Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2011 в 16:58, шпаргалка
Ответы на 30 вопросов.
Осы тұрғыда жұмыспен қамтудың маңызды әрі жедел шешетін мемлекеттік іс болатыны сөзсіз. Қазіргі таңда мемлекет өз тарапынан азаматтарды жұмыспен қамтуға дайын, сондықтан республикалық бюджеттен бөлінетін 140 миллиард теңге жаңа жұмыс орнын жасақтау, әлеуметтік жұмыс орындары мен жастарды жұмысқа тарту ісіне жұмсалмақ. Жаңа жұмыс орындарын ашу үшін республикалық бюджеттен 117 миллиард теңге қарастырылған, ал жергілікті бюджеттер қосымша қаржы салушы ретінде 51 миллиард теңге бөледі. Жалпы алғанда 168 миллиард теңге жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталады. Бұның арқасында біз жұмыссыздық мәселесін шешеміз, екіншіден - дағдарыс кезінде дамудың негізін саламыз. Елбасы айтқандай, біз қосымша тыл жасақтауымыз керек. Демек барлық салада оңтайландыру болуы тиіс. Осы бағытта мәселен жаңасын салғанша, жөндеуді қажет ететін, ұзық жылдардан бері елді мекендердің өмірін қамтамасыз етіп келген тұрғын-үй коммуналдық желілерді (тозу деңгейі 70 пайызды құрайды) , темір жол мен күре жолдарды жөндеуіміз қажет. Жаңа темір жолдар салғанша, ескілерін қалпына келтіру керек. Дәл осылай мектептер мен ауруханалардың ескілерін күрделі жөндеуден өткізу керек. Бұл Елбасы жолдауында нақты айтылған мәселенің бірі. Сондай-ақ бөлінген қаржылардың бір бөлігі проблемасы көп ауылдарға, мәдени нысандарды, жолдарды жөндеуге жіберілмек. Қазіргі кезде барлық облыстар мен қалалардың әкімдері нақты жөнделетін жолдарды анықтап болды. Бұл есеп бойынша 4 300-ден астам нысанды жөндеу үшін 168 миллиард теңге бөлінген. Бұл жерде 260 мың жаңа жұмыс орны ашылмақ. Ал әлеуметтік жұмыс орындары мен жастарды жұмысқа тарту дегеніміз, бұл - уақытша жұмыс орындары арқылы жұмыспен қамтудың бір түрі саналады. Қазіргі кезде біз бұлардың ауқымын арттырып отырмыз. Мысалы былтырғы жылы біз 11 мың әлеуметтік жұмыс орнын құрсақ, биыл Елбасы Жолдауына сәйкес бөлінген қаржы негізінде 61 мың жұмыс орны ашылады. Өткен жылы 2,5 мың жасты жұмыспен қамтысақ, биыл 34 мыңнан астам жасты жұмыспен қамтимыз. Бұл әлеуметтік жұмыс орындары кәсіпорындарда жергілікті билік пен жұмыс берушілер арасындағы келісімге сәйкес ашылады. Бұндағы ерекшелік жалақының жартысы бюджеттен, жартысын жұмыс беруші төлейді. Ал жастарды жұмыспен қамту тәжірибесіне бітірушілер тартылады. Олардың жұмыс орны мен жалақысы бюджетпен қамылады. Нәтижесінде бітіруші жұмыспен қамтылып, белгілі жалақы мен қазір барлық жерде сұрайтын жұмыс тәжірибесін алады. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 8,6 миллиард теңге бөлінеді. Бұдан бөлек 14, 4 миллиард теңге кәсіби дайындау мен қайта дайындау жүйесіне бөлінеді. Бұл өте маңызды. Жұмыссыз қалғандардың барлығы жаңа мамандықты игеру мүмкіндігіне ие болуы тиіс. Бұл бағыттағы жұмыстардың барлығын жергілікті атқарушы органдар бақылайды. Өйткені жұмыстан қысқартылғандарды қайта оқытуға бағыттау солардың құзырында. Алдағы уақытта Білім және ғылым министрлігінің негізінде 373 кәсіптік -техникалық колледж бен лицейлерде 6 айға дейінгі оқу курстары ашылады. Жалпы алғанда қазіргі таңда үлкен дайындық жұмыстары жүргізілді, қаражат бөлінді, нысандар анықталды, қаржы қазірден бастап жергілікті атқарушы органдарға жіберілуде. Осы аптада барлық жергілікті атқарушы органдар жерглікті бюджетті анықтайды, ал 1 мамырдан бастап нысандарды жөндеу үшін тендер-конкурстар басталады. Дағдарысқа қарсы шаралар аясында мемлекеттік сатып алуды оңтайландыру туралы «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңдарға өзгерістер енгізілді. Сондықтан тез арада конкурстарды өткізуді тездетіп, жаңа жұмыс орындарын ашуды жеделдетіп, құрылыс нысандарын, әсіресе білім ошақтарын 1 қыркүйекке дейін аяқтау қажет.
Үкімет
әзірлеген іс-қимыл жоспары ("Жол
картасы") жаһандық экономикалық үрдістерді
ескеріп, өнеркәсіптегі өндіріс
көлемінің азаюы салдарын еңсеруді
көздейді. Үкімет тұрғындарды жұмыспен
қамтамыз ету және жұмыссыздық деңгейінің
өсуіне жол бермеу, сондай-ақ, дағдарыстан
кейінгі тұрақты даму үшін жағдай туғызуға
қатысты іс-шараларды қолға алуда. "Жол
картасы" - үкімет қабылдаған дағдарысқа
қарсы бағдарламаның қисынды жалғасы.
11. ҚР шағын және орта бизнесті дамытуды қаржылық қамтамасыз ету.
Шағын және орта кәсіпкерлік ел экономикасының негізгі тірегі екені белгілі. Соңғы жылдары осы саланы қолдау үшін мемлекет тарапынан бөлінетін қаржының көлемі де еселеп өсуде. Елбасы биылғы Жолдауында кәсіпкерлікті дамыту мақсатында ұзақ мерзімді бағдарлама қабылданып, қаржыландыру ісін жүйелендіруді тапсырды. Әлемдік қаражат тапшылығы тұсында ел кәсіпкерлерін қысылтаяң сәттен шығаруды көздейтін мұндай шаралар болашақта өз жемісін берері анық.
Қазақстанда шағын және орта бизнесті дамытуды қамтамасыз ету барысында көптеген шаралар қабылданды. Соның бір көрінісі ретінде «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының белгілі бір үлесін ескеру қажет. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін қаржылық ресурстарға үш жыл ішінде 2005-2007 жылдары Қорды капиталдандыруға республикалық бюджеттен шамамен 30 млрд. теңге бөлінді. Мемлекеттің тұрақты қолдауының нәтижесінде Қор бүгінгі күні елдің шағын кәсіпкерлікті дамытудың толыққанды мемлекеттік институтына айналды. Қор шағын кәсіпкерлік секторын арзан, орташа және ұзақ мерзімді қаржылық қаражатпен қамтамасыз етеді, шағын бизнеске әлемдік тәжірибеде сынамаланған мынадай қаржылық қызметтерді ұсынады: жобалық қаржыландыру, қаржылық лизинг, банктерде шағын бизнес кәсіпорындарының кредиттерін кепілдендіру, франчайзинг, факторинг, дайын бизнесті сатып алуды қаржыландыру, екінші деңгейлі банктермен тең қаржыландыру.
Қазақстанда микрокредит беру секторын дамыту бағдарламасы бойынша Қор жалпы сомасы 4 183,76 млн. теңге 129 жобаларды қайта қаржыландырды, оның ішінде 2006 жылы 70 жоба жалпы сомасы 2 703, 08 млн. теңге (ставка 6 %).
2007 жылы 1 қаңтарда СА деректері бойынша республикада 745 микрокредиттік ұйымдар (МКҰ) құрылған. Олардың дамуы үшін негізгі алғышарттар экономиканы тұрақтандыру, банктік операциялардың құрылымын өзгерту, халықтың табыс табу деңгейін арттыру және кредиттік ресурстарға әлеуетті жоғары сұраныстың болуы.
Одан басқа «Бизнес-Кеңесші» бағдарламасы Қазақстандағы ШОБ сапалы дамыту бойынша мемлекет іс-шараларының одан арғы жалғасы болып табылады. «Бизнес-Кеңесші»Бағдарламасын «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ әзірледі. Бағдарламаның басты мақсаты Қазақстанның барлық аймақтарындағы кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамашылығы бар тұрғындарға бизнес құру және оны тиімді жүргізу бойынша білім беру кешенін ұсыну болып табылады.
«Даму»
қорының бағдарламаларындағы
Мемлекет басшысының берген тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында үстіміздегі жылдың 13 сәуірі күні өткен Үкімет отырысында “Бизнестің жол картасы-2020” бағдарламасының бекітілгені белгілі. Бағдарлама кәсіпкерлер үшін де, сол секілді банктер мен инвесторлар үшін де шикізаттық емес жобаларды қаржыландыру жөнінен жаңа мүмкіндіктер ашпақ.
Бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде мынадай мақсаттарға қол жеткізілмек:
Бірінші, индустриялық-инновациялық дамуға бағытталған жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысында жеке сектордағы кәсіпорындар үшін қаржы ресурстарының қолжетімділігін арттыру.
Екінші, жеке сектордың, бірінші кезекте банктердің қаржыларын экономиканың шикізаттық емес секторларындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға тарту.
Үшінші, жеке сектордың, бірінші кезекте, шағын және орта бизнес кәсіпорындарының қаржылық-экономикалық тұрақтылығын арттыру.
Бағдарламаны жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 2010 жылы 30 миллиард теңге қарастырылып отыр. Оның ішінде: жаңа бизнес-бастамаларды қолдауға—11,2 миллиард теңге; кәсіпкерлік секторды сауықтыруға—16 миллиард теңге.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Ұлттық Банкінің және Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 – 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары бес батыл қадамды жасауды жүзеге асыруды көздейді. Бағдарламаның мақсаты Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдайға ғаламдық дағдарыстың теріс салдарын жұмсарту және болашақта сапалы экономикалық өсу үшін қажетті негіздерді қамтамасыз ету болып табылады.
2007 – 2008 жылдары бағдарлама шеңберінде шағын және орта бизнестің іскерлік белсенділігін қолдау үшін олардың жобаларын шамамен 155 млрд. теңге сомаға қаржыландыру қамтамасыз етілді. Шағын және орта бизнес кәсіпорындары үшін корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді төлеу туралы талап алынып тасталады.
Сонымен қатар, барлық кәсіпорындар үшін залалдар мерзімдерін 3 жылдан 10 жылға дейін ауыстыру көзделді. 2009 – 2011 жылдары мемлекеттік бюджеттен шығатын инвестициялар 1,5 трлн. теңгеден аса өседі.
Жобаны қаржылық қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының 10 млрд. АҚШ доллары (1 200 млрд. теңге) көлеміндегі қаражат пайдаланылатын болады. Оның ішінде шағын және орта бизнесті қолдауға – 1 млрд. АҚШ доллары (120 млрд. теңге) бөлінеді.
Жоспарды іске асыру бойынша Үкіметтен негізгі оператор болып «Самұрық-Қазына» қоры шығатын болады. Ол үшін Үкімет «Самұрық-Қазына» қорын 607,5 млрд. теңгеге қосымша капиталдандыруды жүзеге асырды. «Самұрық-Қазына» қоры мен «ҚазАгро» холдингі тиісінше 4 млрд. АҚШ доллары және 1 млрд. АҚШ доллары сомасына облигация шығару жолымен Ұлттық қордан қарыз алуды жүзеге асырады. Бұл үшін Ұлттық қордың инвестициялық саясатына өзгерістер енгізілетін болады.
Бағдарламаға сәйкес экономиканы отандық қаржы институттары тарапынан қаржыландырудың қысқаруы жағдайында шағын және орта бизнеске көмек көрсету жалғасатын болады. Мемлекеттік қолдау олардың салалық тиістілігіне қарамастан, шағын және орта бизнестің барлық субъектілеріне көрсетілетін болады. Осы мақсаттарға «Самұрық-Қазына» қоры 2009 жылы қосымша 1 млрд. АҚШ долларын (120 млрд. теңге) бөлінді. Бөлінетін қаражат шеңберінде 70% ағымдағы жобаларды қайта қаржыландыруға және 30% жаңа жобаларды іске асыруға бағытталды.
Екінші деңгейдегі банктер шағын және орта бизнеске кредит беру бойынша барлық бағдарламалардың операторлары болады. «Самұрық-Қазына» қоры бөлетін қаражат шеңберінде бір жобаны қаржыландыруға арналған лимит 3-тен 5 млн. АҚШ. долларына дейін өсті. Үкімет «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп шағын және орта бизнес үшін сыйақы ставкасын тұрақтандыру бойынша дағдарысқа дейінгі деңгейге дейін (14%-дан аспайтын) шара қабылдайды, сондай-ақ тиімді ставканы тіркей отырып, шағын және орта бизнесті қолдау бойынша қабылданған барлық бағдарламалар қайта қаралатын болады.
Мемлекет
кәсіпкерлердің алған несиелерінің
50 пайызына дейін субсидия беру ісін
қолға алып отыр. Егер шағын және орта
бизнес өкілдері бұрын несиесін 18 немесе
20 пайыздық ставкамен алса, мемлекеттік
субсидия оның ставкасын екі есеге арзандатуға
мүмкіндік бермек.
12.
ҚР-ң индустриялдық-
2003 жылы 17 мамырда «Қазақстан Республикасының 2003-2015 жж. арналған индустриалды-инновациялық даму стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы қабылданды. Аталған 2003-2015 жж. арналған индустриалды-инновациялық даму стратегиясының мақсаттары мен міндеттеріне жету үшін дамудың мемлекеттік институттары ретінде бюджеттен тыс экономикалық қорлар – Инвестициялық, Инновациялық, Ұлттық қорлар құрылды.
Стратегияның
мақсаты – шикізаттық бағыттылықтан
шығуға жәрдемдесетін салалық
Стратегия
елде ғылым мен инновациялық қызметті
ынталандыруға бағытталған
Стратегияны іске асыру экономика құрылымында сапалы өзгерістер жүргізуге жәрдемдесуі тиіс. Бұл өзгерістер адами, өндірілген және табиғи капиталды тиімді пайдалануға негізделген экономиканың тұрақты өсуіне, Қазақстанды әлеуметтік дамудың және қоғам құрылысының жаңа деңгейіне шығаруға жеткізеді.
Проблемаларды
шешу және қойылған мақсаттар мен
міндеттерге жету үшін Стратегия
шеңберінде даму институттары құрылған.
Қазақстанның даму банкісін жандандыруды,
дамудың арнаулы