Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2011 в 16:58, шпаргалка
Ответы на 30 вопросов.
21. ҚР шағын және орта бизнесті дамытуды қаржылық қамтамасыз ету.
Шағын және орта кәсіпкерлік ел экономикасының негізгі тірегі екені белгілі. Соңғы жылдары осы саланы қолдау үшін мемлекет тарапынан бөлінетін қаржының көлемі де еселеп өсуде. Елбасы биылғы Жолдауында кәсіпкерлікті дамыту мақсатында ұзақ мерзімді бағдарлама қабылданып, қаржыландыру ісін жүйелендіруді тапсырды. Әлемдік қаражат тапшылығы тұсында ел кәсіпкерлерін қысылтаяң сәттен шығаруды көздейтін мұндай шаралар болашақта өз жемісін берері анық.
Қазақстанда шағын және орта бизнесті дамытуды қамтамасыз ету барысында көптеген шаралар қабылданды. Соның бір көрінісі ретінде «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының белгілі бір үлесін ескеру қажет. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін қаржылық ресурстарға үш жыл ішінде 2005-2007 жылдары Қорды капиталдандыруға республикалық бюджеттен шамамен 30 млрд. теңге бөлінді. Мемлекеттің тұрақты қолдауының нәтижесінде Қор бүгінгі күні елдің шағын кәсіпкерлікті дамытудың толыққанды мемлекеттік институтына айналды. Қор шағын кәсіпкерлік секторын арзан, орташа және ұзақ мерзімді қаржылық қаражатпен қамтамасыз етеді, шағын бизнеске әлемдік тәжірибеде сынамаланған мынадай қаржылық қызметтерді ұсынады: жобалық қаржыландыру, қаржылық лизинг, банктерде шағын бизнес кәсіпорындарының кредиттерін кепілдендіру, франчайзинг, факторинг, дайын бизнесті сатып алуды қаржыландыру, екінші деңгейлі банктермен тең қаржыландыру.
Мемлекет басшысының берген тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында үстіміздегі жылдың 13 сәуірі күні өткен Үкімет отырысында “Бизнестің жол картасы-2020” бағдарламасының бекітілгені белгілі. Бағдарлама кәсіпкерлер үшін де, сол секілді банктер мен инвесторлар үшін де шикізаттық емес жобаларды қаржыландыру жөнінен жаңа мүмкіндіктер ашпақ.
Бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде мынадай мақсаттарға қол жеткізілмек:
Бірінші, индустриялық-инновациялық дамуға бағытталған жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысында жеке сектордағы кәсіпорындар үшін қаржы ресурстарының қолжетімділігін арттыру.
Екінші, жеке сектордың, бірінші кезекте банктердің қаржыларын экономиканың шикізаттық емес секторларындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға тарту.
Үшінші, жеке сектордың, бірінші кезекте, шағын және орта бизнес кәсіпорындарының қаржылық-экономикалық тұрақтылығын арттыру.
Бағдарламаны жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 2010 жылы 30 миллиард теңге қарастырылып отыр. Оның ішінде: жаңа бизнес-бастамаларды қолдауға—11,2 миллиард теңге; кәсіпкерлік секторды сауықтыруға—16 миллиард теңге.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Ұлттық Банкінің және Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 – 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары бес батыл қадамды жасауды жүзеге асыруды көздейді. Бағдарламаның мақсаты Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдайға ғаламдық дағдарыстың теріс салдарын жұмсарту және болашақта сапалы экономикалық өсу үшін қажетті негіздерді қамтамасыз ету болып табылады.
2007 – 2008 жылдары бағдарлама шеңберінде шағын және орта бизнестің іскерлік белсенділігін қолдау үшін олардың жобаларын шамамен 155 млрд. теңге сомаға қаржыландыру қамтамасыз етілді. Шағын және орта бизнес кәсіпорындары үшін корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді төлеу туралы талап алынып тасталады.
Жобаны қаржылық қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының 10 млрд. АҚШ доллары (1 200 млрд. теңге) көлеміндегі қаражат пайдаланылатын болады. Оның ішінде шағын және орта бизнесті қолдауға – 1 млрд. АҚШ доллары (120 млрд. теңге) бөлінеді.
Жоспарды іске асыру бойынша Үкіметтен негізгі оператор болып «Самұрық-Қазына» қоры шығатын болады. Ол үшін Үкімет «Самұрық-Қазына» қорын 607,5 млрд. теңгеге қосымша капиталдандыруды жүзеге асырды. «Самұрық-Қазына» қоры мен «ҚазАгро» холдингі тиісінше 4 млрд. АҚШ доллары және 1 млрд. АҚШ доллары сомасына облигация шығару жолымен Ұлттық қордан қарыз алуды жүзеге асырады. Бұл үшін Ұлттық қордың инвестициялық саясатына өзгерістер енгізілетін болады.
Екінші деңгейдегі банктер шағын және орта бизнеске кредит беру бойынша барлық бағдарламалардың операторлары болады. «Самұрық-Қазына» қоры бөлетін қаражат шеңберінде бір жобаны қаржыландыруға арналған лимит 3-тен 5 млн. АҚШ. долларына дейін өсті. Үкімет «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп шағын және орта бизнес үшін сыйақы ставкасын тұрақтандыру бойынша дағдарысқа дейінгі деңгейге дейін (14%-дан аспайтын) шара қабылдайды, сондай-ақ тиімді ставканы тіркей отырып, шағын және орта бизнесті қолдау бойынша қабылданған барлық бағдарламалар қайта қаралатын болады.
Мемлекет
кәсіпкерлердің алған несиелерінің
50 пайызына дейін субсидия беру ісін қолға
алып отыр. Егер шағын және орта бизнес
өкілдері бұрын несиесін 18 немесе 20 пайыздық
ставкамен алса, мемлекеттік субсидия
оның ставкасын екі есеге арзандатуға
мүмкіндік бермек.
22. Халықты әлеуметтік қорғауды қаржылық қамтамасыз ету мәселелері.
Әлеуметтік қорғау - бұл әлдебір жағдайларға (кәрілік, мүгедектік, денсаулық жағдайы, асыраушысынан немесе жұмысынан айрылуы) және өзге де заңды негіздерге байланысты экономикалық белсенді бола алмайтын әрі лайықты ақы төленетін еңбекке қатысу жолымен өзін табыспен қамтамасыз ете алмайтын азаматтар үшін өмірлік қажетті игіліктердің және әл-ауқаттың белгілі бір деңгейін қамтамасыз етуге арналған жүйе.
Әлеуметтік қорғау жүйесінің негізгі қаржыландыру көзі мен жалпы реттеушісі мемлекет болып табылады. Заңнамаға сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына мемлекет қаражаты есебінен әлеуметтік көмек көрсетіледі. Мемлекет барлық әлеуметтік төлемдердің толығын және уақытында төленуін бюджеттен қамтамасыз етеді.
Азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар:
- республикалық және жергілікті бюджеттердің;
- кәсіпорындардың қаражаты;
-
қайырмалдықтардың,
Соғысқа қатысқандарға, соғыс мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғауды қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттердің, сондай-ақ қайырымдылық қорларының есебінен жүзеге асырылады. Ұйымдар аталған адамдарға материалдық көмек көрсетуге құқылы.
Әлеуметтiк сақтандыру жүйесін қаржыландыру әлеуметтік салық ставкаларын 3% азайту және сақтандыру аударымдарын қызметкер табысының 3% мөлшерінде енгізу есебінен жүзеге асырылады.
Қазіргі кездегі қаржыландыру жағдайына келсек, Ұлы Жеңістің 65 жылдығына орай соғыс ардагерлеріне көмек жайлы атап өткім келеді. Ағымдағы жылы Кеңес Одағының Батырларына, үш дәрежелі Даңқ орденінің иегерлеріне берілетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақының мөлшері 21 195 теңгеден 183 690 теңгеге дейін; Ұлы Отан соғысының қатысушылары болып табылатын Социалистік Еңбек Ерлеріне берілетін жәрдемақы мөлшері 21 195 теңгеден 98 910 теңгеге дейін арттырылды. Жоғарыда аталған соғыс ардагерлерінің басқа санаттарына ай сайын 2826 теңгеден 21195 теңгеге дейін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленеді. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің шұғыл деректері бойынша, жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджеттердің мүмкіндіктерін ескере отырып және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде ардагерлерді қосымша әлеуметтік қолдауға, оның ішінде: 205 мың ардагерге - біржолғы материалдық көмек көрсетуге; тұрғын үй кезегінде тұрған 750 ардагерге - тұрғын үй бөлуге; 26 мыңнан астам ардагерге - қалаішілік, қала маңындағы, халықаралық көлікпен жол жүру жеңілдігін беруге; 4895 ардагерге - тіс протездеуге; 13 мыңнан астам ардагерге - санаторлық-курорттық емделуге; 25 мыңнан астам ардагерге - дәрі-дәрмекпен жеңілдікті қамтамасыз етуге; 33 мыңнан астам ардагерге - коммуналдық қызмет ақысын төлеуде жеңілдік беруге; 1 614 ардагердің тұрғын үйлерін жөндеуге; 397 ардагерге - телефон қоюға; 3 мың ардагерді отынмен қамтамасыз етуге; 12 мың ардагерге - мерзімді баспасөзге жазылу жеңілдігін беруге 10 млрд. теңгеден астам қаражат көзделуде. Республикалық бюджеттен соғыс ардагерлерін әлеуметтік қолдау үшін жергілікті бюджеттерге 4,5 млрд. теңгеден аса мөлшерде ағымдағы нысаналы трансферттер бөлінді.
Енді
Жол картасы шеңберінде атқарылып
жатқан салаларда игерілген
2009
жылы Жол картасын іске
23. Әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында қаржы механизмін жетілдіру
Қаржы дағдарысы кез келген мемлкеттің экономикалық секторына, оның ішінде қаржы, банк секторына орасон зор нұқсан келтіргені белгілі. Сондықтан, дағдарыстың келтіретін залалдарына тойтарыс бере алатындай қаржы механизмін одан әрі жетілдіру керек. Кез келген қаржы механизмі қоғамдағы, мемлекеттегі қаржылық қатынастардың қалыптасып,дамуының негізі ретінде сыртқы орта факторларына тез жауап бере алатындай икемді болуы керек. Себебі механизм қаржылық ресурстарды жұмылдыру, қаржыландыру, реттеу және ынталандыру функцияларын орындай отырып,өзіне қаржы секторының басты бөліктерін кіріктіреді. Ал сол бөліктердің әрқайсының тиімді әрі дұрым жұмыс істеуінің арқасында ғана дағдарыс жағдайында күйзеліске ұшырамауға болады. Осы мақсаттарда Үкімет тарапынан да көптеген іс-шаралар атқарылуда. Мәселен, Ел Парламенті дағдарыс жағдайында қазақстандық банк жүйесінің орнықтылығын қамтамасыз етуге, экономиканың нақты секторын несиелеу мүмкіндігін кеңейтуге және халықты қолдауға бағытталған құқықтық топтаманы жедел түрде қабылдады, яғни қаржы механизмінің қосалқы жүйесі қаржылық нормалар мен нормативтерді өзгерте отырып, оңтайландыруға тырысуда. Сонымен қатар нормативтердің орындалуын бақылауға негізделген қадағалау тәсілін ғана пайдаланып қоймай, тиімді корпоративті басқаруға, акционерлердің транспаренттілігіне, директорлардың фидуциярлы міндеттеріне және банктердегі тәуекелдерді басқаруға деген қажеттілікке үлкен көңіл бөле отырып, тәуекелдерді есепке алуға негізделген замануи әдістемені де пайдалануы тиіс. Нормативтік базадағы көзделген өзгерістер бұл бағыттағы өте маңызды қадам болып табылады.
2008
жылы қабылданған жаңа
Бірлескен іс-қимыл жоспары әлеуметтік-экономика
кеңістігінде ғаламдық дағдарыстың кері
әсерін барынша әлсіретудің механизмдерін
белгіледі. Онда мынадай жайттарға басымдық
берілді:
- Қаржы нарығындағы ахуалды тұрақтандыру,
тұрғын үй нарығындағы жағдайды бақылауға
алу, үлескерлердің құқығын қорғап, аяқталмай
қалған құрылыс нысандарын аяқтау:
- Қазіргі заманғы экономикалық тиімділік
тұрғысынан қарағанда болашағы бар шағын
және орта бизнесті қаржыландыру саясатына
басымдық беру;
- Инновациялық-индустриалдық, инфра-құрылымды
жобаларды қаржыландыру:
- Агроөндірістік кешенді, оның негізгі
субъектілерін дамытуға көңіл бөлу. Мұнда
негізгі басымдық жаңа экспорттық өндіріске
бағытталған, жұмысы жолға қойылған секторларға
бірінші кезекте басымдық беріледі.
Яғни,
қаржылық жоспарлаудың жаңа бағдарламаларын
қабылдау керек. Сонымен бірге Мемлекеттің
бюджеттік және салық саясатын заңнамалық
тұрғыда қамтамасыз ету арқылы салық-бюджет
саясатының тиімді үлгісін әзірлеу керек.
Екінші мәселе - мемлекеттік жоспарлау,
сатып алу, қаржы бақылау жүйелерін жетілдіру,
салық тәртібін сақтау, зейнетақы жинақтарының
құнсыздану деңгейін ескере отырып сақталуын
қамтамасыз етілуі болды.
Соңғы әдіс ретінде бюджеттен ақша бөлудің
жаңа қағидаларын енгізу, макроэкономикалық
көрсеткіштерге нақтылау болжамдары,
отандық тауар өндірушілерді қолдау шараларын
айтуға болады.
Міне,
жалпы қаржы механизмін жетілдіру
перспективалары осындай. Әрине, әр
түрлі ұйымдық-құқықтық нысандағы
мекемелер үшін қаржы механизмін
жетілдіру тәсілдері басқа болуы
мүмкін. Алайда, жалпы еліміздің экономикасындағы
қаржы механизмінің жетілдірудің басты
бағыттары жоғарыдай.
24. 2010 Стратегиялық жоспарын іске асыру – ел дамуының аса маңызды шебі
1997 жылы
“Қазақстан-2030” Стратегиясын