Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Января 2013 в 20:10, курсовая работа
«Әлемдік қаржылар» пәні қазіргі Қазақстан экономикасындағы қаржы - ақша қатынастарының ажырағысыз бөлігі. Қаржының ақшалай мазмұны жағынан да, функциялары жағынан да ақша түсінігінен айырмашылығы барлығын оқыту. Экономикалық қатынастарда қаржы экономикалық категория ролін атқара отырып, ақшаның қозғаушы механизм ретіндегі көрінісі екенін үйрету.
1.ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ - SYLLABUS
Оқытушы туралы мәләмет:
Тәжіғұлова Айгүл Жармағанбетовна аға оқытушы
кафедра «Бағалау және бизнес», каб.402.
1.2. Пән туралы деректер:
Пән: Әлемдік қаржылар
Қаржы қатынасы.Ақша қорының қозғалысына байланысты мемлкет, кәсіпорындар мен ұйымдар, салалр, аймақтар және жеке азаматтар арасында пайда болатын экономикалық қатынастардың жиынтығы қаржы қатынастарын құрайды.Ақшаның нақты қозғалысы ұдай өндіріс процесінің бөлу және айырбас стадияларында болады.
Қаржы қорлары - халық шаруашылығында іс -әрекет ететін ақша қорларының бүкіл жүйесінің құрамды бөлігі. Қаржы ресрустарын пайдаланудың қор нысаны ұлғаймалы ұдайы өндірістің қажеттері негізінде объективті түрде алдын -ала анық-талады және қор емес нысанмен салыстырғанда оның бірқатар артықшылықтары бар.
1.2.Қаржы құрамы- баға - жұртқа мәлім, тауар құнының ақшалай көрінісі. Баға сонымен қатар тауарларға деген сұраным мен ұсынымды да реттейді , сөйтіп ұдайы өндіріске, шығынның орнын толтыру қорының мөлшері мен құрылымына , демек, табысқа да ықпал жасайды.Қоғамдық өнім құнын бөлуге несие де қатысады.Әрі қайта бөлгіштік процестер несиелік қатынастар сферасында ағылып жатады.
Қаржы және несие - өзара байланысты категориялар және күрделі жұмсалым мен айналым қаражаттарын қалыптастырудың көздері болып табылады. Қатысушылары; айрықшылықты белгілері; тауар –ақша шекаралары; нарық жағадайында дамуы;
Қаржы еңбекке ақы төлеумен тығыз байланысты. Материалдық сферасында еңбекке ақы төлеу қаржының көмегімен өнімді өткізуден түскен түсім - ақшадан бөлінеді. Ұлттық табысты бөлудің нәтижесі болып табылатын еңбекке ақы төлеумен өзара әрекеттесе отырып, қаржы оны салықтар , заемдар және ақша ресурстарын жалпы мемлкеттік қорға қаражаттарды жұмылдырудың басқа әдістері , зейнетақы , сақтандыру қорына төленетін жарналар арқылы ішінара қайта бөлуді қамтамасыз етеді.Өзінің материалдық, мазмұны жағынан қаржы - бұл мақсатты ақша қорлары, ал жиынтық түрінде елдің қаржы ресурстарын құрайды.
Қаржы ресурстары - мемлкеттің, фирмалардың және мекемелердің қарамағындағы ақша қаражттары.Қаржы мен қаржы ресурстары - бара- бар ұғымдар емес. Қаржы ресурстары өзінше қаржының мәнін анықтамайды, оның ішкі мазмұны мен қоғамдық арналымын ашпайды.Қаржы ғылымы тап мұндай ресурстарды емес, ресурстарды жасау, бөлу және пайдалану негізінде туатын қоғамдық қатынастарды зерделейді; ол қаржы қатынастары дамуының заңдылықтарын зерттейді. Қаржы ресурстары қаржы қатынастарының ілгері алып жүргізушісі болып табылады. Қаржы рестарының нақты шаруашылық жүргізуші субъекті мен мемлекетке тиістілігі оларды халықтыңғ ақша қаражаттарын бөліп алуға мүмкіндік береді.
Қаржы ресурстарын пайдалану арнайы мақсаттағы арналымының ақша қорлары арқылы жүзеге асырылады. Қаржы қорлары - халық шаруашылығында іс -әрекет ететін ақша қорларының бүкіл жүйесінің құрамды бөлігі. Қаржы ресрустарын пайдаланудың қор нысаны ұлғаймалы ұдайы өндірістің қажеттері негізінде объективті түрде алдын -ала анықталады және қор емес нысанмен салыстырғанда оның бірқатар артықшылықтары бар.
1.3. Қаржы қызметтері. Қаржы функциялары- Қаржының мәні ,іс -әреке механизмі және ролі оның функцияларынан айқын көрінеді. Қаржы негізінен екі функция орындайды: 1)қоғамдық өнім мен ұлттық табысты бөлу және қайта бөлумен байланысты болатын қаржының бөлу функциясы; 2) бақылау функциясы.
Қоғамдық ұдайы өндірістегі функциялары- қаржының бөлу функцмясы қоғамдық өнім мен ұлттық табысты бөлумен және қайта бөлумен байланысты.
Бөлу функциясы қаржы құралдарын қоғамдық өнім мен оның негізгі бөлігі - ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу процесінде пайдалагған кезде көрінеді. Ұлттық табысты бөлу және қайта бөлудің ақырғы нәтижесі оның құрамына қорлану қорын, тұтыну қорын және резерв қорын бөліп шығару болып табылады. Қайта бөлу көбінесе қаржы арқылы жүзеге асады. (1.1.сызбаны қараңыз)
Қаржы ұлттық табыс құрамындағы бастапқы табыстарды да, ақырғы табыстарды да қалыптастыру мен пайдалануды қауыштырады. Қаржы көмегімен ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу екі әдіспен жүзеге асырылады:
1)қаржылық - бюджеттік әдіс.
2)несиелік - банктік әдіс.
Ұлттық табысты қаржы көмегімен қайта бөлудің негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:
Функцияларына экономистердің көзқарасының эвалюциясы- қаржының бақылау функциясы коммерциялық есеп пен маркетинг операцияларын жүзеге асыруға байланысты.Бақылау функциясы қаржылық бақылауда көрінеді, бірақ бұл ұғымдарды бірдей деуге болмайды. Бақылау функциясы қаржының ішкі қасиеті. Қаржының бақылау функциясының экономикалық мағынасы кәсіпорынның, фирманың шаруашылық - қаржы қызметіне теңгемен бақылау жүргізу.
1.1.сызба. Қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу.
Қаржы мәселесі жөніндегі заңдардың бұлжымай сақталуын, мемлкеттік бюджет, банк алдындағы қаржы міндеттемелерінің , сондай- ақ кәсіпорындардың , ұйымдардың, фирмалардың есептесу және төлемдер жөніндегі өзара міндеттемелерінің дер кезінде және толық орындалуын тексеру қаржылық бақылаудың аса маңызды міндеттерінің бірі. Қаржы микроэкономикалық дамудың тиімді арақатысын белгілеуде, ұдайы өндірістің заттық және құндық элементтерінің тепе- теңдігіне жетуде, өндіріс тиімділігін арттыруда маңызды рол атқарады.
Бақылау функциясы қаржының ішкі қасиеті, ал қаржылық бақылау қаржыға тән объективті мазмұн ретіндегі бақылау функциясын нақтылы іс - жүзінде пайдалану болып табылады.Бұл бақылау материал, еңбек және ақша ресурстарын өнімсіз әрі тиімсіз пайдалануды анықтап қана қоймай, сонымен қатар кәсіпорындарда, фирмаларда өндіріс рентабелдігін арттырудың резервтерін ашуға, өндірістік есем шығындарды болдырмауға мүмкіндік береді.
1.4. Бөлу функциясының әдістері.Ұлттық табысты қаржы көмегімен бөлу және қайта бөлу қоғам мен кәсіпорынның, фирманың материалдық және ақша ресурстарын ұдайы өндірістегі қажетті мөлшерлестігін қамтамасыз етеді.
Қаржылық- бюджеттік әдіс - ол бюджетке табыстарды алғанда және бюджеттен қаражаттарды қайтарусыз тәртіппен бергенде қолданылады.
Несиелік - банктік әдіс - ол уақытша басы бос ресуртарды жұмылдыруды және қайтарымдылық негізде несиелер беруді білдіреді.
2-тақырып. Қаржы жүйесін ұйымдастыру. Қаржы саясаты мен механизмі .
2.1. Қаржы жүйесі - қаржы өзінің экономикалық табиғаты мен жалпы принципиалды бірлігі жағынан біртұтас.Қаржы қатынастардың сферасы мен буын-дары өзара тығыз байланыста болады және елдің бірыңғай қаржы жүйесін құрады.
Біртұтас қаржы жүйесі - өзінің мәні жағынан мынандай түрлі ұғымдардың білдіру үшін қолданылатын аталым: а) бір -бірімен өзара байланысты қаржы қатынастарының сфералары мен буындарының жиынтығы; ә) елдің қаржы мекмелерінің жиынтығы, оларға қаржы мекемелері мен салық қызметінің барлық құрылымдық бөлімдері жатады. Жалпы қаржы жүйесі- бұл мемлкет пен кәсіпорындардың орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларын құру және пайдалану процесіндегі қаржы қатынастарының оқтауланған , бірақ өзара байланысқан әртүрлі сфералары мен буындарының , сондай - ақ олардың ұйымдастыратын қаржы органдарының жиынтығы.
Принципалды үлгісі. Қаржы жүйесі анықтамасының бұл принципалды үлгісіне сәйкес қаржы жүйесі мынадай үш бөлікті қамтиды:
2.2. Қаржы жүйесін ұйымдастыру- Қазақстан Республикасында макро- және микро эканомиканың қаржы жүйесін реттеліп отыратын қаржы қатынастары мен ақша ресурстарының жиынтығы және оларды жұмылдыруды, халық шаруашылығын қаржыландыру мен несиелеуге байланысты бөлуді жүзуге асыратын қаржы мекемелері құрайды.
Қаржы жүйесін құрудың негізіне мына қағидаттар қойылған:
Бүгінде Қазақстанның қаржы жүйесі қаржы қатынастарының біршама дербес мына сфераларынан тұрады.
Қаржыны басқару-бұл қаржы қатынастарының бүкіл жиынтығының тиімді жұмыс істеуіне жетуді және мұның негізінде тиісті қаржы саясатын жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі мемлекет шараларының жиынтығы.
Қаржы қатынастарының алғашқы екі бөлігі жалпымемлекеттік, яғни орталық-тандырылған қаржыларға жатады және макродеңгейдегі эканомика мен әлеуметтік қатынастарды реттеу үшін пайдаланылады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің (корпаративтік) қаржылары орталықтандырылмаған қаржыларға жатады және микродеңгейдегі эканомика мен әлеуметтік қатынастарды реттеу мен көтермелеу үшін пайдаланылады. Жергілікті қаржылар мемлекетік қаржылар жүйесінің маңызды сферасы болып табылады. Жергілікті қаржылардың әлеуметтік рөлі, олардың құрамы мен құрылымы бүтіндей жергілікті органдарына жүктелінген функциалардың сипатымен, сондай-ақ мемлекеттің әкімшілік - аумақтық құрылысымен және оның саяси эканомикалық бағыттығымен анықталады.
Жалпы қаржы жүйесінің құрамы - бұл қаржы қатынастарының әртүрлі сфералары мен буындарының жиынтығы, қатынастардың бұл процесінде түрлі ақша қорлары құралып, пайдаланылады.Қаржы қатынастарының нысандары мен ақша қорлары басқарылатын материалдық объектіні құрайды. Басқарушы субъекті қаржыны басқарудың мемлекеттік және қоғамдық аппаратының жүйесі-қаржы аппараты болып келеді, бұл қаржы жүйесінің үшінші бөлігі болып табылады.(2.1.сыбадан көріңіз)
Қаржы-несие жүйесі - нарықтық механизмдердің неғұрлым тиімді жұмыс істейтін секторлардың бірі.Қаржы және ең алдымен бюджет жүйесі ішкі жалпы өнімнің өсуіне және оның басты бөлігі ұлттық табысқа, макро-және микроэканомика кәсіпорындарының, фирмаларының және салаларының дамуына және халықтың көптеген жігінің қалахуалына айтарлықтай ықпал жасайды.
2.3.Қаржы саясаты- саясат мемлекет қызметінің барлық бағыттарын қамтиды.Саяси ықпал жасаудың элементі болып табылатын қоғамдық қатынастардың сферасына қарай экономикалық немесе әлеуметтік, мәдени немесе техникалық, қаржы немесе несие, ішкі немесе сыртқы саясат туралы айтады.
Қаржы саясат- қаржыны басқарудың түпкі мақсаты, оның нақты нәтижесі; мемлекеттің өзінің функцияларын орындау үшін оның қаржы саласында жүргізетін мақсатты шараларының жиынтығы.
Қаржы саясаты өзіне;бюджет, салық, ақша, несие, баға және кеден саясатын қамтиды. Мезгілінің ұзақтығына және шешілетін мәселелердің сипатына қарай қаржы саясаты қаржы стратегиясы мен қаржы тактикасы болып бөлінеді.
Мемлкеттің қаржы саясатын экономикалық заңдардың талаптарына қарай Үкімет анықтайды. Қаржы саясатының мазмұны айтарлықтай күрделі, өйткені ол шаралардың ауқымды кешенін қамтиды, олар: ¨қаржы саясатының жалпы концепциясын жасау, оның негізгі бағыттарын , мақсаттарын, басты міндеттерін анықтау; ¨бара- бар қаржы механизмін жасау;¨мемлкеттің және экономиканың басқа субъектілерінің қаржылық қызметін басқару.
2.4.қаржы саясатының түрлері.Қаржы саясатын жүзеге асырудың негізіне жалпы және жеке қағидаттардың толып жатқан қатары қойылуы тиіс. Қаржы саясатын қаржы стратегиясы мен қаржы тактикасы болып бөінеді. Қаржы саясатының стратегиясы мен тактикасы өзара байланысты.