Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2011 в 16:58, шпаргалка
Ответы на 30 вопросов.
Алайда
осы стратегияны жүзеге асыру
барысында кейбір проблемалар да орын
алады. Мәселен, Алматы тәуелсiз кәсiпкерлерi
қауымдастығының вице-президентi Тимур
Назхановтың айтуы бойынша, Бағдарламаны
дайындаушылар кәсiпкерлермен санаспайды,
қажеттiлiктердi ескермейдi, пiкiрi қабыспайды.
Мүлде бөлек мақсатты көздейдi. Экономиканың
нақты секторымен мүлде байланыс жоқ.
Содан кейiн бағдарламаны әзiрлеушiлер
нарықтағы өзгерiстердi ескермейдi. Экономикадағы
өзгерiстерге сәйкес бағдарлама да өзгерiп
тұруы тиiс. Сондай-ақ кәсiпкердiң айтуынша,
бағдарламалардың орындалмауының басты
себебi – бiр министр бастаған бағдарламаны
оның орнын басқан өзге министр жалғастырмай,
жарты жолда қалдырады.
13.Мемлекеттік фискалдық саясаттың бағытттары.
Фискалдық саясат – бұл мемлекеттік шығыстар мен салықтардың жоспарланған өзгерістері арқылы тұтас сұранымның қажетсіз өзгерістерінің алдын алу және реттеуге бағытталған бюджет саясаты. Фискалдық саясат мақсаты:Ел экономикасының өнімділігі мен оны әртараптандыруды арттыру, әлеуметтік-экономикалық дамудың басым міндеттерін шешу мақсатында салық-бюджет саясатының тетіктерін жетілдіру. Орта мерзімді кезеңде фискалдық саясаттың негізгі мақсаты экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз ету, экономиканың шикізат емес салаларын әртараптандыруды және дамытуды ынталандыру, салық жүктемесін ұлғайтпай мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдерді барынша ұлғайту, мемлекеттік шығыстардың ұстамды фискалдық саясатын жүргізу, бюджетаралық қатынастарды және мемлекеттік борышты басқаруды жетілдіру болып табылады.
Орта мерзімді кезеңде осы мақсатқа қол жеткізуге мынадай негізгі міндеттерді шешу ықпал ететін болады:
бюджет заңнамасы, бюджетті жоспарлау және атқару рәсімдерін жетілдіру;
мемлекеттік шығыстардың тиімділігі мен нәтижелілігін арттыру;
бюджеттің мұнай емес тапшылығын қысқарту;
стратегиялық, орта мерзімді, жылдық бағдарламаларды және даму жоспарларын республикалық бюджетпен үйлестіру;
жүргізіліп жатқан әлеуметтік реформаларды қаржылық қамтамасыз ету, білім беруді, денсаулық сақтауды, ауыл шаруашылығын және қоғамдық инфрақұрылымды дамыту;
көлеңкелі экономиканың үлесін азайту;
бюджетаралық қатынастардың ашықтығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ету;
Ұлттық қордың қаражатын қалыптастыру және пайдалану тетігін жетілдіру;
жүргізіліп отырған жинақтар саясатын ескере отырып, республикалық бюджет тапшылығының және мемлекеттік борыштың оңтайлы өлшемдерін айқындау;
үкіметтік борыш құрылымындағы сыртқы борыш үлесін біртіндеп азайту.
Орта мерзімді фискалдық саясат әлеуметті-экономикалық дамудың негізгі бағыттарын іске асырудың негізгі тетігін (мүмкіндіктерін) қамтиды:
kіріс және шығыс саясаты;
бюджетті несиелеу;
қаржы активтерін басқару;
бюджетаралық қатынастар;
мемлекеттік және мемлекеттік кепілдік берген қарыз алу мен борышты басқару.
Кірістер саясаты
Соңғы бірнеше жылдар бойы экономикаға салық жүктемесін азайту және бәсекеге қабілетті жоғары технологиялық өндірістердің дамуын ынталандыратын нормаларды енгізу арқылы салық заңнамасын жетілдіру жөнінде жұмыс жүргізілді.
Мәселен, салық жүктемесін азайту жөніндегі міндеттерді іске асыру экономиканың жаңа салаларын әртараптандыруды ынталандыру және дамыту мақсатында салық саясатының негізгі бағыттары:
әлеуметтік салық пен қосылған құн салығының ставкаларын азайту, бұл өндірістің одан әрі дамуына және кеңеюіне бағытталған;
Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін күшейту мақсатында халықтың әл-ауқатының өсуі кезінде салық ауыртпалығын заңды тұлғалардың кірістерінен жеке тұлғалардың кірістеріне біртіндеп қайта бөлу мүмкіндігін қарастыру;
жеке тұлғалардың кірістерін жалпыға бірдей декларациялауға көшу мүмкіндігін қарастыру;
Шығындар саясаты
Мемлекеттік
бюджет шығыстарының құрылымында мыналар
басым бағыттар болып табылады:денсаулық
сақтау мен білім беруді дамыту;әлеуметтік
реформаларды одан әрі тереңдету;индустриялық-
Бюджеттік кредит беру
бюджеттік кредит берудің мақсаттары экономика салаларында бәсекелі ортаны қалыптастыру және дамыту, сондай-ақ адам капиталын дамыту болып табылады. Бюджеттік кредит беру мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар шеңберінде жүзеге асырылатын болады.
Бюджеттік
кредиттер мынадай негізгі
инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) қаржыландыру;
мемлекеттік
кепілдіктер бойынша
жергілікті атқарушы органдарға, оның ішінде ағымдағы қаржы жылында жергілікті бюджеттердің қолма-қол ақша тапшылығының болжамы жағдайында кредит беру;
қаржы агенттіктері мәртебесі бар қаржылық даму институттарына кредит ресурстарын беру.
Қаржы активтерімен жасалатын операциялар
Орта мерзімді перспективада мемлекеттік активтерді басқару саласындағы мемлекеттік саясат мемлекетті тиімді меншік иесі және менеджер ретінде қалыптастыруға бағытталған.
Мемлекеттің қаржы активтері - жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалар акцияларының мемлекеттік пакеттерін (қатысу үлестерін) және мемлекеттік меншіктің өзге де объектілерін сату - тиісті бағдарламалық құжаттарды іске асыру шеңберінде белгілі бір салалар мен нақты кәсіпорындарға қатысты жекешелендіру мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Қаржы активтерін сатып алу экономиканың стратегиялық салаларына мемлекет тарапынан елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ оларды тиімді дамытуға бағытталған тиісті бақылау орнату құралдарының бірі болып табылады.
Бюджетаралық қатынастар
Орта мерзімді кезеңдегі бюджетаралық қатынастар саясатының негізгі мақсаты мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлеріне бекітіліп берілген мемлекеттік қызметтерді толық көрсетуі және өздеріне жүктелген функцияларды жүзеге асыруы үшін оларды жеткілікті қаржы қаражатымен қамтамасыз ету болып табылады.Бюджеттік даму бағдарламаларының орта мерзімді кезеңге арналған жергілікті деңгейдегі басым бағыттары, бірінші кезекте ауылдық жерлерде білім беру, денсаулық сақтау, ауыз сумен жабдықтау объектілерін салу және тұрғын үй салу болады.
Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген
қарыз алу мен борышты басқару
Ұлттық қордың тұжырымдамасына сәйкес Ұлттық қор активтерінің сарқылуына жол бермеу мақсатында бюджет тапшылығын үкіметтік қарыз алу есебінен бюджет тапшылығын қаржыландыру деңгейі бес жылдық кезең үшін орташа жылдық мәнде ЖІӨ-нің 1%-ынан аспайтын мөлшерде шектелетін болады. Үкіметтік борыш құрылымындағы сыртқы борыш үлесін біртіндеп азайту жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің саясаты жалғасатын болады. мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш саласында жүргізіліп жатқан саясат шеңберінде мынадай міндеттерді шешу көзделеді:
1) бюджет тапшылығы мен борыш көрсеткіштері:
2) ішкі қарыз алу:
3) сырттан қарыз алу:
4)
борышты өтеу және оған қызмет
көрсету:
14. ҚР Ұлттық банкінің инфляцияны тежеудегі қолданатын шаралары.
Қазақстан
Республикасының
2009
жылғы 3-тоқсаннан бастап
Қазақстан
Республикасының
2010
жылы Қазақстан
Елдің нарығындағы ахуал 2010 жылы біртіндеп жақсаратын болады, алайда экономикалық және қаржы тәуекелдерінің сақталуына байланысты банктердің кредиттік белсенділігі бірден артпайды.
Тұтастай алғанда Қазақстан Республикасы экономикасының одан әрі дамуы көптеген факторларға байланысты, олардың әсерін қазіргі уақытта бағалау іс жүзінде мүмкін емес, ал оларды Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Ұлттық Банктің тарапынан бақылау айтарлықтай қиындық туғызады.
Әлемдік
және ішкі нрықтардағы тұрақсыздықтың
және белгісіздіктің сақталуы жағдайында
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы экономикасының 2010 жылға арналған дамуының сценарийлік нұсқасы
Әлемдік экономиканың баяу қалпына келуі, тауар нарықтарындағы, оның ішінде қазақстандық экспорттың негізгі тауарларына қалыпты әлемдік бағалар, әлемдік қаржы нарығындағы айқын еместік Қазақстан Республикасы экономикасының үрдісін айқындайтын негізгі факторлар болып табылады.
2010 жылы Қазақстан Республикасы экономикасы дамуының барлық сценарийлері іске асырылған кезде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің негізгі мақсаты бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады, бұл инфляцияны 6,0-8,0% дәлізінде ұстап тұруды көздейді.
Қазақстан Республикасының 2010 жылға арналған ақша-кредит саясаты
Ақша-кредит саясатының негізгі мақсаты бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің осы мақсатқа жету жөніндегі шаралары экономикалық өсуді қолдауға, депозиттік нарықтың әлуетін дамытуға, сондай-ақ банк секторының кредиттік белсенділігін қалпына келтіруге ықпал етеді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қазақстан экономикасының ішкі және сыртқы бәсекеге қабілеттілігі арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуге бағытталған айырбастау бағамы саясатын жүргізуді жалғастырады. Бағамдық саясат үнемі өзгеріп отыратын әлемдік конъюнктура жағдайында отандық өндірістің бәсекеге қабілеттілігіне теріс әсер етуі мүмкін ұлттық валютаның нақты бағамының біршама ауытқуларына жол бермеу мақсатында жүргізіледі.