Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2011 в 16:58, шпаргалка
Ответы на 30 вопросов.
1.Ипотекалық кредит беру
Тұрғын үй құрылысын қаржыландырудың жаңа жүйесін дамыту үшін көптеген жағдайларда тұрақты алғышарттар бар деп айтуға болады. Әрине, ең алдымен, бұл тұрғын үйге мұқтаж азаматтар санының ұлғаюы, бұған бір жақтан ескі тұрғын үйлердің тозуы да септігін тигізуде. Сонымен қатар, Қазақстан экономикасының дамуы еңбекке қабілетті халықтың тұрақты табыс алу мүмкіншіллктері зор өңірлерге, мысалы мұнай өндірілетін аумақтарға қоныс аударуына ықпал етті. Ал, бұл жағдай тұрғын үйге деген қосымша сұраныстың өсуіне әкеп соқты.
Соңғы жылдары орын алып отырған оңтайлы жағдайдың біріне халықтың жинақ қаражаты деңгейінің өсуін жатқызуға болады. Алайда, ол жинақтар тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың көбіне тұрғын үйдің құнын біржола толығымен төлеуге мүмкіндік бермейді. Осыған орай, ипотекалық несиелерге деген сұраныс та туындауда.
Ипотекалық кредит беру - тұрғын үй саласына инвестициялар тартудың ең тиiмдi тәсілдерiнiң бiрi. Дәл осы ипотека халықтың - тұрғын үй жағдайларын жақсарту, банктердiң - тиiмдi және пайдалы жұмыс iстеу, құрылыс кешенiнiң - өндiрiстi ырғақты жұмыспен жүктеу және халыққа ипотекалық кредит берудi кең қолдануға жәрдемдесетiн экономикалық өсуге ынталы мемлекеттiң мүдделерiн үйлестiруге мүмкiндiк бередi.
Азаматтарға ипотекалық кредиттер берудi екiншi деңгейдегі банктер 1998 жылдан бастап жүзеге асыруда. Ипотекалық кредиттер бойынша сыйақының бастапқы ставкасы жылына 20%, бастапқы жарна мөлшерi 40-50%-ке жуықты құрады, кредит 5-10 жылдан аспайтын мерзiмге берiлдi.
Қазақстандық ипотекалық несиелеу нарығындағы проблемалар әлемдік қаржы дағдарысының қазақстандық экономикаға ықпалы ретінде 2007 жылдың күзінде басталды. Ипотекалық несиелеу көлемінің, бір жағынан, өтімділік дефицитімен, ал екіншіден қазақстандық банктердің несие саясатын қатаңдатуы, сондай-ақ халықтың кіріс деңгейінің төмендеу себептерінен қысқарды. Салдарында Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығында коллапсқа әкелді.
Ипотекалық нарықтағы дағдарыс
белгілеріне нақты қарсылық
Осы бағдарлама аясында 15,3 мыңға
жуық несие қайта қаржыланып,
олардың үстемақы
2. ҚР-ның қаржы жүйесіне қаржы дағдарысының әсері.
Мемлекет басшысының қазақстандықтарға арнаған биылғы “Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері” атты Жолдауында еліміздегі қаржы жүйесінің тұрақтылығы мен орнықтылығын қамтамасыз етудегі жаңа міндеттер айқындалғандығы белгілі. Елбасы Жолдауында сондай-ақ қаржылық реттеуші банк секторының сыртқы міндеттемелері үлесінің оның міндеттемелерінің жиынтық көлемінде төмендеуін қамтамасыз етуін және банктердің экономикаға оның дағдарыстан кейінгі қалпына келуі мен дамуына жігерлі түрде жәрдемдесуге тиіс екендігі де атап айтылған болатын.
Сонымен, еліміздің қаржы секторы мен жедел индустриялық-инновациялық даму бағдарламасындағы тұжырымдамалардың тетіктері анықталған Жолдау алға қойылған міндеттерді жүзеге асыруда ҚР Ұлттық Банкі қандай іс-шараларды жүзеге асырмақ?– Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы 2010 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында қаржылық реттеушілерге – банк секторының сыртқы міндеттемелері үлесінің оның міндеттемелерінің жиынтық көлемінде төмендеуін қамтамасыз етуі тиістігі жөнінде міндет қойылған болатын.
– Қазақстан Республикасының қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңде дамыту тұжырымдамасында атап айтылғандай, банктердің өтімділігін жақсарту және қайта қаржыландыру тәуекелін азайту бойынша шаралардың шеңберінде сыртқы қарыз алудың артық деңгейін төмендету көзделген. Ал мұның өзі түптеп келгенде банктердің сыртқы борыштың жиынтық міндеттемелерге арақатынасын халықаралық практикада қабылданғаннан аспайтын мөлшерге жеткізуді болжайды.
2009 жылы банк секторы тұрақтандырылып, торыққан болжамдар теріске шықты
Банк секторының бақуаттылығы ел экономикасының негізгі тірегі. Ашығын айтқанда, дағдарыстан Қазақстанның экономикасының басқа нақты секторларына қарағанда қаржы секторы айтарлықтай зардап шекті. Сондықтан да банк секторының басынан бағы таймасы үшін Үкімет Ұлттық банкпен, Қаржы нарығын қадағалау агенттігімен және «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп жыл басында бірқатар қатаң шешімдер қабылдауға мәжбүр болды. Бұл шешімдердің негізгі мақсаты - экономиканың игілігін, халықтың қамын ойлауды көздеді. Сөйтіп мемлекет жыл басында «БТА», «Альянс банкі», «Қазкоммерцбанк», «Халық банкі» сынды еліміздегі ірі жүйе құрушы банктердің капиталына кіру жайлы шешім қабылдады. Үкіметтің қаулысымен «Самұрық-Қазына» қоры дағдарысқа қарсы бағдарламаның операторы ретінде ұйғарылып, Ұлттық Қордан осы бағдарламаны жүзеге асыруға бөлінген 1 трлн. 87,5 млрд.теңгенің 486 млрд. теңгесі қаржы секторын тұрақтандыруға бағытталды. Дағдарысқа қарсы бағдарламаның алғашқы бағыты - қаржы секторын тұрақтандыру үшін жоғарыдағы ірі төрт банкке 476 млрд. тенге бөлінсе, оның бір бөлігі банктердің қарапайым акцияларын сатып алуға, келесі бір бөлігі экономиканы несиелеуге бағытталды. Бөлінген бұл қомақты қаржылар өз кезегінде банктердің төлемпаздығын сақтауға және экономиканы несиелеуге септігін тигізді.
Бір сөзбен айтқанда, 2009 жыл Қазақстанның қаржы секторы тұрақтандырылған жыл болды деп айтуға толық негіз бар. Себебі, жыл басында айтылған торыққан болжамдардың барлығы теріске шығып, банк секторы дефолтқа ұшыраған жоқ. Керісінше қиын-қыстау кезеңде мемлекет қолдауының арқасында Қазақстанның банк секторы әлемдік қаржы дағдарысының қысымына лайықты төтеп берді. Ал әгарәки мемлекет қол ұшын бермегенде, онда банктер банкротқа ұшырап, миллиондаған қазақстандықтардың қалталарымен қоса жүйкелері де жұқарып, әлеуметік көңіл-күй ширыға түсер еді. Абұйыр болғанда мемлекет шапшаң қимылдап, тиімді шешім қабылдай білді. Атап өтерлігі, банк секторына қатысты жыл басында қабылданған шешімдердің дұрыс болғандығына Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов иненің сынығындай да күмәнданбайды. «Мен қаңтар-ақпанда бірлесе қабылдаған сол шешімдер барлық мүмкін шешімдердің арасындағы ең дұрысы деген пікірге сол кезде де және қазір де нық сенімдемін.
Бұл
дағдарыстың ең қиын кезеңі қай уақытқа
келетінін әрі осы қиындықтан қашан құтылатынымызды
әлі ешкім білмейді. Мәселен, сарапшылардың
бірі үш жыл, бірі төрт жыл, енді бірі екі
жыл деп болжам айтуда. Соңғы уақытта жоғары
деңгейлі шетелдегі сарапшылардың айтуына
қарағанда, келесі жылдың күзіне қарай
қаржы дағдарысы өзінің шырқау биігіне
жететін көрінеді. Одан кейін бірте-бірте
төмендеп, 2010 жылдары жағдай жақсара бастайды
деген болжамдарын алға тартады.
3. ҚР-дағы міндетті сақандырудың дамуы
Қазақстан өзінің тәуелсіздігін алуымен бірге нарықтық қатынасқа тән өзіндік халықты әлеуметтік қорғау жүйесі қалыптасып келеді. Әр адамның өмірінде кез келген уақытта өзіне қауіп төнетін және өз еркімен шеше алмайтын жағдайлар болып тұрады. Осыған байланысты нарықтық экономика жағдайында әлеуметтік қорғаудың нақты нысаны бұл жұмысқа қабілетті халықты әлеуметтік тәуекелдерден әлеуметтік сақтандыру болып табылады. Әлеуметтік тәуекелдерге келесідей белгілер тән:1.экономикалық: экономикалық құрылымның өзгерісі, экономикалық дағдарыс немесе өндірісті оңтайландыру нәтижесінде жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың сәйкес келмеу салдарынан жұмыс жоғалту қаупі; жұмыс орнында алған өндірістік жарақаттар мен ауру салдарынан жұмысқа жарамсыз болып қалу қаупі; 2.уақытша жұмыс істеу қабілетінен айырылу немесе зейнетақылық жасқа келу уақытымен байланысты тәуекелдер.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру азаматтарды еңбек ету қабілетін жоғалтуына және жұмысынан айырылуына, сондай-ақ асыраушысынан айырылуына байланысты кірістің бір бөлігін өтеу үшін мемлекет ұйымдастыратын, бақылайтын және кепілдік беретін шаралардың жиынтығы, азаматтарды әлеуметтік қорғаудың мемлекет жүзеге асыратын нысандардың бірі.
Халықты міндетті әлеуметтік қорғауда сақтандыру жүйесінің маңызды шартының бірі сақтандырылушыларды материалдық қамтамасыз етуде сақтандыру төлемдерінің нақты функциясын анықтау.
Қазақстанда міндетті әлеуметтік қорғаудың үш деңгейлі жүйесі қалыптасқан:
Бірінші деңгей – Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдендірілген әлеуметтік төлемдер, яғни азаматтың қоғам дамуына жеке салымдардың есебінсіз төлемдердің бірдей деңгейде барлық азаматтарға төленуі;
Екінші деңгей – міндетті зейнетақы салымдар есебінен төленетін зейнетақы төлемдері және «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамы төленетін әлеуметтік төлемдер, яғни азаматтың қоғам дамуына салған жеке салымы есебін ескере отырып төленетін қосымша әлеуметтік қамсыздандыру;
Үшінші деңгей – ерікті сақтандыру есебінен төленетін әлеуметтік төлемдер.
Қазіргі таңда, әлеуметтік сақтандыру жүйесі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық қатынастардың маңызды және қажетті элементтерінің бірі. Республиканың міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің негізін анықтайтын заңнамалық база да жасалған. Бұл сақтандыру түрінің басқа сақтандыру түрінен ерекшелігі азаматтың еңбек қызметінде қатыса алмауына байланысты адамды материалдық жағынан қамтыла алмауынан қорғауды қаматамасыз етеді. Сол себепті,әлеуметтік сақтандыруға ең алдымен өмір сүрудің негізгі көзі болып жалақысы табылатын жұмысшылар қамтылады.
Осылайша,
міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі
өз қатысушыларының қатынасын
4. ҚР-ның ақша-несие саясатының негізгі бағыттары.
ҚР
Ұлттық банкі түрлі күрделі
Ұлттық
банк екінші деңгейдегі банктер үшін,
олардың нормативтерді
Бұл біршама ақша жиынын, коммерциялық банктердің өтімділігі жәненесиелік жұмыстарды реттеудің ыңғайлы әдістерінің бірі болып табылады.Оның негізгі мәні ақша эмиссиясынтоқтату арқылы банктердің несиені эмиссиялауын шектеуді білдіреді.