Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Января 2013 в 20:10, курсовая работа
«Әлемдік қаржылар» пәні қазіргі Қазақстан экономикасындағы қаржы - ақша қатынастарының ажырағысыз бөлігі. Қаржының ақшалай мазмұны жағынан да, функциялары жағынан да ақша түсінігінен айырмашылығы барлығын оқыту. Экономикалық қатынастарда қаржы экономикалық категория ролін атқара отырып, ақшаның қозғаушы механизм ретіндегі көрінісі екенін үйрету.
1.ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ - SYLLABUS
Оқытушы туралы мәләмет:
Тәжіғұлова Айгүл Жармағанбетовна аға оқытушы
кафедра «Бағалау және бизнес», каб.402.
1.2. Пән туралы деректер:
Пән: Әлемдік қаржылар
13.2.Сақтандыру түрлері.Сақтандыру белгілі бір сақтандыру жағдайлары кезінде сақтандырушылардың сақтандыру төлемдерінен, сондай -ақ заңмен тыйым салынбаған басқа да көздердерден құралатын сақтандыру өтемдері ақшалай қорлардың есебінен төленетін жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін мүліктік қорғау жөніндегі қарым -қатынас болып табылады. Сақтандыру қызметін жүзеге асыратын кезде олардың түрлерін пайдалана отырып жүзеге асырады.
Мүлікті сақтандыру - материалдық құндылықтар сақтандыру объектісі болып табылатын сақтандыру түрі. Мүлікті сақтандыру өрттен, апаттардан, ұрлықтан, бүлінуден болатын сақтандыру жағдайларына негізделеді.
Жеке басты сақтандыру - сақтанушыға немесе басқа адамдарға сақтандыру сомасын төлеуді көздейтін ерікті сақтандыру түрі. Шартта көрсетілген мерзімге немесе оқиғаға не зейнеткерлік жасқа жетуге , сақтандырылған адамның қайтыс болуына , сақтандыру кезеңінде болған жазатайым оқиғалардан түрліше мертігуге байланысты орын алад. Мұнда сақтандыру объектісі : адамның өмірі, денсаулығы, еңбек ету қабілеті.
Кәсіпкерлік тәуекелдікті сақтандыру: кәсіпкердің сақтанушы ретінде іс -қимыл жасайтын келісім- шарт жасасушы агенттерінің өз міндеттемелерін бұзуы себепті кәсіпкерлік қызметтен болған залалдар тәуекелін немесе кәсіпкерге байланысты емес жағдайлармен осы қызмет шарттарының өзгеруінен болған залалдар қатерін, соның ішінде күтілген кірісті толық алмай қалу қатерінен сақтандыру. Кәсіпкерлік тәуекелдікті сақтандыру шарты бойынша тек сол сақтанушының кәсіпкерлік тәуекелдігі және тек соның пайдасына ғана сақтандырылыуы мүмкін.
Әлеуметтік сақтандыру- сырқат , жазатайым оқиға салдарынан, бала туу себепті, т.б. мән - жайларға байланысты еңбекке жарамсыз азаматтарды мақсат ететін сақтандыру түрі.
13.3.Қазақстан
Респбликасындағы зейнетақы
Зейнетақы қоры кәсіпорындардың ,мекемелердің, ұйымдардың, кооперативтердің, жеке еңбек қызметімен айналысушы адамадардың сақтандыру жарнасы, азаматтар-дың жалақыдан аударылатын міндетті сақтандыру жарнлары, әскери қызметшілерге зейнетақы төлеуге, балларға жәрдемақы төлеуге арналған республикалық бюджет, заңды және жеке тұлғалардың ерікті жарналары, қордың коммерциялық қызметінен түскен табыс және басқа түсімдер есебінен құралады.
Міндетті емес зейнетақы қоры - бұл қоғамдағы әлеуметтік ауыртапалықты азай-туға, мемлекеттің өз міндеттерін орындаудағы шығындарын қысқартуға, қаржы нарығының тұрақтылығын арттыруға, ұзақ мерзімді инвестициялауға арналған арзан ақшаларды тартуға мүмкіндік беретін әлеуметтік - экономикалық институт болып табылады.
13.4.Жалпы сақтандыру - заң талаптарына сәйкес жүзеге асырылатын сақтандыру. «Жалпы сақтандыру» саласы ерікті сақтандыру нысанында мынандай сыныптарды қамтиды:1.жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру; 2.медициналық сақтандыру; 3.автомобиль көлігін сақтандыру; 4.темір жол көлігін сақтандыру; 5. әуе көлігін сақтандыру; 6. су көлігін сақтандыру; 7.жүктерді сақтандыру; 8.осы тармақтың 3-7 тармақшаларында аталған сыныптарды қоспағанда, мүлікті сақтандыру; 9.кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру; 10.автомобиль көлігі иелерінің азаматтық -құқықтық жауап-кершлігін сақтандыру; 11.темір жол көлігі иелерінің азаматтық- құқықтық жауп-кершілігін сақтандыру; 12. әуе көлігі иелерінің азаматтық -құқықтық жауапкершілігін сақтандыру; 13. су көлігі иелерінің азаматтық -құқықтық жауапкершілігін сақтандыру; 14. тасымалдаушының азаматтық -құқықтық жауапкершілігін сақтандыру; 15.шарт бойынша азаматтық -құқықтық жауапкершілігін сақтандыру; 16. осы тармақтың 10-14 тармақшаларында аталған сыныптарды қоспағанда, зиян келтіргені үшін азаматтық -құқықтық жауапкершілігін сақтандыру.
«Жалпы сақтандыру» саласы бойынша саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымы бара -бар қайта сақтандыру жөніндегі қызметін өзінің лицензиясында көрсетілген сыныптарда ғана қайта сақтандыру лицензиясынсыз жүзеге асыруға құқылы.
13.5.Ерікті сақтандыру - тараптардың ерік білдіруіне сәйкес жүзеге асырылатын сақтандыру.Ерікті сақтандыру нысанындағы әрбір сыныптың мазмұны және оны жүргізу жағдайлары бойынша қосымша талаптар уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерімен білгіленеді.
14- тақырып. Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу.
14.1.Халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіндегі қаржы –қазіргі уақытта халықаралық экономикалық қатынастардың аса маңызды бағыттарының бірі қаржы жағдайына байланысты дүниежүзілік рыок болып табылады. Дүниежүзілік шаруашы-лық жүйесінің қалыпыптасуы, елдер арасындағы экономикалық байланыстардың интернационалднуы - ұлттық шаруашылықтар қызметінің интенсивтенуіне әкеліп соғады. Осыған байланысты аталған процесте қызмет көрсетуші құрал ретіндегі халықаралық валюталық - қаржылық қатынастар қалыптасады.
Экономиканы реттеп отыру әдетте екі нысанда - өзін -өзі реттеу мен мемлекеттік реттеу нысанында жүргізіледі. Біріншісі қоғамдық өндірістің түрлі буындарында қаржы базасын қалыптастырудың шаруашылық жүргізуші субъектілердің өздері жасап, пайдаланатын әдістерімен сипатталады. Екінші нысан қоғамдық өндірістің дмау процесінде мемлекеттің саналуан экономикалық инструменттері., соның ішінде қаржы тұтқалары арқылы араласуын бейнелейді.
Экономиканы мемлекеттік реттеуде қаржы жүйесінің барлық сфералары мен буындары қатысады, оның үстіне қаржы жүйесінің әр буыны ықпалының өзгешеліктері болады, айталық , халық шаруашылығы пропорцияларының саналуан түрлері реттеледі.
14.2.Қаржылық реттеу түрлері.Қаржылық реттеу деп – экономикалық жүйе шеңберінде қаржы ресурстарын ше-бер пайдаланудың күнделікті процесін қамтамасыз ету шараларының кешенін айтады.
Қаржылық реттеудің түрлері: салықтық, бюджеттік, мемлекеттік - несиелік, кедендік- тарифтік, валюталық- қаржылық, ішкі шаруашылық.
Қаржылық реттеудің басты мазмұны тиісті фискалдық саясатты мемлекеттің шығындары мен салық саясатын жүргізуді қамтамасыз етуде затталады.
Салықтық реттеудің түріне сәйкес оның мынандай нысандары бар: тура және жанма салық салу. Мемлекеттік қаржылық реттеу тұтқаларының ішінде салықтарға аса мңызды орын берілді. Салықпен реттеу кәсіпорындар мен халықтың экономикалық белсенділіктегі ынталығын қамтамасыз етуге арналған. Мемлекеттік қаржылық реттеу проблемасының екінші жағы бюджеттік қаржыландыруды пайдалану тиімділігінің дәрежесі болып табылады.
Валюталық - қаржылық реттеудегі негзгі әдістер мыналар болып табылады: валюталық бағам, ақша капиталының пайыздық ставкалары, халықаралық төлем құралдары мен бағалы қағаздардың бағамы, валюталық тәуекелдерді сақтандырудың әртүрлі әдістері.
14.3.Дүниежүзілік практиканың қаржы нарығына жасаған реттеуіштерді жасады: салықтардың ставкалары, салық салу жөніндегі жеңілдіктер мен санкциялар, бюджетпен қаржыландырудың көлемі, амортизацияның нормалары, кәсіпорындардың , фирмалардың қорларына аударылатын аударымдардың нормативтері, әлеуметтік қамсыздандырудың нормативтері және басқалары.
Салық ставкасы салық базасының өлшем бірлігіне салық есептеулерінің шамасын білдіреді. Салық ставкасы салық базасының өлшем бірлігіне процентпен немесе абсолютті сомамен белгіленеді.
Бүкіл экономикалық коньюктураны ынталандырудың ірі шараларына мысалы;80- жылдарды АҚШ үкіметінің басына келген Рген әкімшілігінің салықтарды едәуір қысқартуы жатады. Бұл бағдарламаның теориялық негізі ретінде американ экономисі А.Лаффердің есебі алынған. Ол салықты азайтудың нәтижесінде мемлекеттің экономикалық өсуі мен табыстың көбеюін дәлелдеді. Лаффердің ойынша корпорациялар табысына шектен тыс салық ставкасын кқтеру олардың күрделі қаржыға деген ынтасын жояды, ғылыми- техникалық прогресті тежейді, экономикалық өсуді баяулатады, сөйтіп мемлекеттік бюджеттің түсімдеріне кері әсер етеді.
14.4. Қаржы нарығы - бұл ең алдымен дербес экономикалық категория. Бұл тұрғыдан қаржы рыногы дегеніміз - бағалы қағаздарды сату мен қайта сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен кәсіпорындардың, фирмалардың, банктердің, жинақтаушы зейнетақы қорларының , сақтық институттарының , мемлекеттің және халықтың уақытына бас бос ақшасын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың жиынтығы.
Кез- келген елдің экономикалық игілігне тек нарықтық экономика арқылы жетуге болатывндығын дүниежүзілік тәжірибе көрсетіп отыр. ҚР-сы экономиксының шаруашылықты жүргізудің нарықтық қатынастарына көшуі сатып алу -сатудың нақтылы объектісі бола отырып ақшаның ролін арттыруды шұғыл қажет етеді. Дмек, қаржы рыногы- бұл тегінді ссуда капиталы рыногының басқа секторларынымен: ақша, несие, және ипотекалық секторларымен толықтырылған және оған байланыстырылған бағалы қағаздардың рыногы болып табылады.
Қаржы рыногы қаражаттардың ұзақ мерзімге немесе мерзімсіз пайдалануға салынғанын немесе берілгенін яғни өндірістік негзгі капиталға қызмет ететінін айғақтайтын негігінен ұзақ мерзімді сипаттағы міндеттемелрінің немсе куәліктердің рыногы болып табылатындықтан, оны қор рыногы дап те айтады. Ақша мен несие рыноктары әдеттегідей айналым активтерінің қозғалысына қызмет етеді.
14.5. Қаржы нарығының инфрақұралымы. Қазақстанда бағалы қағаздар рыногының дұрыс жұмыс істеуі үшін оның қажетті нарықтық инфрақұрылымы: инвестициялық институттар (инвестициялық компаниялар, инвестициялық қорлар, инвестициялық консультанттар, қаржы делдалдары, коммерциялық банктер.) қор биржалары, депозит мекемлері,(халықтық жинақ банктер, ссуда- несие компаниялары, фирмалар), биржадан тыс сауда жүйелеорі болуы тиіс.
Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссия Ұлттық Банкпен және Қаржы министрлігімен бірлесе отырып әлемдік қаржы дағдарысының және экономиканың нақты секторларындағы өндірістің құлдырлауынан туындағын сыртқы және ішкі факторлардың бағалы қағаздар рыногында тигізетін жайсыз әсерін төмендету жөніндегі белгілі бір дәрежеде жұмыс жүргізіп келеді.
Рынокты дамыту және оның тетіктерінің түрлерін көбейту мақсатында инвесторларға валютамен бағаланған және инфляция қарқынына сәйкес индекстелген бағалы қағаздар ұсынылады. Бұл рынок тауар өндірісі мен қызмет көрсету түрлерін дамыту және кеңейте түсу үшін инвесторлардың бос қаржысын тартудың экономикалық тетегі болып табылады.
15- тақырып. Сыртқы экономикалық байланыстар жүйесіндегі қаржы.
15.1.Сыртқы экономикалық байланыстар – жүйесінде қаржы үлкен рол атқарады. Ол шаруашылықты жүргізудің экономикалық инструменті ретінде Қазақстанды дүниежүзілік экономикаға ықпалдасуды жүзеге асыру үшін пайдаланылады.
Нарыққа көшу өзара байланысты және дүниежүзілік экономикамен бәсекелестікке дамитын ашық тұрпаттағы экономикамен бірге дүниежүзінің көптеген елдерімен халыралық экономикалық байланысты кеңейтуді қажет етеді. Халықралық экономикалық байланыстар сферасында қалыптасып отырған қаржы механизмі Қазақстан Республикасының халықралық ынтымақтастығы саласында мемлекеттің қаржы саясатын іске асырудың құралы болып табылады.
Іс -әрекет етудің айырықша нысаны ретінде сыртқы экономикалық қызметтің қаржысы өзгеше белгілерге ие. Ол тек ұлттық валютада ғана емес, сондай-ақ шетелдік валютада да қалыптасатын ресурстарды нақты түрде көрінеді.
15.2.Халықаралық байланыстарды дамытудағы қаржының ролі - үш бағыт бойынша көрінеді:
Дамудың қазіргі кезеңінде сыртқы экономикалық байланыстарға мыналар жатады: 1.сыртқы сауда;2. шетелдік инвестициялау, соеың ішінде бірлескен кіспкерлік, заңды тұлғалардың мүлкіне акциялар және басқа бағалы қағаздар арқылы үлестік қатысу, концессиялар шаруашылық және өзге қызметті жүзеге асыру үшін шаруашылық объектілерді және табиғи ресурстарынды пайдалануға мүлік құқықтарын алу, меншікті жалдау. 3. Халықаралық қаржы - несие ұйымдарына қатысу, шетелдік несиелер мен займдарды беру сыртқы экономикалық қызметтің осы нысанымен байланысты және халыралақы қаржы және басқа ұцйымдарға жарналар төленеді. 4. ғылым, техника, мәдениет, туризм салаларындағы ынтымақтастық; 5. шет елдерде елшіліктерді , консулдықтарды және басқа персоналды ұстау жөніндегі есеп - қисаптарды жүргізу.
Сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту мемлекеттің шетелдермен валюта- қаржы , есеп- қисап және несие қатынастарының негізіне қойылған. Қазақстандағы нарықтық реформаларды табысты жүзеге асыру үшін бүкіл дүниежүзілік банк, Халыралық валюта қоры, Еуропалық қайта құру және даму бангкі, Ислам даму банкі, Азия даму банкі секілді беделді халықаралық қаржы мекемелерімен іс- әрекетті үйлестірудің үлкен мәні бар.