Экономика мамандықтарына арналған

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Января 2013 в 20:10, курсовая работа

Описание работы

«Әлемдік қаржылар» пәні қазіргі Қазақстан экономикасындағы қаржы - ақша қатынастарының ажырағысыз бөлігі. Қаржының ақшалай мазмұны жағынан да, функциялары жағынан да ақша түсінігінен айырмашылығы барлығын оқыту. Экономикалық қатынастарда қаржы экономикалық категория ролін атқара отырып, ақшаның қозғаушы механизм ретіндегі көрінісі екенін үйрету.

Содержание

1.ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ - SYLLABUS
Оқытушы туралы мәләмет:
Тәжіғұлова Айгүл Жармағанбетовна аға оқытушы
кафедра «Бағалау және бизнес», каб.402.
1.2. Пән туралы деректер:
Пән: Әлемдік қаржылар

Работа содержит 1 файл

7.doc

— 445.50 Кб (Скачать)

    Сонымен аудит  -  қаржы бақылаудың  тәуелсіз түрі  болып табылады.   Аудит  өзімен бірге  экономикалық жиынның   нақты объективтілердің бағасын  мен  жүйелік процестің  орындалуы, қатысты анықтамлардың критериясын бекітеді.

    Аудиттің түрлері - міндетті  аудит  және  бастамашылық  аудит. Міндетті  аудит Қазақстан Республикасының заңдарында  белгіленген жағдайларда жүргізіледі. Бастамашылық аудит аудиттелетін субъектінің бастамасы  бойынша  аудиттелетін  субъекті  пен  аудитордың ,аудиторлық  ұйымның  арасындағыф  аудит  жүргізуге  арналған  шартта  көзделген нақты  міндеттер, аудит мерзімі  мен көлемі  ескеріле  отырып  жүргізіледі. Аудитор   тәуелсіз бухгалтер,  ревизор,  қаржы  облысында  жоғары  маман,  салықшы, есеп  және бақылау. 

4.5.Аудит түрлері. Аудит Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген  талап-тарға  сәйкес қаржылық  есептіліктің  дұрыс  және  объективті  жасалғаны  туралы  тәуелсіз  пікір  білдіру  мақсатында  заңды  тұлғалардың  қаржылық  есептілігін  тексеру  болып табылады. Аудиттің түрлері міндетті  және  бастамашылық аудит болып бөлінеді.

    Міндетті жыл сайынғы аудитке: банктер; кредиттік серіктестіктер;  банк операцияларының  жекеленген  түрлерін  жүзеге асыратын ұйымдар  және бағалы  қағаздар  рыногында қызмет істейтін  ұйымдар; сақтандыру  ұйымдары; жинақтаушы зейнетақы  қорлары;  инвестициялық  қорлар жатады. Аудит жүргізу, сондай-ақ  ҚР-ның заң  актілерінде  көзделген  өзге  жағдайларды  да міндетті  болып табылады.

   Бастамашылық аудит  аудиттелетін субъектінің бастамасы бойынша  аудиттелетін  субъектінің  және  аудитордың, аудиторлық ұйымның арасында  аудит  жүргізуге  жасалған  шартта  көзделген  нақты  міндеттер, аудит  мерзімі  мен көлемі  ескеріле  отырып жүргізіледі.

4.6.Қаржылық бақылаудың органадары - Қазақстан Республикасының қазіргі қаржылық  бақылау жүйесі  оны  жүзеге  асыратын  субъектілеріне, мақсаттарына  , міндеттері мен  функционалдық арналымына  қарай  мемлкеттік, қоғамдық және  аудиторлық  бақылау  болып ажыратылады. Қаржы бақылауы субъектіге тәуелділігі арқылы  мына түрлерді өткізеді. Олардың  әр түрлі түрлерін көрсетеді.

  


 

 


 



 



 

 

 

 

Қоғамдық  қаржыны  бақылау  топ мамандықтарын,  жеке тұлғалардың бөлімдерін көрсетеді. Басты  объектісі  нақты белгілермен  байланысты.  Тәуелсіз қаржылық бақылау  мамандандырылған аудиторлық фирмалар және қызметтермен байланысты.

 

 

 


 



 


 

 

 

 

 

 

 

 


 





 

 

 


 


 


 

 

 

 

 

5-тақырып. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржыларының

қызмет етуінің  негіздері.

5.1.Қаржы жүйесінің жетекші буыны-   олар  бірыңғай  қаржы жүйесінің  құрамды  бөлігі  және айрықша  сферасы  болып табылады, оның  орталықтандырылған  бөлігін  құрайды, материалдық  және материалдық  емес игіліктер  жасалатын  және  елдің  қаржы  ресурстарның  негізгі  бөлігі  қалыптасатын  қоғамдық  өндірістің  басты  буынына қызмет көрсетеді;  ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесінің  негізгі жақтарын  білдіреді және  экономикалық  заңдарға  сйкес оны жүзеге  асыруға септігін  тигізеді. 

Корпоративтік  қаржылар- бұл  кәсіпорындардың, ұйымдардың,  мекемелердің, басқа  коммерциялық  және коммерциялық  емес  құрылымдардың ,  сондай-ақ  салалардың ақша  қорлары  және  оларды  құрып,  пайдалануға  байланысты  болатын  экономикалық  қатынастардың  жүйесі.

   Кәсіпорын- қоғамдық  еңбек  бөлінісі  жүйесіндегі  оқшауландырылған  дербес  өндірістік - шаруашылық  бірлік;  өндірістік - шаруашылық  қызметті  ұйымдастырудың  негізгі  нысаны. Ол  қоғамдық  қажеттіліктерді  қанағаттандыру  және пайда  алу  мақсатымен  өнім  өндіру, жұмыстарды  орындау, қызметтерді  көрсету  үшін  құрылады және өндіріс құрал- жабдығы  мен басқа  да мүлікке меншік  нысандарына  қарамастан, заңды  тұлға  құқықтарына  ие  болады, шаруашылық  есеп  қағидатында  әрекет етеді  және  өзінің құрылымында  басқа  заңды  тұлға болмайды.

  Ұйым- еңбек пен міндеттерді  бөлісу, баспалдақты құрылым, құрылыс, басқа  да ережелер мен тәртіптер негізінде  белгілі  бір  бағдарламаны  немесе мақсатты  іске  а әлдебір  міндетті  шешу  үшін  біріктірілген  адамадардың , олардың  топтарының  жиынтығы;  кез келген  меншік  нысанындағы  қоғамдық  бірлестік, мекеме.

    Мекеме - қызмет бағыттары мен  мақсаттарына  сәйкес құрылған  атқарымдық  ұйымдық  құрылым. Мекемелер негізгі екі  тұрпатқа  бөлінеді: а) билік міндетін орындаушы  орган; б) басқарушылық  міндеттерді орындамай, шаруашылық, әлеуметтік  - мәдени немесе  мәдени  сипаттағы өндірістік  емес  қызметті  орындаушы орган.

   Өндіріс - технологиялық  үдерістің салыстырмалы  оқшауландырылған бөлігі; жұмыстардың  белгілі  бір  кешенің  орындау, жартылай  фабрикаттар  мен дайын  бұйымдар  алу осы  процестің нәтижесі болып табылады.

5.2Шаруашылық жүргізуші субъектілер–  Қазақстан Республикасының азаматтық  кодексімен  анықталған, ол  шаруашылық  жүргізуші  субъектілердің  құқықтық  тәртібіне  айтарлықтай  өзгерістер енгізеді. Заңды  тұлға  деп - меншік, шаруашылық  жүргізу  немесе  жедел  басқару  құқығындағы  оқшау мүлкі  бар  және  сол мүлікпен  өз міндеттермелері  бойынша  жауап  беретін  ұйымды  айтады. Өз атынан мүліктік  және мүліктік емес  жеке  құқықтар  мәндеттерге ие  болып,  оларды  жүзеге  асыра алады,  сотта талапкер  және жауапкер  бола  алады.

   Қаржы  қатынастарының  мазмұны  мен шаруашылық  жүргізуші  субъектілердің  қаржылық жұмысын ұйымдастыруға олардың  салалық  тиістілігі, халық  шаруашылығының  техникалық - экономикалық ерекшеліктері  айтарлықтай  ықпал  жасайды. Материалдық  өндіріс  сферасы  кәсіпорындарының  қаржысының  өзгешелігі  едәуір кәсіпорынның  іс- әрекет  ететін  саласына  да байланысты  болып келеді.

   Экономиканыреформалау, нарықтық қатынасатардың дамуы мемлекеттік, жекеше немесе ұжымдық меншікке, негізделген түрлі  ұйымдық - құқықтық нысандардың кәсіпорындары  мен  ұйымдарының қалыптасуын қажет етеді.

5.3.Ұйымдық – құқықтық нысандары -  жалпы меншіктің әртүрлі нысандарының  кәсіпорындарының  қаржысы  ортақ  қағидаттарына  негізделген. Алайда  бұл  кәсіпорын-дардың  ұйымдық- құқықтық  мәртебесіндегі  айырмашылықтар кәсіпорындарды  басқару  механизмінің  кейбір  ерекшеліктерін, мүліктік  жауапкершілік  сипатын және  осымен  байланысты болатын қаржы ресурстарын қалыптастырып, бөлудің нысандарын  анықтайды. Шаруашылықты  жүргізудің  ұйымдық - құқықтық  нысаны  жарғылық  капиталды жасаудың  процесіндегі  қаржы қатынастарының  мазұны  анықтайды.

     Кәсіпорындардың  ұйымдық- құқықтық  нысандарын  жіктеудің  критерийлері мыналар  болып табылады: меншіктің түрі, меншіктің  субъекті, иегердің  мүліктік  жауапкершілігінің  сипаты және  кәсіпорынды  басқарудың  механизмі.  Осы критерий-лерді ескере  отырып  кіспорындар  жеке ,  жекеше,  серіктестіктер,  кооперативтік, жалгерлік, мемлкеттік, шетелдік және  біріккен  кәсіпорындар  ретінде  құрыла  алады. Олардың  барлығы  бірыңғай  заңдылық  негізде  іс -әрекет  етеді және  кәсіпорындардың  қаржысын  ұйымдастырудың  ортақ  қағидаттарына  бағынады.  

   Жарғылық қоры  құрылтайшылардың  үлесіне  бөлінген  коммерциялық ұйым  шаруашылық  серіктестік  деп танылады. Құрылтайшылардың  салымдары  есебінен  құрылған, сондай  -ақ  шаруашылық  серіктестік  өз қызметі  үрдісінде  өндіріген  және  алған мүлік меншік  құқығы  бойынша серіктестікке тиесілі болады. Азаматтық Кодексте  көзделген реттерде  шаруашылық  серіктестікті бір адам  құруы мүмкін, ол  оның  бірден - бір қатысушысы  болады. Шаруашылық  серіктестіктер  толық серіктестік, сенім серіктестігі,  жауапкершілігі  шектеулі  серіктестік, қосымша жауапкершілгі бар серіктестік, акционерлік қоғам нысандарында  құрылуы мүмкін. Азаматтардың  бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін  мүшелік негізде. Олардың өз еңбегімен қатысуына және  өндірістік  кооператив мүшелерінің  мүліктік  жарналарын  біріктіруіне  негізделген  ерікті  бірлестігі  өндірістік  кооператив  деп танылады. Кооператив  мүшелері  екеуден  кем  болмауға  тиіс. Өндірістік кооперативтің  мүшелері  кооператив  міндеттемелері   бойынша «Өндірістік кооператив туралы» заңда   көзделген мөлшер мен тәртіп  бойынша қосымша жауапты   болады. Азаматтық кодекстің 96-101 баптар аралығанда  осы өндірістік кооператив  туралы  қарасырған.Осы баптарды  жалпы өндірістік  кооператив  туралы  жалпы ережелер,  өндірістік  кооперативтің жарғысы,  өндірістік  кооперативтің мүлкі, өндірістік  кооперативті басқару,  өндірістік  кооперативке  мүшеліктің  тоқтатылуы, өндірістік  кооперативті  қайта  құру  және  тарату туралы  қамтылған.

   Қаржының салалық ерекшеліктері  өндірістің  сипатымен, түрлі  салалардың  технолгиясымен, өндірістік циклдың ұзақтығымен,  өндірістің  табиғат және климат факторларына  тәуелділігімен,  шаруашылықты  жүргізудің  экономикалық  жағдайлары-ның айырмашылығымен  анықталады. Саланың  өзгешелігі  қаржы  ресурстарының  жылдамдығына,  қалыптастырылған  ақша  қорларының  құрамына  қаржы  ресурстары  мен кәсіпорындардың  шығындарының  құрылымына, бюджетпен  және  басқа  қорлармен  болатын  өзара  қатынастарға  әсер  етеді.

5.4.Кәсіпорынның ұйымдық - құқықтық нысандағы түрлері.Қазақстанда «Меншік туралы» Заңға  сәйкес  кәсіпорындар  мемлекеттік, жеке меншіктік, сол сияқты меншіктің  аралас  нысанасы түрінде  құралады және іс  істей  алады. Жеке кәсіпкерлік - бұл  жеке  кәсіпкерліктің  ең  жай  нысаны,  мұнымен  айналысуға  әрекетті  әрбір  азаматтың құқығы  бар.

    Серіктестік - коммерциялық  ұйымдар  қызметінің  негізгі  ұйымдық - құқықтық

нысаны. Мындай түрлерге  бөлінеді: жауапкершілгі шектеулі серіктестік;  қосымша 

жауапкершілікті серіктестік;  толық  серіктестік;  коммандиттік  серіктестік;  акционерлік  қоғам.

     Кооператив - меншікті, жалға алынған  немесе  тегін пайдалануға  берілген мүлік негізінде  қандай  да  бір  қызметті  бірлесіп  жүргізу  үшін  ерікті  түрде  біріккен  азаматтардың  ұйымы.

    Жалгерлік - заңи тұлға құқықтары  берілген  шаруашылық  жүргізуші  дербес  субъект; ол  еңбек  ұжымы жалға  алған  мүлікті  пайдалану  негізінде  өнім  өндіріп, өткізеді,  жұмыстар  орындайды,  қызметтер  көрсетеді  және жалгерлік  туралы заңнаманың  негіздеріне  сәйкес  жұмыс  істейді.

  Мемлекеттік -  мүлкі мемлекетке тиесілі  және салымдар, үлестер. Акциялар  бойынша  бөлінбейтін  кәсіпорын. Оны  құрған  кезде  жарғылық  капитал  баланста  бөліп  көрсетілмейді.

 

6--тақырып.  Коммерциялық негізінде жұмыс  істейтін шаруашылық

жүргізуші субъектілердің қаржысы.

ІІ - модуль.

6.1.Коммерциялық шаруашылық-  шаруашылық жүргізуші субъектілердің  бұл екі тобының қаржы қатынастарының  кәсіпкерлік қызметті  ұйымдастыру нысанымен , кірістер мен  шығыстарды  қалыптастырумен, мүлікке иелік  етумен, міндеттемелерді  орындаумен, салық салумен байланысты  өзінің  өзгешелігі болды.

   Коммерциялық  кәсіпорындар  мен ұйымдардың  қаржысы  дегеніміз - өндірістік  капиталдарды  қалыптастыру ,  өнім  өндіріс, оны  өткізіп меншікті  қаржы ресурсатарын  құру  қаржыландырудың  сыртқы  көздерін тарту, оларды  бөлу  және пайдалану  процесіндегі  экономикалық  қатынастардың  жүйесін  айтады. 

   Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың  қаржысы  қаржы  жүйесінің  маңызды  сфераларының  бірі  ретінде  құн түріндегі  ішкі  жалпы  өнімді  жасау,  бөлу және пайдалану  процестерін  қамтиды. Олар  негізінен  ішкі  жалпы  өнім  мен  ұлттық  табыс  жасалатын  материалдық  өндіріс  сферасындағы  іс -әрекет етеді. Сондықтан коммерциялық  ұйымдар мен кәсіпорындардың қаржылары материалдық өндіріс кәспорындарды қаржыларының  мазмұнымен  және оларды  ұйымдастырудың  қағидаттарымен  бірдей  болып келеді.

   Корпоративтік қаржылар деп - өнім өндіріп, сату және қызмет  көрсету  кезіндегі  ақшалаай  табыстарды, жиналымдарды  және  қорларды  жасаумен,  бөлумен  және пайдалнумен байланысты  экономикалық  қатынастарды  айтады.     

6.2.Коммерциялық есеп - шаруашылық субъект қызметінің  шығыны  мен нәтижелерін  құндық нысанда өлшемдестіру жолымен  шаруашылықты  жүргізу әдісі. Оның  негізгі  мақсаты - шығынды барынша  өз  хұмсай  отырып,  барынша  көп пайда  алу. Шаруашылық  есептен  өзгеше  түрде  коммерциялық  есепті  жүзеге асыру  өндірістік  - шаруашылық қызметтен міндетті  түрде  пайда  алуды және пайдалықтың  жеткілікті  деңгейіне  қол  жеткізуді  көздейді.

    Коммерциялық  негіде  жұмыс  істейтін  кәсіпорындар мен ұйымдардың  қаржылары  олардың  шаруашылық  қызметі  процесін  басқа  шаруашылық  жүргізуші субъектілермен  болатын  мынандай  топтарға  ірілендірілген  ақша  қатынастарын  қамтиды:

  • Басқа түрлі  кәсіпорындармен  және ұйымдармен  (олар : өнім өткізуден  түсім - ақша алу, өткізуден тыс  табыстар түсу, материалдық шығындарды  төлеу, шарт  міндеттемелерін  бұзған  кезде  айыппұл төлеу  және алу, бағалы  қағаздарды  өткізу, басқа  кәсіпорындарының  акциялары  мен облигацияларына  қаражаттарды  инвестициялау, олар бойынша  дивиденттер мен пайыздар  төлеу  және алу  процесінде  коммерциялық  несиелеу кезінде қалыптасады);
  • еңбек  ұжымымен (бұл  қатынастар еңбекке  ақы  төлеуді, сыйлық  қорын жасауды, пайданы бөлу  және  тұтыну  қорын  жасауды, пайданы  бөлу және тұтыну  қорынан  қызметкерлерге  жәрдем  ақылар етуді,  сонымен  бірге  қызметкерлердің қаражаттарын  таратуды  бағалы  қағаздар  сату, кәсіпорынның  қаржы  ресурстарын  қалыптастыру  үшін  пай  жарналарды) қауыштырады;
  • өзінің ішіндегі  бөлімдермен;
  • мемлекетпен - бюджетке  салықтар төлеу, бюджеттен  қаржыландырукезінде, мемлкеттік  бағалы  қағаздарды сатып  алған  кезде, сондай  - ақ  олар  бойынша  төлемдер  алғанда , валюта  қорлары  мен жер ресурстарын қалыпыптастырады;
  • банктермен - (қаржы  қатынастарының  бұл  тобы  банк  судаларын  алу,  оларды  қайтару, ссудалар бойынша  пайыздар  төлеу,  банктерге  уақытша  пайдалануға  белгілі  бір  төлеммен  басы бос ақшаны  беру,  банк  өткізетін  бағалы  қағаздармен  жасалатын  операциялар  нысаны  түрінде  іске  асады);
  • сақтық  органдармен - мүлікті  персоналды  коммерциялық  және коммерциялық  емес тәуекелді  сақтандыру  жөнінде;
  • жоғары  ұйымдармен  - ішкі салалық  қайта  бөлу  шегінде  пайданы, табыстарды  капиталдарды  қайта  бөлу  кезінде , арендалық  төлемдер  бойынша  және  басқалары);
  • құрылтайшылармен (бұл  қатынастар  құрылтайшылардың  жарғылық  капиталды  қалыптастыру  үшін  қаржы  жарналарын  салымдарын)төлеу  кезінде, сондай  - ақ  кәсіпорынның  пайдасын  төлегенде  және  оның  бір  бөлігін  шартқа сәйкес  құрылтайшығыа  аударған  кезде  қалыптасады). 

Информация о работе Экономика мамандықтарына арналған