Экономика мамандықтарына арналған

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Января 2013 в 20:10, курсовая работа

Описание работы

«Әлемдік қаржылар» пәні қазіргі Қазақстан экономикасындағы қаржы - ақша қатынастарының ажырағысыз бөлігі. Қаржының ақшалай мазмұны жағынан да, функциялары жағынан да ақша түсінігінен айырмашылығы барлығын оқыту. Экономикалық қатынастарда қаржы экономикалық категория ролін атқара отырып, ақшаның қозғаушы механизм ретіндегі көрінісі екенін үйрету.

Содержание

1.ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ - SYLLABUS
Оқытушы туралы мәләмет:
Тәжіғұлова Айгүл Жармағанбетовна аға оқытушы
кафедра «Бағалау және бизнес», каб.402.
1.2. Пән туралы деректер:
Пән: Әлемдік қаржылар

Работа содержит 1 файл

7.doc

— 445.50 Кб (Скачать)

ҚАЗАҚСТАН       РЕСПУБЛИКАСЫ  БІЛІМ  ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ  МИНИСТРЛІГІ

Қазақ инженерлі-техникалық академиясы

 

 

 

«Бағалау  және бизнес» кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

«ӘЛЕМДІК ҚАРЖЫЛАР»  пәнінен

  • ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

 

 

 

 

                      050506 – Экономика мамандықтарына                

                            арналған

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана,2010

 

 

 

Құрастырушы: Тәжіғұлова А.Ж.: Әлемдік қаржылар пәнінен оқу-әдістемелік  кешен – Астана 2010ж.

 

Оқу-әдістемелік  кешен  - «Әлемдік қаржылар»   пәніне типтік негізінде құрастырылған

 Бұл  кешен «Әлемдік қаржылар» пәнін оқитын экономикалық мамандықтардағы студенттерге арналған жол көрсетуші болып табылады. Оқу әдістемелік кешен   - ішкі  жалпы өнім мен ұлттық табысты бөлудің және  қайта бөлудің экономикалық инструменті, ақша  қорларын  жасау мен  пайдалануға бақылау жасаудың құралы. , сондай-ақ ұйымдастырушылық – экономикалық аспектілерін зерттеуге арналған

 

Оқу-әдістемелік  кешен «Бағалау және бизнес» кафедрасының  отырысында талқыланған

(Хаттама   №2 от « » қыркүйек 2010ж.).

 

 

 

Оқу-әдістемелік  кешен экономика мамандықтарына арналған әдістемелік комиссия отырысында мақұлданған

 (Хаттама № « » )

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚАЗАҚСТАН       РЕСПУБЛИКАСЫ  БІЛІМ  ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ  МИНИСТРЛІГІ

 

Қазақ инженерлі-техникалық академиясы

 

 

«Бағалау  және бизнес » кафедрасы

 

 

 

 

 

 

«ӘЛЕМДІК ҚАРЖЫЛАР»  пәнінен

  • ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

 

  •  

                            050506 – Экономика мамандықтарына                

                    арналған

     

     

     

     

            Оқыту түрі: күндізгі

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

                             

                                                  Астана,2010

     

     

    1.ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ  - SYLLABUS

     

      1. Оқытушы туралы мәләмет:

    Тәжіғұлова  Айгүл Жармағанбетовна аға оқытушы

     кафедра «Бағалау және бизнес», каб.402.

     

    1.2. Пән туралы деректер:

    Пән: Әлемдік қаржылар

     кредит: 3

              

     «ӘЛЕМДІК ҚАРЖЫЛАР» ПӘНІНІҢ СИПАТТАМАСЫ

    «Әлемдік қаржылар» пәні  қазіргі Қазақстан экономикасындағы қаржы - ақша  қатынастарының  ажырағысыз бөлігі.  Қаржының ақшалай мазмұны  жағынан да, функциялары  жағынан да ақша түсінігінен айырмашылығы барлығын оқыту. Экономикалық  қатынастарда қаржы экономикалық категория ролін атқара отырып,  ақшаның қозғаушы механизм ретіндегі көрінісі екенін үйрету.

    Пәннің алдыңғы деректемелері:

    Студент  «Микро-макроэкономика», «Менеджмент теориясы мен практикасы», «Бухгалтерлік есеп», «Әлеуметтік-экономикалық статистика», «Экономикалық теория», «Маркетинг негіздері» сынды пәндерді С бағасынан төмен емес деңгейде меңгеруі керек.

    Пәннің кейінгі деректемелері: Студенттерге  ″Корпаративтік қаржы″;  ″Ақша-банктер″; ″Аралық қаржылық есеп″, «Акционерлік қоғамның экономикасы және басқаруы», «Шығындарды басқару» пәндерді оқып білуіне мүмкіншілігі бар

    1.2 Пәнді оқытудың мақсаты болып Қаржы  қатынасы ақша  қорының  қозғалысына  байланысты  мемлкет, кәсіпорындар мен ұйымдар,  салалар, аймақтар және жеке  азаматтар арасында пайда  болатын  экономикалық  қатынастардың жиынтығына көңіл аудару.  Қаржының  нақты  қозғалысы ұдай өндіріс және бөлу концепцияларының арақатынастарының еркшеліктерін жіктеу негізінде студенттердің экономикалық ой-өрісін дамыту болып табылады.

    1.3 Пәнді оқытудың міндеттері: студенттерді оқытуда «Әлемдік қаржылары» пәнінің міндеттері келесілер болып саналады:

    • қаржы  ресурстарын маңызы  зор  прогрессивті  салалардың айрықша  дамуын  қамтамасыз  ететін, қаржы  ресурстарын  ұтымды  түрде  сала  ішінде  бөлінуін, кәсіпорындардың  әртүрлі  рентабелділігімен  және күрделі  жұмсалымдардың  құбылмалы  тиімділігімен;
    • қаржы  микроэкономикалық  дамудың  тиімді  арақатысын  белгілеуде, ұдайы  өндірістің  заттық  және  құндық  элементтерінің  тепе- теңдігіне жетуде,  өндіріс тиімділігін арттыруда маңызды рол атқаруын үйрету.

    1.4 Пәнді оқыту әдіснамасы:

    «Әлемдік қаржылар» пәнін  оқытуда экономика ғылымының  әртүрлі әдістері, яғни, анализ, синтез, экономикалық – статистикалық талдау және өзге де әдістер пайдаланылады.

     

     

     

     

     

    3.2. «ӘЛЕМДІК  ҚАРЖЫЛАР»  ПӘНІНІҢ МАЗМҰНЫ

     

    Апта  саны

    Тақырып атаулары

    Пән мазмұны

    Сағат саны

    Конт.

    Дистанц.

    СРС

    1.

    1-тақырып. 

    Қаржы мәні, функциялары  және ролі.

    Қаржы туралы ғылым  экономика ғылымының арнайы бөлімі. Қайта өндіріс және мемлекет туралы оқыту қаржы туралы оқудың теориялық негізі. Қаржылық қатынастарды олардың дамуы және бір – бірімен байланысы үшін зерттеу. Қаржылық қатынастарды оқып білу кезіндегі теориялық және тәжірибелік мәліметтердің тарихи бірлігі. Қаржылық қатынастардың ұйымдасуының әлемдік тәжірибеде оқып білудің қажеттілігі. Сандық мәліметтермен жұмыс істей білу – ол қаржы облысында білімді игерудің басты шарты.

    2

    2

    6

    2.

    2-тақырып.

    Қаржы жүйесін ұйымдастыру.   Қаржы саясаты мен механизмі. 

    Қаржы жүйесінің түсінігі және оның элементтері. Қаржы жүйесін сыныптау белгілері. Қаржы жүйесінің аймақтары және буындары. Қаржы жүйесінің негізгі  қағидаларын ұйымдастыру. Қаржы  жүйесін жетілдіруге бағыттау. Нарықтық экономиканың құрылуындағы қаржы жүйесінің орны мен маңызы.Қаржы саясатының түсінігі және мемлекеттің экономикалық саясатындағы алатын орны. Қаржылық саясаттың мазмұны, мақсаты, шаралары. Қаржы саясатына ғылыми көзқарас және оның негізгі талаптары. Қаржылық стратегия және қаржылық тактика.

    2

    2

    6

    3.

    3 - тақырып. Қаржыны  басқаруды  ұйымдастыру.  Қаржылық жоспарлау және болжау.

    Қаржыларды  басқарудың түсінігі. Басқарудың әдістері мен  объектілері. Қаржылық механизм мен басқарудың байланысы. Басқару  қағидалары. Қаржылық басқарудың элементтері. ҚР қаржылық басқаруды ұйымдастыру. Мемлекеттік биліктің жоғары органдарының қаржыны басқару қызметтері..

    2

    2

    6

    4.

    4 - тақырып. 

      Қаржы қатынастарын құқықтық қамтамасыз ету және                               қаржылық  бақылау.

    Қаржылық бақылау мазмұны мен мәні. Қаржылық бақылаудың ерекшеліктері. Қаржылық бақылауды қолданудың объектілері мен аймақтары. Қаржылық бақылаудың міндеттері,

    2

    2

    6

    5.

    5 - тақырып.

    Шаруашылық жүргізуші  субъектілер қаржыларының қызмет етуінің  негіздері.

    Кәсіпорын мен ұйым қаржылары қаржы жүйесінің негізі ретінде. Шаруашылық субъектілері қаржының мәні мен атқаратын қызметтері.

    Әртүрлі экономикалық қызмет аймақтарының ерекшеліктері, олардың  қаржыға әсер етуі. Материалдың өндірістегі  қаржылардың сипатты белгілері. Әлеуметтік қызметтерді көрсететін мекемелер мен тауар айналымы аймағындағы ұйымдардың қаржылық қатынастарын ұйымдастыру ерекшеліктері.

    2

    2

    6

    6.

    6- тақырып. Коммерциялық негізінде жұмыс істейтін шаруашылық

    жүргізуші субъектілердің қаржысы.

    Коммерциялық бағытта қызмет ететін кәсіпорын қаржысын ұйымдастыру қағидалары. Кәсіпорынның қаржылық қорлары, олардың құрылу және қолдану негіздері.

    Өндірістік қорлардың  айналымындағы қаржының ролі. Негізгі  қорлардың ұдайы өндірістік қаржымен қамту. Айналым қаражаттарын құру көздері, олардың сыныпталу ерекшеліктері.

    Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі. Пайда және табыс, оның бөлінуі. Кәсіпорындағы қаржылық менеджмент. Қаржылық менеджменттің  атқаратын қызметтері, басқару

    2

    2

    6

    7.

    7- тақырып. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің

    қаржысы.

    Коммерциялық  емес ұйымдардағы қаржылық қатынастар сипаттамасы. Әлеуметтік қызмет көрсететін мекемелер мен ұйымдар қаржылық ресурстарын құру көздері. Ақылы  қызмет  көрсетудің даму шекарасы.

    Коммерциялық  емес ұйымдар мен мекемелердің шығындары. Қызмет түрлеріне байланысты шығындар құрылымының өзгерісі. Шығындардың экономикалық жіктемесі. Коммерциялық емес қызмет аймақтарын қаржыландыру принциптерінің өзгерісі.

    2

    2

    5

    8.

    8- тақырып.   Мемлекет қаржысының жалпы сипаттамасы.

    Мемлекеттік қаржылардың мазмұны, оның әлеуметтік  - экономикалық дамуындағы ролі. Мемлекеттік қаржылардың өзіндік ерекшеліктері және атқаратын қызметтері.

    Мемлекеттік табыс, оның құрамы мен құрылымы. Халықты әлеуметтік қорғау, экономика мен мәдениетті дамытудағы мемлекеттік шығындардың ролі. Нарық  жағдайындағы мемлекеттік қаржылар.

    2

    2

    5

    9.

    9-тақырып. 

    Мемлекеттің кірістері.

    Мемлекеттік бюджеттің  табыстары, олардың өсу шарттары. Салық бюджет табысының негізгі  түрі ретінде. Тура және жанама салықтар, олардың сипаттамасы. Бюджет табысының басқа түрлері.

    2

    2

    5

    10.

    10- тақырып. .  Салықтар және салық жүйесін ұйымдастыру. Мемлекеттіңшығыстары

    Салық  және салық салу теориясы. Салықтың экономикалық мазмұны. Салықтар және ұлттық табысты  қайта бөлу. Салықтың қызметтері: фискалдық, экономикалық, әлеуметтік, қайта бөлу, реттеуші, ынталандырушы, шектеулі, бақылау есептік. Салық қаржылық қатынас жүйесінде. Салықсалу жүйесі, оның негізгі элементтері; субъект, объект, көз, ставка, жеңілдік және т.б.

    Салықсалудың  қағидалары және оның сипаттамалары салықсалудың классикалық қағидасы экономика - құқықтық қағида (әдістеме ұйымдастырушылық).

    Салық жүйесінің  түсінігі. Салық жүйесінің моделі. Жеке табыс және жанама моделі. Салық  жүйесінің құру қағидалары.

    Салықтың сыныптамасы. Тура және жанама салықтар. Тұтынуға және табысқа салық. Жеке және нақты салықтар.

    2

    2

    5

    11.

    11-тақырып. Мемлекеттік бюджет. Жергілікті қаржыны                             ұйымдастыру.

    Жергілікті  қаржыларды ұйымдастыру процесі  және оларды пайдалану жергілікті басқару органдарының қызметтерімен анықталады. Негізінен жергілікті қаржылар өз құрамына жергілікті бюджеттерді, арнайы бюджеттен тыс қорларды және жергілікті басқару органдарының меншігіндегі шаруашылық субъектілері қаржысын енгізеді. Оларға сипаттама беріңіз.

    Әрі қарай, жергілікті бюджеттің көмегі арқылы экономикалық, әлеуметтік және өндірістік сипаттағы  процестерді реттеуге болатынын  талдап көрсетіңіз. Мұнда жергілікті бюджеттің кіріс бөлігінің құрылу ерекшелігіне, сол сияқты олардың  жұмсалу бағыттарына тоқталыңыз.

    2

    2

    5

    12.

     12- тақырып. Мемлекеттік несие және мемлекеттік борыш.

    Қоғамның көптеген қажеттіліктерін үнемі қаржыландыру мақсатында мемлекет өзінің шығынын  жабу үшін шаруашылық субъектілерінің  және тұрғындардың бос ақша қаражаттарын тарта алады. Оларды алудың ең негізгі жолы мемлекеттік несие болып табылады.

    2

    2

    5

      13.

    13- тақырып. Сақтандырудың экономикалық және әлеуметтік негіздері.

    Қоғамдық өндірістің тәуекелдік сипаты, оның сақтандыру қорғанысы. Сақтандыру қоры сақтандыру жағдайының салдарын өңдеу көзі ретінде. Сақтандыру қорын қалыптастырудың әдістері, оны қолданудың бағыттары. Сақтандырудың экономикалық мәні, оның айрықша белгілері. Сақтандырудың қазметтері. Сақтандырудың салалары: оның ерекшеліктері, қоғам өміріндегі ролі. Сақтандырудың формалары оларды қолданудың критерийлары. Сақтандырудың ісі сақтандырудың қатынастарын қолдану формасы ретінде. Сақтандырудың ісіндегі негізгі түсініктер. Сақтандырудың қызметі тауар және оның бағасы ретінде. Сақтандырудың нарығының коньюктурасы. Сақтандырудың нарығындағы бәсекелестік. Сақтандырудың операцияларынан табыс. Сақтандыру төлемдері және жарнамалары. Тарифтік саясат және оның белгісі. Сақтандырушының шығындары.

    1

    1

    5

      14.

    14- тақырып. Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу.

    Тақырыппен  жұмыс істегенде қаржылардың қоғамдық өмірдің барлық жақтарына тигізетін белсенді әсері олардың экономикалық мәнімен тығыз байланысты екенін есте сақтау керек. Мемлекеттік қаржылық реттеудің тікелей және жанама әдістерімен қоғамның экономикалық және әлеуметтік сипаттағы саясаттары жүргізілетінін атап өткен жөн.

    Әрқашанда қаржылардың өндірістік қатынастардың белгілі бір жағын  сипаттайтын экономикалық категория  екендігінен әртүрлі макроэкономикалық  тепе-теңдіктердің туындайтынын ұмытпау  керек. Осылай бола отырып, қаржылар қоғамның өндіргіш күштерімен тығыз байланыста болады және олардың жағдайларына фискальдық саясат арқылы әсер етеді.

    1

    1

    5

      15.

    15- тақырып. 

    Сыртқы экономикалық байланыстар жүйесіндегі  қаржы

    Қазіргі уақытта  халықаралық қатынастарды дамытуға көп көңіл бөлінеді. Дүниежүзілік тәжірибе басқа елдермен кең ауқымды дамыған байланыстарсыз экономиканың жақсы дамуы мүмкін болмайтындығын көрсетіп отыр. Сондықтанда сыртқы экономикалық байланыстарды реттеудегі қаржының сыртқы саудаға, шетелден инвестиция тартуға, салық салуға, сырттан қарыз алуға әсерін талдаңыз.

    Тақырыпты оқу барысында  валюталық ресурстардың құрылуы  мен қолданылуна көңіл бөліңіз. Осының негізінде валюталық ресурстарды  қолдануды қалыптастыру процесі  қоғамдық ұдайы өндірістегі және әлеуметтік саладағы қаржылардың рөлін арттыратын негіз екенін атап көрсетіңіз.

    1

    1

    5

     

    Барлығы

     

    27

    27

    81


     

     

     

     

     

     

    3.4. «ӘЛЕМДІК  ҚАРЖЫЛАР» ПӘНІНЕН

    БАҒАЛАНАТЫН ШАРАЛАРЫНЫҢ ТАПСЫРМАЛАРЫ

     

    Білім бағалануын бақылау үшін студент төмендегі  бағаланатын шаралар блоктарының  әр қайсысынан өзінің таңдауы бойынша бір тапсырмадан орындауы  керек. Жазбаша жұмыс дайындалған кезде тек қана қазақстандық тәжірибе материалдары қолданылады.

     

    Тақырып номері

    Тапсырма тақырыптары

    Тапсырма мазмұны

    Бақылау түрі

    1.

     

    Қаржы мәні, функциялары  және ролі.

    Қаржы туралы ғылым  экономика ғылымының арнайы бөлімі. Қайта өндіріс және мемлекет туралы оқыту қаржы туралы оқудың теориялық  негізі.

    Эссе

    2.

     

    Қаржы жүйесін ұйымдастыру.   Қаржы саясаты мен механизмі. 

     Нарықтық экономиканың құрылуындағы қаржы жүйесінің орны мен маңызы.Қаржы саясатының түсінігі және мемлекеттің экономикалық саясатындағы алатын орны. Қаржылық саясаттың мазмұны, мақсаты, шаралары.

    Мәнжазба

    3.

     Қаржыны  басқаруды  ұйымдастыру.  Қаржылық жоспарлау және болжау.

     Басқару қағидалары. Қаржылық басқарудың элементтері.  Мемлекеттік биліктің жоғары органдарының қаржыны басқару қызметтері..

    Баяндама 

    4.

     

     Қаржы қатынастарын құқықтық қамтамасыз ету және                               қаржылық  бақылау.

     Қаржылық бақылауды қолданудың объектілері мен аймақтары. Қаржылық бақылаудың міндеттері

    Коллоквиум 

    5.

     

    Шаруашылық жүргізуші  субъектілер қаржыларының қызмет етуінің  негіздері.

     

    Әртүрлі экономикалық қызмет аймақтарының ерекшеліктері, олардың  қаржыға әсер етуі. Материалдың өндірістегі  қаржылардың сипатты белгілері. 

    Эссе

    6.

    Коммерциялық негізінде  жұмыс істейтін шаруашылық

    жүргізуші субъектілердің қаржысы.

    Коммерциялық  бағытта қызмет ететін кәсіпорын  қаржысын ұйымдастыру қағидалары. Кәсіпорынның қаржылық қорлары, олардың құрылу және қолдану негіздері.

    Мәнжазба

    7.

     Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің

    қаржысы.

    Коммерциялық  емес ұйымдардағы қаржылық қатынастар сипаттамасы. Әлеуметтік қызмет көрсететін мекемелер мен ұйымдар қаржылық ресурстарын құру көздері. Ақылы  қызмет  көрсетудің даму шекарасы.

    Баяндама 

    8.

    Мемлекет қаржысының жалпы сипаттамасы.

    Мемлекеттік қаржылардың  мазмұны, оның әлеуметтік  - экономикалық дамуындағы ролі. Мемлекеттік қаржылардың  өзіндік ерекшеліктері және атқаратын  қызметтері.

    Коллоквиум 

    9.

     

    Мемлекеттің кірістері.

    Мемлекеттік бюджеттің  табыстары, олардың өсу шарттары. Салық бюджет табысының негізгі  түрі ретінде. Тура және жанама салықтар, олардың сипаттамасы. Бюджет табысының  басқа түрлері.

    Эссе

    10.

      Салықтар және салық жүйесін ұйымдастыру. Мемлекеттіңшығыстары

    Салықсалудың  қағидалары және оның сипаттамалары  салықсалудың классикалық қағидасы экономика - құқықтық қағида (әдістеме ұйымдастырушылық).

    Мәнжазба

    11.

     Мемлекеттік бюджет. Жергілікті қаржыны                             ұйымдастыру.

    Жергілікті  қаржыларды ұйымдастыру процесі және оларды пайдалану жергілікті басқару органдарының қызметтерімен анықталады.

    Баяндама 

    12.

      Мемлекеттік несие және мемлекеттік борыш.

    Қоғамның көптеген қажеттіліктерін үнемі қаржыландыру мақсатында мемлекет өзінің шығынын  жабу үшін шаруашылық субъектілерінің және тұрғындардың бос ақша қаражаттарын тарта алады. Оларды алудың ең негізгі жолы мемлекеттік несие болып табылады.

    Коллоквиум 

    13

    Сақтандырудың экономикалық және әлеуметтік негіздері.

    Қоғамдық өндірістің тәуекелдік сипаты, оның сақтандыру қорғанысы. Сақтандыру қоры сақтандыру жағдайының салдарын өңдеу көзі ретінде.

    Баяндама 

    14

    Экономиканы мемлекеттік  қаржылық реттеу.

     

    Әрқашанда қаржылардың  өндірістік қатынастардың белгілі  бір жағын сипаттайтын экономикалық категория екендігінен әртүрлі макроэкономикалық тепе-теңдіктердің туындайтынын ұмытпау керек. Осылай бола отырып, қаржылар қоғамның өндіргіш күштерімен тығыз байланыста болады және олардың жағдайларына фискальдық саясат арқылы әсер етеді.

    Коллоквиум 

    15

     

    Сыртқы экономикалық байланыстар жүйесіндегі  қаржы

    Қазіргі уақытта  халықаралық қатынастарды дамытуға көп көңіл бөлінеді. Дүниежүзілік тәжірибе басқа елдермен кең ауқымды  дамыған байланыстарсыз экономиканың жақсы дамуы мүмкін болмайтындығын көрсетіп отыр. Сондықтанда сыртқы экономикалық байланыстарды реттеудегі қаржының сыртқы саудаға, шетелден инвестиция тартуға, салық салуға, сырттан қарыз алуға әсерін талдаңыз.

    Эссе


     

     

     

    СТУДЕНТТЕРДІҢ БІЛІМІН БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ

    Студент семестр  ішінде 100 балл – 100% жинауы мүмкін. Оның ішінде:

    Аралық бақылау  – 60 балл – 60 %;

    Қорытынды емтихан  – 40 балл – 40 %.

    Қорытынды баға мынадай формуламен анықталады:

    ҚБ=АБ+ҚЕ, мұнда

    ҚБ – қорытынды  баға;

    АБ – аралық бақылау;

    ҚЕ – қорытынды  емтихан.

    Аралық бақылау  мынадай формуламен анықталады:

    АБ=(Қ+Б)+БШ, мұнда

    Қ – студенттің форумдар мен чаттарға қатысуы;

    Б – студенттің форум мен чаттағы белсенділігі;

    БШ – бағаланатын  шара.

    Қ – 12 балл

    Б – 12 балл

    БШ – 36 балл

     

    Бақылау түрі

    Балл  қорытындысы

    %

    Ағымдағы рейтинг, оның ішінде

    24

    24

    Форумға қатысу

    12

    12

    Форумдағы белсенділік

    12

    12

    Бағаланатын шара

    36

    36

    Аралық бақылау

    60

    60

    Қорытынды емтихан

    40

    40

    Қорытынды баға

    100

    100


     

    Бақылау түрі

    Апталар

    Барлығы

    1

    2

    3

    4

    5

    6

    7

    8

    9

    10

    11

    12

    Ағымдағы рейтинг, оның ішінде

                           

    24

    Форумға қатысу

    1

    1

    1

    1

    1

    1

    1

    1

    1

    1

    1

    1

    12

    Форумдағы белсенділік

    1

    1

    1

    1

    1

    1

    1

    1

    1

    1

    1

    1

    12

    Бағаланатын шара

         

    12

             

    12

     

    12

    36

    Аралық бақылау

                           

    60

    Қорытынды емтихан

                           

    40

    Қорытынды баға

                           

    100


     

     

    Студенттердің оқу жетістіктері он балдық әріптік жүйемен бағаланады:

     

    Әріптік баға

    Балдары

    %-дық мазмұны

    Дәстүрлі баға

    А

    4,00

    95-100

    Өте жақсы

    А-

    3,67

    90-94

    В+

    3,33

    85-89

    Жақсы

    В

    3,00

    80-84

    В-

    2,67

    75-79

    С+

    2,33

    70-74

    Қанағаттанарлық

    С

    2,00

    65-69

    С-

    1,67

    60-64

    D+

    1,33

    55-59

    D

    1,00

    50-54

    F

    0,67

    0-49

    Қанағаттанарлықсыз


     

     

     

     

     ТЕОРИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛ

    1- тақырып.   Қаржы  мәні ,  функциялары   және  ролі.

                                                                   І - модуль.

         1.1.Қаржы ұғымы. Қаржы- қоғамдық ұдай  өндіріс  процесіндегі сан алуан  өзара байланыстар  ақша арқылы  қауышып жатады. Қаржы  деп-  мемлкеттің  функциялары мен міндеттерін  орындау  және  ұлғаймалы  өндірістің  жағдайын қамтамасыз ету  мақсатында  орталықтандырылған  және орталықтандырылмаған  ақша   қорларын қалыптастыру, бөлу  және  пайдаланумен  байланысты  болатын экономикалық  қатынастарды  айтады.

        Қаржы - ақша  қатынастарының  ажырағысыз бөлігі,  сондықтан  олардың  ролі мен маңызы  экономикалық  қатынастарда  ақша қатынастарының  қандай  орын алатындығына  байланысты.  Қаржының ақшадан мазмұны  жағынан да, функциялары  жағынан да айырмашылығы бар. Ақша - бұл ең алдымен ассоцияландырылған өндірушілердің  еңбек шығындары өлшенетін жалпы  эквивалент, ал қаржы  - ішкі  жалпы  өнім мен  ұлттық табысты бөлудің және  қайта  бөлудің  экономикалық инструменті, ақша  қорларын  жасау мен  пайдалануға бақылау жасаудың құралы.

    Информация о работе Экономика мамандықтарына арналған