Халықаралық экономика. Ответы

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2011 в 16:58, шпаргалка

Описание работы

Ответы на 30 вопросов.

Работа содержит 1 файл

ЭССЕ.doc

— 331.50 Кб (Скачать)

    Бағамды қалыптастыру икемділігін арттыру  үшін  жағдайлар жасау мақсатында 2010 жылғы  5 ақпаннан бастап теңгенің ауытқуы дәлізі кеңейтіледі: 150 доллар/теңге (+)10% немесе 15 теңге, (-)15% немесе 22,5 теңге. Теңге бағамының  динамикасында басым  үрдіс әлемдік қаржы  және тауар нарықтарындағы жағдайға және төлем балансының жай-күйіне  байланысты болады.

    Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің пайыздық саясаты нарық ставкаларын қысқа  мерзімді құралдардың ақша нарығында  Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ставкаларының дәлізі шеңберінде ұстап тұруға бағытталған. Жүргізілген шаралар нарық ставкаларының құбылмалылығын төмендетуді және ақша нарығының тұрақтылығын арттыруды қамтамасыз етеді, сондай-ақ  өтімділікті тиімді басқаруға ықпал етеді. Дәліздің ең жоғарғы шекарасы болып табылатын ресми қайта қаржыландыру ставкасы ақша нарығындағы жағдайды және инфляция  деңгейін ескере отырып айқындалатын болады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде орналастырылған банктердің  депозиттері бойынша ставка ақша нарығындағы  қысқа мерзімді ставкалар дәлізінің төменгі шекарасы  ретінде  айқындалады. Бұл ретте ол болуы мүмкін ең төмен деңгейде, яғни  банктерді  Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі депозиттерде  бос ресурстарды жинақтауға  қайта ынталандыруға болатындай  етіп белгіленеді.

    Артық өтімділікті алып тастау мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қысқа мерзімді ноталар эмиссиясын жалғастырады. Оларды шығару сондай-ақ, мемлекеттік бағалы қағаздардың қайталама нарығын  қолдауға, 1 жылға дейінгі мерзімдегі қаржы құралдары бойынша қисық кірістілікті қалыптастыруға  бағытталады.

    Фундаментальді  факторлар тарапынан күтілетін  шамалы  инфляциялық қысым кезінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қаржы тұрақтылығын  қамтамасыз ету жөнінде шаралар  қабылдайды. Банктердің  өтімділігі  деңгейінің және  оған байланысты тәуекелдердің, оның ішінде валюталық тәуекелдерің мониторингі жалғасады. Бұл операциялардың  мерзімі қысқа болады.

    Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қорландыру базасын  қалыптастыру кезінде  банктерді  ішкі көздерге бұдан әрі қайта бағыттауға ықпал етеді. Осы мақсатта Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2010 жылы  «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру  қоры» АҚ-ын 11 млрд. теңгеге капиталдандыруды  ұлғайтады.

    Сондай-ақ банктердің ресурстық базасын тұрақтандыру үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде орналастырылған  банктік емес қаржы ұйымдарының уақытша бос ақша қаражатын отандық банктердің  депозиттеріне аудару туралы  мәселе  қаралады.

    Ақша-кредит саясатының осы шараларын іске асыру  Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне инфляция бойынша белгіленген  бағдарларға жетуге мүмкіндік береді. Бұл экономиканың  тұрақты  және сапалы өсу  жағына шығуына  ықпал етеді. 
 
 
 

     15. Әлеуметтік экономикалық  процестерді реттеудегі  салық салу механизмнің  ролі

     Салықтар  мемлекеттің өмір сүруінің негізі болып саналады. Мемлекетті ұстау үшін, халықтың ақшалай немесе натуралдық формада тұрақты түрде төлейтін жарналары қажет болады.Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі қашан да болса, оның салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады. Егер екі мемлекет бір-бірімен соғыс жүргізсе, жеңген мемлекет жеңілген мемлекеттің барлық байлығын тонап алады, болмаса белгілі бір мөлшерде салық салып отырған.Еліміздегі салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады. Жеке сипаттағы салық жеңілдіктерін беруге тиым салынады. Салық салу мәселелерін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер ресми басылымдарда міндетті түрде жариялануға жатады.  Салық салу мемлекетке тиесілі меншіктерді иеліктен шығарады, ал меншік иелері арасындағы туындайтын салық қатынастарында мемлекет жеке меншіктен мемлекеттік меншікке салық төлемдерінде меншік құқықтарын өзгерте алады.Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланады. Салық механизмі – бұл ұйымдық-экономикалық категория ретінде осы ұғымды түсіндіретін салық теориясының аясы, сәйкесінше, ұлттық табыстың бөлігінде өндірісте жасалынған бөлігін қоғамдастыру кезінде қалыптасатын қайта бөлу қатынасы кезіндегі объективті қажетті басқару процесі. Салық салу механизмі салықтарды белгілеудің принциптерінен, нысандары мен әдістерінен, оларды өзгерту мен күшін жоюдан, оларды төлеуді қамтамасыз ету бойынша шаралардан тұрады. Салық механизмі – бұл ұйымдық-экономикалық категория ретінде осы ұғымды түсіндіретін салық теориясының аясы, сәйкесінше, ұлттық табыстың бөлігінде өндірісте жасалынған бөлігін қоғамдастыру кезінде қалыптасатын қайта бөлу қатынасы кезіндегі объективті қажетті басқару процесі. Салық салу механизмі салықтарды белгілеудің принциптерінен, нысандары мен әдістерінен, оларды өзгерту мен күшін жоюдан, оларды төлеуді қамтамасыз ету бойынша шаралардан тұрады. Салықтардың ролі оның функцияларында айқындалады: реттеушілік, фискалдық,  қайта бөлу.

     Фискалдық функция – барлық мемлекеттерге тән негізгі қызмет. Оның көмегімен бюджеттік қор қалыптасады, мұның өзі салықтардың қоғамдық міндеттерін арттыра түседі. Өйткені салықтар мемлекеттік бюджеттің кірісін толтыра отырып, экономикада әлеуметтік-мәдени  шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

     Салықтардың реттеушілік функциясы мемлекеттің экономикалық қызметінің ұлғаюымен байланысты пайда болады. Ол ұлттық шаруашылықтың дамуына қабылданатын бағдарламаға сәйкес ықпал етеді. Бұл орайда салықтардың нысандарын таңдау, олардың ставкаларының, алу әдістерінің өзгеруі, жеңілдіктер мен шегерімдер пайдаланылады. Бұл реттеуіштер қоғамдық ұдайы өндірістің құрылымы мен үйлесіміне, қорлану мен тұтыну көлеміне ықпал етеді.

     Қайта бөлу функциясы арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлігі мемлекеттің қарамағына өтеді. Бұл функцияның іс-әрекетінің ауқымы жалпы ұлттық өнімде салықтардың алатын үлесі арқылы анықталады;

     Салық салу – мемлекетпен бірге дүниеге  келген аса ежелгі экономикалық тетіктердің бірі. Өзінің әскері жоқ мемлекеттер бар, бірақ салықсыз мемлекет жоқ. Салықтар туралы мәселе  қоғамның барлық жіктерінің мүдделерін қозғайды және сондықтан да тоқталмайтын пікірталастардың нысанасы болып табылады. Даулар салық салудың жалпы деңгейі туралы, салықтардың әр түрінің қатынастары туралы, оларды жинау тәсілдері туралы жүреді. Қорытындысында салықтар жүйесі қоғамның, сондай-ақ тұтастай алғанда, елдің және оның жекелеген өңірлерінің  арасындағы бітімгершілік болып табылады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

  16. Қазақстан Республикасының  тұрақты экономикалық  даму стратегиясы. 

  Қазақстанның  тұрақты экономикалық даму стратегиясын жүзеге асыру барысы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2010 жылдың 29 қаңтарында қабылданған «Жаңа  онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында айқын көрсетілген. Бұл  стратегиясының басты мақсаты – еліміздің алдағы онжылдықтағы экономикалық өрлеуін қамтамасыз етіп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашу. 1997 жылы қабылданған «Қазақстан – 2030» стратегиясын қабылдай отырып, біз ұзақ мерзімді тәртіпті, басты мақсаттар мен мемлекеттің басымдықтарын құрдық. Олар 2010 жылдың стратегиялық жоспарда өзінің жалғасын тапты.

  Жаһандық  қаржы-экономикалық дағдарыс экономиканың өсі қарқынына ықпал еткенімен, біздің дамуымызды тоқтатқан жоқ. Енді жаңа онжылдыққа өту барысында біз 2020 жылдың даму стратегиясын орындауға кірісеміз.

  2020 стратегиялық жоспары – көшбасшылықтың  қазақстандық жолы.

  Экономика саласындағы бұл стратегияның негізгі мақсаттары:

  1. Экономиканы дағдарыстан кейінгі дамуға дайындау;

  2. Инфраструктураны дамыту және  екпінді индустриализациялану арқылы  экономиканың тұрақты дамуына  қол жеткізу.

  Бұл мақстатарға қол жеткізу үшін келесі бағдарламаларды орындау  қажет:

  1) Экономиканы диверсификациялау. Осы онжылдықта тұрақты және теңдестірілген даму ұлттық экономиканы жедел диверсификациялау мен бәсекеге қабілеттілікті арттыру арқылы жүзеге асырылады.

  Елдің еңбек өнімділігін арттыру және инновацияларды енгізу қажет. Себебі инновациялар ғана елдің еңбек өнімділігін жедел көтереді. Елдің индустриалды дамуын арттыру қажет. Соның ішінде мұнай өңдеу саласын дамыту қажет.

  Экономиканы диверсификациялаудың келесі маңызды  бөлігі – агроөнеркәсіп кешенін  дамыту болып табылады. Оның ішінде еңбек өнімділігі мен елдің азық-түлік қауіпсіздігін арттыру және елдің экспорттық потенциалын арттыру.

  2) Сауатты сауда саясаты – экономиканың  бәсекеге қабілеттігіне тірек.  Қазақстанның сауда ұйымдарына  интеграциялануын жеделдету негізгі  мәселе болып табылады. Оның басты жетістігі 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан, Белоруссия, Ресейдің бірігіп Кеден Одағын құруы.

  3) Инвестицияларды тарту. Басты  мақсат – экономиканың дамуы  үшін тікелей инвестициялардың  құйылуын арттыру. Соның ішінде  шикізаттық емес секторға инвестициялардың құйылуын көбейту.

  4) Кәсіпкерлік – жаңа экономиканың  қозғаушы күші. Өзіне тәуекелдерді қабылдау алатын, жаңа нарықтарды игере алатын, инновацияларды енгізе алатын мықты кәсіпкерлік классты дамыту басты мақсат. Экономиканы модернизациялаудың басты қозғаушы күші – кәсіпкерлер болып табылады. «Бизнестің жол картасы – 2020» программасын жасау қажет. Бқл программаның қаражаттарын келесі мәселелерге жұмсау қажет:

  - кредиттер бойынша проценттік  ставкаларды субсидиялау;

  - шағын және орта бизнестің кредиттерін жартылай кепілдендіру;

  - бизнесті жүргізуге сервистік  қолдау көрсеті;

  - кадрларды қайта даярлау және  біліктілікті арттыру, жастар  практикасы және әлеуметтік жұмыс  орындары.

  5) Отандық тауарлар – 2020 Жоспарының  жетістікке жетуінің индикаторы.

  6) Аймақтардың дамуы – мемлекеттің  дамуы.

  7) Экономиканың глобалды қалпына  келтіру мен оның тұрақтылығына  қол жеткізу үшін келесі мәселелерді  шеші қажет:

  - бизнес-климатты жақсарту;

  - қаржы жүйесінің тұрақты қызмет  етуін қамтамасыз ету;

  - сенімді құқықтық ортаны құруды жалғастыру.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     17. Девальвация елдің  әлеуметтік-экономикалық  жағдайына әсері.

     Еліміздің 2009 жылды оң нәтижелермен аяқтауына  ұлттық валютамыз - теңгенің девальвациялануы көп көмегін тигізді. Ұлттық банк 2009 жылғы ақпанның 4-де теңгенің долларға шаққандағы айырбас бағамын бір сәтте құнсыздандырғанда, бұл шешімнің дұрыс-бұрыстығы туралы іште де, сыртта да әртүрлі пікірлер айтылды. Алайда, Қазақстанның өткен жылдың ішіндегі әлеуметтік-экономикалық дамуының

қорытындылары девальвацияның дер кезінде қабылданған дұрыс әрі батыл шешім болғандығын көрсетіп берді.

     Теңгенің  құнсыздандырудың себептері болды. Девальвация экономикамызды дағдарыстың  ауыр салдарынан сақтап, дағдарыстан  кейінгі кезеңде қарқынды экономикалық өсімге негіз қалыптастыру, ішкі рыногымызды импорттық тауарлардың тасқынынан қорғап, отандық өндірісті ынталандыру, сондай-ақ сол кезде қысымға ұшыраған мемлекетіміздің резервін сақтау үшін  жасалды. Бұл  ұлттық экономикамыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жасалған маңызды стратегиялық қадам болды.

     Теңге құнсызданғаннан кейін былтыр жыл  ішінде ішкі нарықтағы инфляциялық  қысымның қаупі күшейді. Бұл негізінен  азық-түлік тауарлары және басқа  да көрсетілетін қызмет түрлері бағасының  негізсіз көтерілуінен көрініс берді. Сондықтан девальвациядан кейін инфляцияны ырықтау Қазақстан Үкіметінің өткен жылғы қызметіндегі негізгі міндеттердің бірі болды. Инфляцияны ауыздықтау  үшін жыл ішінде Үкіметтің дүркін қабылдаған тосын шешімдері күрделі әрі қиын бұл міндеттің орындалуына алып келді. Нәтижесінде 2009 жылдың қорытындысы бойынша инфляция деңгейі 6,2%-ды құрады. Бұл жыл басында жоспарланған 8-8,5 пайыздық дәлізден әлдеқайда  төмен.

Информация о работе Халықаралық экономика. Ответы