Халықаралық экономика. Ответы

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2011 в 16:58, шпаргалка

Описание работы

Ответы на 30 вопросов.

Работа содержит 1 файл

ЭССЕ.doc

— 331.50 Кб (Скачать)

     Бүтіндей  алғанда осы алты банк ел экономикасының шикізаттық емес секторының 80 пайыздан астамын қаржыландырады. Сондықтан  Қазақстанның қаржы жүйесі мен банк секторының тұрақтылығы да негізінен  алғанда осы банктер қызметіне тікелей байланысты.

     Қазақстан басшылығы дағдарыспен күресу үшін ауқымды шаралар жүйесін, бағдарламасын  жасады. Өткен жылдың басында Үкімет, Ұлттық Банк және Қаржы ұйымдарын  қадағалау агенттігі бірігіп 2009-2010-шы жылдарға арналған және осы жылдары жүзеге асырылуға тиіс дағдарысқа қарсы іс-шаралар жоспарын қабылдады. Бұл жоспар бойынша Халық банкі, Қазкоммерцбанк, БТА Банк және Альянс банктерінің акцияларын сатып алу жоспарланған болатын.

     Қазақстан банктерінің негізгі проблемасы – бұл банк активтері сапасының нашарлауы, сыртқы ресурстардан несие және займдар алудың қиындауы, сонымен қатар несие, займ берген шетелдік қаржы ұйымдарының өткен жылдары берген қарыз, несиелерін, сыртқы борыштарын біртіндеп талап ете бастауы, қайтарылмай жатқан несиелердің ұлғаюы болып табылады.

     Банктердің  несие қоржыны құрылымында 2009 жылдың басынан бері стандартты несиелердің  үлесі 43,3 пайыздан жыл соңына қарай 31,7 пайызға төмендеді. Ал үмітсіз  несиелер 4,4 пайыздан 22,8 пайызға дейін  ұлғайды. Жұмыс істемейтін несиелер 4,2 есе ұлғайып, несие қоржынының 30,8 пайызын құрады. Бұл сол жылдың басында 8,1 пайыз болатын. Дегенмен, банк жүйесіндегі жалпы ахуал оң бағытта өзгеруіне үміт зор. Мәселен, екінші деңгейлі банктердің несие қоржыны 6 айда  10,6 пайызға ұлғайып, 10 220,9 миллиард теңге болды. Оның ішінде шетел валютасындағы несиелер 28,8 пайыз болды. Бұл жиынтық несие қоржынының  52,2 пайызын құрайды. Алдыңғы жылы шілденің 1-індегі мәліметі бойынша жыл басынан бері банк жүйесінің жиынтық капиталы  2,2 пайызға ұлғайып, 12 149,6 миллиард теңге болды. Оның ішінде шетел валютасындағы банк активтері өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,9 пайызға ұлғайып, жиынтық капиталдың 60,8 пайызын құрайды.  Жыл басында  ол 52,2 пайыз көлемінде болатын.

     Дағдарыс  барысында анықталған, тіпті миллион долларға емес, одан әлдеқайда көп – көптеген миллиард долларлық жалдаптық, алдау, жалған кәсіпкерлік фактілері іскерлік этикадағы ауқымды тәртіп орасан бұзылғанын және сенім дағдарысының басталғанын көрсетеді.  Өкінішке қарай, осындай құбылыстар мен фактілер бізде де орын алды. БТА Банк және Альянс банк секілді жетекші банктерге қатысты оқиғалар – соның айқын дәлелі. Бұл дағдарысты еңсеру барысында да және тұрақты даму траекториясына көшу кезінде де Қазақстан экономикасының елеулі проблемаларының бірі болады. Адалдық, сенім – бұлар аса маңызды қоғамдық институттар, оларды елдің заттық емес байлығына жатқызуға әбден болады. Нақ осы тұрғыдан, елдің заттық емес байлығын тұрақты ұлғайту қажеттігі тұрғысынан біз көлеңкедегі экономикамен, сыбайлас жемқорлықпен, алыпсатарлықпен және басқа сенім дағдарысының көптеген құбылыстарымен күрес жүргізуге тиіспіз.

     Алдыңғы жылдың ақпан айында БТА Банкіндегі жағдай сыр бере бастады. БТА Банкі  Қазақстандағы ең үлкен банк. 1,3 млн. жеке және 150 мың корпоративті клиенті бар банк жағдайының ушығуы жалпы қаржы секторының құлдырауына алып келер еді.   Бұл жағдайды ескерген Қазақстан үкіметі ақпан айының басында банк секторындағы жағдайдың одан әрі ушығып кетпеуі үшін «Самрұқ-Қазына» ұлттық әл ауқат қоры» арқылы БТА Банкінің 78 % акциясын сатып алды. Мемлекеттің БТА Банкіне құйған инвестиция көлемі ақпан айының басында 212 млрд.тенгені құраған.

     Мамандардың пайымдауынша, банктердің мемлекет бақылауына көшуі жүйе құраушы банктердің іркіліссіз жұмыс істеуін, елдің экономикалық мүдделерін, ұлттық қауіпсіздік пен Қазақстан азаматтарының ақшалай салымдарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жағдай жасайды. Осы қадам арқылы Қазақстан экономикасының қаржылық “қан айналысы” жүйесінің тұтастығы қамтамасыз етіліп, банктердің ел ішіндегі және шетелдердегі инфрақұрылымы сақталатын болады.

       «БТА банк» Standard and Poor’s агенттігі  банктің ұзақ мерзімді және  қысқа мерзімді кредиттік рейтингін  «D» бағанасына дейін төмендетті. «D» дегеніміз – дефолт, яғни  қарызгер өз борышын өтей алмайды» делінген рейтинг агенттігі таратқан баспасөз релизінде. Standar and Poor’s сарапшылары «банк сыртқы қарызды дәл қазір түгел төлей алмайды. Акциялардың 78 пайызына ие – «Самұрық-Қазына» да қолдау көрсете алмас» деген пікірде.

     БТА Банкі отандық қаржы жүйесінде маңызды рөл атқарады. БТА Банктің өзі ғана 7 мың жұмыс орнын қамтамасыз ете отырып, жүйе құраушы банк болып саналады. Ал оның отандық экономиканы несиелеу рыногындағы үлесі 26 пайыздан асады. Сондықтан да мемлекет аталған жүйе құраушы банктің дефолтқа ұрынуына жол бере алған жоқ. Өйткен жағдайда оның елдің бүкіл банк жүйесі мен қаржы-экономикалық жүйесіне кері әсері тиер еді.

     «БТА  банктің» сыртқы қарызы – 11 миллиард доллар. Мұның 3 миллиардын 2009 жылы төленуі  керек еді. Сол жылдың ақпан айында акционерлер қатарына қадам басқан сәтте-ақ «Самұрық-Қазына» қоры кезегі келіп тұрған қарыздың 119 миллион долларын өтеген еді.

     БТА Банкі дефолт болған жағдайда мемлекеттік  экономикаға мынадай әсері тигізілуі  мүмкін деп болжанды:

  1. БТА Банк тобының, яғни БТА Банкінің өзінен, Темірбанк депозиттерінің қайтарылу үрдісінің басталуы;
  2. Резиденттердің шетел валютасына деген сұранысының өсуі;
  3. Қысқа мерзім аралығына бағалардың жоғарылауы;
  4. Мемлекеттің қарыз алушы ретіндегі имиджінің нашарлауы;
  5. Халықтың мемлекетке деген сенімінің жоғалуы.

     Қандай  да бір банк дефолт болған жағдайда салымдарға кепілдік беру қоры 5 миллион  теңгеге дейінгі депозиттерді өтеп береді. Бұдан артық қаражат банкті тарату массасынан қайтарылады. Салымдарға кепілдік беру қорының қазіргі капитализациясы – 100 миллиард теңге.

      2008 жылдың басында Агенттік банктердің  қызметіне инспекциялық тексерулер  жүргізген және оның барысында  «БТА банкінде» бірқатар проблемалар  анықталған. Алайда, банк мұрсат  сұрап, проблемаларды жоюға міндеттеме  алыпты. Содан өткен жылдың соңында, нақтырақ айтқанда қазанның 1-інде Агенттік бұрын анықталған кемшіліктердің жойылған-жойылмағанын білу үшін банкке қайтара тексеру жүргізген. Оның барысында «БТА банкінің» тәуекелі жоғары жобаларды кредиттеу бойынша қалыптасқан теріс үдеріс жалғастырып жатқаны белгілі болған. Яғни, банк кредиттік комитеттер тарапынан тиісті бағалаудың болмағанына, ішінара қарыз алушының ең төменгі жеке қаражатының барын растайтын құжаттардың, сондай-ақ кредиттің мақсатты баратын жерін растайтын құжаттардың жоқтығына қарамастан, кредит беруді жалғастырған. Бір сөзбен айтқанда, бұрын анықталған кемшіліктерді жою туралы ескертпелерге қарамастан, банктің басшылары құзырлы органның ескертуін құлағына да ілмеген. Сөйтіп, либералды салық режімі зоналарында тіркелген қарыз алушыларға олардың ақырғы бенефициарларын ашу жөніндегі талаптарды сақтамай, несиелер беруді жалғастырған.

       Ендігі кезекте «ИА Новости  – Казахстан»  2009  жылғы 6 қарашасында  ұсынған мәліметтер бойынша   «БТА Банк» АҚ  шығындық  несиелер  несиелік  қоржынның  74%  құрады. 

     2009 жылғы 1 қазанның  деректері   бойынша  БТА Банктің  ұсынған   несие  көлемі  2,6  триллион  теңгені  құрады.  Оның  ішінде  1,9  триллион  теңге – шығынды   несие (74%),  344  миллиард –  күмәнді  несие (13%)  және  331  миллиард – стандартты  несие (13%)  болып  табылады.

     Қазақстандық  қор  биржасының  ресми  сайтында  ұсынылған  ақпаратқа  сәйкес, банктің  екінші  тоқсан  1,5  триллион  шығындарымен  салыстырғанда,  үшінші  тоқсан  шығындары  2  триллионға  дейін  өсті.

     Сонымен  қатар  меншікті  капитал  тапшылығы  байқалуда:  890  миллиардтан  1,387  триллионға  дейін.

     Жыл басынан бері жеке тұлғалар депозиті 61 миллиард теңгеге азайған. Бұл  қазіргі айырбас бағамы бойынша 406 миллион доллар мөлшерінде. Қаржылық қадағалау агенттігінің есебінше, «БТА банкте» 1 сәуірде жеке тұлғалардың салымдары 216 миллиард теңге болған. 1 қаңтардағы көрсеткіш - 277 миллиард теңге.

     БТА басқармасы  есеп  беруінде  банктің  негізгі  үш  мақсатқа  қол  жеткізуі  жайында  баяндайды:  депозиттердің  қайтарылуын тоқтату,  мемлекеттік бағдарламаларға қатысуды  жалғастыру  және  клиенттердің  жаңа  қаражаттарын  тұрақтандыру.

     БТА  банкінің  жаңа  стратегиясы  бойынша  активтерді  көбейтуге  емес,  жоғарғы  және  тұрақты  түсімге  жету  көзделген.

     БТА Банк таяу уақытта дағдарысқа қарсы негізгі іс-шараларды аяқтап, өз ұстанымдарын қалпына келтіруді жоспарлап отыр. Халықаралық сарапшылар бұл жұмыстарды игеруде БТА Банкі Қазақстан бойынша ғана емес, ТМД-ның да алдыңғы қатарына шығуына мүмкіндігі бар екендігі жөнінде жақсы болжамдар жасап отыр.

     Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтановтың 2010 жылдың 26 қаңтарында БТА Банк және Альянс банктің құрылымын  қайта түзу (реконструктуризация) нәтижесінде  сыртқы қарыздарының көлемі 10 миллиард долларға дейін төмендеуі күтілуде екенін атап өтті.

       “БТА Банк” АҚ-дағы жоғарыда  аталған шара национализациялау  болып табылмайды, қолданыстағы  заңға сәйкес уақытша сипатқа  ие және мемлекеттің келешекте  акционерлер құрамынан шығуын  қарастырады.

     Ұлттық  банк “БТА Банк” АҚ-қа өтімділікке қолдау көрсету үшін жеткілікті мөлшерде қысқа мерзімді займдар беруге дайын. Қазіргі таңда БТА құрылымын қайта түзуді рәсімдеуді жүзеге асыра отырып, “Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қоры акциялар пакетінің бір бөлігін бөлісу жөнінде ықтимал деген стратегиялық инвесторлармен келіссөздер жүргізуде. Мәселен, сондай келіссөздердің бірі Ресей Жинақ банкі өкілдерімен арада жүргізілуде. Дегенмен үлесті сату мәселесі БТА қарыздарының проблемаларын реттеген соң ғана қарастырылады. Әзірше Сбербанк Қазақстанның банк секторының қаржылық жағдайын егжей-тегжейлі зерттеу үстінде.

     Үкімет  басшысы атап өткендей, банкті мемлекет тұрақтандыру бағдарламасын жүзеге асыру үшін пайдаланатын болады. Бұл  банктің тармақталған филиалдары мен  құрылымдары мемлекет бөлген қаржыларды соңғы тұтынушыға дейін (кәсіпкерлер, құрылыс салушылар, фермерлер) оперативті түрде жеткізуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге, Премьер-Министр атап көрсеткендей, Альянс банк шағын және орта бизнес пен ауыл шаруашылығына несие беру үшін, ал БТА Банк Астана мен Алматы қалаларындағы құрылыс саласын қаржыландыру үшін пайдаланылатын болады.

     Ең  маңыздысы, осы қадам арқылы Үкімет ел тұрғындарының осы банктердегі  ақшалай салымдарын қамтамасыз етті деп санайды мамандар. Өйткені, мемлекет аталған банктердегі ақшалардың сақталуы мен олардың өз иелеріне кейін қайтарылуы үшін өзіне міндеттеме алып отыр. Сонымен қатар, аталмыш екі банк туралы шешім қабылдай отырып, Үкімет елдегі экономикалық ахуалды толықтай бақылауда ұстап отыр деп айтуға болады.

     БТА банк және Альянс банктерінде мемлекеттік бақылау орнату Үкіметке кемінде екі маңызды экономикалық нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Елдің банк жүйесі “тромбылар” мен “масыл банктерден” тазарады, ал халық өз салымдары үшін алаңсыз болады. Ал банк қожайындарының ауысуы алыпсатарлық операцияларға емес, өзінің банктік бизнесін дамытуға бағдар ұстанған неғұрлым кәсіби басқару командасының келуіне жол ашады. 

  10. ҚР-ғы жұмыссыздық  мәселелері.

  Бүгінде өндіріс көлемінің азаюына орай жұмыссыздар санының арту қаупі де және бұған обьективті фактор да бар. Облыстар мен қала әкімдерінің дағдарысқа қарсы күрес бағдарламасына сәйкес ең пессимистік болжам бойынша бізде негізінен өңдеу, тау-кен өндірісі, құрылыс, сауда, тұрғын үй саласында қызмет істейтін 136 мың адам жұмыссыз қалуы мүмкін. Бұдан бөлек, біз биылғы жылы еңбек нарығына жоғары оқу орындарының түлектері қосылатынын ескеруіміз керек. Жергілікті атқару органдары мен Білім және ғылым министрлігінің мәліметіне сәйкес, биыл 190 мың жоғары оқу орнын бітіруші мемлекеттің көмегіне жүгінеді. Бұған қоса, биыл Үкіметпен қабылданған «Нұрлы көш» бағдарламасы аясында 200 мың оралман отбасыны қабылдаймыз. Олардың көпшілігінің жұмысқа қабілетті екендігін ескерсек, жұмыспен қамтуда белгілі бір деңгейде мәселелер туындайтыны түсінікті.

  Кедейлік  деңгейіне қатысты динамика үрдісі дағдарыс кезеңдері бойынша сақталып қалғаны байқалды. Дегенмен, дағдарыс салдарынан кедейлік пен жұмыссыздықтың өсуіне әсер ететін нақты факторлар  байқалмайды. Яғни, бұл саладағы макродеңгей  көрсетекіштері жаман емес. Сонымен бірге, жұмыссыздарды кедейлік тәуекеліне икемді тұратын топқа жатқызған әбден орынды. Бұл тұрғыдан қарағанда Қазақстанда жұмыссыздық бойынша гендерлік теңсіздіктің сақталып отырғанын атап өтуге болады. Жұмыстан босап қалу қаупі еркектерге қарағанда әйелдерде көбірек кездеседі екен. Мәселен, зерттеулер нәтижесіне қарағанда 2009 жылдың екінші тоқсанында жұмыссыз ерлер саны 43,2 пайызды құраса, әйелдерге қатысты бұндай көрсеткіш 56,8 пайызды құраған. «30 бен 55 жастағы ерлер мен әйелдердің жұмыспен қамтылуындағы елеулі айырмашылық бала туу жасындағы әйелдердің кемсітушілікке ұшырап отырғаны ретінде түсіндіріледі.

  Жұмыссыздар саны бағалау бойынша, 524,3 мың адамды, жұмыссыздық деңгейі 6,1 пайызды құрады. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарына наурыз айының соңына дейін ресми тіркелгендердің саны - 76,4 мың адам. Жұмыссыздар ретінде тіркелгендердің ішінде экономикалық белсенді халықтың үлесі - 0,9 пайыз (2009 жылғы наурызда -0,8 пайыз).  Жасырын жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халықтың 0,6 пайызын құрады.

Информация о работе Халықаралық экономика. Ответы