Экономика мамандықтарына арналған

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Января 2013 в 20:10, курсовая работа

Описание работы

«Әлемдік қаржылар» пәні қазіргі Қазақстан экономикасындағы қаржы - ақша қатынастарының ажырағысыз бөлігі. Қаржының ақшалай мазмұны жағынан да, функциялары жағынан да ақша түсінігінен айырмашылығы барлығын оқыту. Экономикалық қатынастарда қаржы экономикалық категория ролін атқара отырып, ақшаның қозғаушы механизм ретіндегі көрінісі екенін үйрету.

Содержание

1.ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ - SYLLABUS
Оқытушы туралы мәләмет:
Тәжіғұлова Айгүл Жармағанбетовна аға оқытушы
кафедра «Бағалау және бизнес», каб.402.
1.2. Пән туралы деректер:
Пән: Әлемдік қаржылар

Работа содержит 1 файл

7.doc

— 445.50 Кб (Скачать)

   Валюта қоры - кәсіпорындардың  сыртқы экономикалық  банктегі  баланстық  және  баланстан  тысқары  шоттарындағы  валюталай  түсімнен  бес  жылғы  тұрақты  пайыз  түріндегі  қаржы  аудару  жүйесі. Кәсіпорындар мен  ұйымдарының  валюта  қорлары  валюта  қаражаттарының есебінен  мына  көздерден  қалыптасады:

  • экспорттық  валюталық түсім - ақша;
  • жарғылық капиталға  түсетін  жарналар;
  • банктердің, солардың  ішінде  шетел, басқа  қаржы мекемелердің  және шетелдік  заңды  тұлғалардың  валюталық  несиелері;
  • ішкі  валюта  рыногында өкілетті  банктер  мен айырбастау  пункттері  арқылы  валюта  сатып алу;
  • резидент еместер  көрсететін  қаржы  көмегі.

Валюта  қорлары ең алдымен  еңбек  ұжымдарының  өндірістік,  әлеуметтік  - мәдени  дамуына  жұмсалады: валютаның  бір бөлігі  еңбек  ұжымдарының шешімімен  халық  тұтынатын  шетел  тауарларын,  дәрі  - дәрмектері  және медициналық  техниканы  сатып алуға  жұмсалуы  мүмкін. Валюта  қорларының  қаржысы  ізгілік  және  қайырылымдық  көмек көрсетуге  де  пайдалануы  мүмкін.  Кәсіпорындар мен ұйымдар валюта  қоры  қаражаттарының  бір  бөлігін  өнімді  жеткізіп  берушілерге  де бере  алады;  бұл  түсімдердің  көлемі  шарттың  негізінде  экспорттық  өнім  өндірісіне  қатысушылардың  үлесі  ескеріле  отырып  шешеіледі.

6.3.Кәсіпорындардың қаржы менеджменті - ҚР-да   өтіп жатқан  нарықтық  экономика  реформасы  экономиканы  қалыптастыру  және  дамытудың  бірден бір  маңызды  бағыттарының  сипаты  ретінде  менеджмент  үлгісін  қосады.

    Кәсіпорында инвестицияларды  қоса  барлық  қаржы процесін  қалыптастыру  және  реттеу. Жоспарлау  шешеімдер  қабылдау,  өкімдер  әзірлеу  және  бақылау  сатыларын  қамтиды;  демек ,  бұл  ұғымның  ауқымы тар  мағынадағы   қаржы  жоспарлауы  ұғымының  ауқымынан кең Стартегиялық  қаржы  менеджметі - инвестицияларды  және капитал  құрылымын ұзақ  мерзімді  басқару. Оралымды қаржы менеджментіне өтімділікті қамтамасыз ету жатады. Кәсіпорындар  мен ұйымдардың  жұмыс істеуі  үшін  неғұрлым  маңыздылары мына  қорлар болып табылады:  жарғылық; қорлану ; тұтыну; еңбекке ақы төлеу; валюта  жөндеу  қорлары.  Кәсіпорындардың  дербестігі  жағдайында  басқа  да мақсатты  қаражат қорлары  құрылуы  мүмкін.

    Коммерциялық кәсіпорындар мен  ұйымдардың  қаржысы  ұйымдастыру  белгілі  бір қағидатарға  негізделген. Олардың  қатарына  мыналар  жатады:

¨коммерциялық  - шаруашылық есеп;

¨жоспарлық;

¨меншіктің  барлық  нысандарының  теңдігі;

¨қаржы  резервтерінің  болуы.

Коммерциялық  есеп - кәсіпорындар  мен  ұйымдардың  шаруашылық  - қаржы  қызметін жүргізудің  негізі  алынатын  қағидаты  және  басты  әдіс.

    Жоспарлық қағидаты  кәсіпорынның  қаржылық  қызметі  оның  параметрлерін  есептеу  арқылы  алды ала  қарастырылатының  білдіреді. Есеп  -қисаптар  негізінде  және  белгіленген  қаржы   нормативтерін  пайдалану  арқылы  арнайы  құжатта  қаржы  жоспарларында  қамтылып  көрсетілетін  қаржы көрсеткіштері  анықталады.

   Шаруашылық жүргізуші  субъектілердің  меншікті  қаражаттарына  құрылтай-шылардың алғашқы  жарналары  , амортизациялық  аударымдар  және  пайда  жатады. Алғашқыда , шаруашылық  жүргізуші субъектілерді  құрған кезде,  өндірістік  капиталдарды, материалдық емес активтерді  ,  айналым  құралдардың  сатып  алудың  көзі  жарғылық капитал  болып  табылады. Кейін  капиталдарды  сатып алу  шаруашылық  қызмет нәтижесінде   кәсіпорында пайда болған  жиналымда пайдаланылады. Оларға ең  алдымен  өнім  өткізуден  алынатын  түсім  ақша  құрамынедағы  амортизациялық  аударымдар  мен табыс  жатады.

    Қаржы  резервінің  қаражаты  өндірістік  және әлеууметтік  даму  жөніндегі  қосымша  шығындарға  , жаңа  техниканы  әзірлеп , енгізуге  , меншікті  айналым  қаржы-сын  толтыруға  жұмасалады.Ұдайы өндірістік  шығындарды  үздіксіз  қаржыландыруды  қамтамасыз  етуде  қаржы  резервтерінің  маңызы  зор.  Оның мақсаты - шаруашылық - қаржы  жағдайы нашарлаған  кезде  пайда  болған  қосымша  шығындарды  жауып,  кәсіпорындардың  қаржы  жағдайын  тұрақтандыруды  қамтамасыз ету. 

7- тақырып.  Коммерциялық емес ұйымдар мен  мекемелердің қаржысы.

7.1.Коммерциялық емес ұйымдар - өндірістік (коммерциялық)емес сфераның қаржысы деп материалдық игіліктер мен қызметтерді жасау мақсатында материалдық өндіріс салаларында жасалған ұлттық табысты қайта болу нәтижесінде құрылатын ақша қорларының қозғалысын қауштыратын ақша қатынастарының жиынтығын түсінеді.

    Өндірістік емес сферада коммерциялық негізде қызмет ететін тұрғын үй-коммуналдық және тұрмыстық қызмет көрсету, сақтандыру, банк және басқа кәсіпорын-дарымен (ұйымдарымен) қатар, коммерциялық емес қызмет жүргізетін мекемелер мен ұйымдардың үлкен бөлігі жұмыс істейді.Оларды мына бағыттар бойынша біріктіруге болады:жалпы сипаттағы мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметтер,қорғаныс, ішкі тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау, қоғамдық және әлеуметтік-мәдени шаралары сипатындағы қызметтер,іргелі ғылым,қоршаған ортаны қорғау ,қоғамдық бірлістіктер мен ұйымдар ,қайырымдылық және гуманитарлық ұйымдармен қорлар және басқалары.Бұл мекемелердің немесе ұйымдардың қызметінің мақсаты пайда немесе табыс табу емес, керсінше қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру болып табылады.

    Коммерциялық емес ұйымдарның түрлері: заңды  тұлға мекеме;  қоғамдық  бірлестік;  тұтұну кооперативті; қоғамдық  қор; діни бірлестік нысанында  және заң  құжаттарында  көзделген  өзге  де  нысанда  құрылуы мүмкін. Коммерциялық емес ұйым  кәсіпкерлік қызметпен өзінің жарғылық мақсаттарына сай келуіне қарай ғана айналыса алады.Заңды тұлғаларбірлестік құра алады.Занды тұлға осы Кодекстің, заңды тұлғалар түрлерінің әрқайсысы туралы заңының , өзгеде заң құжаттары мен құрылтай құжаттарының  негізінде жұмыс істейді. 

    Коммерциялық емес ұйымдар Азаматтық  кодекстің  105 -110 баптар аралығында көрснтілген. Мекеме - басқару,әлеуметтік -мәдени немесе өзге де коммерциялық емес сипаттағы қызметтерді жүзеге асыру үшін меншік иесі құрған және қаржыландыратын ұйым мекеме деп танылады.  Қоғамдық бірлестік - заңдарға қайшы келмейтін ортақ мақсаттарына жету мақсатымен  азаматтардың  ерікті   түрде бірілгуі нәтижесінде пайда болған  ұйым . Қоғамдық қор - азаматтар  және  заңды  тұлғалар ерікті  мүліктік жарналар  негізінде  құрған,  әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени, білім беру  және  өзге  де  қоғамдық  пайдалы мақсаттарды  көздейтін  мүшелігі  жоқ  коммерциялық  емес ұйым  қоғамдық  қор деп  танылады. Тұтыну  кооперативі - қатысушылардың  материалдық және  өзге  қажеттерін қанағаттандыру  үшін  өз мүшелерінің  мүліктік  жарналарын  біріктіру арқылы  жүзеге  асырылатын азаматтардың  ерікті  бірлестігі. Діни бірлестік - рухани  қажеттерін  қанағаттандыру  үшін  өз мүдделерінің  ортақтығы  негігінде, заң  құжатарында  белгіленген  тәртіп  бойынша біріккен  азаматтардың  ерікті  түрдегі бірлестігі.  Заңды  тұлғалардың қауымдастық нысанындағы  бірлестігі - коммерция-лық ұйымдар өздерінің кәсіпкерлік қызметін  үйлестіру, сондай  -ақ  жалпы мүліктік  мүдделерді  білдіру мен қорғау  мақсатында өзара шарт   бойынша   қауымдастықтар  нысанында  бірлестіктер   құра алады.

7.2.Коммерциялық емес  сферадағы  қаржы  қатынасы.Коммерциялық емес сферадағы қаржысының ерекшеліктерін  анықтау  үшін  оның  құрамына  кіретін  кәсіпорындарды , мекемелерді ,  ұйымдарды  олардың  қызметтерінің  сипатын, басқаруды  ұйымдастыруды  олардың  қызметтерінің  сипатын,  басқаруды  ұйымдастырудың және  қаржыландырудың  әдістерін  ескере  отырып  сыныптаған  жөн.

     Коммерциялық  емес  ұйымдарды  топтастыру мына  жағдайда  жүргізіледі:  Бірінше  топқа материалдық өндіріске өте жақын салалар жатзқызылуы мүмкін. Олар  «кәсіпорын  туралы» заңды басшылыққа  ала отырып  өздерінің қызметін  шаруашылық  - коммерциялық есеп принциптерінде  жүзеге  асырады. Бұл салалардың  қызметтері  ақыға  көрсетіледі. Оларды  өндірудің  шығындарын  жабу көзі  қызметтерді  өткізуден  түсетін  түсім -ақша ,  яғни  тұтынушылардың  ақшасы  болып  табылады. Мемлкеттің  екінші  тобына толық  емес шаруашылық  есептегі  салалар, яғни  бірқатар  табысы  бар  және  бюджеттен тікелей  қаржыландыру  немесе  дотациялар (жәрдемқаржы) түрінде қаражат  алатын  салалар  қосылады. Мекеменің  үшінші тобына бюджет  қаражаттары  есебінен  ұсталатын  мекемелер  мен  салалар  жатады.  Олар  көрсететін  қызметтер тегін, оларды  қаржыландырудың көзі  мемлкеттік  бюджет  болып табылады. 

   Нарықтық   экономикадағы  коммерциялық емес мекемелердің қаржыларын топтас-тыру көздері : 1)аумақтық белгісі бойынша  мемлкеттің шығындары экономикалық  аймақтар  бойынша бөлінеді. Мұндай  сыныптау  өндіргіш  күштерді орналастыруға және халық шаруашылығындағы ара қатыстарды (пропорцияларды)жетілдіруге белсенді ықпал жасауға мүмкіндік береді.

Салалық белгі бойынша материалдық өндіріс сферасында мемлекеттік шығындар өнеркісіпке ,құрылысқа, ауыл шаруашылығына , көлік пен байланысқа жұмсалынатын шығындарға бөлінеді;өндірістік емес сферада білім беру , ғылым денсаулық сақтау , бос уақыт пен демалысты ұйымдастыруға және мәдениет сферасындағы қызмет, әлеуметтік қаржыландыру , қорғаныс, басқару шығындары болып бөлінеді.

7.3.Коммерциялық емес ұйымдар  мен мекемелер - мемлекеттің шығындары қаражаттарды ең жоғары тиімділікпен пайдаланған жағдайда мемлекеттік қажеттіліктерді неғұрлым толық қанағаттандыру қамтамасыз ету тиіс.

    Коммерциялық емес сфера  қаржысының ерекшеліктерін анықтау  үшін  оның  құрамына  кіретін  кәсіпорындарды, мекемелерді, ұйымдарды  олардың  қызметтерінің   сипатын, басқаруды  ұйымдастыруды  олардың  қызметтерінің  сипатын, басқаруды  ұйымдастырудың  және  қаржыландырудың әдістерін  ескере  отырып  сыныптаған.       Осыған байланысты шаруашылық жүргізудің ерекшеліктерімен аңықталатын мемлекет шығындары қаржыландырудың екі әдісі болады: 1)шаруашылық (коммерциялық) есептегі кәсіпорындар мен ұйымдарды қаржыландыру 2) сметалық -бюджеттік қаржыландыру.

    Қандай  шаруашылық  болсын  талдау екіге  бөлінеді. Бірі - өндіріс  шығындарын  талдау  болса,  екіншісі  - қаражатты  талдау. Нарықтық экономика  қандай  шаруашлық  болмасын  қаражатты  табуды  талдау, оны  жұмауды  талдауды  талап  етеді. Егер  төлемдік  қабілеті  жоқ  шаруашылықтарға  тауарды  сататын болса,  сатқан  шаруа-шылықты  өзінің  төлемдік  қабілеті  көми  бастады.

                        8- тақырып.  Мемлекет қаржысының жалпы сипаттамасы.

8.1.Мемлекеттің қаржысы - елдің қаржы жүйесінің маңызды бөлігі. Мемлекеттің ,оның кәсіпорындардың қаржы ресурстарын қалыптастыру  және  пайдалану үшін  қоғамдық  өнімнің құнын және  ұлттық  байлықтың бір бөлігін  бөлуге  және   қайта  бөлуге  байланысты  ақша  қатынастарын  білдіреді.

     Мемлекеттік қаржылар  мемлкеттің  экономикалық, әлеуметтік,  саяси  функцияларын  орындау үшін  оны  қажетті  ақша  ресурстарымен қамтамасыз  ететін  елдің  қаржы  жүйесінің  маңызды  сферасы  болып табылады және  олар  экономика  мен  социумдегі  сан алуан  өзара  байланыстарды  қамтитын  мемлкеттік  сектордың  өндірістік  және әлеуметтік  қатынастарындағы  іс қимылымен  байланысты. 

    Экономикалық мәні жағынан мемлекеттік  қаржылар  мемлекеттің,  оның  кәсіпорындарның қаржы  ресурстарын  қалыптастырып,  алынған  қаражаттарды  мемлекет  пен  мемлекеттік  кәсіпорындарын  функцияларын  орындауға  пайдалану  үшін  қоғамдық  өнімнің  құны  мен ұлттық  байлықтың  бір бөлігін  бөлу  және  қайта  бөлумен  байланысты болатын ақша  қатынастарын  білдіреді. Мемлкеттік  қаржылар  республикалық  және  жергілікті   деңгейлерде  іс -әрекет  етеді және  бюджетті  мемлкеттік несиені ,  мемлкеттік  және  муниципалдық  кәсіпорындардың  қаржыларын  қамтиды.  Аталған  буындардың  түрлі  функционалдық арналымының арқасында мемлкет  экономикалық, әлеуметтік, саяси  процестердің  үлкен  спекторына салалық  және аумақтық  проблемаларды  шешуге  ықпал етеді. 

   Қаржы  қатынастарын  топтастыру кезінде мемлекеттің экономика мен әлеуметтік  процесстерге  басшылық  жасау. Мемлекеттік қаржылардың құрамына  республикалық және  жергілікті  деңгейлерде қалыптасатын  бюджеттік өзара байланыстар маңызда рол атқарады. Бюджеттік қатынастар  көмегімен  мемлекеттік  құрылымдардың  қарамағында  қаржылық  әдіспен қайта  бөлінетін  ұлттық табыстың  едәуір  бөлігі  жұмылдырылады.

ҚР-дағы  мемлекеттік  қаржылардың құрылымын  мынандай  түрде  көрсетуге  болады: 


     

 




 

 


   



 

 

Түрлі  деңгейлердің  бюджеттері - республикалық,  жергілікті   бюджеттер  тиісінше  өкімет  пен  басқарудың  республикалық  және  жергілікті  органдары  үшін  тіршіліктің  қаржы  базасы  болып табылады.

    Мемлекеттік қазына  - республикалық бюджет  қаражаты;  алтын - валюта қоры  мен алмас  қоры ,  жерге  және  басқа  табиғи  ресурстарға  мемлекеттік  меншік  объектілері, мемлекеттік  заңды  тұлғаларға   бекітіліп берілмеген  өзге  де мемлекеттік  мүлік  Қазақстан Республикасының  мемлекеттік  қазынасын құрайды. Жергілікті  бюджет  қаражаты  және  мемлекеттік  заңды  тұлғаларға  бекітіліп  берілмеген  өзге  де  коммуналдық  иүлік  жергілікті  қазынаны  құрайды. Мемлекеттік қазына республикалық  және  жергілікті  қазына  болып бөлінеді: Республикалық қазына  мыналарды  қамтиды:

  • Республикалық  бюджеттің  қаражаттары;
  • Мемлекеттің  алтын  -валюта  қаражаттары;
  • Мемлекеттік  меншік  құқығының  мүлкі ;
  • Коммуналдық  меншікке  жататын  оқшауланбаған  мүлік.

Информация о работе Экономика мамандықтарына арналған