Халықаралық экономика. Ответы

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2011 в 16:58, шпаргалка

Описание работы

Ответы на 30 вопросов.

Работа содержит 1 файл

ЭССЕ.doc

— 331.50 Кб (Скачать)

МАҚСАТЫ

      Ұзақ мерзiмдi тұрғыда бәсекеге  қабiлеттi экономиканың негiзiн қалау.

      2010 жылға қарай iшкi жалпы өнiмнiң (IЖӨ) көлемiн екi есеге ўлєайту.

  ДАМУ МОДЕЛI

      Экономика саласында:

      - мемлекеттi экономикалыќ өрлеу  "локомотивiне" айналдыру;

      - мемлекеттiң қатысуымен жүйе  түзетiн iрi компанияларды ќўру  және оларды аймаќтыќ және мүмкiндiгінше, әлемдiк деңгейге шыєару;

      - ТМД аймаєындаєы экономикалыќ  өктемдiк.

      Мемлекеттiк басќару саласында:

      - мемлекеттiк кјсiпкерлiктi басќаруєа  ќабiлеттi пәрмендi Үкiмет ќўру;

      - орталыќ және жергiлiктi билiк  органдары функцияларының айќын бөлiнiсi;

      - жергiлiктi мемлекеттiк басќару органдарына  заңнамамен белгiленген ќұзырет  шегiнде дербестiк беру;

      - бюджет жүйесiн жетiлдiру арқылы  негiзгi әлеуметтiк салаларєа мемлекеттiк  баќылау

Стратегия келесі бөлімдерден  тұрады:

I бөлім  – Қазақстанның 2010 жылға дейінгі  даму моделі. ІІ бөлім - әлеуметтік саясат. ІІІ бөлім – өнеркәсіптік-технологиялық саясат. IV бөлім – аграрлық индустриалды саясат. V бөлім – көлік инфрақұрылымы. VІ бөлім – қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстар. VII бөлім – ақша кредит саясаты. VІІІ бөлім – салық-бюджет саясаты. ІХ бөлім – инвестициялық саясат. Х бөлім – мемлекеттік активтерді басқару. ХІ бөлім – саяси жүйені реформалау. ХІІ бөлім - әкімшілік реформа. ХІІІ – мемлекеттік функцияларды орталықсыздандыру. XIV бөлім – күтілетін нәтижелер.

Сөйтіп  біз мынадай нәтижелерге  қол жеткіздік.

     2000 жылмен салыстырғанда 2008 жылы-ақ, жоспарланғанынан екі жыл бұрын,  біз республика ІЖӨ-сінің көлемін  екі еселедік және мемлекеттің  әлеуметтік міндеттемелерін тиімді орындадық.

     Орташа  айлық жалақы 5 есеге, ал зейнетақының орташа мөлшері 3 есеге өсті.

     Өмір  сүрудің ең төменгі деңгейінен аз табысы бар халықтың үлесі 4 есеге (50%-дан 12%-ға дейін) азайды.

     Халық денсаулығының негізгі көрсеткіш  тері жақсарды. Күтілетін өмір ұзақтығы 65-тен 68 жасқа дейін ұлғайды. Ана өлімі екі есеге азайды, бала туу бір жарым есеге өсті.

     Он  жылда 652 мектеп және 463 денсаулық сақтау нысаны салынды.

     Бүгінде бізде әлемдік деңгейдегі медициналық  орталықтар – Ана мен баланың  ұлттық орталығы және Нейрохирургия институты бар.

Биылғы  жылы Кардиохирургия орталығын іске қосамыз. Барлық облыстарда қазақстандықтарға  медициналық қызмет көрсету жақсаруда.

Осының  арқасында біз өз азаматтары мыздың мыңдаған өмірін сақтап қаламыз!

Біздің  жетістіктерімізді мойындай оты рып, БҰҰ өзінің 2009 жылғы Баян дамасында Қазақстанды адам әлеуетінің жоғары деңгейі бар елдер санатына қосты. Бұл – біздің өскен әл-ауқатымыздың дау сыз дәлелі! Он жылда 350 мың отбасы – бұл шамамен 1,2 миллион адам тұрғын үй ге ие болды. 32 мың шақырым жолдар салынды және жөнделді, бұл Қазақстанның барлық жолдарының үштен бірі.

2030 жылға  дейінгі Қазақстанның Даму стратегиясының  қарпі мен рухын негізге ала  отырып, біз ХХІ ғасырдың алғашқы  он жылдығына белгіленген барлық  міндеттерді шештік. 

2. Дағдарыс кезеңі – дұрыс шешімдер қабылдау уақыты

Әлемдік қаржы-экономикалық дағдарысы экономиканың өсу қарқынына ықпал етті, бірақ  біздің дамуымызды тоқтатқан жоқ. Жинақталған  экономикалық әлеует соңғы үш жылдың аса қиын дағдарыстық шайқасында бізге тұрлаулылықты қамтамасыз етті.

Біз еліміздің  қаржы жүйесін қорғап, жүйе құраушы  банктерді сақтап қалдық.Біз шағын  және орта бизнесті қиыншылықта қалдырмадық.

Ұлттық  және трансұлттық компаниялардың мемлекеттік  сатып алуларындағы “қазақстандық  үлестің” болмаған өсіміне қол жеткіздік.

Агроөнеркәсіптік  кешенге бұрын-соңды болмаған көмек  көрсеттік.Мемлекет үлестік құрылысты  аяқтау жө ніндегі барлық шығындарды өз мой нына алды.

“Жол  картасы-2009” бағдарламасын табысты  іске асырудың арқасында ел өңірлерінде  ТКШ-ны реконструкциялау жөнінде 862 жоба іске асырылып, 737 шақырым электр желісі, 1029 шақырым сумен жабдықтау желілері, 284 шақырым жылу трассасы, автожолдар, жүздеген мектептер мен ауруханалар, мәдениет пен спорт нысандары жөнделді.

Әр ауылға дейін жеткен мұндай аса ма ңызды жұмысты біз тұңғыш рет жүр гіз дік.

2009 жылы  экономиканың артуы 1,1%-ды, өнеркәсіпте  1,7%-ды құрады. Біз оң өсу қарқыны  бар елдердің “серіппелі тобына”  жаттық.

Ұлттық  қордың жалпы халықаралық резервтері мен активтері бүгіннің өзінде 50 миллиард доллардан асып түсіп, соңғы он жылда 25 еседен астамға өсті.

Біз төтеп  бердік. Енді біз 2020 жылға дейінгі  Даму стратегиясын орындауға кірісеміз. 
 

     26. ҚР сақтандыру  нарығының қазіргі  кездегі жағдайы  мен даму перспективалары.

      2010 жылғы қаңтар айында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тікелей  сақтандыру шарттары бойынша  қабылдаған сақтандыру сыйлықақыларының  жиынтық көлемі 12 228,31 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылдың осыған ұқсас кезеңінде жиналған көлемнен 32,2%-ға көп. Міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақы көлемі өткен жылдың осындай көрсеткішінен 13,7%,-ға, ерікті жеке сақтандыру бойынша 2,2 есе артты, ерікті мүліктік сақтандыру бойынша ұлғаюы 8,9% құрады. 2010 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығында 41 cақта ндыру ұйымы (оның ішінде: 7 – өмірді сақтандыру бойынша), 13 сақтандыру брокері жəне 63 актуарий өз қызметтерін лицензия негізінде жүзеге асырды. Капитал: 2010 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша сақтандыру ұйымдарының меншікті капиталының жиынтық мөлшері 184 037,6 млн.теңге болды. Сақтандыру ұймдарының активтерінің жиынтық көлемі 2010ж басында 308 499,6 млн. теңге болды , былтырғы көрсеткіштен 10,1%ға көп.

      Қазақстанның  сақтандыру нарығы қарқындап өсуде, мұның өзін сақтандыру сыйлықақылары, активтер жəне меншікті капитал көлемінің  өсуі растайды. Бұл ретте сақтандыру секторының сыйымдылығы өз əлуетін  жоққа шығармады – жиналған сыйлықақылардың айтарлықтай үлесі корпоративтік сақтандыруға тиесілі (ірі өнеркəсіп, мұнай, авиация жəне мүліктік тəуекелдерді сақтандыру). Бұл ретте бөлшек сақтандыру секторы жиналған сақтандыру сыйлықақыларында аз ғана үлеске ие болады (сақтандыру компаниялары портфелінде 1% аспайды). Сақтандыру операцияларының да жоғары қарқынмен өсуіне байланысты, сақтандыру төлемдерінің көлемі өсуде. Сақтандыру қызметінде зияндылықтың біршама өсуіне қарамастан активтердің жəне капиталдың пайдалылық көрсеткіштері сақтандыру компаниялардың пайдамен қызмет етуі үшін жеткілікті дəрежеде жоғары деңгейде. Қазақстандық сақтандыру компанияларының көбі үшін инвестициялық қызмет аса маңызды емес кіріс көзі болып табылады. Сақтандыру компанияларының инвестициялық портфелінің құрылымы кейбір өзгерістерге ұшырады. Атап айтқанда, мемлекеттік бағалы қағаздардың үлесі тұрақты төмендеу үрдісіне ие, бұл ретте екінші деңгейдегі банктердегі депозиттердің жəне республика эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздарының үлесі өсу үстінде. Бұл қадағалау органының активтердің белгілі бір бөлігін МБҚ-ға міндетті орналастыру жөніндегі талаптарын, осы арқылы олардың елеулі үлесін қаржы нарығының неғұрлым кірісті құралдарына инвестициялау үшін босата отырып, алып тастауына байланысты. Сонымен қатар сақтандыру компанияларының инвестициялық портфелінің құрылымы банктерге тəуелділіктің өсіп отырғанын көрсетеді. Инвестициялық қызметтен кірістердің аз ғана болуына қарамастан оның жиынтық кірістердегі динамикасының өскені байқалады.

     1 кезең – ұйымдық-құқықтық  қайта құру (2010 жылға дейін).

     Сақтандырудың қорғаныс және инвестицялық қызметтерін  ынталандыру:

  • қолайлы әлеуметтік-экономикалық ортаны құру;
  • сақтанушылардың рыногын қалыптастыру;
  • бағалы қағаздар рыногын жетілдіру;
  • сақтандыру заңнамасын халықаралық талаптарға сай үйлестіру;
  • сақтандырушылардың тұрақтылығын жоғарлату;
  • сақтандыру қызметінің инфрақұрылымын қалыптастыруды аяқтау.

     2 кезең – инвестициялық  мүмкіншіліктерді  жоғарлату (2020 жылға  дейін)

     Инновациялық  және инвестициялық қызметтерді  жетілдіру:

  • сактандырушылардың ннвестициялық мүмкіншіліктерінің аясын кеңейту;
  • инновациялық қызмет тәуекелін қорғау бойынша жаңа қызмет көрсетулердің пайда болуы;
  • сактандырушылардың капиталдандырылуын ұлғайту;
  • таяу шет ее рыногында ұлттық сақтандырушылардың өктемпаздығы;
  • заңнамаларды жетілдіру;
  • сақтандыру қызметінің инфрақұрылымын дамыту.

     3 кезең – дамыған  сақтандыру қызметі  рыногы

     Барлық  сақтандыру қызметтерінің толық  жүзеге асырылуын қамтамасыз ету:

  • әлеуметтік қорғаудың үш денгейлі жүйесінің толыққанды қызмет етуі (сактандыру компанияларының белсенді рөлі жағдайында);
  • ЖІӨ-ң 15%-ға дейінгі масштабымен сақтандырушылардың институционалдық қызметін нығайту;
  • ұлтаралық сақтандырушылардың пайда болуы;
  • таяу шет ел рыноктарында инвестициялық өктемпаздық жүргізу.
 

   27. Дағдарыс жағдайындағы ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру мәселелері.

   Жаһандық  қаржы-экономикалық дағдарыс жағдайында ұлттық экономикалардың, соның ішінде Қазақстанның да қарқыны тежелуде. Даму кезеңінде жинақталған қордың қаражаты мемлекетке әлемдік дағдарыстың  ықпалын азайту бағытында тиімді шаралар қабылдауға мүмкіндік береді. Дегенмен, дағдарыстың кері салдарлары халықтың барлық жіктеріне байқала бастады. Экономикада орын алып жатқан бүгінгі тұрақсыздық жағдайында, халықаралық сарапшылардың бағалаулары негізінде әлемдік 2009-2013 жылдардағы макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамы нақтыланды. Макроэкономикалық көрсеткіштердің өзгеруі бекітілген республикалық бюджетті нақтылау қажеттілігін туғызды. Үшжылдық бюджетке енгізіліп отырған түзетулер, жалпы алғанда, Үкіметтің дағдарысқа қарсы шаралар пакетін жүзеге асыруға бағытталған.

           Парламенттің қарауына енгізілген  «2009-2011 жылдарға арналған республикалық  бюджет туралы» Қазақстан Республикасының  Заңына өзгертулер мен толықтырулар  енгізу туралы» заң жобасы  бұған дейін бекітілген республикалық бюджеттің кірісін 371,1 миллиард теңгеге қысқартуды, яғни 1529,5 миллиард теңгеге дейін азайтуды қарастырып отыр.

   Жоғарыда  айтып өткендей, әлемдік экономикадағы  бүгінгі ахуал тұрақсыз. Халықаралық  сарапшылардың бағалауынша, 2009 жылы әлем экономикасы құлдырайды деп күтілуде. Халықаралық валюта қоры 2009 жылғы әлемдік экономиканың өсу көрсеткіші бойынша қаңтар айындағы болжамын рецессияға қарай - минус 1 – минус 0,5 пайызға өзгертті. Мұндай құлдырау соңғы 60 жылда алғаш рет орын алғалы отыр. 2010 жылдан бастап әлемдік экономиканың өсу қарқыны біртіндеп көтеріледі деп күтілуде.

   Қазіргі әлемдік қаржылық және экономикалық дағдарыс өзінің ауқымы жағынан күшті  болғаны соншалық, әлемнің ең күшті  мемлекеттерінің өзін шайқалтты. Осындай жағдайда Қазақстан Үкіметі Ұлттық қордың «қақпағын» ашуға шешім қабылдады. Дағдарысқа қарсы шараларға 10 млрд. АҚШ доллары бөлінді. Мұндай мүмкіндіктер біздің елде ғана болды, біз халықаралық несиелер мен шетелдік инвестицияларға иек артқан жоқпыз. Ұлттық қордан қаражат бөлу дұрыс әрі пәрменді қадам болды. Елбасы бастамасымен қолға алынған «Жол картасы» болды. Бұл - жақсы идея. Мемлекет әлеуметтік нысандар құрылысына қаражат салуда. Бұл шаралар бір сәттік тиімділік беретін емес, ұзақмерзімді инвестициялар.

   Біз мемлекеттік қаражаттың жұмсалуына бақылауды күшейтуіміз қажет. «Нұр Отан» ХДП құрылымында партиялық  бақылау органдары құрылды, мұндай құрылым ҚР Парламентінің Мәжілісіндегі  партия фракциясы жанында да жұмыс  істейді. Бұл партия мүшелерінің  жақсы бастамасы. Дегенмен олар бұрынғыдан да пәрменді жұмыс жасаулары тиіс.  Жұмыстың тиімділігін бұрынғыдан да арттыру үшін олардың өкілдігін кеңейту қажет», - деп атап өтті ғалым.

   Дағдарыс  жағдайында Үкімет ішкі ресурстарды  неғұрлым белсенді пайдалануға тиіс. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында 105 млрд. теңге көлеміндегі бюджеттік қаражат игерілмей қалды, мұндай жолсыздықтарға тоқтау салу қажет. «Бюджеттік тәртіпті арттыру және мемлекеттік шенеуніктер тарапынан жауапкершілікті арттыру жөнінде көп айтылып жүр. Үкімет бұл бағыттағы жұмысты күшейтіп, бұл қаражаттардың дер кезінде игерілуіне бақылауды қатайта түсуі тиіс», 
 

Информация о работе Халықаралық экономика. Ответы