295 қаулысымен Қазақстан Республикасы үкіметі қарама-ғында Міндетті медициналық сақтандыру қоры құрылады. Бұл қор ҚР-сы заңдарында көзделгендей, міндетті медициналық сақтандыру жүйесіндегі сақтан-дырылған азаматтардың сол облыстағы мемлеттік қаржы саясатын қарастырып, сондай* ақ ол жүйенің қаржылай тұрақтылығын қамтамасыз етуге байланысты шараларды дайындап жүзеге асыруға, Қазақстанның барлық аумағында сақтандырылған азаматтарға медициналық көмек ретінде жағдай жасауға бағытталады.
12- тақырып. Мемлекеттік несие және мемлекеттік борыш.
12.1.Мемлекеттік несие - несие қатынастарының жүйесі; бұл қатынастарда мемлекет өз органдары арқылы қарызгер, ал жеке және заңды тұлғалар несиегерлер болып табылады. Мемлекеттік несие арқылы қайтарымдылық негізінде мемлекеттік шығындарды қаржыландыру үшін ақшалай қаражат шоғырландырылады.
Қоғамның сан алуан қажеттерін үздіксіз қанағттандырып отыру мақсатында мемлекет өзінің шығындарын жабуға шаруашылық құрылымдар мен халықтың қаражаттарын тартуы мүмкін. Оны алудың басты әдісі мемлекеттік несие болып табылады, ол жалпымемлекеттік қаржылардың басты буындарының бірі. Елдің ішінде мемлекеттік несие операцияларын жүзеге асырғанда мемлекет әдетте, қаражаттардың борышкері, ал халық, кәсіпорындар мен ұйымдар -кредиторлар болып келеді. Халықаралық экономикалық қатынастар саласында мемлекет борышкеркердің де, кредитордың да роліне көрінеді.
Мемлекеттік несиенің ерекшелігі қарызға берілген қаражжаттардың қайтарымдылығында , мезгілдігінде және ақылылығнда. Алайда, бұл қатынастарды банкі несиесімен шатастыруға болмайды. Мемлекеттік несие , яғни қарызға алынған ақша мемлекеттік билік органдарының қарамағына олардың қосымша қаржы ресурстарына айнала отырып түседі.
Азаматтардың мемлекеттік органдар мен олардың аппараттарындағы қызметі. Конституцияциялық негізде жүзеге асырылады және мемлекеттік басқаруды, мемлекеттің өзге де міндеттері мен атқарымдарын іске асыруға бағытталады. Мемлекеттік несиенің негізгі нысаны мемлекеттік займдар болып табылады, ол облигациялар және басқа мемлекеттік бағалы қағаздар шығару және өткізу жолымен жалпықоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін халық пен заңды тұлғалардың ақшасы тартылатындығымен сипатталады. Мемлекеттік несиенің келесі нысаны - елдің орталық эмиссия банкісінің қаражаттарын тарату.
Мемлекеттік заемдардың мынандай түрлері мен нысандары болады:
1.Заем алушыға қатысты бойынша мемлекеттік заемдар;
2. Несие капиталының рыногы бойынша мемлекеттік заемдар;
3. Қарыз алу нысаны бойынша мемлекеттік заемдар;
4. Қолданылу мерзімі
бойынша мемлекеттік
12.2. Мемлекеттік несие түрлері. Қазақстан Респбликасында мемлекеттік қарыз алуды Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Респуликасының Ұлттық Банкі және Қазақстан респуликасының жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады. Үкіметтің қарыз алуы республикалық бюджеттің тапшылығын қаржыландыру мақсатында , Ұлттық Банктің қарыз алуы Қазақстан Республикасының төлем балансын қолдау және Ұлттық Банктің алтын -валюта активтерін толықтыру мақсатында , сондай - ақ Қазақстан Респуликасында жүргізіліп отырған ақша -кредит саясатымен айқындалатын басқа да мақсаттарында жүзеге асырылады. Ал жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қарыз алуы аймақтық инвестициялық бағдарламаларды қаржыландыруға байланысты жергілікті бюджеттің тапшылығын жабу мақсатында жүзеге асырылады.
Заем алушыға қатысты бойынша мемлекеттік заемдар:
Несие капиталының рыногы бойынша мемлекеттік заемдар:
Қарыз алу нысаны бойынша мемлекеттік заемдар:
Қолданылу мерзімі бойынша мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар:
12.3.Мемлекеттік бағалы қағаздар – белгіленген нысан мен міндетті реквизиттерді сатай отырып жүзеге асырылуы тек оны көрсеткенде ғана мүмкін болатын мүліктік құқықтарды куәландыратын құжат бағалы қағаз болып табылады.
Бағалы қағаздар- иеленушісіне мүліктік құқық және дивиденд пайыз түрінде белгілі бір ақша сомасын алуға құқық беретін құжаттар. Оған облигация, акция және бағалы қағаздар қатарына жатқызылған басқа да құжаттар жатады.
Бағалы қағаздар құрылымы: мемлекеттік ішкі займ; арнайы валюталық мемлекеттік облигациялар; мемлекеттік қазынашылық валюталық міндеттемлер.
12.4.Мемлекеттік
бағалы қағзадардың түрлері.Белгіленг
Облигация ұстаушысының оны шығарған адамнан онда көзделген мерзімде нақты құнымен облигация немесе бақса мүліктік балама алуға құқығын куәландыратын бағалы қағаз олигация деп танылады. Облигация өзінің ұстаушысына облигцияның нақты құнының онда белгіленген процентін не өзге де мүліктік құқық алуына да құқық береді.
Өз ұстаушысының акционерлік қоғам пайдасының бір бөлігін дивиденттер түрінде алуына , акционерлік қоғамның істерін басқаруға қатысуға және ол таратылғаннан кейін қалған мүліктің бір бөлігіне құқығын куәландыратын бағалы қағаз акция деп танылады.
Вексель берушінің ешқандай шарт қойылмаған міндеттемелерін не вексельде көрсетілген төлеушінің вексельде көзделген мерзім келген кезде вексель иесіне белгілі бір соманы төлеуін куәландыратын бағалы қағаз вексель деп танылады.
Чек берушінің чек ұстаушыға онда көрсетілген соманы төлеу жөнінде банкке ешқандай шарт қойылмаған жазбаша өкімі бар бағалы қағаз чек деп танылады. Чек заңда белгіленген мерзім ішінде төлеуге ұсынылуға тиіс.
13- тақырып. Сақтандырудың экономикалық және әлеуметтік негіздері.
13.1. Сақтандырудың экономикалық негізі: – сақтанушылардың сақтандыру жағдайлары салдарынан шеккен залалдарын өтеу үшін сақтандырушылардың жарналары есебінен сақтандыру қорының құрылуына байланысты осы қорға қатысушылардың арасында туындлайтын қайта бөлу қатынастарының жүйесі.
Сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заңдар Қазақстан Респбликасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен ,осы Заң мен Қазақстан Респрулбикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. «Сақтандыру қызметі туралы» заңмен реттелетін қатынастар заң кәсіпкерлік қызмет түрі ретінде сақтандырудың жүзеге асырудың негізгі ережелерін, сақтандыру ұйымдарын, сақтандыру брокерлерін құру, лицензитялау, реттеу, олардың қызметін тоқтату ерекшеліктерін, өзге де жеке және заңды тұлғалардың сақтандыру рыногындағы қызметінің талаптарын, сақтандыру рыногын мемлекеттік реттеу міндеттерін және сақтандыру қызметін қадағалауды қамтамасыз ету принциптерін белгілейді.
Сақтандыру түрлері: мүлікті сақтандыру, жеке басты сақтандыру, жауапкершілікті сақтандыру, кәсіпкерлік тәуекелдікті сақтандыру, әлеуметтік сақтандыру түрлеріне бөлінеді. Сақтандыру нысандарында міндетті және ерікті.
Сақтандыру түрлері кәсіпорындардың, ұйымдардың, азматтрадың нақты сақтандыру мүдделерін ескереді. Сақтандыру объектілері мен заттарының кең шеңберін түрлі сақтандыру жағдайларыныан сақтандырылмақ қорғаумен қамтуға мүмкіндік береді.
Міндетті медициналық сақтандыру -1995 жылы 29 қыркүйектегі қазақстан Республикасы үкіметінің №1295 қаулысымен Қазақстан Респуликасы үкіметі қарамағында Міндетті сақтандыру қоры құрылды. Бұл қор ҚР-сы заңдарында көзделгендей , міндетті медициналық сақтандыру жүйесіндегі сақтандырылған азаматтардың сол облыстағы мемлекеттік қаржы саясатын қарастырып, сондай -ақ ол жүйенің қаржылай тұрақтылығын қамтамасыз етуге байланысты шараларды дайындап жүзеге асыруға , Қазақстанның барлдық аумағында сақтандырылған азаматтарға медициналық көмек ретінде жағдай жасауға бағытталады.