Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Января 2013 в 20:10, курсовая работа
«Әлемдік қаржылар» пәні қазіргі Қазақстан экономикасындағы қаржы - ақша қатынастарының ажырағысыз бөлігі. Қаржының ақшалай мазмұны жағынан да, функциялары жағынан да ақша түсінігінен айырмашылығы барлығын оқыту. Экономикалық қатынастарда қаржы экономикалық категория ролін атқара отырып, ақшаның қозғаушы механизм ретіндегі көрінісі екенін үйрету.
1.ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ - SYLLABUS
Оқытушы туралы мәләмет:
Тәжіғұлова Айгүл Жармағанбетовна аға оқытушы
кафедра «Бағалау және бизнес», каб.402.
1.2. Пән туралы деректер:
Пән: Әлемдік қаржылар
Салық жүйесі өзінің құрамына мемлекеттік салық қызметінің - Қаржы Министрлігі, обылыстардағы , аудандардағы, қалалардағы және қалалардағы аудандардың салық комитеттерін қамтиды. Салық службасы органдары салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін, міндетті зейнетақы жарналарының толық және дер кезінде аударылуын қамтамасыз ету жөніндегі , сондай - ақ салық төлеушілердің салықтық міндеттемелерін орындауына салықтық бақылауды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасындағы салықтардың ,салық сипатындағы алымдардың тізбесі мыналарды қамтиды:
Салықтар: 1. Корпорациялық табыс салығы. 2. Жеке табыс салығы. 3. Қосылған құн салығы. 4. Акциздер. 5. Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері. 6. Әлеуметтік салық . 7. Жер салығы. 8. Көлік құрадаларына салынатын салық. 9. Мүлікке салынатын салық.
10.4.Салықтарды алуды ұйымдастыру салық қатынастары нысандарының элементтері- салық түрлерініңнақты аттарын, сондай - ақ оларды қолданудың тәртібі мен әдістерін, іс -қимылының тәсілдерін қамтитын салық механизмін құруға және оның жұмыс істеуіне саяды. Қазақстан Республикасының қазіргі салық жүйесі салықтарды құру мен алудың нақтылы әдістерін анықтайды, салықтың тиісті элементтері арқылы салық салудың тәртібін белгілейді. Негізгі салық элементтеріне мыналар жатады: салық субъектісі, салық салынушы, объектісі, салық базасы, салық салудың өлшемі, салық мөлшерлемесі, үлес , салықпұл, салық жеңілдіктері, салық төлеудің мерзімі мен тәртібі, салық төлеушілер мен салық органдарының міндеттіліктері мен құқықтары, салықтарды төлеуді бақылау, салық заңнамасын бұзғаны үшін санкциялар және басқалары.
Жанама салықтар жоғарыда атап өткеніміздей, бағаға немесе тарифке үстеме түрінде белгіленген салықтар, олар салық төлеушінің табыстарына немесе мүлкіне тікелей байланысты емес. Жанама салықтар мемлекеттің фискалды мүдделерін білдіреді. Оларды саналы пайдалану баға белгілеу процесінде оңтайлы ықпал жасауы және тұтыну құрылымына әсер етуі мүмкін. Жанама салықтарға тек екі салық қана жатқызылады: 1. ҚҚС. 2. Акциздер.
Сонымен бірге тұтынуға салынатын салықтар болып табылатын акциздерді, сатудан алынатын алықты, қосылған құнға салынатын салықты пайдаланудың көбірек артықшылығы болады, өйткені: олардан жалтарыну қиынырақ; олардың экономикалық бұзушылық аз байланысты; олар еңбекке деген ынталандырмаларды аз қысқартады; тапшылықтың жоқтығы жағдайында, ауыстырушы тауарға да тапшылықтың жоқтығын қоса олар тұтынушыға таңдау құқығын сақтап қалады; салықтардың жасырымдылығын қамтамасыз етеді және т.с. Салық салу жүйесінде ортақ заңдылықтың болатыныны есте ұстау қажет: экономикалық дағдарысы жағдайында , тұралаушылықта - өндірістегі , саудадағы және экономиканың басқа секторларындағы тоқырауда -салық салуды тұтынысқа объективті қайта бағдарлау болады.
Жанама салықтардың ішіндегі ең маңыздысы 1992 жылы енгізілген қосылған құнға салынатын салық - ҚҚС болып табылады. Салық төлеуші мемлекетке оны төлеу нәтижесінде шеккен шығысының орнын бағаны көтреу жолымен толық-тырады және салықты төлеуді сатып алушығы аударады. Салық салу объектісі материалдық шығындарсыз өндірілген өнім болып саналатын қосылған құн болып табылады: қосылған өнімге кешенді шығыстар, мысалы: жарнамаға жұмсалатын және басқа бірқатар шығындар қамтылуы мүмкін.
Салықтарды салу объектісі бойынша олар тура жәнге жанама салықтар болып бөлінеді. Тікелей табысқа немесе мүлікке салынатын салықтар тура салықтарға жатады. Тура салықтар өз кезегінде нақты және жеке салықтарға жіктеледі. Нақты салықтар салық төлеушілердің мүлкінің кейбір түрлеріне салынады. Жеке тура салықтар - бұл жеке адамдар мен заңды ұйымдардың табыстары мен мүлкіне салынатын салықтар. Нақты салықтардың айырмашылығы- жеке салық салу әрбір салық төлеушінің жеке табысы мен мүлкін де, оның қаржы жағдайын да ескереді.
Салықтан басқа Қазақстан Республикасында Салық Кодексінде белгіленген және белгілі бір мөлшерде бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер іс -әрекет етеді. (12.2.) Алымдар, баждар және төлемдер деп - әдетте заңды және жеке тұлғалардың мемлекеттік органдардың оларға көрсететін қызметтері үшін төленетін міндетті төлемдерін айтады. Бұл төлемдердің сомасы жергілікті бюджеттердің кірісіне не белгіленген үлестерді бюджеттер мен тиісті ұйымдарға не арнаулы қызметтер көрсететін ұйымдардың, мекемелердің шығындарын ішінара немесе толық өтеуқызметін дамытып, жетілдіру үшін түгелдей олардың қарамағында түседі.
Алымдар мен төлемдерді төлеу көбінесе қаржы аспектілерін де, сондай -ақ мүліктік құқықтарды, техникалық рәсімдер мен тіркеулерді, объектінің, қызметтің белгілі бір халін белгілеуді дайындаумен байланыстырыладыда қоса , қызметтің айтарлықтай кең аясы бойынша жүзеге асырылады.
Міндетті төлемдердің арасында ерекше орынды мемлекеттік баж алады. Мемлекеттік баж- бұған уәкілдік берілген мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың заңдық мәні бар іс- қимылдар жасаған үшін не құжаттарды бергені үшін алынатын міндетті төлем. Баж не өтініші бергенге дейін, іс- қимыл жасалғанға дейін, немесе бажбен төленетін құжат берілген кезде төленеді. Мемлекеттік бажды төлеу тәртібін Қаржы министрлігі белгілейді. Кеден ісін жүзеге асыру кезінде қазақстан Республикасының кеден заңнамасымен белгіленген кедендік төлемдер алынады. Кеден төлемдерінің мөлшерлемелерін Үкімет белгілейді.
10.5.Мекеттің шығыстары- бұл мемлекеттің іс -әрекет етуімен байланысты ақша шығындары. Мемлекеттік шығыстар - кең мағынада барлық мемлекеттік органдардың шығыстары. Мемлкеттік бюджеттің кіріс бөлігінде шоғырландырылған қаражатты нысаналы түрде пайдалану.
Экономикалық категория ретінде олар қоғамдық өндірісті дамытып, жетілдіру, қоғамның сан -алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында ішкі жалпы өнімнің бір бөлігін бөлу және тұтынумен байланысты экономикалық қатынастарды білдіреді. Мемлекеттің шығындары - мемлекеттің қаржы саясатының маңызды құралы, оның орталықтандырылған және орталықтандырылмаған кірістерін пайдалануға байланысты болатын қаржы қатынастарының бір бөлігі.
Мемлекет шығындарының өзгешелігі сол, ол қызметтің тек мемлекеттік сала қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Сондықтан мемлекет шығындарының мазмұны мен сипаты мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, басқару, қорғаныс және т.б. функцияларымен тікелей байланысты.
11-тақырып. Мемлекеттік бюджет. Жергілікті қаржыны ұйымдастыру.
ІІІ- модуль.
11.1.Мемлекеттік бюджет- мемлекеттің ақшалай қаржысының орталықтандырылған қорының кірістері мен шығыстарының осы мемлекеттің міндеттерін орындау үшін қажетті қаржы жоспары. Мемлекеттің оперативтік қаржы жоспары ретінде ол, әдетте, бір жылға арналып жасалды және оны мемлекеттік өкіметтің жоғары органы бекітіледі.
Кез -келген елде мемлекеттік бюджет - жалпы мемлекеттік қаржылардың, сондай- ақ жалпы қаржы жүйесінің басты буыны болып табылады. Ол мемлекеттің барлық меншік нысандарының шаруашлық жүргізуші субъектілернің қаражаттары және ішінара халықтың табысы жұмылдырылады.
Олар экономиканы , әлеуметтік -мәдени шараларды қаржыландыруға, елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға, мемлекеттік басқару органдарын ұстауға, жергілікті бюджеттерді қаржылық жағынан қолдауға, үкіметтік борышты өтеуге ,мемлекеттің материалдық және қаржы резервтерін жасауға және басқаларға бағытталады. Сөйтіп, құндық бөлудің айырықша бөлігі ретінде мемлкеттік бюджет өзгеше қоғамдық арналымды орындайды - жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қанағттандыруға қызмет етеді.
Мемлекет бюджетінің мәні мен маңызы ол орындайтын функцияларды көрінеді. Бюджеттің негізгі функциялары мыналар болып табылады:
11.2.Мемлекеттік бюджеттің өсу шарттары – мемлееттік бюджет - ұлттық табыс пен ішкі жалпы өнімді қайта бөлудің негзгі құралы. Бұл бюджет арқылы ішкі жалпы өнімснің үштен біріне жуығы бөлінеді. Бюджет Қазақстанның бүкіл аумағында өндірістік күштерді неғұрлым ұтымды орналастырудың, экономика мен мәдениетті көтерудің талаптарын ескере отырып салалааралық және аумақтық қайта бөлу үшін пайдаланылады.
Бюджеттің кірістері деп - салықтардан, алымдардан және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден алынатын түсімдердің, салыққа жатпайтын және өзге де түсімдердің, сондай -ақ бюджетке қайтарылмайтын негізде келіп түсетін капиталмен жасалатын операциялардан түсетін кірістердің көлемін айтады.
Нарықтық қатынастарға көшкенге дейін КСРО- ның мемлекеттік бюджетінің кірістері мемлекеттік кәсіпорындардың ақша жинақтарына негізделіп келеді. Ол бюджет кірістерінің жалпы сомасының 90 % құрады және негізінен екі төлемнен - айналым салығы мен пайдадан алынатын төлемдерден тұрады. Жалпы мемлекет салықтарды экономиканы дамыту, тұрақтандыру ісінде қуатты экономикалық тетіктерінің бірі ретінде пайдаланады. «Бюджет жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес республикалық бюджетке түсетін түсімдер мыналарды қамтиды:
1) республикалық бюджеттің кірістерін, олар мыналардан тұрады:
а) салықтар, алымдар және басқада міндетті төлемдердің түсімдерінен;
б) салыққа жатпайтын түсімдерден;
в)капитал мен жүргізілетін операциялардан алынатын кірістерден;
2)мына төмендегілерден алынған ресми трасферттерді (гранттарды):
3) республикалық бюджеттен
бұрын берілген кридеттер
11.3.Мемлекеттік бюджеттің шығыстары -бұл бекітілген бюджет шегінде қайтарыл-майтын негізде бөлінетін қаражаттар. Мемлекеттік бюджеттің шығыстары - бұл бекітілген бюджет шегінде қайтарылмайтын негізде бөлінетін қаражаттар. Нарықтық жағдайларға көшу жағдайында республикалық бюджет шығыстарының құрылымы айтарлықтай өзгерістерге ұшырауда - халық шаруашылығының, ең алдымен орталықтандырылған күрделі жұмсалымдарға жұмсалатын бюджет қаражаттары шұғыл қысқаруда.
Экономика мен әлеуметтік - мәдени шараларды қаржыландыру шығындарының едәуір бөлігі төменгі бюджеттерге субвенциялар нысанында беріледі. Алайда нарықтық механизмдерінің іс -қимылы жағдайында да жеке салалар мен аумақтарды ,мемлекеттік секторын бюджеттен қаржыландыру өзінің шешуші маңызын сақтап қалуда. Қаржы Министрлігі Үкімет атынан республикалық бюджетке көзделген сомалар шегінде кредиттер бере алады.
Бұрынғы кезеңмен салыстырғанда шығыстардың құрылымында бюджеттік ресурстардың әлеуметтік бағыттылығы азая түсуде. Республикалық деңгейдегі білім беруді, денсаулық сақтауды, әлеуметтік сақтандыру мен қамсыздандыру және басқа бағдарламаларды қамтитын әлеуметтік - мәдени шараларға жұмсалатын тікелей шығындар барлық шығыстардың 16 пайызын ғана құрап отыр. Республикалық бюджеттің сыртқы экономикалық қызметпен байланысты және ұлттық валютаның айырбас бағамының жоспарланған өзгерісіне сйәкес белгіленген қаражаты ұлттық валютаның бөлінген кезеңдегі ресми айырбас бағамы бойынша жұмсалуды. Сөйтіп, жалпы мемлекеттік мәні бар шараларды қаржыландыруды қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз ететін республикалық бюджет елдің экономикалық процесін реттеуді аса маңызды рол атқарады. Сонымен бірге республикалық бюджеттің жоғары маңыздылығы жергілікті бюджеттердің ролін төмен түсірмейді.
Бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті орган қазақстан республикасының Үкіметі атынан республикалық бюджетке көзделген сомалар шегінде кредиттер беруге құқылы. Кредиттер берудің тәрітібі мен шартарын Қазастан Республикасының Үкіметі белгілейді. Бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті орган облыстар мен Астана және Алматы қалары әкімдернің ұсынымы бойынша республикалық бюджеттен жергілікті бюджеттерге кассалық алашақтықты жабуға төмен тұрған бюджеттерді кредиттеу үшін тиісті қаржы жылына арналаған республикалық бюджетте көзделген арнайы резерв шегінде Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің негізінде кредиттер бере алады.
11.4.Бюджет ұғымы.Бюджеттік сыныптама - функционалдық, ведомстволық және экономикалық сипаттамалар бойынша бюджетке түсетін түсімдер мен бюджеттен жұмсалатын шығыстарды топтастыру.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі экономикалық қатынастарға және тиісті құқықытық - нормаларға негізделген әртүрлі деңгейдегі бюджеттерді қамтиды. Қазақстан Респуликасында жиынтығында мемлекеттік бюджетті құрайтын республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттер дербес жұмыс істейді. Бюджет жүйесінің жұмыс істеуі бюджеттердің әртүрлі деңгейлерінің өзара байланысына негізделген және оларды әзірлеу, қарау, бекіту, атқару, бақылау тәртібімен , сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есеппен қамтамсыз етеледі. Қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан Республикасының заңымен, жергілікті бюджеттер - мәслихаттардың шешімдерімен бекітіледі.